Оразбекова Сандуғаш Нариманқызы Аймақтағы халықты әлеуметтік қорғауды жетілдіру 6N0506 – Экономика



бет1/8
Дата14.09.2023
өлшемі83 Kb.
#107314
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8

ӘОЖИ: 364 Қолжазба құқығында


Оразбекова Сандуғаш Нариманқызы
Аймақтағы халықты әлеуметтік қорғауды жетілдіру
6N0506 – Экономика
Магистерлік диссертацияның
рефераты

Қазақстан Республикасы


Қарағанды, 2010
Жұмыс Қазақтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде орындалды.
Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының докторы,
профессор
А.А. Таубаев
Ресми оппонент: экономика ғылымдарының кандидаты,
ҚарМТУ доценті
К.Б. Тәжібекова


Диссертацияның құрылымы мен көлемі, суреттер мен кестелер, пайдаланылған әдебиеттер саны. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, машиналық жазу мәтінінің 92 парағынан құралып, сонымен қатар 15 кестеден, 7 суреттен, 3 формуладан және 52 әдебиеттерден тұрады.
Кілтті сөздердің тізімі: әлеуметтік қорғау, халық, атаулы әлеуметтік көмек, тұтыну кәрзеңкесі, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек нарығы, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік трансферттер, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік жүйе, жұмыссыздық, әлеуметтік әріптестік, кедейшілік, әлеуметтік саясат.
Магистрлік диссертациялық жұмыстың тақырыбын зерттеудің өзектілігі. Әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамсыздандыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстардың қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды. Аймақтағы халықты әлеуметтік қорғауды жетілдірудің ең маңызды да, өзекті мәселелерін шетелдік тәжірибемен салыстыруға талдау жүргізіп, зерттеу бұл аймақтағы халықты әлеуметтік қорғауды жетілдіру ғылыми зерттеудің өзектілігін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет