Орындаған: Торабай Аяжан



бет1/6
Дата09.05.2023
өлшемі38,23 Kb.
#91135
  1   2   3   4   5   6

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





Баяндама


ТАҚЫРЫБЫ: Гендер, әлеуметтік топ, жыныс, этнос, жас секілді денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамалары


Орындаған: Торабай Аяжан
Қабылдаған:Сағындықова Б.Е.


Шымкент 2022ж.
Жоспар:



  1. Денсаулық және қоғам

  2. Халықтың денсаулығын жақсарту

  3. Әлеуметтік аурулар 

  4. Денсаулық сақтаудың экономикалық және әлеуметтік аспектілері. Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі.

  5. Халықтың қартаюы және демографиялық көрсеткіштер.

  6. Халық статикасы.

  7. Әдебиеттер тізімі



Денсаулық және қоғам
Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын,адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы,адамның өсіп дамуына, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ. 
Денсаулық мəселесі жеке адамдар үшін өзекті мəселе жəне сонымен бірге, қоғамның көптеген ғылымдарының зерттеу нысаны. Əрбір мемлекеттің алға қойған негізгі мақсаттары дені сау ұрпақ қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіпөркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын сақтау деңгейін жақсарту қажет екендігін айқындаған. Соңғы онжылдықтың ішінде елімізде жүргізіліп отырған денсаулық сақтау саласындағы саясат экономикалық жəне саяси трансформациялардың салдары болды, сонымен бірге, денсаулық сақтаудағы реформаларға көзқарас бірнеше рет түбегейлі өзгерді.
Еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы жағдайды талдай отырып, жалпы саланың күшті жақтары ретінде мыналарды атауға болады:

  • денсаулық сақтау саласын дамытудың нақты белгіленген басым бағыттары;

  • денсаулық сақтау саласын мемлекеттік қаржыландырудың айтарлықтай ұлғаюы;

  • ел халқының негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің тұрақтануы мен жақсаруы, оның ішінде əлеуметтік мəні бар аурулар бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі;

  • денсаулық сақтау объектілерінің қалпына келтірілуі жəне жаңаларының салынуы;

  • емдеу-диагностикалық үрдіске жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі;

  • ауылдық жерлердің медициналық ұйымдарында телемедициналық пункттердің болуы;

  • халықтың дəрілік заттарға қолжетімділігінің жақсаруы.

Əлсіз жақтары:

  • денсаулық сақтау ұйымдарының, əсіресе ауылдық аумақтарда қанағаттанарлықсыз материалдық-техникалық базасы;

  • мемлекеттің, жұмыс берушінің жəне азаматтың денсаулық сақтау үшін ортақ жауапкершілігінің жоқтығы;

  • өңірлерде жəне республикалық маңызы бар қалаларда ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасындағы үлкен айырмашылық;

  • кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантология, травматология, басқа да бірқатар мамандықтар бойынша кадрлар тапшылығы;

  • денсаулық сақтау жүйесінің, əсіресе ауылдық өңірлерде білікті кадрлармен нашар қамтамасыз етілуі;

  • ауылдық жерлердегі шалғай орналасқан елді мекендердегі, əсіресе халықтың əлеуметтік аз қамтылған топтарының медициналық қызметтерге қолжетімділігінің төмендігі;

  • денсаулық сақтау ұйымдарында əлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың болмауы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет