Отамалы (әңгіме)


Отамалы қолына таяқ ұстағаны болмаса, оған сүйенбейтін



бет10/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Отамалы қолына таяқ ұстағаны болмаса, оған сүйенбейтін.

Түн ортасынан ауып барады. Қойлар жүрісін шапшаңдата бастады. Түннің бірте-бірте суытып бара жатқаны белгілі болды.

«Күн айтып еді ғой!»

Отамалы ауылдан ұзап кетті, ондаған таныс төбелер мүлгіп, қара жаулық жамылып, артта қалды. Таныс жыралар мен сайларды да тастады. Бірақ құныққан қойлар жаңа өріс іздеп, бұрынғы межеден өтіп барады. Отамалы оларды кейін қайырған жоқ. Қайтатын уақыт әлі болмаған-ды. Отамалының иті қойлардың алды-артына шығып, әр жақтан дыбыс беріп қояды.

Таңға жақын, қайдан келгені белгісіз, бір мыжырайған төбенің бауырынан ызғырық жел кенеттен қойлар мен Отамалыға лап берді. Жел шекпеннің етегін көтеріп, бөз көйлекті дүрілдетіп, Отамалының бүйірінен өтіп кетті.

Ол бірдеме деп күбір ете қалды. Әлгі жел жалғыз келген жоқ екен, аспанның сол жақ шетіндегі жұлдыздар жайын жұтқан шабақтардай жоғала берді.

Отамалы енді қойдың алдына шықты. Итін дауыстап шақырып, оны ық жаққа жөнелтті. Бірақ қойлар шашыраңқырап кеткен екен, тез қайырылып болмады. Аспандағы жұлдыздар сөнгіштеп жатыр. Бұлттар жабылған түндіктей аспанды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет