Оқу-әдістемелік және ғылыми кеңесі 2015 жылғы 19 наурыз №8 хаттама


-тақырып.  Шешендік  сөздің  түрлері



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата04.02.2017
өлшемі2,09 Mb.
#3419
1   2   3   4   5   6

9-тақырып.  Шешендік  сөздің  түрлері

Шешендік  сөздердің  түрлері  мен  сипаты.  Әлеуметтік-

саяси  шешендік.  Академиялық  шешендік.  Әлеуметтік-тұрмыстық 

шешендік.  Сот  ісінде  қолданылатын  шешендік.  Діни  шешендік.  

Шешендік  сөздің  тілдік  бірліктері.  Шешендік  өнердің  мақсаты 

мен  міндеттері,  ұлттық-мәдени  таныммен  байланысы.  Көпшілік 

алдында  сөйлей  білудің  негізгі  ұстанымдары:  жоспарлау, 

құрылымын дайындау, тезис, қысқаша мазмұнын жазып алу, айту. 

Мемлекеттік  қызметте  қолданылу  аясы:  баяндама  жасау,    өзге 

қызметшілермен  пікір  алмасу,  өз  көзқарасын  дәлелдеу.



10-тақырып.  Шаршы  топ  алдында  сөйленетін  сөзге 

қойылатын  талаптар

Сөз қадірі немесе  сөйлеуші  мен  тыңдаушы.  Шешендік  сөзге 



қойылатын  талаптар:  сөз  мазмұнының  тереңдігі,  ойдың  жүйелі 

берілуі,  пікірдің  дәлелділігі,  сөз  мағыналарының  дұрыс  берілуі, 

сөздік  қордың  байлығы,  мақал-мәтелдерді  орынды  қолдана  білу 

және  т.б.  Шешендік  сөзде  оның  адамға  эстетикалық,  этикалық 

жағынан әсер етуімен бірге тәрбиелік мәнінің де болуы. Шешендік 

сөздің  ұтымдылығы  публицистикалық  стильге  тән  жігерлілік, 

қайраттылық, ой қозғаушылық сипаттардың, көркем-әдеби стильге 

тән  тартымдылық,  нәзіктік,  көркемдік  сипаттардың,  ауызекі 



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

46

сөйлеу  стиліне  тән  эмоционалдық,  экспрессивтік  сипаттардың 

бірігуінен,  өзара  жарасымды  байланысуынан  көрінуі.

11-тақырып.  Сөйлеушіге  қойылатын  талаптар

Шешендік  өнер  әлеуметтік  құбылыс  ретінде.  Қазіргі  қазақ 

әдеби  тілінің  нормалары.  Вербалды  және  бейвербалды  қарым-

қатынас  түрлері.  Ішкі  және  сыртқы  мәдениет.  Шешеннің  көркем 

сөйлеумен ғана емес, әсерлі, мәнерлі жеткізе білу қабілетімен де, 

әдепті  мінезімен  де  ерекшеленуінің  маңыздылығы.  Сөйлеушінің 

адамгершілік  болмысы  оның  сөзінің  дұрыс  қабылдануына  тигізер 

ықпалы. Сөз мәдениетінің талаптары. Сөйлеуші мен тыңдаушының 

байланысы.  Сұхбат  беру.  Сұраққа  жауап  берудің  әдіс-тәсілдері. 

Шаршы  топ  алдында  сөйлегенде  аудиториямен  байланыс  жасау 

(коммуникативтік),  тыңдаушының  назарын  аудару  (апеллятивтік), 

сыпайылық  таныту  (комативтік),  тыңдаушының  көңілін  аулау 

(эмотивті)  және  т.б.  қызметтерінің  ескерілуі.

12-тақырып.  Шаршы  топ  алдында  сөйленетін  сөздің 

құрылымы

Тақырыптың  өзектілігін  айқындау.  Жоспар  құру.  Жоспардың 

логикалық жағынан тиянақты болып құрылуы. Көпшілік алдындағы 

сөздің  тақырыптан  ауытқымай,  жүйелі  шығуы.  Кіріспе.  Негізгі 

бөлім.  Қорытынды.  Әр  бөліктің  міндеттері,  тілдік,  мазмұндық 

ерекшеліктерінің  болуы.  Айтылар  ойдың  бір  жүйеде  баяндалуы,  

оның  жекелеген  бөлімдерінің  ішкі  байланысы,  негізгі  ойдың 

дәлелділігін  арттыратын  деректердің  дұрыс  орналастырылуы. 

Аргументтер 

келтіру. 

Нақты 

мысалдармен 



дәлелдеу. 

Сарапшылардың  пікірін  келтіру.  Алдағы  жайтты  болжау. 

Басқа  оймен  салыстыру.  Дәйексөздерді  пайдаланудың  өзіндік  

талаптары.  Плагиаттыққа  жол  бермеу.  Ойды  тұжырымдау.



13-тақырып.  Шаршы  топ  алдында  сөйленетін  сөзге 

дайындық  жолдары:  психологиялық  дайындық,  нақты 

сөзге  дайындық,  күнделікті  дайындық

Шаршы  топ  алдында  сөйленетін  сөздің  дайындық  ережесі. 

Дайындық  түрлері.  Тақырып  таңдау,  материалдар  жинақтау, 

сөйлеудің мақсаты, кіріспе, негізгі және қорытынды сөздер. Жоспар 

құру.  Материал  жинақтаудың  негізгі  тәсілдері. 

Әдебиеттерді  мақсатқа  сай  пайдалана  білудің  ұтымды 

тәсілдері: әдебиеттерді мазмұны мен аннотациясына қарап топтау; 

олардың ішінен қажеттісін іріктеп оқу; тақырыпқа қатысты үзінділерді 



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

47

тереңдей  оқу;  цитаталарды  жазып  алу;  конспект  жазу,  газет-

журналдардан  қажеттілерін  жинақтау.  Қосымша  материалдардың 

түрлері.  Тезис  және  аргументтер.  Сөйленетін  сөздің  жазбаша 

ресімделуі.  Мәтін  мазмұнының  түсініктілігі,  ақпараттылығы  және 

мәнерлілігі.         



14-тақырып.  Шаршы  топ  алдында  сөйленетін 

сөз  мазмұнындағы  ұлағатты,  нақыл  сөздер  мен 

афоризмдердің  маңыздылығы

Тілдік құралдардың стильдік  мақсаты мен міндеттері: сөздер, 

сөз  тіркестері,  мақал-мәтелдер,  тұрақты  тіркестер,  дәйексөздер, 

сөйлемдер,  мәтіндер  және  қазақ  тарихындағы  би-шешендердің 

сөздері.  Лексикалық  бірліктің  семантикалық  мағынасы. 

Стилистикалық  коннотация  немесе  стилистикалық  бояу. 

Ұғымдық-логикалық  компонент  өзгешелігі.  Тілдік  құралдардың 

эмоционалды-экспрессивтік  баға  берушілік  қызметі,  оның  

тілдік  қатынаста  алар  орны.  Бейнелеуіш-көріктеуіш  құралдары: 

метафора,  теңеу,  метонимия  және  т.б. 

Рухани  мәдениеттің  негізін  айқындаушы  белгілердің  бірі  – 

тұрақты  сөз  тіркестері.  Тілдегі  көркемдеп,  бейнелеп  әрі  нақты 

суретті  көзге  елестете  жеткізудің  құралы.



15-тақырып.  Сөз  өнері:  риторика  және  шешендік 

шеберлік  (сөйлеу  техникасы  және  бейвербалды 

құралдар)

Шешендік  сөздің  сапасы.  Ауызша  сөйлеу  мәдениеті  және 

шешендік  өнер.  Сөйлеу  техникасының  құрамды  бөліктері  – 

дыбыстық,  тыныстық  қойылым,  дауыс  сазы,  ырғақ,  кідіріс, 

екпін,  сөйлеу  сәтіндегі  дауыстың  дұрыс  қойылуы  орфоэпиялық 

норманың  сақталуы.

Баяндаудың  логикалық  формалары.  Түсіндіру  тәсілдері. 

Дәлелдеме  және  оның  мәні.  Келіссөз  жүргізудің  әдіс-тәсілдері. 

Келіссөз  жүргізу  технологиясы.  Келіссөз  жүргізу  кезеңдері.     



16-тақырып.  Адамның  сөзі  –  оның  тағдыры.  Нақты 

тақырып  бойынша  шаршы  топ  алдында  сөз  сөйлеу

Тілдік  құралдардың  қолданылу  шегі:  мезгіл  мағынадағы 

тіл  тармақтары,  кеңістік  мағынадағы  тіл  тармақтары,  әлеуметтік 

мағынадағы  тіл  тармақтары,  функционалды-стильдік  мағынадағы 

тіл тармақтары. Тіл экологиясы және мемлекеттік қызметшілердің 

сөз саптау өзгешелігі. Әдеби тіл мен диалектілердің арақатынасы. 

Сөйленетін  сөздің  уақытқа  тәуелділігі  (регламент).


Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

48

Ұсынылатын  әдебиеттер  тізімі

Міндетті  әдебиеттер  тізімі:   

1.  Айтмұхаметова Қ. Ө. Сөз мәдениеті және риторика. Оқу құралы. – 

Астана:  ҚР  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару 

академиясы,  2011.  –  135  б. 

2.  Оразалиева  Э. Н.  Мемлекеттік  қызмет  және  сөйлеу  мәдениеті. 

Оқу құралы. – Астана: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік 

басқару  академиясы,  2010.  –  178  б. 

3.  Төленбергенова  Н.Т.  Мемлекеттік  қызметшінің  ресми  тілдік 

тұлғасы:  дискурстық  әдістеме.  Монография.  –  Астана:  

ҚР  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясы, 

2010.  – 202  б. 

4.  Төленбергенова Н. Т. Іскерлік қазақ тілі. – Астана: ҚР Президентінің 

жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясы,  2009.  –  115  б.   

5.  Төленбергенова  Н.  Т.  Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  

жүргізу.  –  Астана:  ҚР  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік 

басқару  академиясы,    2008.  –  114  б. 

6.  Ақтанова  Л.  П.  Мемлекеттік  қызметшілерге  арналған  мәтіндер 

жинағы.  –  Астана:  ҚР  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік 

басқару  академиясы,  2010.  –  134  б. 

7.  Ақтанова  Л.  П.  Ресми  жаттығулар  жинағы.  Оқу  құралы 

(Мемлекеттік  қызметшілерге  арналған).  –  ҚР  Президентінің 

жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясы,  2011.  –  160  б. 

8.  Құрманбайұлы  Ш.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жаңа  атаулар  мен 

қысқарған  сөздер.  Астана,  2009.  «1С-Сервис»  ЖШС.  –  256  б. 

9.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев 

Парламенттің  бесінші  шақырылымының  төртінші  сессиясының 

ашылуында  сөйлеген  сөзі.

10. Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  XXI  сессиясында  сөйлеген 

сөзі.


11. Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

М.В.Ломоносов  атындағы  Мәскеу  мемлекеттік  университетінде 

сөйлеген  сөзі.

12. Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан  халқына  Жолдауы.  2014  жылғы  17  қаңтар.

Қосымша  әдебиеттер  тізімі:

13. Ресми-іскери тіл: Қазақша-орысша тіркесімдер сөздігі. – Алматы: 

«Арман-ПВ»,  2005.  –  376  б. 

14. Уәли  Н.  Қазақ  сөз  мәдениетінің  теориялық  негіздері:  филол. 

ғыл.  докт.  ...дисс.:  10.02.02.  –  Алматы,  2007.  –  328  б.

15. Сыздық  Р.  Қазақ  тілінің  анықтағышы.  –  Астана.  2000.  –  526  б. 

16. Алефиренко  Н.  Поэтическая  энергия  слова.  Синергетика  языка, 

сознания  и  культуры.  –  М.:  Academia,  2002.  –  394  с. 



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

49

17. Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі.  –  Алматы:  «Дайк–Пресс»,  

2008.  –  968  б.

18. Орфографиялық  сөздік.  –  Алматы:  «Дәуір»,  2013.  –  720  б. 

19. Орфоэпиялық  сөздік.  –  Алматы:  «Арыс»,  2007.  –  800  б.

20. «Тәуелсіздік және тіл саясаты» атты мемлекеттік қызметшілердің 

біліктілігін  арттыру  семинары  материалдарының  әдістемелік 

жинағы / Құраст.: Қ.Ө. Айтмұхаметова. – Астана: ҚР Президентінің 

жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясы,  2011.  –  159  б.

21. «Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізуді  біріздендіру» 

атты 

мемлекеттік 



қызметшілердің 

біліктілігін 

арттыру 

семинары  материалдарының  әдістемелік  жинағы  /  Құраст.: 

Н.Т.Төленбергенова.  –  Астана:  ҚР  Президентінің  жанындағы 

Мемлекеттік  басқару  академиясы,  2010.  –  200  б.

22. Ботавина  Р.  Н.  Этика  деловых  отношений.  Учебное  пособие.  – 

М.:  «Финансы  и  статистика»,  2005.  –  208  с.

23. Душенко К. Мысли, афоризмы, цитаты. Политика, журналистика, 

правосудие.  –  М.:  «Эксмо»,  2008.  –  784  с.   



Электронды  сайттар:

24. http://www.24.kz/zhanalyktar/sotsium/item/astana-mеmlеkеttіk-tіl

25. http://zhetysu.gov.kz/

26. http://e-kitaptar.com

27. http://mtdi.kz/tusindirme-sozdik

28. http://mtdi.kz/audarmashyga-komek/sozdikter/sinonimdik-sozdik

29. http://mtdi.kz/audarmashyga-komek/sozdikter/orfografia

30. http://mtdi.kz/audarmashyga-komek/audarma-matinder/iskagaz-ylgileri

31. www.lib.apa.kz  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясының  электронды 

кітапханасы.

32. http://www.kazneb.kz  Қазақстан  Ұлттық    электронды  кітапханасы.



Нормативтік  құқықтық  база:

33. «Қазақстан  Республикасындағы  Тілдер    туралы»  Қазақстан 

Республикасының  1997  жылғы  11  шілдедегі  Заңы.

34. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған 

бағдарламасы. 

Мерзімді  баспасөз  материалдары:

35. «Егемен  Қазақстан»  газеті.

36. «Қазақ  әдебиеті»  газеті.

37. «Ана  тілі»  газеті.

38. «Мемлекеттік  басқару  және  мемлекеттік  қызмет»  журналы.

39.  «Дипломатия  жаршысы»  журналы.

40.  «Заңгер»  журналы. 


Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

50

2.6-семин

ар.  Мемлекеттік  қызметшінің  тілдік 

құзыреттілігі:  пікірталас  түрлері  және  әдіс-

тәсілдері

  І.  Семинардың  жалпы  сипаттамасы:

           Семинар пікірталас  бағдарламасының маңызды тұстарына, 

ұғымдары  мен  ережелеріне    түсініктеме  беретін  теориялық 

және  алынған    мағлұматтарды  бекітуге  арналған  практикалық 

бөлімдерден  тұрады.  Практикалық  сабақтар  барысында 

бағдарламаның әрбір жеке элементі бойынша  жұмыс  жүргізіледі. 

Тыңдаушылар  ойын  арқылы  пікірталастыру  және  өз  идеяларын 

топ  болып  қорғау  негіздерін  игереді,  пікірталастыру  бәсекелерін 

өткізудің  ережелерімен  таныс  болады.  Ойлау  және  сөйлеу 

жүйелерінің  белсенділігін  арттыратын  интерактивті  оқу  әдістері 

арқылы  кеңестер    қолданылады.                 

Мақсаты:  Оқу  үрдісіндегі  оқытудың  жаңа  технологияларын 

қолданып,  тыңдаушылардың  шығармашылық  әрекетін  дамыту. 

Осы  технологиялар    арқылы  оқыту  сапасын  арттыру,  білімді 

жүйелі меңгеру, интеллектуалдық және логикалық ой-өрісін дамыта 

отырып, оларды жоба құру мен модельдей білуге үйрету. Пікірсайыс 

теориясы мен практикасын меңгерту. Тыңдаушылардың шешендік 

шеберліктерін,  көшбасшылық  қасиеттері  мен  ұйымдастырушық 

қабілеттерін, коммуникативтік дағдыларын, қоғамдық жағдайларға 

баға бере алуын, креативті ойлауын, шығармашылығын, өз  ойын 

тұжырымдап,  түйінін  айта    білуін  меңгерту. 



Міндеттері: 

•  коммуникативтік  тілдік  дағдыларды  қалыптастыру;

•  қарама-қарсы  ой  стратегиясы  болғандықтан,  сөз  әдебіне 

көңіл  бөлу;

•  әлеуметтік  тілдік  дағдыларды  қалыпастыру;

•  пікірталастың  құндылығы  арқылы  қоғамда  ой-сананың  әр 

түрлі  болатындығын  ұғындыру;

•  еркін  саяси  көзқарастардың    бәсекелестігін    туғызу;

•  пікірталас  әдісі  арқылы  шешен  сөйлеуге  үйрету,  ойды  

қорыту   тәсілдерін  меңгеру және көпшілік  алдында  еркін 

сөйлеу;

•  белсенді сөйлеуді  ойлап, тұжырымдап, пайымдап сөйлеумен 



ұштастыру  және  таным    қабілетін  дамыту;

Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

51

•  тыңдаушы  дербестігін  дамыту  және  өзін-өзі  қадағалап, 

тексертуге    баулу;

•  пікірі шектелмейтін  еркін  шығармашылықты  қалыптастыру;

•  пікірталас    технологиясына  қойылатын    талапты    білу;

•  пікірталас    ойындарының    ерекшелігін  меңгеру.



Білімді  бақылау  түрі:  тест  сұрақтары. 

Семинар  бағдарламасын  әзірлеген: 

Ақтанова  Л.П.  –  Мемлекеттік  және  шет  тілдері  кафедрасы 

доцентінің  м.а.

ІІ.  Семинардың  тақырыптық  жоспары

Р/с



Семинардың 

тақырыптары

Сағат

саны

Сағат

саны

Сағат

саны

Сағат

саны

Сабақ 

түрі

72

48

40

36

1

Мемлекеттік қызметшінің 



коммуникативтік, 

талдамалық құзыреттілігі

2

2

2



2

практи-


калық

2

Мемлекеттік қызметшінің 



кәсіби-коммуникативтік 

құзыреттілігін 

қалыптастырудың  әдіс-

тәсілдері

2

2

2



2

практи-


калық

3

Тілдік құзыреттілік және 



пікірталас

2

2



2

2

тренинг



4

Тілдік команда және 

пікірталас (Командалық 

пікірталас)

4

2

2



2

тренинг


5

Пікірталас және 

дискуссия, диалог, 

келіссөз


4

2

2



2

тренинг


6

Пікірталас жүргізудің 

технологиясы.

Ереже. Кодекс.  

Нормалар. Негізгі 

элементтер. Пікірталас 

форматтары 

6

4



2

2

тренинг



7

Пікірталастың британдық,  

американдық форматтары

2

2



2

2

жағдаят



тық

8

Британдық формат: 



Парламенттік пікірталас,  

регламент

6

6

2



2

тренинг


Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

52

9

Спикерлердің сөз сөйлеу 



тәртібі және олардың 

ұстанымдары

2

2

2



2

жағдаят


тық

10

Пікірталастың қолданылу 



формалары: білім беру, 

саясат, азаматтық қоғам, 

бизнес

2

2



2

тренинг


11

Линкольн – Дуглас



 

пікірталасы.

Пікірталастағы 

қарарлар: тыңдау мен 

тұжырымдау, талдау мен 

интерпретация

6

2

2



2

жағдаят


тық

12

Саяси пікірталас.  



Аргумент,       

негізгі элементтер

4

2

2



2

тренинг


13

Көпшілік алдында 

пікірталасты теріске 

шығару


2

2

2



тренинг

14

Жақтаушы және 



терістеуші жақтың кейсін 

құрудың әдіс-тәсілдері

4

2

2



2

тренинг


15

Америкалық Парламенттік 

формат

6

4



2

2

жағдаят



тық

16

Дәлелдемелер мен 



қолдау жасай білудің 

әдістері


2

2

2



2

практи-


калық

17

Дефинициялар 



(анықтамалар) – негізгі  

ұғымдарды  анықтау

2

2

2



2

практи-


калық

18

Сендірудің вербалды  



және бейвербалды 

құралдары.

2

2

2



2

тренинг


19

Карл Поппер 

форматындағы пікірталас

6

2



2

2

тренинг



20

Пікірталастағы төреліктің  

стильдері және  шешім 

қабылдау әдістері

6

2

2



2

жағдаят


тық

Барлығы:

72

48

40

36

Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

53

ІІІ.  Семинар  тақырыптарының  мазмұны

1-тақырып.  Мемлекеттік  қызметшінің 

коммуникативтік,  талдамалық  құзыреттілігі

Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс жүзінде, 

күнделікті  өмірде  қандай  да  бір  практикалық  және  теориялық 

мәселелерді  шешуге  қолдана  алу  қабілеттілігі.  Құзыреттілік  – 

тұлға  қалыптастыруға  бағытталған  білім  беру  негіздерінің  бірі. 

Мемлекеттік  қызметші  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік, 

экономикалық  және  саяси  өміріне  белсене  қатысуға  дайын 

бәсекеге  қабілетті  тұлғаcы.  Сондықтан  оқу  тәрбие  үрдісінің 

алдында  тұрған  негізгі  міндет  –  табысты  және  тиімді  әрекетке 

дайын,  өзінің  пікірін  білдіруге  және  өмір  сүріп  отырған  қоғам 

үшін  жауапкершілігін  түсінуге  қабілетті,  отбасындағы,  қоғамдағы, 

ұжымдағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлға қалыптастыру.

    Мемлекеттік  қызметшінің  коммуникативтік,  талдамалық 

құзыреттілігі  –  оның  шығармашылық,  теориялық,  практикалық 

дайындығының сапалық деңгейі. Сондықтан алдымен мемлекеттік 

қызметшінің грамматикалық, социолингвистикалық, дискурсивті, 



стратегиялық,  әлеуметтік  құзыреттіліктерін  меңгертіп  алу 

қажет.


   Бұл  құзыреттіліктер  –  тіл  ережелерін  білу,  мәтіндердің 

шығу  және  танып  білу  үрдістерін  меңгеру,  бір-бірін  тыңдау 

арқылы  басқа  тұлғаның  не  айтқысы  келгенін  айтылымдардың 

құрылым  ережелерімен  машықтану



,  пікірталасқа,  ойталқыға, 

ойбөліске  түскен  адаммен  байланыс  жасау.  Коммуникативтік 

құзыреттілік  жеке  тұлғаның  рухани  өсуін  қалыптастырады, 

өзге  тыңдаушылардың  түсіне  білуіне  көмектеседі.  Сондықтан 

алдына  мақсат  қоя  алатын,  анық  та  дұрыс  сөйлей  білетін,  өз 

ойын  еркін  жеткізетін,  қызығушылықпен  тыңдай  алатын  тұлға 

қалыптастыру. 

2-тақырып.  Мемлекеттік  қызметшінің   

кәсіби-коммуникативтік  құзыреттілігін 

қалыптастырудың    әдіс-тәсілдері 

Кәсіби-коммуникативтік 

құзыреттілік 

– 

мемлекеттік 



қызметшінің  белгілі  бір  білім  жүйесін  тәжірбиеде  пайдалана  алу 

қабілеті.  Адамның  өзі  таңдаған  қызметінде  өз  білімін  көрсетіп, 

нені,  қалай  және  не  үшін  үйренетінін  алдын-ала  айқындап, 

білікті  маман  болуға  бағытталуы.  Құзыреттілікке  үнемі  іздену, 

өзін-өзі  жетілдіру  арқылы  жетуге  болатындығын  пікірталас 

бағдарламасының  әр  түрлі  әдіс-тәсілдері  арқылы  жеткізу. 



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

54

3-тақырып.  Тілдік  құзыреттілік  және  пікірталас 

Тілдік  құзыреттілік    –    тілдің  графикалық,  орфографикалық, 

лексикалық  және  грамматикалық  жақтары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет