Оқу әдістемелік кешен



бет22/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Атомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Карр, т.б. жатады. Бұл ойшылдардың шығармаларында кейін материалистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп (б.д.д. шамамен V ғ.) болды. Оның ойынша, әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, жеке денелерді құрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ әрқайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп, жоғалып жатады.
Левкипптің бұл пікірлері Демокрит ілімінің қалыптасуына зор әсер етті. Демокрит (б.д.д. шамамен 460-371 жж.) 70-тен астам шығармалар жазған: «Пифагор», «Планеталар туралы», «Табиғат туралы», «Ақыл-ой туралы», «Үлкен әлем құрылысы», «Кіші әлем құрылысы», т.б.
Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар. Егер болмыс өзіндік пішіні бар және ол өте тығыз болғандықтан, бөлшектенбейтін атомдардан тұратын болса, бейболмыс - өзіндік пішіні, түрі жоқ, шексіз бос кеңістіктерден тұрады. Болмыс – сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Ұсақ бөлшектер –атомдардың негізгі қасиеттері: мәңгі бөлінбейді, өзгермейді, өзіне-өзі тең (ұсақ), қозғалмайды. Бұл қасиеттер – атомдардың ішкі мәні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады.Атомдар шар, бұрыш, қармақ, ойма, т.б. тәріздес болады. Атомдарды бос кеңістік бөліп тұрады.
Платон (б.д.д. 427-347 жж.) – Сократтан дәріс алған, оның ілімін әрі қарай жалғастырушы. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау), «Китон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Федон» (әділеттілік туралы), «Мемлекет» (идеялар теориясы), «Теэтет» (білім туралы), «Тимей» (космогония), «Заңдар», т.б.
Платон пікірінше, шын болмыс – ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Платонның болмысы өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қаншама бір тектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер, қатынастар, т.б. көп болса, соншама идеялар бар. Идеялар бір-бірімен тек қана қарым-қатынасты емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты немесе бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Платон рухани әлемнің жеке-жеке идеялары туралы айтқанда, көбіне «эйдос» деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады: 1.Себептілік. 2.Заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі. 3.Заттардың түпнегіз бейнелейтін ұғымы.
Физикалық материя антикалық көзқарастарда қалыптасқан төрт түпнегіз – от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді. Сезімдік заттар – заттандырылған идеялар мен материяның туындылары.
Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, мәңгі жоғалып жатады.
Ежелгі Греция философиясының биік шыңдарының бірі ұлы ғұлама Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) болды.Ол өз алдына басқа ғылымдардың мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы ойшыл. Франция жағалауындағы Стигир қаласында дүниеге келді. 17 жасында Платоннан дәріс алған, ал 41 жасында Ұлы Александрдың (Македонский) тәрбиешісі болған. Ол Афиныда Ликей немесе перипатетиктер (қыдырып жүріп сұхбаттасу) мектебі аталатын оқу орнын ашты. Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласында атсалысып, көптеген еңбектер жазып қалдырған: «Категориялар», «Аналитика» (I-II томдар), «Топика», «Физика», «Метафизика», «Саясат», «Риторика», «Поэтика», т.б.
Аристотель білімнің тарау аумағын қарастыра келіп, екі түрлі философияның бар екендігін айтады. «Екінші философия» - физиканың пәні материя мен үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болатын сезімдік заттар болса, «Бірінші философия» - метафизиканың қарастыратын мәселелері: табиғи құбылыстардан тыс жатқан, өзгермейтін, мәңгі, қозғалмайтын мәнділік. Оны танып-білу табиғатты танып-білуден құндырақ, сондықтан философия физиканың алдында тұрады да, «Бірінші философия» деп аталынады.
«Бірінші философия», бір жақты қарасақ, дүниенің алғашқы бастамасы – құдайға байланысты мәселелерді қарастыратын болғандықтан, теология деп аталуы керек сияқты. Бірақ құдайдың өзі алғашқы бастамалардың бірі болғандықтан, теология деп аталуы керек сияқты. Бірақ құдайдың өзі алғашқы бастамаларын ғана қарастырмай, оның себептерін де зерттегендіктен, ол теологиядан әлдеқайда ауқымдырақ және тереңірек.
Өзінің ілімін Аристотель мәнділікті болмыс деп қарастырудан бастайды да, оны сол болмыстың өзіне тән категориялары арқылы түсіндіруге тырысады. Осы тұрғыдан мән категориясы – мәнділікті түсінудің кілті. Ол өзіне дейінгі ойшылдарға ұқсап мәнді материалдық зат (от, жер, су, ауа, атом) ретінде де, идея ретінде де қарастырмайды, оны өзіне тән әртүрлі көріністеріне байланысты тануға болады дейді. Мәннің көріністері: 1) түпнегіз, субстракт; 2) болмыстың мәні; 3) болмыстың мәні мен түпнегізден тұратындар; 4) жалпыға бірдей әмбебап жалпылық; 5) жалпылық; 6) ерекшелік.
Мәннің бұл аталған көріністерінің ішінде біреуі ғана – «болмыстың мәні» мәнділік болады, ал қалғандары мәнділік бола алмайды. «Болмыстың мәні», түр (форма), «алғашқы мән» синоним ұғымдар. Аристотельдің пікірінше, форма – кез-келген жалпы бастама емес, жәй жалпылық қана, осы тұрғыдан алғанда, ол жалқылар мен жалпылар арасындағы ерекшеліктердің арқасында өмір сүрді. Форма сапа да, сан да, заттар арасындағы қатынастар да емес, ол – заттардың мәні, онсыз заттар өмір сүре алмайды. Сезімдік заттар көлемінде, оның мәні ретінде форма (түр) заттардан бөлек өмір сүрмейді. Қаншама ерекшеленген (топталған) заттар болса, соншама форма бар. Формалардың сатысымен көтеріле отырып, форманың ең жоғары түрі – материядан тыс өмір сүретін алғашқы қозғаушы күшке дейін жетеміз. Ондай форманы ешкім дүниеге әкелмейді, ол мәңгі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет