ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



бет12/79
Дата20.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31662
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79
Фонетикасында: 9 дауысты (а,е, ы, и, о, ө, у, ү), олардың барлығы да жалпы редукцияға ұшырамайды; қ/қ дыбысының тұрақсыздығы (йоқ/йох «жоқ»); сөз басындағы (инициалды) й дыбысының жиі кездесуі (йемиш «жеміс», алайда, мұнымен қатар, дж дыбысы да қолданылады джүзүм
жүзүм «
жүзім»);

Морфологиясында – септеу мен жіктеудің қыпшақтық түрі қолданылады, оғыз тілдерінің жекелеген формалары да кездеседі (тұрақты әмбебап қимыл атаумен қатар (-ған (-ған)) есімшенің –мыш тұлғасы мен қимыл есімінің –дық тұлғасы);

Лексикасында иранизмдер, арабизмдер және орыс сөздері бар.

Алтын Орда мен Мәмлүк Египетінің оғыз-қыпшақ аралас тілінен айырмашылығы, Кодекс тілінде халықтық-ауызекі (сөйлеу) тілінің басымдылығы байқалады. Бұл қырынан алғанда, латын дұғалары мен гимндерінің түркішеге аударылуындағы тазалығы таңғаларлық.

«Кодексте» қолданылған түркілік атақ-лауазым атаулары, ономастика және жалпы қолданыстағы лексика диалектілік тұрғыдан біркелкі емес, бұл Қыпшақ одағына кірген түркі тайпалары одақтарының және Еуропаға ертеректе келіп, олардың құрамына кірігіп кеткен түркі бірлестіктерінің (ғұндар, аварлар, бұлғарлар, зазарлар, печенегтер) аралас сипатымен байланысты болса керек. «Кодекстің» басында жазуы латынша, немісше бөлігінде көлбеу жазу басымырақ. 30 парақтың оң бетінің сол жақ бұрышында битик/бітік «жазу» деген сөз ұйғыр әліпбиімен тігінен ойылып жазылған.

Қорыта айтқанда, “Кодекс Куманикус” ғылыми айналымға түскен мезгілден бері жәдігердің материалдары ішінара және толық қамтылып, алты рет баспа бетінен жарық көрген. Басылымдардың сапа деңгейі әртүлі болды. Дегенмен олардың барлығы дерлік жәдігерге зерттеушілер назарын аударып, жұмыстар жүргізу үшін маңызды еңбектер саналады

"Китаб-и-Меджму-у-терджуман-түрки ве аджеми-ве моголи ве фарси". (Түркий, араб, монгол ҳәм фарсы тиллериниң аўдарма китабы). Оның қолжазбасы 1245 жылы 28-қаңтар күні (27 шағбан, 643-жыл) Мысырда жазылып біткен. Авторы белгісіз. Қолжазбаның түп нұсқасы Голландияның Лейден кітапханасының мұрағатында сақтаулы. Қолжазбаны көшіріп жазған Халил ибн Мухаммед ибн Юсуп Коневи, яғни Түркияның Кония қаласынан шыққан катиб. Қолжазба 76 беттен тұрады. Онда екі мың жарымдай түркі сөзі жинақталған. Дені түркіше-арабша сөздік, қалған аз беттері монғолша-парсыша, арабша-монғолша сөздік. Қыпшақ тілінің сөздері сөз таптарына жіктеліп көрсетілгендіктен, қыпшақ тілінің грамматикалық анықтағышы деп атауға әбден болады. Бұл ескерткіштің лексикасын А.Құрышжанов арнайы зерттеді.

Жәдігерлікті Голландиялық шығыстанушы, түркітанушы ғалым Мартин Теодор Хоустма 1894-жылы Лейден қаласында баспаға даярлап, неміс тілінде басып шығарды. Г.Хоустма бірінші болып бұл мұраның тілін зерттеді, латын графикасымен транскрипциясын жасады, неміс тіліне аударды.

Белгілі түркітанушы А.Наджип бұл түрікше-арабша сөздік Мысырда мемлекет басына мәмлүктер келместен бұрын жазылған деген пікір білдірді. Ғалымдардың айтуынша сөздікте 1260 мың сөз қолданылған, оның 70 пайызы қыпшақ тілдерінде өнімді қолданылатын сөздер. Бұл жәдігерлікті Ә.Құрышжанов зерттеп, 1970 жылы «Исследование по лексике старокипчакского письменого памятника ХІІІ в- «Тюрксого арабского словаря» деген атпен қайтадан бастырып шығарды.

Бұдан кейін өзбек ғалымы А.Юсунов бұл сөздікті толық аударма жасап, оның лексикасы Һәм морфологиясын зерттеп кандидаттық диссертация қорғады. (Тақырыбы: Исследование памятника XIV в "Таржуман түрки ва ажами ва моголи" (Морф, лексика, словарь, перевод) Акд, Ташкент. 1973.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет