Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7


Оқу әрекетінің бала психикасының дамуына тигізетін әсері



бет43/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86
Оқу әрекетінің бала психикасының дамуына тигізетін әсері

Баланы қоғамның пайдалы іс-әрекетіне даярлап жан-жақты етіп

дамыту үшін оқытудың маңызы зор. Баланың барлық психикалық дамуы үйрету, алдыңғы ұрпақтардан жинақталған тәжірибені беру арқылы жүзеге асады. Сонда да білім мен дағдының көбін бала үлкендермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы меңгереді. Әр жас кезеңіндегі оқыту баланың психикалық даму ерекшелігіне қарай белігілі бір бағдарлама, шағын материал негізіне сүйеніп жүргізіледі. Нәрестелік кезеңде бала күнделікті қоршаған ортадағы тіршілік жағдайымен, яғни тұрмыстық заттар мен ойыншық арқылы дүниемен танысады. Мектепке дейінгі кезде одан да күрделене түседі, заттар мен құбылысқа деген ықылас пайда болады. Соның негізінде баланың білімі, іскерлікті игеруге сөздік қоры, творчестволық қиялы, сезімі, теориялық ойлауы дамиды, тіпті тұрмыстағы заттармен, құрал-жабдықтармен әрекет ете білуді меңгереді және еңбек балаларды қоғамның саналы мүшесі ретінде болашақ өмірге даярлайды.

Әңгімені тыңдау, суретті қарау, үлкендер еңбегін, өз құрбысынан еңбек нәтижесін қарау негізінде түсінік алады.

Мектепке дейінгі кезеңде еңбек сипаты өзгеріп отырады. Мысалы, 2-3 жасар балалар еңбек тапсырмасын орындағанда одан бір нәтиже шығарайын демейді, сол еңбек үдерісінен бір қызығып ләззат алады. Мысалы, ыдысты жуғанда оны таза болсын, реттеп қояйын демейді, ыдыс тың суда жүзгеніне қызығады немесе қол шатырды әкеп бер десек, оның жылтырағанына қызығып ұстап не атқылып мініп келеді. Өйткені бұл кезде бала өзінің іс-әрекетін саналы түрде жоспарлап, әрекет ете алмайды. Сондықтан кезекшілік атқарып үлкендермен бірлесіп қана әрекет ете алады.


  1. 5 жаста еңбек мазмұны әлдеқайда күрделенеді, себебі бала еңбекті ойыннан ажыратады. Еңбек ету дағдылары жинақталады, өз бетімен үлкендердің көмегінсіз-ақ орындайтын болады, өзінің қызмет нәтижесін біреумен салыстыра бастайды, басқа біреудің мүддесі үшін еңбек етуге үйренеді. Ата-анасына, құрбысына, әскери міндетін атқарып жүрген ағаларына мерекелік аймақты тиянақтап әдемі етіп жасауға, әкесіне еңбек әрекеті арқылы қарапайым қамқорлық жасағысы келеді, үлкендер соны қолдап, дұрыс бағыт беруі керек.

Еңбектің қоғамға пайдалы өнімдерді азаматқа қажетті рухани байлықтарды жасауға бағытталған әрекет екенін түсінеді. Мұның өзі еңбекке саналы түрде қатысу алдымен еңбектің қоғамдық мәнін түсінуге, нәтижені өзгелерге пайдалы еңбек әрекетін орындауға итермелейді. Бұл баладан өзгелермен бірлесіп әрекет ету негізінде жүзеге асатындығын түсінуді талап етеді. Мұндай қасиеті бірлескен ойын оқу әрекеті кезінде жүзеге асады. Бала бірте-бірте іс-әрекетті

жоспарлауға, нәтижесін көре білуге мүмкіндік беретін ойлау үдерісінің негізіне сүйенеді. Ол үшін белгілі бір мақсатқа бағыттап саналы әрекет ету, қиындықты жеңе білуге, ерік-жігер саналарына еңбек ерекше талап қояды. Бала еңбек етуге талпынып, оны сапалы орындауға тырысады. Осының бәрі жүйелі түрде қарапайым еңбек әрекетін ұйымдастырып, жүргізе білуіне байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет