Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


Изоляция – ойлардың немесе əрекеттердің уақытша ретін (мəселен, салттардың көмегімен) үзуге мүмкіндік беретін тəсілдердің жиынтығы; Орын басу (алмастыру)



бет116/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   146
Изоляция – ойлардың немесе əрекеттердің уақытша ретін (мəселен, салттардың көмегімен) үзуге мүмкіндік беретін тəсілдердің жиынтығы;
Орын басу (алмастыру) – мазасыздықтың немесе жағымсыз аффектінің шынайы бастауын құдіреті жəне қауіп-қатері неғұрлым төменірек фигурамен алмастыру;
Рационализация – жалған дəлелдің көмегімен ақиқаттың бұрмалануы;
Сублимация – инстинктивті тума əуестіктердің əлеуметтік қалаулы жəне қолайлы мақсаттарға ауыстырылуы.
Операциялар – өзге əрекеттер арқылы біртұтас жүйеге реттелген əрі кері қайтарымы бар интериоризацияланған ішкі əрекеттер. Кері қайтарым объектінің шарты ретінде анықталып, негізгі қасиеттерінің сақталуына байланысты.
Метаморфоза заңы – дамуды сана күйлерінің бір ізді сапалы өзгерісі.
Инстинкт тума мінез-құлық, үйретуді қажет етпейді, түрдің барлық мүшелеріне ортақ, бейімделу шеңбері өте тар.
Дағдылар немесе жаттықтыру – тума емес, үйретудің нəтижесінде туындайды, бейімделу шеңбері едəуір кеңірек.
Интеллект – мінез-құлықтың жоғары формасы (үйретуді қажет етпейді, қиын жағдаяттың мəнді қатынастарын күтпеген жерден түсінуге, яғни инсайтқа негізделеді).
Сексуалды мақсат – лəззат алудың бастауы болып табыла- тын денедегі эрогенді аймақ.
Эгоцентризм – бұл құбылыстар мен объектілер тек дербес көзқарасының тұрғысында қарастырылатын, қоршаған əлемге қатысты иеленген субъектінің ерекше танымдық ұстанымы. Дербес ұстанымы бойынша əлемді тану, пəнге қатысты əртүрлі көзқарастарды реттей алмаушылық;
Децентрация – дербес көзқарасын объектіге қатысты басқа да ықтималды көзқарастармен реттеу.
Тепе-теңдікке ұмтылыс – қызмет етудің жəне дамудың басты қағидасы əрі негізгі реттеушісі болып табылады.
Эпигенез – дамудың негізгі кезеңдерін анықтайтын біртұтас тума жоспардың болуы. Ол жоспар ағзалардың, яғни психологиялық қабілеттердің қалыптасу сатылылығын алдын ала болжайды.
Пубертантты кезең (12-19 жас шамасы) – ұқсастықтың қалыптасуының сын кезеңі. Əлеуметтік-психологиялық дағдарыстың мəні эго-ұқсастық пен ұқсастықтың алмасуының арасында таңдау жасауда анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет