Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің


Жылуға бейімделу (акклиматизация)



Pdf көрінісі
бет27/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47

Жылуға бейімделу (акклиматизация)

Адамда кəдімгі маусымдық климаттық өзгерістер физиологиялық 

өзгерістерді  тудырады.  Акклиматизация – жаңа,  үйреншікті  емес 

климаттық-географиялық  орта  жағдайларына  бейімделу.  Түрлі 

факторлардың  ықпал  етуінде  байқалатын  адаптивті  өзгерістерді 

спортшыларды жарысқа дайындау кезінде білу қажет. Жасушалық, 

мүшелік, жүйелік жəне организмдік деңгейдегі үдерістердің барлық 

туа жəне жүре пайда болған бейімделу əрекетін адаптация деп атай-

ды (бейімделу туралы 2-тарауда толық баяндалған).

Барлық адамдар (спортшылар) сол орта жағдайларына бəрі бір-

дей жылдам жəне толығымен бейімделе алмайды. Ол адамның жасы-

на, жынысына, жүйке жүйесі типіне, денсаулық күйіне, функциялық 

күйіне  (спортшының  жаттықтырылу  дəрежесіне),  пихикалық-

эмоциялық тұрақтылыққа жəне т.б. байланысты. 



294

Спортшыларға  түрлі  климаттық-географиялық  жағдайларда 

жаттығуға немесе жарысуға тура келеді. Жəне осыған орай рецеп-

торлар  адаптациясы  шапшаңдығының  маңызы  бар.  Барлық  рецеп-

торлар  жылдам  жəне  баяу  бейімделетін  (кезеңдік  жəне  тонустық) 

болып бөлінеді.

Жоғары  ауа  температурасы  мен  ылғалдылығы  жағдайында 

үзіліссіз  жəне  қайталап  болу  сыртқы  ортаның  осы  арнайы 

жағдайларына  организмнің  біртіндеп  бейімделуін  тудырады. 

Нəтижесінде  жылылық  стреске  қарсы  организмнің  тұрақтылығы 

дамиды. Адамның ыстыққа бейімделуіне өзіндік арнайы сипат тəн. 

Ол  ыстықты  барынша  жеңілірек  қабылдайды,  жұмысты  орындау 

объективті сияқты (жылу əсеріне физиологиялық өзгерістер азаяды) 

субъективті де аса қиын болмайды. Жылуға бейімделу күйі – аккли-

матизация жүреді. 

Ыстық  əсіресе,  ылғалдылығы  жоғары  ауа  суыққа  қарағанда 

спортшы  үшін  көп  күш  түсіреді.  Орта  температурасы  дене  темпе-

ратурасынан жоғары болғанда жылу қоршаған ортадан организмге 

өтеді. Мұндай жағдайларда жылуды бұрып жіберудің жалғыз тəсілі 

булану (тер бөліну) болады. 

Ыстықтың  (жоғары  температура)  əсерінің  бас  кезіндеректалды 

температура,  оттегі  пайдалану,  ЖЖЖ  жəне  минуттық  қан  көлемі 

тез өседі. Тер бөліну көп емес жəне тұрақты дене температурасын 

сақтау үшін жеткіліксіз болады. Ыстық климатта 12 күн болған соң 

бейімделудің айқын белгілері басталады. Тер бөліну 2 есе артады, 

ал ЖЖЖ жəне оттегі пайдалану шамамен, 40%-ға түседі. Буланудың 

күшеюі  жəне  зат  алмасудың  төмендеуі  ішкі  температураның 

жоғарылауын  азайтады.  Периферияға  (шеткі  мүшелерге)  жылу 

шығарудың  жоғарылауына  жəне  тер  бөлінудің  күшеюіне  əкелетін 

тамырлардың күшті кеңеюі барынша тиімді реттелумен байланысты 

(Р.D.Sturkie, 1981). Спортшыларда  егер  ыстық  жəне  ылғалды  кли-

мат зоналарында алғашқы 5-7 күндері монша (сауна) жəне салқын 

(суық) душ (ұйқы алдында салқын душ жəне көмірсулы сусындар, 

ал  таңертең  суық  душ  жəне  адаптогендер  жень-шень,  пантокрин, 

пантогематоген, аралия тұнбасы, т.б.) қабылдаса, бейімделу тезірек 

жүреді.  Бұдан  басқа  сусындарды  жеткілікті  мөлшерде  қабылдау 

(шай, минералды су, шырын) бейімделуді жылдамдатудың маңызды 

моменттерінің  бірі  болып  табылады.  Бейімделу  принциптерін 

сақтамаған кезде түрлі асқынулар – жылылық, күннің соққысы жəне 

т.б. болуы мүмкін. 



295

Жылуға бейімделу кезіндегі физиологиялық өзгерістер жəне 

олардың механизмдері. Жылуға бейімделу арнайы физиологиялық 

өзгерістердің жиынтығына негізделген. Олардың негізгілері жоғары 

температура  жағдайында  болуы  барысында  жүктеме  кезінде  тер 

бөлінудің күшеюі, дене «ядросы» мен «қабығы» температурасының 

түсуі жəне жүректің жиырылу жиілігі төмендеуі болып табылады. 

Жылуға бейімделудің негізгі механизмдері сыртқы ортаға де-

немен  жылудың  шығарылуының  күшеюіне  бағытталған.  Жылуға 

бейімделу  барысында  тер  бөлінудің  күшеюі  жүреді:  бірдей  сол 

дене  жүктемесін  орындау  кезінде  қызмет  ететін  тер  бездерінің 

саны, сонымен қатар бөлінетін тер мөлшері артады. Тер бөлінудің 

температуралық табалдырығы төмендейді – ол неғұрлым дене ядро-

сы  мен  терінің  төмен  температурасы  кезінде  басталады  жəне  дене 

температурасының жоғарылауымен тез күшейеді. 

Ыстыққа  бейімделген  адамда  бейімделмеген  адамдарға 

қарағанда  азырақ  тер  буланбай  тамшылап  ағады,  себебі  тер 

неғұрлым  дене  беткейімен  бірқалыпты  таратылады.  Нəтижесінде 

тер булану мен жылу шығарудың күшеюі үшін дене беткейі алаңы 

артады. Тер буланудың күшеюі тері температурасының төмендеуіне 

əкеледі. Осының арқасында тері тамырларымен ағатын қан күштірек 

салқындайды жəне сондықтан «дене ядросы-тері» температуралық 

градиенттері  өседі.  Осылайша  дененің  терең  бөлімдерінен  оның 

беткейіне жылудың физикалық тасымалдануы (өтуі) күшейеді. Тері 

қан айналымының қосымша күшеюіне сұраныс (айналыс конвекция-

сы) сəйкесінше төмендейді. 

Жылу  шығарудың  адаптивті  механизмдері  күшеюінің  басты 

əсері дене температурасының төмендеуі болып табылады. Мұнда 

тыныштық күйде дене температурасының төмендеуі сияқты бұлшық 

ет жұмысы үдерісінде өседі. 

Жылуға  акклиматизация  нəтижесінде  тердегі  тұздар  мөлшері 



азаяды,  яғни  тер  неғұрлым  «сұйытылған»  болады.  Тер  арқылы 

тұзға  қарағанда  салыстырмалы  көп  су  жоғалады  жəне  сондықтан 

қандағы электролиттер концентрациясы жоғарылайды. Сəйкесінше 

қан  осмолярлығы  артады.  Жоғары  осмолярлық  организмдегі 

сұйықтықты жоғалтуды өтеуге бағытталған механизм болып табы-

латын шөлдеудің күшті сезінуін тудырады. Бейімделмеген адамдар-

да  барлық  жағдайларда  организмнің  суға  сұранысын  қамтамасыз 

ететін шөлдеуді сезінуі жеткілікті болмайды. Ыстыққа бейімделген 

адам су балансын жақсы сақтауға қабілетті келеді. 


296

Жылуға  бейімделу  үдерісінде  белок  молекуларын  тері  капил-



лярларына  шығуын  азайтатын  осы  тамырлардың  өткізгіштігі 

төмендейді.  Терінің  ұлпалық  сұйықтығында  белок  мөлшері  ар-

тады.  Жылылық  əсер  кезінде  ол  терінің  лимфа  торлары  арқылы 

қан  айналымдағы  қанға  қарқынды  орын  ауыстырады.  Мұның 

барлығы бірге оның жоғары онкотикалық қысымын жəне жеткілікті 

көлемін  сақтауға  мүмкіндік  береді.  Тұтасымен  жылуға  бейімделу 

нəтижесінде  (тыныштық  күйде)  қан  айналымдағы  қан  көлемі  ар-



тады,  ал  қан  тұтқырлығы  мен  гематокрит  көрсеткішінің  біршама 

төмендеу тенденциясы байқалады. 

Жылуға  бейімделу  жүрек-тамыр  жүйесіне  күш  түсудің 

төмендеуімен  қатар  жүреді.  Тіпті,  ыстыққа  толық  бейімделген 

адам  организмінің  бейтарап  жағдайға  қарағанда  ыстық  жағдайда 

жұмыс кезінде тері қан айналысы көбірек болса да, жүктеме кезінде 

біртіндеп тері қан айналысы азая түседі. Сонымен бірге неғұрлым 

тері тамырлары жүйесіне қанның тез орын ауыстыруынан, беткейлік 

қан айналысының жақындауынан (беткей тамырлары торының жа-

зылуы  есебінен)  тері  қан  айналысының  тиімді  күшеюі  жəне  оның 

неғұрлым тиімді таратылу мүмкіндіктері өседі. 

Жылуға бейімделу барысында ыстық жағдайларда жұмыс кезін-

де құрсақ қуысы мүшелерінің қанмен жабдықталуын жақсартатын 

жатыр  жəне  бүйрек  бөлімдерінде  жұмыс  вазоконстрикциясы 

(тамырлардың тарылуы) дəрежесі төмендейді. 

Жылуға 

бейімделудің 



барынша 

елеулі 


физиологиялық 

белгілерінің біріне тыныштық күйде жəне бұлшық ет əрекеті кезінде 



ЖЖЖ  төмендеуі  жатады.  Біртіндеп  систолалық  көлем  артады

сондықтан  ыстық  жағдайда  болудың  барлық  кезеңдері  барысын-

да  жүректің  минуттық  қан  көлемі  өзгермейді.  Жылуға  бейімделу 

үдерісінде систолалық көлемнің өсуі қан айналымдағы қан көлемінің 

жоғарылауы  жəне  əсіресе,  тері  қан  айналысының  біртіндеп  азаюы 

есебінен оның неғұрлым тиімді қайта таратылуы арқасында жүретін 

веналық  қан  қайтарылудың  (қанның  орталық  көлемінің)  артуына 

негізделген. 

Жылуға бейімделу барысында ыстық жағдайда дене жұмысын 

орындаудың механикалық тиімділігі жоғарылайды. Оны стандартты 

(жеңіл) жұмысты орындау кезінде оттегі пайдаланудың прогрессивті 

төмендеуі көрсетеді. 


297

Жылуға  бейімделу  үдерісінде  симпатикалық  жүйке  жүйесінің 

тонустық  белсенділігі  төмендейді.  Оны  атап  айтқанда,  зəрмен 

норадреналиннің  бөліну  мөлшерінің  ілгеріле  азаюынан  көруге  бо-

лады. Жылылық акклиматизация үдерісінде маңызды рөлді ішкі се-

креция  бездері  атқарады.  Мысалы,  Д-альдостеронды  енгізу  ыстық 

жағдайларда, тіпті, бұл осы ортаға бейімделген адамдардың өзінде 

дене  температурасының  төмендеуін  жəне  жұмыс  ұзақтығының  ар-

туын  тудыратыны  белгілі.  Бұл  əсер  тер  мөлшерімен  байланысты 

емес. 


Жылылық акклиматизациямен байланысты көпшілік өзгерістер 

ыстық  жағдайда  болудың  əсіресе,  алғашқы 4-7 күндері  барысын-

да  тез  жүреді.  Жылылық  акклиматизация  үдерісі  толығымен 12-

14  күндері  аяқталады.  Дегенмен,  жоғары  ауа  температурасы  мен 

ылғалдылығына  максималды  бейімделу  тек  осы  жағдайлардағы 

аймақтың тұрақты тұрғындарында ғана байқалады.

Жылуға бейімделу ыстық жағдайда тек үзіліссіз бірнеше тəулік 

бойы  мекендеп  тұрғанда  ғана  емес,  сонымен  бірге  онда  қайталап 

қысқа мерзімдік (тəулігіне бірнеше сағат) болу (термокамерада, жы-

лытатын немесе жылуды оқшаулайтын қасиеті бар арнайы киімдер 

киген) кезінде де дамиды. Егер ыстық жағдайда болғанда адам дене 

жүктемесін орындамаса, жылуға бейімделу дəрежесі көп болмайды. 

Жылуға бейімделу əсері арнайы болады. Құрғақ ыстық жағдайға 

организмнің бейімделуі ыстық жəне ылғалды жағдайларға жеткілікті 

бейімделуіне міндетті түрде кепілдік бермейді. Осымен қатар ыстық 

жағдайларда жеңіл (ОМП 25%-ға жуық) жұмыстарға бейімделу осы 

жағдайларда бірқалыпты (ОМП 50%) немесе ауыр (ОМП 75% жəне 

жоғары) жұмыстарды орындауға бейімделуді білдірмейді. 

Жылуға бейімделу əсері адам жоғары температура жағдайында 

болғаннан кейін бірнеше апта барысында сақталады. 

Ортаның жоғары температурасына үйрену жас өсе нашарлайды. 

Егде  жастағы  жəне  кəрі  адамдарда  жастарға  қарағанда  неғұрлым 

дененің жоғары температурасы кезінде тер бөліну кешірек бастала-

ды.  Жылылық  жүктемесіне  жауап  ретінде  егде  жастағы  адамдарда 

тері  қан  айналысы  айтарлықтай  артады,  бірақ  жастарға  қарағанда, 

мұндай күшеюдің максималды мүмкіндіктері оларда азырақ болады. 

Ыстық жағдайларда болғаннан кейін егде жастағы жəне кəрі адам-

дарда дене температурасы қалыпқа неғұрлым баяу оралады.



298

Спортшылардың жылуға бейімделуі. Төзімділіктің көрінуімен 

жүретін спорт түрлерінде жаттықтыру жəне жарыс жүктемелері тіпті, 

ортаның  бейтарап  жағдайында  да  дене  ядросы  температурасының 

40°С-қа дейін айтарлықтай жоғарылауын тудырады. Бұл үлкен «ішкі» 

жылу жүктемесіне бейімделу реакцияларының дамуы үшін стимул 

болады. Жүрек-тамыр жүйесі, тер бездері жəне басқа мүшелер мен 

жүйелердегі мұндай реакциялар үлкен «сыртқы» жылу жүктемесіне 

(жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы) акклиматизациядан 

өткен адамдар реакцияларымен көптеген жағынан ұқсас келеді. 

Төзімділікті  жаттықтыратын  спортшыларда  жүйелі  жаттығу 

нəтижесінде 

жылу 


реттелуі 

жетілдіріледі: 

жылу 

өндіру 


төмендейді,  тер  түзілудің  жоғарылауы  есебінен  жылу  жоғалту 

қабілеттілігі  жақсарады.  Осылай  жаттыққан  спортшыларға  жылу 

тітіркендіргіштеріне  тер  бөліну  реакциясының  жоғары  сезімтал-

дығы,  дене  беткейімен  тер  бөлінудің  бірқалыпты  таратылуы  тəн 

келеді. Сəйкесінше, спортшылардың ауаның кəдімгі немесе жоғары 

температурасы  кезіндегі  жұмыс  уақытында  сондай  абсолютті 

жүктемені  орындайтын  жаттықпаған  адамдарға  қарағанда,  ішкі 

жəне  тері  температурасы  төмен  болады.  Спортшыларда  тердегі 

тұздар мөлшері де аз болып келеді. 

Төзімділікке  жаттықтыру  үдерісінде  бейтарап  жағдайларда  қан 

айналымдағы  қан  көлемі  ұлғаяды,  қан  айналысын  оның  тері  тор-

лары  арқылы  төмендеуімен  жүретін  қайта  тарату  реакциялары 

жетілдіріледі. Бұл тері температурасын төмендетеді жəне дене ядро-

сынан оның беткейіне жылудың өтуін жоғарылатады. 



14-кесте

Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында 

жүретін адаптациялық физиологиялық механизмдер

Механизмдер

Адаптациялық өзгерістер

Тер бөліну

Жұмыс кезінде неғұрлым жылдам бастапқы тер бөліну, 

яғни тер бөлінудің температуралық табалдырығының 

төмендеуі.

Тер бөліну жылдамдығының жоғарылауы.

Дене беткейімен тердің неғұрлым бірқалыпты 

таратылуы.

Тердегі тұздар мөлшерінің төмендеуі.


299

14-кестенің жалғасы

Қан жəне қан 

айналу

Жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі.



Систолалық көлемнің артуы.

Тері қан айналымының күшеюі.

Қан айналымдағы қан көлемінің артуы.

Жұмыс гемоконцентрация дəрежесінің төмендеуі.

Неғұрлым қанды жылдам қайта таратылуы (тері 

тамырлары жүйесіне).

Қан айналымның дене беткейіне тақауы жəне дене 

беткейімен оның неғұрлым тиімді таратылуы.

Жұмыс кезінде жатыр жəне бүйректік қан айналысы 

азаюы.


Зат алмасу 

(метаболизм)

Негізгі алмасудың төмендеуі.

Стандартты (жеңіл) жұмыстың оттектің 

құндылығының төмендеуі.

Жылу реттелу

Тыныштық күйде жəне бұлшық ет жұмысы кезінде 

дене ядросы мен қабығының температурасының 

төмендеуі.

Дененің жоғары температурасына организмнің 

тұрақтылығының өсуі. 

Тыныс алу

Ентігудің азаюы (жиі жəне беткі тыныс алу).

Сайып келгенде, спортшыларда тұрақты төзімділікке қарқынды 

жаттықтыру 

нəтижесінде 

тіпті, 

бейтарап 



температуралық 

жағдайларда  да  жылуға  бейімделуге  тəн  белгілі  физиологиялық 

механизмдер  жетілдіріледі.  Сондықтан  төзімділікке  жақсы 

жаттыққан спортшылар жаттықпағандарға қарағанда, көбіне, ыстық 

жағдайларда жұмыстарды орындауға жақсы бейімделеді жəне ыстық 

жағдайларда  аз  қуаттылықты  жұмыстарды  орындау  барысында 

неғұрлым тез акклиматизацияланады. Сонымен бірге тіпті, жоғары 

спорттық  жаттықтырылу  дəрежесі  жəне  сыртқы  ортаның  бейтарап 

жағдайындағы  кез  келген  сипаттағы  жаттықтыру,  егер  спортшы 

жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында жарысқа 

түсетін болса, оған қажетті арнайы жылуға бейімделуді толығымен 

алмастыра алмайды.

Бейтарап  (немесе  суық)  жағдайларда  жаттыққанда  туындаған 

жылуға  адаптациялық  бейімделу  ыстық  жағдайларда  қарқынды 

жұмыстарды  тиімді  орындау  үшін  жеткіліксіз  болып  табыла-

ды.  Жоғары  ауа  температурасы  мен  ылғалдылығы  жағдайында 

өткізілетін  жарысқа  дайындалу  кезінде  спортшыны  сондай 


300

жағдайларда  жарысқа  дейін 7-12 күн  бойы  жаттықтыруды  бастау 

қажет. 

Егер  мұндай  жағдайларда  жаттықтыру  мүмкіндігі  болма-



са,  жылудың  берілуіне  кедергі  жасайтын  жəне  тердің  булануын 

шектейтін  костюмдер («терлеме»-«потник»)  қолдану  керек. «Тер-

лемеде»  жаттықтыру  ортаның  ыстық  жағдайында  жаттықтыруға 

қарағанда аз болса да, жоғары жылуға тұрақтылық əсерін тудырады.



Су қабылдау режимі

Ыстық жағдайда күш сала орындалатын жұмыс кезінде жоғары 

жылдамдықпен  тер  бөлінудің  организмнің  айтарлықтай  дəрежеде 

суды,  сонымен  қатар  тұздарды  жоғалтуына  əкелетіні  айтылып 

өткен  болатын.  Нəтижесінде  жұмысқа  қабілеттілік  жəне  жылуға 

тұрақтылық (ыстыққа үйрену қабілеті) төмендейді.



Суды  жоғалту  жəне  оның  жарыс  кезінде  толтырылуы

Жаттықтырушылар  мен  спортшылар  арасындағы  судың  əлсірету 

əсері  жөнінде, «артық»  сұйықтықтың  жүрекке  «қосымша»  күш 

түсіру туралы көзқарастары бойынша судың термен жоғалуын азайту 

үшін суды аз ішу қажет деп санайды. Сонымен бірге физиологиялық 

зерттеулер əсіресе, ыстық жағдайда күш түсіре орындалған жұмыс 

нəтижесінде жоғалған су мөлшерін неғұрлым тезірек жəне тиісінше, 

сол мөлшерде толтыру қажеттігін дəлелдейді. 

Егер спортшылар судың жоғалуын толтыру үшін арақашықтықта 

сұйықтықтың  жеткілікті  мөлшерін  ішпесе,  оларда  (сондай  немесе 

басқа дəрежеде) дегидратация дамиды. Тердің бөлінуімен суды пай-

далану бірдей (су балансы) болған кезде суды аз пайдаланған жəне 

əсіресе,  суды  қабылдамаған  жағдайларға  қарағанда  сондай  жұмыс 

уақытында  дене  температурасы  төмен  болады.  Сонымен  ыстық 

жағдайда  жүргізілген  жарыс  кезінде  сұйықтық  қабылдау  дененің 

қызып кету қаупін азайтады

Ыстық жағдайда велоэргометрде орындалған жұмыс үдерісінде 

суды  бөліп-бөліп  ішу  қан  плазмасының  жоғалуын  кідіртеді  жəне 

осылайша қан айналымдағы қанның қалыпты көлемін ұстап тұрады. 

Нəтижесінде  судың  жоғалуын  толтырусыз  орындайтын  жұмыс 

кезіндегі  сияқты  деңгейге  дейін  систолалық  көлемнің  төмендеуіне 

жəне ЖЖЖ жоғарылауына жол берілмейді. Жұмыс кезінде сұйықтық 


301

қабылдау  оның  шекті  ұзақтығының  (жұмыс  қабілеттілігінің)  арту-

ына  əкеледі.  Көмірсулар  ерітіндісі  түріндегі  сұйықтық  тек  судың 

жоғалуын толтырып қана қоймай жəне ұзақ уақыттық жүктемелер 

кезінде  жоғары  жұмыс  қабілеттілігін  сақтау  үшін  өте  маңызды 

қандағы глюкозаның қалыпты мөлшерін ұстап тұрады. 

Бұлшық ет жұмысы кезінде жоғалған су мөлшерін толтыру үшін 

пайдаланатын  «алмастырғыш»  сұйықтықтар  құрамы  бірнеше  та-

лаптармен анықталады. Ішілген сұйықтық асқазаннан қанға дерлік 

сіңірілмейді. Судың абсорбциясы ішектерде жүреді. Сəйкесінше, ең 

басты  судың  жоғалуын  толтыру  жылдамдығын  асқазаннан  ішекке 

сұйықтықтың эвакуациялану шапшаңдығы анықтайды. Асқазанның 

босау  шапшаңдығына  ондағы  сұйықтықтардың  көлемі,  температу-

расы мен осмолярлығы ықпал етеді. Бұлшық ет жұмысы өздігінен 

өзі асқазан босауының шапшаңдығына аз ықпал етеді.

Едəуір  сұйықтық  көлемдері (500-600 мл)  аз  мөлшердегі 

сұйықтыққа қарағанда асқазаннан тезірек өтеді. Бірақ арақашықтық-

та  сұйықтықтың  көп  мөлшерін  бір  ретте  қабылдау  асқазанды  тол-

тырып  жағымсыз  сезім  мен  ауыр  тыныс  алдыруды  тудырады. 

Сондықтан  сұйықтықты  аз  мөлшерде  жиі  қабылдаған  дұрыс.  Мы-

салы, аралық қабылдау интервалы 10-15 мин-та 150-250 мл-ден су 

ішіп отыру қажет.

Суық  сұйықтық  жылы  сұйықтыққа  қарағанда  асқазаннан 

тезірек эвакуацияланады. Суық су (8-13°С) асқазан температурасын 

7-18°С-қа  түсіре  отырып,  ішекке  сұйықтықтың  өтуін  жылдамдата 

асқазан қабырғасы бірыңғай салалы бұлшық еттерінің белсенділігін 

күшейтеді. Бұдан басқа асқазанда суық судың аз дəрежеде болса да 

жылытылуы  (жылу  осы  судың  жылытылуына  жұмсалғандықтан) 

дененің жылу жоғалтуын күшейтеді. Сондықтан ыстық жағдайларда 

жүргізілген  жарыстар  кезінде  салқындатылған  су  ішу  жылы  суға 

қарағанда, барынша мақсатқа лайықты болады. Асқазан моторика-

сы  мен  оның  босау  жылдамдығы  біраз  шамада  ондағы  заттардың 

осмолярлығымен  анықталады.  Су  асқазаннан  жеңіл  кетеді. 

Асқазаннан одан да тезірек ас тұзының изотониялық ерітіндісі (NаСl 

0,85%  ерітіндісі)  кетеді.  Ерітіндідегі  глюкозаның  аз (5%-ға  дейін) 

мөлшерінің өзі асқазанның босауының айтарлықтай баяулауын ту-

дырады. Ішетін сұйықтыққа тұздарды (электролиттерді) қосу оның 

осмолярлығын  жоғарылатады.  Осмолярлығы 200 мОсм/л-ге  жуық 



гипотониялық  сұйықтық  оптималды  болып  табылады.  Мұндай 

302

ерітінділерде қант аз (2,5%-ға дейін) болады, асқазанды тез босата-

ды жəне сондықтан судың ішектен қанға жеңіл сіңірілуін əрі судың 

жоғалуының  үлкен  жылдамдықпен  толтырылуын  қамтамасыз  ету-

ге  қабілетті  келеді.  Қабылданған  сұйықтықтың  жалпы  мөлшерін 

анықтау  кезінде  кез  келген  жағдайда  судың  сіңірілуі  максималды 

жылдамдығы 0,8 л/сағ.-тан аспайтынын ескерген жөн. 

Сайып  келгенде,  күшті  тер  бөлінумен  қатар  жүретін  ыстық 

жағдайларда орындалған ұзақ ауыр жұмыс уақытында 2,5%-ға дейін 

қант (көмірсу) мөлшері бар салқын гипотониялық ерітінділерді пай-

далану  керек.  Біраз  су  резерві  болу  үшін  мəреге  дейін  шамамен, 

жарты сағат қалғанда 500 мл ( құрамында көмірсулар жоқ) су ішкен 

жөн. Арақашықтықта əр 10-15 мин. сайын 150-200 мл гипотониялық 

ерітінділер қабылдау қажет. 

Егер  жарыс  организмнің  қызып  кетуі  мен  дегидратация  қаупі 

болмайтын  бейтарап  немесе  суық  жағдайларда  (шаңғы  жарыс) 

өтетін болса, су қабылдау режимі басқадай болу қажет. Сұйықтықты 

қабылдау  көлемі  мен  жиілігі  айтарлықтай  азайып,  ал  ондағы 

көмірсулар мөлшері (25%-ға дейін) артуы мүмкін. Бұл жағдайларда 

тіпті, асқазаннан ішектерге ерітіндінің баяу орын ауыстыруының өзі 

қанды көмірсулармен қамтамасыз етеді.

Күшті  тер  бөлінумен  жүретін  жұмыс  кезінде  электролиттер 

жоғалуын дереу толтыру организм тер бөліну арқылы тұзға қараған-

да,  судың  салыстырмалы  көп  мөлшерін  жоғалтатындықтан,  судың 

жоғалуын толтыру сияқты рөл атқармайды. Бұдан басқа жаттыққан 

(жəне ыстыққа акклиматизацияланған) спортшыларда жаттықпаған 

адамдармен  салыстырғанда  тердегі  тұздар  мөлшері  төмен  болады. 

Сондықтан ыстық жағдайлардың өзіндегі жарыс кезінде спортшы-

ларда  тұздардың  жоғалу  мөлшері  салыстырмалы  көп  емес.  Мұнан 

басқа  тер  бөліну  қандағы  жəне  дененің  басқа  сұйықтықтарында 

тұздар (ең алдымен, NаСl) концентрациясының жоғарылауын туды-

рады.  Осыған  байланысты  бұлшық  ет  жұмысы  кезінде  тұздардың 

көп мөлшерін қосымша қабылдау организм үшін тіпті, зиян келтіруі 

мүмкін. Жарыс кезінде тіпті құрамында тұздардың аз мөлшері ғана 

бар суды көп ішу олардың жоғалуын жеткілікті мөлшерде толтыра-

ды. Тек тер бөліну көп болатын (бірнеше күн қатарынан) қайталап 

жүктеме əсер ету кезінде ғана қосымша тұздар мөлшерін қабылдау 

ұсынылады. Бірақ дəл бұлшық ет жұмысымен айналысқан уақытта 

қабылдауға болмайды. 


303



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет