Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет234/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   274
Сауд Арабиясы
Мұнай.
Сауд Арабиясы мұнайдың дәлелденген қорының 264,2 млрд 
барреліне ие, ол әлемнің төрттен бір бөлігін құрайды. Онда 80-нен астам мұнай 
және газ кен орындары болғанымен, оның мұнай қорларының жартысынан 
астамы 8: Air Dar, Ulhraaniah, Farzan, Ghavar, Al Udayliyah, Hawiyah, Haradh кен 
орындарында шоғырланған. Тек бір ғана Ghavar кен орны елдегі мұнай өнімінің 
тең жартысын қамтамасыз етеді. 
Сауд Арабиясы негізінен ауыр және жеңіл мұнайды өндіреді. Жеңіл мұнай 
елдегі жалпы мұнай көлемінің 65-70%-ын құрайды. Аса жеңіл мұнай құрлықта, 
орта және ауыр мұнай негізінен қайраңдарда: орта мұнай Ziluf кен орндарында, 
ал ауыр мұнай Safa кен орнында өндіріледі. 
Бейтарап аумақта мұнайдың дәлелденген қорларының шамамен, 5 млрд 
баррелі бар. Жапониямен бірлесіп мұнайды өндіру Khatji және Hout екі кен 
орындарында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы Бахрейнмен 
бірлесіп, Abu Safa қайраңды кен орнында мұнайды өндіреді. 
Сауд Арабиясы АҚШ-ты, Еуропаны және Жапонияны мұнаймен қамтамасыз 
етуде басты рөл атқарады. Бірақ соңғы жылдары Батыс жартышар елдері (Ве-
несуэла, Канада, Мексика) АҚШ-ты мұнаймен қамтамасыз ету жағдайын Араб 
елдеріне деген тәуелділіктен құтқарды. 
АҚШ-қа импорттауда Сауд Арабиясының мұнайының жалпы үлесі 2002 
жылы 16,8%-ды құрады, ал 2001 жылы 17,3% болған. Мұнайдың 40%-ын, со-
нымен қатар мұнайды қайта өңдеу өнімдерінің үлкен бөлігін Сауд Арабиясы 
Азияға экспорттайды. Мәні бойынша, екінші экспорттаушы – АҚШ, одан кейін 
Еуропа елдері. Сауд Арабиясының мақсаты БАӘ шекарасында орналасқан 
Shaybah кен орнын қоса отырып, жеңіл мұнай кен орындарын игеру. 
Араб мұнайының үлкен бөлігі Абакайкада дайындықтан өтіп, Парсы 
шығанағынан экспортталады. Мұнай терминалдары Парсы шығанағының Раз 
Танура жағалауында, Ras al-Juaymah және Янбиде Қызыл теңіз жағалауында 
орналасқан. Терминалдардың жалпы өнімділігін мұнайды тәулік бойы 3,5-4 
млн. баррельге көбейту. Соған қарамастан Сауд Арабиясы оңтүстік шығыстан 
Йеменге дейін Араб теңізі арқылы құбыржелілердің құрылысын салуды 
жоспарлауда. 


541
Қазіргі кезде елде екі мұнай құбырлары әрекет етеді. East-West Crude Oil 
мұнай құбыры негізінен жеңіл және аса жеңіл мұнайды тасымалдау үшін 
қолданылады. Petroline 1981 жылы салынған, өнімділігі тәулігіне 1,85 млн. бар-
рель. Мұнай диаметрі 48 дюйм құбыр бойынша тасымалданады. 1987 жылы 
диаметрі 56 дюйм парраллель құбыр тұрғызылған, оның өнімділігі күніне 3,2 
млн. баррель. Янба портынан Азияға мұнайды жеткізу 5 күннен көп уақыт 
алады, себебі танкерлер Баб эль-Мандеб бұғазынан өтуі керек. Сонда Парсы 
шығанағынан мұнайды тасымалдау, кеме Ормуз бұғазысы арқылы өтеді, ол аз 
уақытты талап етеді. 
Petroline мұнай құбырына парраллель өнімділігі күніне 290 млн. баррель 
құбыржелісі арқылы өтеді. Сонымен қатар Сауд Арабиясының территориясы 
бойынша, екі мұнай құбыры өтеді, олар бойынша тасымалдау 1990 жылдан 
бастап жүргізіле бастады. Бұл Trans-Arabian Pipeline 1950 жылы Ливан 
порттарынан Жерорта теңізі мен Иорданияға НПЗ-ға мұнайды тасымалдау 
үшін арналған. Екінші құбыржелісі Иракпен шекарасындағы Қызыл теңізде 
экспорттау терминалдарына дейін жалғасады. 
Газ.
Газдың дәлелденген қоры 224,7 трлн. куб. футқа бағаланады. Бұл ел 
әлемде Ресей, Иран және Катардан кейін төртінші орынға ие. Қорлардың үштен 
екісі – ілеспе газдар. Ghawar кен орны елдің газ қорларының үштен біріне 
ие. Табиғи газдың үлкен бөлігі Ghawar кен орнының мұнай өндіріп жүретін 
құрылымдарының астында, газдың басқа үлкен кен орны Dorra, Khafji мұнай 
кен орнының жанында орналасқан. Шетел компанияларымен бірігіп, газды кен 
орындарын игеру: South Ghawar газ құбырларының, электр энергиясын өңдеу 
бойынша екі зауыттың және басқа мұнай зауыттарының құрылысы; Қызыл 
теңіздің жағалауындағы Barqan және Midyan және басқа да бірқатар ірі жоба-
лар жоспарлануда. Сауд Арабиясы 2009 жылға газды алуды күніне 15 млрд куб 
футқа жеткізіп, оны үш есеге жоғарылатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет