Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет1/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. Т. ҚАРТАБАЙ
ҚАЙРАҢДА МҰНАЙ-ГАЗ КЕН 
ОРЫНДАРЫН МЕҢГЕРУ 
ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
Оқулық
Алматы, 2014


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» 
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша Республикалық оқу-
әдістемелік кеңесінде мақұлданып бекітілген.
Пікір берушілер:
C. З. Қабдолов – 
техника ғылымдарының докторы, профессор;
А. Н. Нысангалиев – 
техника ғылымдарының докторы, профессор;
Д. Ж. Абдели – 
техника ғылымдарының докторы, профессор.
А.Т. 
Қартабай
Қайраңда мұнай-газ кен орындарын меңгеру және пайдалану. 
ЖОО-на арналған 
оқулық
– Алматы, 2014. – 600 бет.
Оқулықта теңіз қайраңындағы мұнай және газ кен орындары туралы геологиялық, мұнай, газ, 
қабат сулары құрамы және қасиеті туралы мәліметтер берілген. Сонымен қатар, теңіз қайраңындағы 
кен орындарды меңгеру және пайдалану, теңізде ұңғымаларды бұрғылау техникасы мен техноло-
гиясы, мұнай-газ өндірудің технологиялық үдерістері, ұңғымалардың өнімділігін арттыру әдістері, 
ұңғымаларды пайдалану тәсілдері, газдарды сепарациялау және қабаттағы суды тазалау сұрақтары 
баяндалған. Ұңғыма өнімін жинау, дайындау және тасымалдау жайлы қарастырылған. Кәсіптік құрал-
жабдықтардың осы саладағы соңғы жетістіктері ескерілген және технологиялық сызбанұсқалары, кен 
орындардағы құрал-жабдықтарды қолдану мысалдары келтірілген. Теңізде қоршаған ортаны қорғау 
мәселесі жан-жақты көрсетілген. Оқылған материалдарды меңгеруді тексеру, бақылау және өзіндік 
бақылау үшін термин сөздерге түсінік берілген. Сондай-ақ кестелер, суреттер, әдебиеттер тізімі 
ұсынылған.
Оқулық ЖОО-ның мұнай және газ саласы мамандығы докторанттары мен магистранттарына, 
студенттеріне және колледж оқушыларына арналған.
© 
А.Т. 
Қартабай
,
2014
© ҚР Жоғары оқу орындарының 
қауымдастығы, 2014
ƏОЖ 622.2 (075.8)
КБЖ 33.361 я 73
Қ 42
Қ 42
ƏОЖ 622.2 (075.8)
КБЖ 33.361 я 73
ISBN 978-601-217-488-5
ISBN 978-601-217-488-5
А.Т. Қартабай.
/


3
KІPІCПЕ
Бүгінгі таңда дүниежүзілік мұнай және газ кәсіпшілігінде континенталді 
қайраңда мұнай және газ ресурстарын меңгерудің аса күрделі және маңызды 
мәселелері тұр. Бұл мәселенің маңыздылығы энергияның көзіне деген 
қызығушылық өсіп келе жатқан дүниежүзілік сұранысқа байланысты болып 
отыр, ол ең алдымен жанар-жағармай және химиялық шикі заттарға деген 
сұраныс. Теңіз қайраңында көмірсутектердің қорларын меңгеру жақын арадағы 
он жылдықта бүкіләлемдік энергетикалық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде өте 
маңызды рөл атқарады. 
Теңіз мұнай-газ кен орындарының өзіндік спецификалық шарттары – кең 
көлемдегі аса ерекше: кен орынды игерудің принциптік сызбасын таңдаудан 
бастап, өндірілетін өнімнің көлемін есептеуді орындағанға дейін және 
оның физикалық-химиялық қасиеттерін, гидрометрологиялық шарттардың 
қаталдығын, олардың жағажайдан алыстығын, теңіздің тереңдігін, жағажайлық 
инфраструктурасының игерілу дәрежесін, өндірілген өнімнің бағытталуы 
және т.б факторларға байланысты кешенді сұрақтарға жауап беруді талап 
етеді. Меңгерудің технологиялық сызбанұсқасы үшін геологиялық-техникалық 
жобалаудың, шоғырдың пішіні мен өлшемі туралы аса сенімді мағлұматтардың 
жаңа әдістері қажет болады; сонымен қатар бұрғылау темпі қондырғы 
объектілерін енгізу реттілігімен есепке алынады. Дүниежүзілік мұхиттың жал-
пы көлемі барлық ғаламшарымыздың төрттен үш бөлігін алып жатқаны белгілі, 
оның ішінде шамамен 10%-ы материкті еңіске тиесілі, ол континентальді 
қайраң деп аталады. Дүниежүзілік мұхит акваториясының шөгінді жынысты 
бассейндерінің ауданы шамамен алғанда, 55 млн км
2
құрайды. Онда мұнай 
мен газдың 2500 кен орнындары ашылған, мұнда өндірілетін мұнай қорның 
көлемі 130 млрд. т және газ қорның көлемі 70 трлн м
3
. Қазақстан басқа мем-
лекеттермен салыстырғанда, континенталді қайраңның аздаған ғана бөлігін 
қамтиды. Мұнда Әлемдік мұхитқа қарайтын көмірсутектердің дүниежүзілік 
қорның бір ғана бөлігі болжаланған. Мұның барлығы көптеген мемлекеттер 
мен компаниялардың күшінің арқасында қолжетімді болды, онда құрамы бо-
йынша теңіздің жаңа мұнай кәсіпшілігі қалыптастыруда. Ол өзінің мәні бо-
йынша ғарыштыққа дес бермейтін, тиімді кәсіпшілік түріне айналды. АҚШ-
та тек 1% ғана жұмыс істеп тұрған теңіз ұңғымалары пайдаланылады, алайда 
олар барлық өндіріліп жатқан мұнай мен газ өнімінің 13%-ын құрайды. Деген-
мен, теңіз ұңғымаларын бұрғылауға кететін шығындар әртүрлі акваторияларда 
айтарлықтай өзгешеленеді. Мысалы, Солтүстік теңізінің оңтүстік бөлігіндегі 
бір ұңғыманың құны 2,5 млн. американдық доллар болса, ал солтүстік бөлігінде 
– шамамен алғанда 5 млн. доллар. ХХ ғасырдың екінші жартысында жалпы 
техникалық прогрестің әсерінен айтарлықтай сапалы дамыған меңгерудің жаңа 


4
техникасы мен технологиясы, мұхиттар мен теңіздердің акваторияларындағы 
мұнай мен газды өндіретін және тасымалдау құралдары пайда болды. Жаңадан 
тұрақты (стационарлы), өздігінен көтерілетін, жартылай батпалы жүктемелі 
платформалардың және бұрғылау кемелерінің конструкциясы қалыптасты. 
Сонымен қатар теңізде мұнай-газ кен орындарын меңгеруді күрделендіретін 
барлық шарттары – ғылыми-техникалық үдеріске, жаңа материалдарды игеру-
ге тез ықпал етеді. Осы кезеңнің ішінде жұмыс істеп тұрған әртүрлі жүзбелі 
бұрғылау қондырғылардың жалпы саны 200 бірлікке жетті. Дүниежүзілік 
мұхиттың ең терең аймақтарында кернді алуға арналған ұңғымалар теңізде 2000 
м тереңдікте бұрғыланған. Жағадан қашық бұрғыланған ұңғымалардың саны 
бүгінгі таңда 70 мыңға жетеді. Қазір жылына 3,5-4 мың ұңғыма бұрғыланады. 
Орташа пайдаланушы платформалар 300 м тереңдікте орнатылған. Қазіргі таңда 
Каспий, Жерорта, Солтүстік теңіздерінің, Мексика және Парсы шығанағының, 
Суэцк каналының қайраңы кен орындарын меңгеруде айтарлықтай тәжірибе 
жинақталды. Соңғы он жыл ішінде Анголаның, Қытайдың, Үндістанның, 
Вьетнамның, Нигерияның, Аустралияның және т.б. теңізді кен орындарын 
меңгеру қарқынды түрде дамып келе жатыр. Техникалық құрал-жабдықтар 
мен технологиялардың әрі қарай өте қарқынды дамуы мұнай мен газды өндіру 
мен іздеу-барлау жұмыстарын континентальді қайраңның аса терең суларында 
жүргізуге мүмкіндік берді. Дүниежүзілік мұхиттың, сонымен қатар мұз болып 
қатып жатқан акваториялардың тереңдіктерін әрі қарай меңгеру ғылыми және 
техникалық қатынаста дамыған елдерге ғана тән, себебі ол үлкен капиталдық 
салымдарды қажет етеді. Осындай шаралардың сәттілігі тек қана бірнеше 
мемлекет бірігіп орындаса ғана пайда береді (мысалы, Ұлыбритания, Норве-
гия, Дания Солтүстік теңіздің ресурстарын ірі американдық компаниялардың 
көмегімен игеруде; Вьетнам оңтүстік қайраңды бұрынғы КСРО, содан кейін 
Ресейдің көмегімен меңгеруде).
Біздің елде өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында республикадағы 
мұнай мен газдың дайындалған қорлар көлемін ұлғайта алатын ірі кен орында-
рын ашуды Каспий теңізінің қайраңы айдынын игеру есебінен ғана жүзеге асы-
ру мүмкін екені анық болды. Бұрынғы Кеңес кезеңінде теңіздің осы аумағында 
екі рет геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Теңіз су деңгейінің түсуіне бай-
ланысты оның беті қысқарғанда, теңіз суынан босатылған кеңістікте де іздеу-
барлау және егжей-тегжей геофизикалық жұмыстары орындалды. Теңіздің суы 
таяз аумағының едәуір бөлігінде жерүсті геофизикалық зерттеулері жүргізілді. 
Осы зерттеулердің қорытындыларын кешенді интерпретациялау арқылы қазіргі 
Қашаған, Центральная, Құрманғазы, Оңтүстік Жамбай құрылымдар тобының 
контурларына сәйкес келетін ірі құрылымдар белгіленді. Олар ХХ ғасырдың 
80-ші жылдарының аяғында «Қазгеофизика» бірлестігінде салынған 2П 
шағылдыратын бет бойынша Каспий маңы ойпаңының жиынтық құрылымдық 
картасында бірінші рет көрсетілді. 1993 жылы осы карталар CGG француз ком-
паниясымен бірлесіп, жете әзірленді және Атлас түрінде шығарылды. Атласқа 


5
түсіндірме жазбада аталған құрылымдардың үлкен перспективалары болжама-
ланды. Карталардың атласын сол кездегі ҚР Геология министрлігі мақұлдады, 
одан кейін ол таратылып, шетелдік мұнай компанияларына, оның ішінде 
Қазақстанда жұмыс істеуге ниет білдірген «Қазақстанкаспийшельф» ААҚ-қа да 
берілді. 1988-1989 жылдары осы материалдар бұрынғы КСРО-ның Мемлекеттік 
жоспарында қаралды және бүкіл аудан КСРО-ның стратегиялық резервтерінің 
аймағына жатқызылды. 1992 жылдың желтоқсанында Қазақстан Каспийде 
іздеу-барлау жұмыстарын бастау ниеті туралы бүкіл әлемге жариялады. Осы 
жылдың екінші жартысында қазақстандық мамандар тобы «Каспий теңізінің 
қазақстандық бөлігін игерудің мемлекеттік бағдарламасын» әзірледі. Каспийдің 
су айдынындағы мұнай-газ кен орындарын геологиялық-геофизикалық зерттеу 
және игеру жөніндегі бағдарламаны іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 1993 жылғы 
13 ақпандағы №97 қаулысымен «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компа-
ниясы құрылды.
1993 жылдың 3 желтоқсанында ҚР Үкіметі SHELL (Голландия), STATOIL 
(Норвегия), MOBIL (АҚШ), BP (Англия), TOTAL (Франция), AGIP (Ита-
лия) шетелдік компанияларымен операторы «Қазақстанкаспийшельф» МК, 
ал консорциумның директоры Ж. Н. Марабаев болған халықаралық консор-
циумды құру туралы халықаралық келісімге қол қойды. 1994-1996 жылдары 
кемінде 100 тыс. км
2
алаңындағы су айдынында сейсмикалық, экологиялық, 
инфрақұрылымдық және басқа да зерттеулер жүргізілді. Сейсмикалық 
жұмыстармен Каспийдің қазақстандық секторының аймақтық құрылымы 
зерттелді, өте көп локалдық тұтқыштар, оның ішінде Қашаған, Құрманғазы, 
Қаламқас-теңіз және басқалары анықталды, олардың үлкен бөлігі іздеуде 
бұрғылауды орнату үшін нақтыланды. 1997 жылы Қазақстанның Үкіметі ОКИ-
ОК консорциумымен өнімді бөлу туралы келісімге (ӨБК) қол қойды және 
1999 жылы іздеу бұрғылау басталды. 2000 жылдың шілдесінде Консорциум 
Шығыс Қашағандағы №1 ұңғымада мұнайдың табылғаны туралы жариялады. 
Ұңғымадан алғашқы алынған мұнайы бар капсуланы қолында ұстап тұрып, Ел-
басы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-
ев: «Бүгін Қазақстан халқы үшін бақытты күн. Қашағанда мұнайдың ашылуы 
– біздің тәуелсіздігіміз, болашақта гүлденуіміз, халқымыздың өмірін жақсарту 
үшін үлкен көмек. Қазақстандықтардың үміттері ақталды» деді.
Шығыс Қашағаннан кейін Батыс Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайраң, Ақтоты 
мен Оңтүстік-Батыс Қашаған, ал ресейлік секторда Широтное және Хвалынское 
кен орнындары ашылды. Ашылған Қашаған кен орны республикадағы мұнай 
қорын 35%-ға өсіруге мүмкіндік берді. Қазір Қашағанда мұнай өндіру және 
Каспийдің бірқатар басқа да кен орындарында өндіруге дайындық және барлау 
жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстанның континенталды қайраңы территориясындағы өндіріліп 
жатқан мұнай қоры 3 млрд.тонна, ал конденсат 0,3 млрд. тонна.


6
Елдегі бүкіл мұнай мен газ ресурстарының 2/3-сі Каспий теңізінің Қазақстан 
секторның (КТҚС) үлесінде. КТҚС-дағы көмірсутектердің қоры шамамен 12-17 
млрд. тоннаға бағаланады.
Дүние жүзілік деңгейдегі үлкен жаңалық Қашаған кен орнының ашылуы 
болды. Қашаған кен орнының бастапқы алынатын мұнай қоры 1,7 млрд. тон-
наны құрады. Қазақстанға жататын Құрманғазы құрылымын барлау, мұнай 
қорының едәуір өсуін қамтамасыз етуі мүмкін. Қазақстандағы мұнай өндіру 
болжам бойынша 2015 жылы 90 млн. тонна, ал 2020 жылы 150 млн. тоннаны 
құрайды. Өндірудің едәуір бөлігі КТҚС үлесіне келеді.
Анықталған болжамдар КТҚС кен орындарындағы болашақтағы мұнай 
өндіру көлемін жылына 100 млн. тоннаға жеткізіп және оны осы деңгейде 25-30 
жыл ұстап тұруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет