Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет143/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   152
Серологиялық əдістер (лат. serum – қан сарысуыиммунодиагностикалық
əдістер, организмнен тыс антигендер мен антиденелердің əрекеттесуі негізінде
жүретін реакциялар, анықтау сезімталдығы иммуноферменттік талдауға қарағанда
орташа.
Синонимдер – бір амин қышқылдарының бірнеше кодондары. Кейбір амин
қышқылдары бірнеше кодон арқылы ақуызға кіреді. Мысалы, лейцин, серин,
аргинин үшін 6-дан кодон бар. Оның есесіне метионин мен триптофан тек бір-бір
кодонның көмігімен ақуызда болады.
Синхронизация дəлдігінің шектелуі – донорлар мен реципиенттердің
жыныстық циклдары уақыттарының жəне жатырдың дайындығы мен эмбрионның
дамуының сəйкес келуі.
Сомаклондық өзгергіштік (гр. soma – дене, clon ұрпақ, бутақ, ағ. somaclone
variability) – өсімдік жасушаларының ядролық жəне органоидтық геномдарының
тұрақты еместігінен болатын фенотиптік өзгергіштіктер. Нақты мутациялардан
айырмашылығы – жиі кездесуі жəне өзгерістердің (геннің, хромосоманың,
геномның құрылысының өзгеруі) комплекстік түрде жүруімен айқындалады.
Сомалық (парасексуальдiк) будандастыру (гр. soma – дене, para – маңында,
жанында, фр. sexe – жыныс, ағ. somatic hibridization) – будандастырудың жыныстық
шағылыстыру жолынан басқа жолы. Мұндай жағдайда ата-аналық жасушалар
ретінде оқшауланған денелік (сомалық) протопластарды пайдаланады; қосылған
протопластардан, кейіннен, регенерация арқылы будан, тұтас өсімдіктер (ағзалар)
пайда болады.
Сомалық будан (ағ. somatic hybrid) – будан өсімдік немесе будан жасуша,
денелік (сомалық) жасушаларды будандастыру арқылы алынған.


266
Сомалық эмбриогенез (гр. embryon – ұрық, genesis – шығу тегі, ағ. somatic
embryogenesis) – ұлпаларды жəне жасушаларды қоректік ортада өсіргенде ұрық
тəрізді құрылымдардың түзілу үдерісі, табиғи жағдайдағы ұрықтың дамуына өте
ұқсас болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет