Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


кесте. Қазақстан Республикасындағы туберкулез ауруының таралуы (1 000 000 тұрғынға балап есептегенде)



бет45/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   95
20 кесте. Қазақстан Республикасындағы туберкулез ауруының таралуы (1 000 000 тұрғынға балап есептегенде)


Жылдары

Алғашқы аурушаңдық (100000 тұрғынға балап есептегенде)

Жалпы туберкулезбен аурушаңдық ((1 00000 тұрғынға балап есептегенде))



Туберкулезден туындаған өлім (1 00000 тұрғынға балап есептегенде)




1991

64,4

178,2

10,6

1992

64,2

147,9

11,0

1993

61,7

141,9

14,0

1994

59,7

137,3

17,6

1995

67,1

154

26,4

1996

82,5

189,8

34,6

1997

91,3

209,9

37,7

1998

118,8

273,2

38,4

1999

141,0

323,0

30,7

2000

153,2

327,3

26,4

2001

155,7

358,1

25,9

2002

165,1

414,5

24,2

2003

160,4

438,2

22,3

2004

154,3

449,5

20,6

2005

147,3

444,5

19,8

2006

132,1

303,8

18,7

2007

127,3

293,3

18,5

2008

113,7

261,9

16,9

2009

106,9

245,9

12,5

2010

94,2

217,3

10,6

2011

86,8

192,5

8,1

6Сурет. Алғаш рет анықталған туберкулезбен ауыршаңдық деңгейі (100000 тұрғынға балап есептегенде)

3.2. Қазақстан Республикасы мен шет елдерде қан айналу жүйесі аурулары медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде.
ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап қан айналу жүйесі аурулары ересек тұрғындардың өліміне алып келетін ең маңызды себептердің қатарына жатқызылуда. Экономикасы дамыған Батыс Европа елдерінде, Америка Құрама Штаттарында, Канада мен Австралияда, Ұлы Британияда өлім оқиғаларының 50 %-нан астамы қан айналу жүйесі ауруларының үлесіне тиеді. Бұл аурулардың әлеуметтік-гигиеналық өзектілігі олардың таралу ауқымының үлкендігінен емес, олардан туындайтын асқынулардың аса ауыр жүруіне байланысты. Қан айналу жүйесі аурулары өлім және мүгедекке ұшырау себептерінің ішінде бірінші рангалық орынды алады. Ал амбулаторлық-емханалық мекемелерде есепке алынатын аурулардың құрамында, басқаша айтқанда жалпы аурушаңдықтың құрамында жүрек-қан айналу жүйесі ауруларының үлес салмағы 14-16 % деиін жетсе, алғаш рет анықталған аурулардың құрамындағы үлес салмағы бар болғаны 2 % құрайды. Жүрек-қан айналу жүйесі аурулары еліміздің аймақтарында әртүрлі деңгейде таралған. Оның негізгі себептері аймақтардағы әлеуметтік-демографиялық айырмашылықтар мен ауруды тудыратын қатерлі себептердің таралу ерекшеліктері болып табылады. Арнайы жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер қалада тұратын 40-59 жастағы ер кісілердің арасында артериялды гипертониямен ауырғандардың 29 %-ы өздерінің осы патологияға шалдыққанын білмеген, ал жүрек ишемиясымен ауырғандар арасында бұл көрсеткіш 36 % -дан 61 % -ға дейін жеткен.

2007-2008 жылғы статистикалық мәліметке қарағанда жалпы қан айналу жүйесі ауруларының әрбір 100000 тұрғынға балап есептегендегі таралу деңгеиі Қазақстан Республикасы аумағында 1753,5 оқиғаны құрады.

(6 сурет). Бұл аурулардың ең жоғарғы таралу деңгеиі Маңғыстау облысында тіркелді (3682,9%000). Қан айналу жүйесі ауруларының таралуы Республикалық көрсеткіштен жоғары болып қалыптасуы Қызылорда (2627,1 %000), Алматы (2098,0%000 ), Жамбыл (2064,1%000 ), Оңтүстік Қазақстан (2019,7%000), Павлодар (1880,5%000) облыстарында байқалды. Аталған облыстарда қан айналу жүйесі ауруларының осылайша жоғары болуына экологиялық, әлеуметтік, тұрмыстық, өмір сүру салты себептерінің тигізетін әсері үлкен. Сондықтан, профилактикалық бағдарламаларды құрастыру және оны жүзеге асыру барысында әр облыста қан айналу жүйесінің деңгеиін арттыратын қатерлі себептердің таралу жиілігіне баса көңіл бөлген жөн. Жүрек-қан айналу жүйесі ауруларымен кеселдену деңгейі адамның жасы ұлғайған сайын жылдам артады. Әйелдердің арасындағы осы патологиямен кеселдену деңгейі ер кісілерге қарағанда 1,4 есеге жоғары болып шықты (7 сурет).

Госпитализациялау бойынша анықталған аурушаңдықтың құрамында жүрек-қан айналу жүйесі патологияларының алатын үлесі де айтарлықтай



7 сурет. Қазақстан Республикасында және облыстарда 100000 тұрғынға балағанда қан айналу жүйесі ауруларының таралу деңгеиі.


жоғары. Жеке ғылыми деректердің мәліметтеріне қарағанда оның деңгейі 12-14 % -ға деиін жетеді. Сонымен қатар бұл аурулардың стационарлық

мекемелерде жату мерзімі ұзақ және қауырт емдеу шараларын жүргізуді талап етеді. Көптеген эпидемиологиялық зерттеулер жүрек-қан айналу жүйесі аурулары әртүрлі қатерлі себептердің әсерінен туындайтынын көрсетеді.

Олардың қатарында профилактикалық шаралардың әсерінен өзгермейтін себептер де аз емес. Мысалы, бұл ауруға шалдыққандардың тұқым қуалағыштық қасиеттері мен жасы ешқандай да шараларға оңды жауап бере қоймайды.

Осы аурулардың туындауына алып келетін адамның әдеттері мен өмір сүру салты себептеріне қарсы алдын алу шараларын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Қауіптілік дәрежесін өзгертуге қолайлы қатерлі себептердің қатарына темекі шегу, спирттік ішімдікке салыну, қан құрамындағы холестериннің жоғары деңгеиі, гиподинамия да жатады. Қант диабеті, семіздік және стресс жүрек-қан айналу жүйесі ауруларын туындататын қауіп-қатерлердің әсерін одан ары күшейтетін себептер болып табылады.

30-59 жастағы 5000 тұлғаны 10 жыл бойы бақылау барысында жүрек ишемиясы ауруына шалдығу қауіптілігі қатерлі себептердің қатар саны артқан сайын жоғарылай түсетіндігін көрсетті. Әсіресе еңбек ету жасындағы немесе 30-59 жас аралығындағы тұрғындардың арасында осы патологиялардың асқынуынан туындайтын өлімнің 30 % -дан артуы ерекше алаңдаушылық туғызуда.

Экономикасы дамыған елдердегі 40-69 жас аралығындағы тұрғындардың 1968 жылдағы өлім көрсеткішінің төмендеуге бағытталған даму үрдісі қан айналу жүйесі ауруларынан туындаған өлім санының азаюынан екендігі анықталды. Ал Америка Құрама Штаттарындағы қан

айналу жүйесі ауруларынан туындаған өлім деңгейінің төмендеуіне жүрек ишемиясы ауруынан туындаған өлім оқиғаларының азаюының қосқан үлесі 30 % -ға, миға қан кетуден туындаған өлім оқиғаларының азаюының қосқан үлесі 40 % -ға жетті. Алайда осы күнге дейін қан айналу жүйесі ауруларынан туындаған барлық өлім оқиғаларының 90 % -ы жүрек ишемиясы ауруының үлесінде қала беруде.

Соңғы 10 жылдағы статистикалық мәліметтерге қарағанда Россия Федерациясы мен Батыс Европа елдеріндегі еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың өлімін туғызатын патологиялар арасында қан айналу жүйесі аурулары өзгеріссіз бірінші рангалық орында тұр. Айта кететін мәселе, ХХ ғасырдың 50 жылдары жүргізілген жаппай эпидемиологиялық зерттеулер Кеңестер Одағында таралған қан айналу жүйесі ауруларының деңгейі аса жоғары емес екендігін және 10-11 рангалық орынды ғана қамтитындығын көрсетті. Дәл осындай жағдай шет мемлекеттердегі аурушаңдықтың қалыптасу заңдылықтарында да байқалды. Қан айналу жүйесі ауруларымен кеселдену деңгейінің артуына жер беті тұрғындарының өмір сүру салтының өзгеруі, урбанизация мен индустрализация, осыдан туындайтын психо-эмоционалдық стресстің артуы, экологиялық-гигиеналық жағдайдың нашарлауы, қабылдайтын тағамдық заттардың құрамының өзгеруі негізгі себептер болса, осы патологиялардың диагностикасының жақсаруы да аурушаңдық деңгейінің күрт жоғарылауына алып келді.

Қазіргі таңда қала тұрғындарының аурушаңдық көрсеткішінің құрамында қан айналу жүйесі аурулары екінші орын алса, ауыл тұрғындары арасында үшінші рангалық орынды қамтыған. Бұл аурулар барлық патологиялардың таралу құрамында 25 % -ға деиін жетеді. 1 000 тұрғынға балап есептегенде жүрек ишемиясы ауруының таралу деңгейі 140 оқиғаға деиін жетсе, жеке әлеуметтік топтарда 180-190 оқиғаны құрайды. Әсіресе әлеуметтік жағдайы нашар адамдарда, зиянды кәсіптерде еңбек ететін жұмысшыларда, гиподинамиясы жоғары қызметкерлерде, қант диабеті бар аурулар арасында бұл патологияның таралу деңгейі аса жоғары. Мысалы, қарт адамның қанында холестериннің мөлшері жоғары болуы жүрек-қан айналу жүйесі ауруын тудыра қоймайды, егер оның денесін май баспаса және темекі тартып, спирттік ішімдікке салынбаса. Егер қатерлі бір себеп болса, онда жүрек-қан айналу жүйесі ауруларының туындау мүмкіндігі екі есеге жоғарылайды, ал қатерлі себептердің саны үшке жеткенде аурудың туындау мүмкіндігі 10 есеге артады.

Қазіргі кезеңде Республика тұрғындары арасында жүрек-қан айналу жүйесі ауруларынан туындайтын өлім оқиғаларының стандартталған көрсеткіші ер кісілер арасында 795,0 %000, ал әйелдер үшін 780 %000 болып отыр. Бұл көрсеткіш Америка Құрама Штаттарында 307,2 %000 болса, Ұлы Британияда 317,2 %000 (1995 жыл) құрады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала жасаған болжамына қарағанда, жүрек-қан айналу жүйесі ауруларынан туындайтын өлім оқиғаларын екі есеге төмендетуге болады. Қан айналу жүйесі ауруларының профилактикасын екі бағытта жүргізу қажет. Оның бірінші бағыты жалпы тұрғындар арасында жүргізілетін профилактикалық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады. Екінші бағыт – қан айналу жүйесі ауруы туындау мүмкіндігі өте жоғары тұлғалар арасында клиникалық әдістерді қарастыратын профилактикалық бағдарламалар негізінде жүреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары жүрек-қан тамыры ауруларының ең тиімді бағдарламасы ретінде салауатты өмір сүру салтын ұсынады. Қан айналу жүйесі ауруларының алдын алуда салауатты өмір салтын төмендегідей бағыттарда өрбіту өте тиімді деп есептелінеді.


  • Жүректің каронарлық ауруы – темекіні тастау, тағамның құрамындағы тұзды азайту, майсыз тағамдарды қабылдау, дене тәрбиесі, дене салмағын бақылау;

  • Инсульт – темекіні тастау, тағамның құрамындағы тұзды азайту, дене салмағын бақылауға алу;

  • Қанның жоғарғы қысымы – тағамның құрамындағы тұзды азайту, дене тәрбиесі, дене салмағын бақылауға алу, спирттік ішімдік қабылдауды барынша азайту.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының осындай ұсыныстарына көптеген елдерде аса үлкен көңіл бөледі және оларды күнделікті өмірде қолдануға ерекше құлшыныс танытады. Мысалы, Финляндияда 1994 жылдан бастап наубайханаларда нан өнімдерінің әрбір килограммына қосатын тұздың мөлшерін 1,2 граммнан 0,7 граммға деиін төмендетілді.

Осы шараның арқасында жыл сайын инсульттан өлетін адамдардың саны 2 000 , миокард инфарктысынан өлетін адамдар саны 1 600 деиін төмендетті. Осыдан ауруларды емдеуге жұмсалатын қаржы көлемін 100 000 000 долларға, ал дәрілерді сатып алуға кететін қаржы көлемі 40 000 000 долларға азайды.

Жүрек-қан тамыры аурулары бар адамдарға медициналық көмекті ұйымдастыруда емдік шаралар мен профилактикалық шараларды қоса жүргізу негізгі әдіс деп қарастырылған жөн. Осы талапты іске асыруда диспансерлік әдістің атқаратын ролі өте жоғары. 1977 жылы Кеңестер Одағы Министрлер кеңесінің шешімімен барлық облыс орталықтарында кардиологиялық диспансерлер ашыла бастады. Олардың ең басты міндеті кардиологиялық аурулар арасында диспансерлік жұмысты ұйымдастыру деп қарастырылған. Алайда Қазақстан Республикасының жеке облыстарында кардиологиялық диспансерлер ашылған жоқ. Сондықтан кардиологиялық ауруларға көрсетілетін емдеу және профилактикалық көмек емханалық мекемелерде ашылған кардиологиялық бөлмелерде жүзеге асырылды. Осы бөлмелерде қызмет атқаратын кардиолог дәрігерлердің міндеттеріне жататындар:

1.Емхананың учаскелік терапевтері мен отбасылық дәрігерлеріне жүрек қан тамыры аурулары бар науқастарды анықтау және емдеу мәселелері бойынша кеңес беру жұмысын жолға қою;

2.Аурулары күрделі науқастарды диспансерлік бақылауға алу ;

3.Жүрек-қан тамыры патологиясы бар науқастар арасында атқарылған жұмыстарды бақылау және сараптау болып табылады;

Кардиолог – дәрігерлердің ауруларды емдеу және бақылау жұмыстарын ұйымдастырудағы ролі жоғары болғанмен, кардиологиялық науқастармен тығыз байланыста жұмыс атқаратындар учаскелік терапевтер болып табылады. Мысалы, емхананың кардиологиялық бөлмесінің дәрігерлеріне жүрек ишемиясы бар науқастардың қаралуының 44 % -ы ғана, гипертониялық ауруы бар науқастардың қаралуының 5 % -ы тура келеді. Бұл науқастардың емханаға қаралуының өзге үлестері учаскелік терапевттерге тиесілі болып шықты.

Жалпы тәжірибелік және отбасылық дәрігерлер жүйесінің дамуына байланысты кардиологиялық аурулардың арасында емдеу және профилактика шараларының жүзеге асырылуы негізінен осы мамандарға жүктелетін болады. Кардиологиялық науқастарға көрсетілетін профилактикалық және емдеу жұмыстары отбасылық дәрігерлердің осы саладан білімі мен біліктілігінің жоғары болуын талап етеді. Сонымен қатар, отбасылық дәрігерлердің қабылдау бөлмесін (офисінде) арнайы техникалық құралдармен жабдықтау қажеттігін туындатады. Оның бірі заманауи электрокардиографтар екендігі айтпаса да түсінікті.



Жүрек-қан тамыры жүйесінде ауруы бар науқастардың көбісі жағдайы өте ауыр халдегі адамдар. Сондықтан бұл ауруларға стационарлық көмекті дұрыс ұйымдастырудың маңызы өте үлкен. Кардиологиялық диспансерлерде арнайы бөлімшелер және арнайы өткір миокард инфарктісін емдеуге арналған бөлім ұйымдастырылған. Сонымен қатар реанимация мен қауырт терапия палаталары жұмыс атқарады. Көп жылдық тәжірибе қорытындысына қарағанда кардиологиялық бөлімшелерде емдеу тиімді болып шықты. Өлім себептерінің ішінде миокард инфарктісінің өткір түрінің ерекше ролін есепке ала отырып, осындай науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің нақты кезеңдер жүйесі жасалған. Оның бірінші кезеңі – госпитальға деиінгі кезең деп аталады. Бұл кезеңде көрсетілетін көмек емхананың жедел жәрдем көрсететін дәрігерлерінің, учаскелік терапевттердің немесе отбасылық дәрігерлердің көмегі болуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет