Ою-өрнек мотивтерін түсіндіріңіз. 1 деңгей 1-2 ші сұрақтары Сүйек пен мүйізді ұқсату өнерін түсіндіріңіз



бет1/11
Дата19.09.2023
өлшемі46,25 Kb.
#108714
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1 Ою-өрнек мотивтерін түсіндіріңіз. 4)1 деңгей 1-2 ші сұрақтары
2 Сүйек пен мүйізді ұқсату өнерін түсіндіріңіз.
2. Сүйекті ағартып немесе сарғылт мөлдір түсті етіп өңдеуге болады. Сүйекті аппақ қардай ету үшін оны қайнатып, ыстық қоламтаға көміп кептіреді, ал сарғылт түске келтіру үшін май жағып, шөптің түтініне ыстайды. Сүйек ұқсатушы шеберлер жылан тіл пышқы, әр түрлі түрпілі егеулер, шапашот, асыл ыңғыру, қайқы пышақ, үскі, майда шарық, түрпілі қағаз сияқтыларды қолданады. Бұлармен іс істеу үстінде ең бір шартты талап — асықпау, әрқашан бір қалыпты салмақпен жеңіл ұрғылау және сүйектің бетін үнемі тазартып алып, мұқият қарап отыру. Сүйек ісіне арналған аспаптар әрқашан өткір және асыл металдардан істеледі. Сүйекті шауып өңдеген кезде аздап ыстық су құйып отырса сүйек шытынамайды. Сүйекті түзетіп, тегістейтін құралды «бастырық» немесе «қысқы» деп атайды.
Бұйымды өрнектеп жасау үшін екі беті бірдей егеліп өңделген сүйекті алады да, оның бетіне арналған ою-өрнегін сызады. Бұдан кейін сол сызықтың үстімен арнаулы «безеубас» шапқы, біз, сүргі сияқты аспаптармен ыра жонып оюлайды. Сүйектегі ою-өрнекті кернекті ету үшін ырылған оюларды сіңімді бояумен бояйды. Бояуға мұсатыр, скипидар сияқты сіңімді сүйық заттар қосылады. Өрнектер көлемді заттарға жасалғанда, олар бөлек-бөлек кішкене сүйектерден құрастырылып, жалғастырылып отырады. Сондықтан оны өрнектеуден бұрын құрақтарын қиюластырып, өрнек өрісін сиғызып, мөлшерлеп алады. Өрнектелген сүйекке күміс жапсырып, сәнді тастар орнатып, оларды мың шегелермен ұстатқанда, осы жапсырылып істелген өрнектер сүйек бетіне ырып отырғызылады да, оның үстіңгі беті сүйек бетіне дәл келтіріледі. Шегенің орнын сүйектің шетінен 5—10 миллиметрдей кейінірек тескен жөн. Әйтпесе сүйектің шытынап, сынып кетуі ықтимал. Сүйек тесетін бәрбінің бұрандасы өткір, ұсақ, әрі таяз келеді. Үскілеп отырған жерге әлсін-әлсін ыстық су құйылады. Бәрбіні қатты баспай, тек өз салмағымен немесе алақанмен ғана демейді. Тесіп отырғанда шытынап кеткен ұсақ сынықтарды қара күшала мен иісті жуа араласқан қоспаны езіп, сонымен желімдейді.
Сүйектен жасалатын және сүйекпен әшекейленетін заттар: алқа, астау, бәкі сап, белдік, бесік, білезік, домбыра, ер, есік, ине, кесте сап, кереге, қасық, қылыш сап, май салғыш, ожау, ойыншықтар, таяныш, табақ, тегене, шам қойғыш, түрлі ыдыстар т.б.
Сүйекпен ағаш бұйымдарын әшекейлеу үшін сүйекшінің жұмыс орны универсалды ағаш үстелі де бола алады. Сүйек өндеуге көбірек қосымша аспаптарды қажет етеді. Өткен ғасырдағы шебер адамдардың сүйекті өндеп, ағашты безендірудің арнайы аспаптары болмаған. Ғылыми – зерттеу жұмыстарының қортындысы осы сүйекті өндеу және аспаптары туралы мәліметтер өте кемде-кем. Әсіресе, соңғы заттар тіпті жоғалып та кеткен. Тек қана төмендегі аспаптарды кездестіруге болады. Яғни, шот, науа салатын үшкір пышақ, егеу, шыны сынығы, қуысқұлақ (үскі), қысқыш. Ал, негізінен сүйекті өндеп әшекейлеуге қашаулар, балта немесе шот, ысқы, рифлек (терең науа жасаушы), циркуль, ұштары әр түрлі формалы қашаулар, темірлі жаққы, циркуль-кескіш, клепик.
Ағаш аспаптарының жиынтығынан лобзик, сызғыш, ағаш балға, малқа, ерунок, рейсмус, бұрыш өлшегіш сызғыш, ағаш балға, зімпара, жақ тәрізді ара.
Метал аспаптарының жиынтығнан: метал кесетін ара, кемпірауыз, егеудің жиынтығы, балға, темір қайшы, темір кескіш ара. Сонымен қатар, сүйек өңдеуде ағашта қолданылатын құрал-жабдықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет