Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте ұ с т а з ы



жүктеу 9.76 Mb.
Pdf просмотр
бет2/13
Дата28.12.2016
өлшемі9.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Назира АБУЛХАИРОВА,

отличник  образования РК

Адам баласының адал да, әділ де досы ой-

сыл қара, жылқы малы болғаны туралы ескі 

эпос, батырлар жырынан хабардармыз. Ал-

памыс, Ер Тарғын, Ер Төстік, Қобыланды 

мінген тұлпарлар мен Исатайдың ақтабан 

тұлпары біздің жас ұрпақтарымызға қанат 

бітіріп, елдің шын мәнінде патриоты болуға 

тәрбиелейтін алып, дауылпаз, күшті рух емес 

пе?

Соған айғақ ретінде төмендегі әңгімемді  

сөз  етпекшімін. Ұлы Отан соғысы басталған  

кезеңде,  Ақжайық  (бұрынғы  Тайпақ) 

ауданының Сталин колхозының (Котельни-

ков кеңшарының) жылқы табынының ішінен 

бір торы тай ерекшелене көзге түсе бастай-

ды. Бұл үйірін қасқырға талатпайтын, бөрі 

ғана емес, кез келген адамдарға да көз алар-

татын, ерекше қиқар мінезді, үйірінен талай 

бәйге тұлпарларын шығарған атақты Торы 

айғырдың ұрпағы болатын.

Болашағынан үміт күткен жылқышылар 

Торы тайды баптап, бәйгеге қоса бастай-

ды. Үміттері ақталып, ол тай, құнан, дөнен 

бәйгелерінің жеңімпазы атанады. Ол кезде 

ер азаматтардың ат мінетін кезі, бәйге то-

ры да колхоз басқармасының салт көлігіне 

айналады. Сол жылдары соғыс басталып

бәйге торы да соғысқа жіберіледі. Талай жан 

беріп, жан алысқан сұрапыл соғысты басы-

нан кешіреді. Сталинград майданында бір 

күні үстіне мінген жауынгер қайтыс болып, 

торы ат ер-тұрманымен Сталин колхозының 

бөлімшесі – Жантемірдің Байғазы шағылы, 

туып-өскен жерінен бір-ақ шығады.

Сол кезде сол жерде туып өскен Қуаныш 

деген азамат соғыстан қашып келіп жүрген 

жерінен Торыны танып, ұстап мініп, екеуі 

біраз  құмда  жолдас  болады.  Қуанышқа 

үйренгені соншалық, бос жүрген жерінен 

ысқырса, жетіп келетін көрінеді, «жат» де-

се, жата қалатын, екеуінің  арасында  адам-

дардай  түсіністік   қалыптасады. Сөйтіп 

жүргенде,  жергілікті милиция Қуанышты 

ұзақ уақыт ұстай алмайды. «Сендер жасы-

рып жүрсіңдер» деп, колхоз басшыларын, мал 

фермаларының бастықтарын қамай бастай-

ды. 

Содан бір күні Қуаныш Тайпақтағы (Кал-

мыково) милиция бөліміне өз аяғымен келіп 

беріліпті. Басшылардың еш кінәсі жоқ, бәріне 

мен кінәлімін деп мойындапты. Қуанышты 

Оралға жаяу айдап, соғысқа айыптылар ба-

тальонына жіберіпті. Содан ол соғысты 

жеңіспен аяқтап, мүгедек болып келіп, 1950 

жылдары елде қайтыс болды.

Енді Торы атқа оралсақ, ол сол Сталин 

колхозында қала беріпті. Абдуов Иболсын де-

ген жауынгердің Аман келуіне орай, әкесі Аб-

ду ақсақал (Байғазы шағылында) ат бәйгесін 

ұйымдастырады. Сол бәйгеде Торы ат тағы 

да бас жүлдені иемденеді. «Содан соң кол-

хоз басқармаларының сүйікті мініс көлігі 

болып, ұзақ жылдар өмір сүрді», деп әкем 

марқұм айтып отыратын. Негізі белді аттар 

талай борандарда үсіген адам делбені боса-

тып қоя бергенде, елді мекендерді өздері та-

уып барғандығы туралы мысалдар өте көп. 

Осы бір болған оқиғаны жастар қаперлесін 

деп және адамның асыл досы – жылқы малын 

қадірлесін деп ұсынып отырмын.

Әленғали КЕРЕЙ ТЕГІ,

Ақжайық ауданының 

Құрметті азаматы 

Сабақтың 

мақсаты: 

Оқушылар 

сарматтардың  орналасуы туралы  білуі, ойла-

рын презентация арқылы жеткізіп, өз-өздерін 

бағалауға дағдыландыру.

Сабақтың әдістері: ассоциация, кластер, глос-

сарий, сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі Қазақстан   кар-

тасы.

Сабақтың құрал-жабдықтары: Компьютер, 

интерактивті тақта, флипчарттар, маркерлер,  

түрлі-түсті бояулар, желім.

Интернет ресурстары: www.voki.com

Skype  бағдарламасы.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар сарматтардың  

орналасуын біледі,  флипчартпен жұмыстанады,  өз 

- өздерін бағалайды.

Заманауи оқыту әдістемелеріндегі модульдер:

• Оқытудағы жаңа тәсілдер;

• Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету;

• Сыни бағалауды қолдану арқылы оқуды және 

оқу нәтижесін бағалау;

• Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне 

байланысты оқыту;

• Орта білім берудегі басқару мен көшбасшылық;

• Оқыту үдерісін жетілдіру үшін АКТ және 

сандық жүйелерді  қолдану.

Қызығушылығын ояту. Ұйымдастыру бөлімі. 

Амандасу, түгелдеу.

Топқа бөлу. Тренинг арқылы. 

Өзара рөлдерді бөлу. Хатшы, басшы, тәлімгер, 

репортер.

Үй тапсырмасын  тексеру. Бағалау парағы та-

ратылады. 

Бағалау парағы: Зеленов ауданы,  Асан ЖББОМ 

Телемост. Skype  бағдарламасы арқылы.

Балалар жауап береді. Басшы бағалау парағына 

белгілейді.

Интернет ресурстарын пайдалану. www.voki.

com.  «Сарматтардың орналасуы?» Балаллардың 

жауаптарын тыңдау. Картадан  көрсету. 

Ассоциация. «Тайпа». Әр  жұптан  жауап күту.

Мағынаны тану. 

Түртіп алу стратегиясы – үш топқа тақырып 

беріліп, жауаптары әзірленеді.

Топ  тәлімгеріне  тақырыпты  таңдауға  

мүмкіндік берледі.

І топ: Савроматтар

ІІ топ: Арал-Каспий теңіздері аралығын мекен-

деген тайпалар.

ІІІ топ: Қоғамдық құрылысы.

Флипчартпен жұмыс. Уақытты тақтаға жа-

зу. 

20 минут уақыт беріледі.

Уақытты үнемдеуге шақырамын.

Топ мүшелері мен топ басшысы өзара бағалап, 

бағалау парағына түсіреді.

Балалардың жауаптарын тыңдау.

Әр оқушыны мұқият, шын ниетімен  тыңдау. 

Мадақтау. Бір-біріне сұрақ қоюға болады. 

Бағалау парақтарына бағаларын қою.

Ой толғаныс. Глоссарий. Жұппен жұмыс.

Өз бетімен орындайды. Дұрыс жауап тақтаға 

ілінеді. Бір-бірін тексереді.

Мұғалім  әр  бала  қандай  білім  деңгеймен 

шыққанын анықтайды. Келесі сабаққа  даярланған 

кезде ескереді.

Қоғамдық құрылысы:

Сарматтарда әлеуметтік теңсіздік болғанын не 

дәлелдейді?  Алғашқы қауым кезінде сарматтардың 

құқығы қандай болды? Сарматтар қоғамындағы 

әскери демократияның ерекшелігі? Әскери демо-

кратия кезінде ішкі, сыртқы мәселелерді кімдер 

шешті? Сармат  қоғамында әйелдердің рөлі 

қандай болды?

Бағалау.  Бағалау    парағын  толтыру. 

Оқушылар өз балдарын санайды. Топ басшысымен 

бірігіп  бағаларын анықтайды. Мұғаліммен бірігіп 

қорытынды баға қойлады.

Рефлексия. Стикерлерге: «жақсы түсіндім», 

«кей бір жерлерді түсінбедім», «түсінбедім»  деп 

өз ойларын жазады.  Келесі сабақта не істегісі 

келетіні туралы жазады.

Үй тапсырмасы: Оқулық пен  википедия ма-

териалдарын салыстырып келу. «Сарматтардың 

өмірінің  ерекшелігі» туралы эссе жазу.

Әлия САҒЫНОВА,

Бударин ЖББОМ мұғалімі,

Ақжайық ауданы

Сармат тайпаларының орналасуы.

 С а р м а т   қ о ғ а м ы

Мақсаты:  а)  Жас  ұрпаққа  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті 

тұлға екенін таныту. ә) Елімізге еңсе тіктетіп, 

мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды 

әлемге танытып, алаш баласының абыройын 

асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін таныту. 

б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға 

тәрбиелеу. 



Көрнекілігі: Елбасы суреттері, жүрек шар-

лар, сандар, нақыл сөздер, слайд.



Түрі: ашық тәрбие сағаты.

Хор: «Қазақстан ән ұраны».

Жүргізуші:  Балалар,  бүгінгі  тәрбие 

сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің 

егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, 

бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналылығына мән 

берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік 

деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қазақстан 

Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаев  туралы  кең  мағлұмат 

бермекпіз. 

Әйгерім: Болашағы Қазақстанның алдағы, 

 

      Орындалсын қазағымның арманы.

 

      Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев – 

 

      Халқымыздың сеніп алған таңдауы. 

 

     Асқақ болып еліміздің жалауы,

 

     Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы.

 

     Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,

 

     Қазақстан Республикасының қалауы. 

 

     Еліміздің тыныштығын ойлайтын,

 

     Халқым менің Елбасыны колдайық.

 

     Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,

 

    Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев!

Жүргізуші:  Н.Назарбаев  1940  жылы  6 

шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы, 

Шамалған  ауылында  Үшқоңыр  жайлауын-

да дүниеге келген. Балалық шағы таршылык 

жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-

анасын құрмет тұтты. Ұшқыш болуды арманда-

ды. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салы-

сымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды ме-

таллургия комбинатының құрылысына аттанды. 

Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ 

қазақстандықтармен Украинаның Днепродзер-

жинск қаласына барып «металлург-жұмысшы 

мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, до-

мна пешінің қызметкері көмекшісі жұмыстарын 

атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне 

көтерілді.  Сол  жылдары  оның  басшылық 

қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық 

және республикалық көлемде басшы органдар-

да жауапты қызметтер атқарды. Ол Қазақстан 

Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша 

оның саяси өмірбаяны басталады.  («Қазақ биі»).

Сандар сөйлейді: 6 - 1940 жылы 6 шілдеде 

Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ау-

ылында дүниеге келген.  - 9 жыл. 1960-1969 

жылдары Қарағанды металлургия зауытын-

да жұмыс істеді. 1989 - 1989-1991 жылдары 

Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшы-

сы. 1990 - 1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан 

Республикасының  Президенті.  1991  -  1991 

жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан 

Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сай-

лау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-

ев жеңіске жетті. 3 – 3 қызы бар. Дариға – саясат 

ғылымдарының докторы, Динара – Н.Ә.Назарбаев 

атындағы білімді қолдау қорын басқарады, Әлия – 

бизнеспен айналысады. 1 - Бірінші президент.   

Ән: «Қазақстан». 



Жүргізуші: Астана – ҚР-ның саяси, әкімшілік 

және мәдени орталығы. Елбасы Н.Назарбаевтың 

жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы 

астанамыз Алматыдан Республиканың басшы 

орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі 

және Парламент көшіп келді. Елімізді басқару 

жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың 

ресми тұсаукесері болды. Қала Есіл өзенінің оң 

жағалауында, Сарыарқаның солтүстік бөлігінде 

орналасқан.

 

Төріне туған жердің туын тігіп,

 

Ерекше ел еңсесі бүгін биік.

 

Астана – ақ ордасы қазағымның, 

 

Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп. 

 

Астана – Отанымның тірегісің, 

 

Қазақтың соғып тұрған жүрегісің. 

 

Алматыдай гүлденіп өсе берші,

 

Елімнің жас қыраны, түлегісің.

 

Астана – алтын қала, асыл ұғым, 

 

Көркі бол алдағы ұлы ғасырымның. 

 

Қайғыны қақ бөлетін ер қазақтың

 

 Дәуірден дәуірлерге асыр үнін.

Ән: «Астана».



Жүргізуші: Біздің Елбасымыз - туған халқын, 

туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. 

Мұны сөзімен де, ісімен де, шығармашылығымен 

де дәлелдеп келеді. «Бәйтерек» тобы орындай-

тын «Сарыарқа» әні, «Музарт» тобы орындайтын 

«Үшқоңыр» әні, Бекболат Тілеухан орындаған 

«Елім менің» әні және әнұран авторларының бірі. 

Көптеген кітаптардың авторы.



Бексұлтан:

 

Ел тірегі – қайратым,

 

Абыройым, айбатым!

 

Отан даңқын асырдың,

 

Көк туымды жайнатып.

 

Бағымызға жүр аман,

 

Нұр сәулетті, Нұр аға!

 

Қазақ елі, желбіреп көк байрағың

 

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

 

Нұрсұлтаның биіктерге бастады,

 

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

Ән: «Қазақ елі». 



Жүргізуші: Қазір ортаға шығып, жүрек шар-

ды қолымызға алып, Елбасымызға шын жүректен 

лебізімізді білдіреміз.

Оқушы:  Біз  Президентімізге  мықты 

денсаулық, өмірлік күш-қуат, бақыт және мемлекет 

билігінде Қазақстан халқын өркендету жолындағы 

еңбегіне табыс тілейміз.



Оқушы: Құрметті қонақтар, Н.Ә.Назарбаевқа 

шын  жүректен  игі  жетістіктерге  жетіп, 

мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір 

қазақстандыққа мол табыс, бақ дәулет тілейміз! 

Қазақстанның тәуелсіздігінің нығаюы, оның 

халықаралық аренадағы беделінің артуы сіздің 

көрегендікпен жүргізген саясатыңыздың жемісі. 

Ән: «Көк тудың желбірегені».



Жүргізуші: Оқушылар бүгінгі Елбасымызға 

арналған «Елбасы күні – жаңа мереке» атты 

мерекелік кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Гүлнафис БАЛҒАБАЕВА,

Дидар ЕСЕНОВА,

Облыстық туберкулезге қарсы 

диспансер жанындағы шағын- 

комплектілі мектебінің мұғалімдері


3

Жайық ұстазы

30 сәуір, 2014 ж.

И.Нүсіпбаев. «Біздің балабақша»

Е р е с е к т е р   т о б ы

«Жәндік

тер»

Қ   д ы б ы с ы   ж ә н е   ә р п і

Ересек тобы: «Гномиктер».

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің 

түрі: Қазақ тілі.

Мақсаты:  Өткен  тақырыптағы 

сөздерді қайталау. Жаңа сөздерді меңгерту. 

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, 

танымдық белсенділігін дамыту. Сөздерді 

сауатты айтуға үйрету. Табиғатты сүйе 

білуге, оны қорғауға тәрбиелеу.



Қолданылатын көрнекі құралдар: 

Жәндіктер суреттері.



Қажетті құрал-жабдықтар: Ақ қағаз, 

түрлі түсті көбелектер, бояулар.



Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Билингваль  құрауыш:  жәндіктер-

насекомы, көбелек-бабочка, ара-пчела, 

қанқыз-божья коровка, гүл-цветок. 



Әрекет кезеңдері. Мұғалімнің іс-әрекеті. 

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық-қозғаушы. 

1. Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң балалар!

Сәлеметсіз бе, балалар?

Шеңбер  бойында  тұру.  Балалар  қимыл 

қозғалысты орындай отырып, амандасады.

2. Дидактикалық ойын.

«Сен маған, мен саған»

Кім не ұқты демейік, 

Ал тексеріп көрейік.

(сұрақ-жауап),

- Қазір жылдың қай мезгілі? Қазір көктем мезгілі.

- Көктемде не жауады? Жаңбыр жауады.

- Көктем айларын атап беріңдерші? 

   Наурыз, сәуір, мамыр.

- Қазір көктемнің қай айы? Сәуір айы

- Аптада неше күн бар? 

   Аптада жеті күн бар.

- Апта күндерін атап беріңдерші? 

Балалар жауабы.  

«Бір аптада» (М.Жаманбалинов)

Бір аптаның күндері өтті:

1.Дүйсенбіде гүлдер ектім.

2.Сейсенбіде алма тердім.

3.Сәрсенбіде су әкелдім.

4.Бейсенбіде бақша баптап,

5.Жұма күні тақпақ жаттап,

6.Сенбіде мен саған бардым.

7.Жексенбіде бір демалдым.

Жарайсыңдар, балалар!

Ал бүгін аптаның қай күні? Бүгін дүйсенбі.

3. Саз әуенімен (үнтаспа қосылады) көбелек 

пайда болады. Көбелекті көріп қуанды.

Тақпақ «Көбелек»

Гүлдер, гүлдер көктесін,

Көбелектер көп келсін.

Ақ қанатты көбелек,

Ауламыздан кетпесін.

Көбелек-ау, көбелек,

Ауламызға келе кет.

                                   

 Ж.Смаков

Тілдерін жаттықтырып қайталады.



Іздену-ұйымдастыру. 

Фонетикалық жаттығулар.

- кө-кө-кө-көбелек.

- үл-үл-үл-қызыл гүл.

- ыз-ыз-қыз-қанқыз.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды

дұрыс, сауатты айтты.



Ойын кезеңі.

Балалар, үстел үстіндегі түрлі-

түсті көбелектен алыңдар, таңдаған 

көбелектеріңді  алдарыңдағы  пар-

та  үстіндегі  гүлдің  түсіне  сәйкес 

қондырыңдар. 

Көбелекті таңдады, көбелек пен 

гүлдің түсіне сәйкес партаға барып от-

ырады.

Әр бала партасының үстінде та-



за боялмаған ақ қағаз (ол ақ бетінде май шаммен 

салынған көбелек суреті), сол ақ бетті өзне ұнайтын 

бояу түсімен бояуларын ұсындым. Тақтадағы үлгіге 

қарап түстерді айта отырып бояды.

Түстерді атай отырып, ақ бетті бояды, боялған 

беттегі пайда болған көбелекті көріп қуанды.



Суретті сөздікпен жұмыс

Жәндіктер-насекомы

Көбелек-бабочка

Ара-пчела

Қанқыз-божья коровка

Гүл-цветок.

Қайталай отырып, естеріне сақтады.

Сергіту сәті.

- Балалар, енді біз әсем табиғат аясында се-

руендеп қайтайық, -деп балаларға жаяу жүрудің 

денсаулыққа пайдалы екенін айта отырып, гүлдерді 

жерге жайып тастадым.

Серуендеуге шығамыз.

Шулы жерден жырақтап,

Орман, тауға барамыз.

Жайнап тұрған қырлардан,

Гүлдер теріп аламыз,

Орнымызға барамыз.

Мәтін  мазмұнына  байланысты  қимыл-

қозғалыстарды орындады.

Рефлекциялық-қорытындылаушы: 

8. Дамытушылық ойын:

«Не қайда тұрады?». Қызығушылық таны-

та ойнады, жабайы аң, үй жануарлары, балық, 

жәндіктердің  қай  жерде  мекендейтіні  туралы 

білімдерін кеңейтті.

Балалардың өзін-өзі талдауы. (Ваня көп сөз айт-

ты т.с.с.)

Өте ынталы, белсенді балаларды таңдайды. 

Үй тапсырмасы: (ата-аналармен жұмыс).

Көбелек балаларға өз қолөнерін ұсынды.

Әр бала үй тапсырмасын алды, көбелекпен 

қоштасады.



Күтілетін нәтиже: Білу керек: «Көктем» 

тақырыбына байланысты сөздерді білу.

Игеру керек: Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс, 

сауатты айта отырып, «Жәндіктер» тақырыбындағы 

жаңа сөздерді игеру.

Жатқа білу керек: «Көбелек» тақпағын жатқа 

айта білу.



Гүлшат НАСИМОВА, 

№ 26 «Тұлпар» МдҰ мұғалімі

Білім беру 

саласы: «Қатынас».

Оқу іс-әрекеті: Сауат 

ашу және жазу.

Мақсат- міндет  құзыреттіліктері: 

1. Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен 

таныстыра  келіп,  балаларды  сөздің 

дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза 

сөйлеуге үйрету.

2. Сөйлем ойлап, табуына назар аударып, олардың 

сөздік қорын толықтырып, байланыстырып сөйлеуді 

дамыту.

3. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Сюжетті ойын 

арқылы балаларды ата- бабамыздан кейінгі ұрпаққа мирас 

еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап әңгімелесу. 

Түрі: аралас, пән аралық байланыс

Қос тілдік: қайшы – ножницы, жастық – подушка, 

қасық – ложка.                      

Көрнекілігі: сандық, торсық, жастық, қоржын, кеспе 

әріптері, киіз үй суреті, сөз жұмбақ. 

Әрекет  кезеңдері.  Тәрбиешінің  іс-әрекеті. 

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық-қозғаушы: 

Шаттық шеңбері:

        

           Қайырлы таң алтын күн

   

           Қайырлы таң мектебім

                Қайырлы таң ұстазым

        Қайырлы таң достарым.

Балалар хормен айтады.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет