Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте ұ с т а з ы


Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 9.76 Mb.
Pdf просмотр
бет5/13
Дата28.12.2016
өлшемі9.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға 

сегізінші ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының 

атақты ақыны, күйші Қорқыт туралы білім беру. 

Дамытушылық: Оқушылардың тілдерін дамыту, 

Қорқыт баба туралы аңыздарды, деректерді өз бетінше 

оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық 

дағдыларын арттыру. Тәрбиелік: Өз елінің тарихына 

деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 

Сабақтың көрнекілігі: Қорқыт ата портреті,  

Power Рoint бағдарламасында жасалған презентация, 

интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: тарих, география. 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ой толғау, сұрақ қою, 

екі жақты түсіндірмелі күнделік.



Сабақтың түрі: таным сабақ. 

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен аманда-

су, түгендеу. 



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты 

пысықтау. 

- Балалар, өткен сабағымызда біз қазақ халқының 

ежелгі дәуір әдебиетімен таныстық. Ежелгі дәуір 

әдебиеті қалай қалыптасқанын,  біздің заманымызға 

қалай жеткенін, қандай ескерткіштер бар екенін  

есімізге түсіріп өтейік. (Интерактивті тақтадан  топ-

тастыру әдісі бойынша үй тапсырмасы туралы 

әңгімелейді).

1. Түркі елі деп қандай елді атаған? 

2. Түркілердің қандай қалалары болған?

3. Бұл елдің өз мәдениеті болды ма? Оны біз 

қайдан білдік?

4. Орхон-Енисей ескерткіштерінде кімдер туралы 

жазылған, негізгі мазмұны қандай?

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту. Оқушыларды 

жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. 

Ой толғау (кестені толтыру). 

Нені білемін? Күйші, ақын, қобыз жасаушы.

Нені білгім келеді? 

Қорқыт туралы аңыздар білгім келеді. 



Нені білдім?

- Балалар тақтадағы кестенің бірінші бөлігін 

толтырайық. Қорқыт ата туралы не білесіңдер, ол кім?

- Қоқыт ата күйші, ақын, қобыз жасаушы

- Дұрыс айтасыз, балалар, Қорқыт ата – атақты 

күйші, қобызшы, ақын. Ол туралы көптеген аңыздар 

бар. Қорқыт туралы қандай аңызды білесіңдер?

- Қорқыт түс көреді. Оған ақ киімді  адам: «қырық 

жастан артық өмір сүрмейсің» - дейді. Қорқыт Жел-

маясына мініп, мәңгілік өмір іздейді. Қайда барса да 

көр қазып жатқан адамды көреді. Ақырында Сыр 

суының үстіне кілемін төсеп, өзі жасаған қобызын тар-

тады. Қорқыттың тамаша күйлерін тыңдаған ажал оған 

жақындай алмайды. Көп замандар өткенде Қорқыт 

үздіксіз қобыз тартудан шаршап қалғып кетеді. Осы 

кезде оны аңдыған ажал жылан болып келіп шағады. 

Қорқыт жыланның уынан өледі.   

- Ендеше, кестенің екінші бөлігіне Қорқыт ту-

ралы аңыздар білгім келеді деп жазайық. Балалар, 

бүгін  сабағымызда «Қорқыттың өмірге келуі» туралы 

аңызбен танысамыз. 

Мәтінде кездесетін сөздермен, сөз тіркестерімен 

танысайық. 

 Сөздік жұмысы:  65-бет жаңа сөздермен танысу.

1. Мұғалімнің оқуы. 2. 2-3 оқушыға оқыту.

Ә) Аңыз «Қорқыттың өмірге келуі».  Мәтінді 

мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

ІV. Бекіту:

- Балалар, Қорқыт туралы аңызды тыңдадыңдар, 

бұл аңызда не туралы айтылған?

- Қорқыттың өмірге келуі туралы

- Тағы да не туралы айтылған?

- Қорқыт ата қобызды  қалай жасағаны туралы.

- Ендеше, балалар, бірінші топ «Қорқыттың өмірге 

қалай келгені» туралы  мәтіннен керекті үзінділерді 

тауып,  сол үзінді бойынша сурет салып, ребус дайын-

дап, өз сөздерімен әңгімелеп айтып береді, ал екінші 

топ жауаптарын бағалайды.

Екінші топ «Қорқыттың қобыз жасауы» туралы 

мәтіннен керекті үзіндіні тауып, сол үзінді бойынша 

сурет салып, ребус дайындап, өз сөздерімен әңгімелеп 

айтып береді, ал бірінші  топ жауаптарын бағалайды.

- Өте жақсы, балалар, оқыған аңызымызды 

қорытындылай  отырып,  осы  аңызда  сізді  не 

таңғалдырды?   



V. Қорытындылау: «Екі жақты түсіндірмелі 

күнделік» әдісін қолдану.

Сізді осы аңызда не таңғалдырды? Неліктен?

1. Қорқыттың анасының құрсағында болуы. 

2. Қорқыт дүниеге келер алдындағы табиғаттың 

өзгеруі. 3. Түс көруі. 

Өте жақсы, балалар, енді бүгінгі сабағымызда 

Қорқыт туралы нені білгенімізді таблицаның үшінші 

бөлігіне жазайық. 

«Нені үйрендім?» деген таблицаны толтыру.

- Балалар, бүгінгі сабағымызда Қорқыт бабамыз 

туралы не білдік?  

Нені білемін? Нені білгім келеді? Нені білдім? 

Қорқыт ата қалай дүниеге келгені туралы аңыз. Қобыз 

туралы аңыз.

VІ. Үй тапсырмасы: 66-бет «Башпай» аңызын 

оқу, түсінгендерін мазмұндау. 69-бет, 1 тапсырма.  



Оқушыларды бағалау.

Фарида НЕТАЛИЕВА, 

№7 ЖББОМ

Сабақтың  мақсаты:  Білімділік:  ауыл 

шаруашылығын ұжымдастыру қарсаңындағы өлкедегі 

тоталитарлық жүйенің күшею барысымен танысты-

ру; Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің 

мәнін ашып түсіндіру; Дамытушылық: тарихи 

деректерді, оқулық мәтіндерін пайдалана отырып,  

топтық жұмыс арқылы өз беттерінше осы кезеңге баға 

беруге дағдыландыру; Тәрбиелік: ұлт зиялыларының 

қызметіне құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: іздену, зерттеу, ойын әдістері.

Қажетті көрнекіліктер: карта «1926-1940» 

жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру», 

үлестірмелі тест, билет сұрақтары, хронологиялық 

мәтін. Қолданылған әдебиет: «Қазақстан тарихы» жур-

налы, 2010/2.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. «Қарлы кесек» әдісі. 3 топтың оқушылары 

өз беттерінше тапсырма бойынша дайындалады.  



«Әділет» тобының тапсырмасы: «Қазақстанда «Кіші 

Қазан» бағытының басталуы». «Патриот» тобының 

тапсырмасы: «Қазақ байларын тәркілеу». «Тағзым» 

тобының тапсырмасы: «Қазақ зиялыларының «Кіші 

Қазан» бағытына қарсылығы.

ІІІ. «Қоржын салу» Топ мүшелері конверттегі 

сұрақтарға өз тақырыптарын пысықтап жауап береді. 



1 топ сұрақтары. 1. Ф.Голощекиннің мамандығы 

кім болған? 2. Ф.Голощекин «Кіші Қазан» төңкерісінің 

міндетін қалай белгіледі? 3. «Кіші Қазан» идеясы 

қазақтар үшін тиімді болды ма?



2 топ сұрақтары. 1. Қазақ ОАК-і «Қазақстанның 

барлық еңбекшілеріне» үндеуінде нені атап көрсетті? 

2. 1928 жылы Декрет бойынша орташаларға кімдер 

жатқызылды? 3. Тәркілеу дегенді қалай түсінесің?



3 топ сұрақтары. 1. Қазақ зиялылары «Кіші 

Қазан» бағытын қалай бағалады? 2. Т.Рысқұлов Ста-

линге хатында не туралы жазды? 3. Ф.Голощекин сая-

сатта қандай әдіске сүйенді?



IV. Хронологиялық жұмыс. 1. .... С.Сәдуақасов 

пен С.Қожановқа «ұлтшыл» деген айып тағылды. 

2. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев .... алғаш 

рет тұтқындалды. 3. .... қазақ байларын күшпен 

тәркілеу туралы шешім шығарылды. 4. Қазақ бай-

ларын тәркілеу туралы декрет .... қабылданды. 5. .... 

республикадан тыс жерлерге 6800 адам жер ауда-

рылды. 6. .... республика қайраткерлерінің бір тобы 

(«Бесеудің хаты») Ф.Голощекинге хат жазды. 7. .... 

Ф.Голощекин қызметінен босатылып, .... атылды.



V. Тест жұмысы. 1 топ. 1. Қазақстанда инду-

стрияландыру неден басталды? а) Мұнай өндіруден.  

ә) Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудан. б) Табиғат 

байлығын зерттеуден.

2. Индустрияландыру жылдарында тағы қандай 

процесс жылдам жүрді? а) Урбандалу.  ә) Депортация.   

б) Ашаршылық.

3. 1921-1928 жылдары Қазақ ОАК-нің хатшысы 

болды: а) С.Қожанов. ә) С.Сәдуақасов.  б) Ж.Мыңбаев.

4. Ф.Голощекин қай жылдары өлкеде басшылық 

етті? а) 1921-1928жж. ә) 1924-1928жж. б) 1925-1933жж.

5. «Кіші Қазан» идеясының авторы: а) Т.Рысқұлов. 

ә) Т.Қазыбеков.    б) Ф.Голощекин.

2  топ.  1.  1927  жылы  қарашада  өткен  VI 

Бүкілқазақстандық партия конференциясында қазақ 

байларын күшпен тәркілеу туралы шешім қанша айдан 

кейін бекітілді?   а) 5 ай       ә) 6 ай         б) 9ай

2. «Байлардың шаруашылығын тәркілеу тура-

лы» қаулы қабылданған жыл: а) 1927 ж.  ә) 1928 ж. б) 

1929 ж.

3. 1928 жылғы Декрет бойынша ірі байларға 



отырықшы  аудандардан  қанша  малы  барлар 

жатқызылды? а) 400    ә ) 150    б) 300

4. Ауылдарға «Кіші Қазан» саясатын жүргізу үшін 

қанша уәкіл жіберілді?   а) 4812      ә) 1250       б) 8240

5. Индустрияландыру кезінде елде не нәрсеге 

қажеттілік артты? а) Мақтаға.  ә) Астыққа.  б) Жерге.



3 топ. 1. Ұлт зиялылары қазақ шаруалары үшін не 

тиімді деп ашық айтты? 

а) Егін шаруашылығы. ә) Отырықшылыққа көшу. 

б) Дәстүрлі мал шаруашылығы.

2. Кулак дегеніміз кім? а) Ауқатты шаруа.  

ә) Егінші шаруа.  б) Кедей шаруа.

3. Т.Рысқұлов И.Сталинге жазған хатында не 

ұсынды? а) О.Исаевты жазалауды  ә) «Кіші Қазан» сая-

сатын тездетуді. б) Қазақтарға малды меншікке тара-

тып беруді.

4. Т.Рысқұлов қандай қызмет атқарды? 

а) РКФСР ХКК төрағасының орынбасары.

ә) Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы. 

б) «Еңбекші қазақ » газетінің жауапты редакторы.

5. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру неден 

басталды?

а) Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшіруден. 

ә) Бай - кулактарды тәркілеуден.

б) Егістік жерлерді шаруаларға қайтарудан.

Тест кілті. 

             І        ІІ           ІІІ

 

 



1          Б     Б          Б

 

 



2          А    Ә          А

 

 



3          Ә    Ә           Б

 

 



4          Б    А           А

 

 



5          Б    Ә           Ә

VI.  Бағалау.  Қорытындылау.  Әр  топтың  

жетекшілері  топ  мүшелерін,  ал  топ  мүшелері 

жетекшіні бағалайды. Сонымен мұғалім сабақты 

қорытындылайды.



Бағалау парағы. 

VII. Үйге тапсырма §18, ұлт зиялылары туралы 

қосымша мәлімет жинау, Қазастандағы «Кіші Қазан» 

бағыты тақырыбына реферат жазып келу.

Жасқайрат КАРГИН,

Т.Жароков ЖББОМ тарих 

және қоғамдық пәндер мұғалімі,

Жәнібек ауданы

Қазақстандағы «Кіші Қазан» бағыты


Биология 

сабағына оқушылардың 

қызығуын арттыру мақ-

сатында әр түрлі әдістерді 

қолдануға тырысамын. «Сын 

тұрғысынан ойлау технологиясы» 

оқушының сабаққа деген қызығуын 

оятып,  білім  сапасын  көтеріп, 

көзқарасының дұрыс қалыптасуына 

және сауатты жазуға дағдыландырады. 

Балаға  білімді  дайын  күйінде  бер-

мей, білімді өзі алатындай біліктермен 

қаруландыру қажет. Бұрын сабақ беретін 

сыныптарымда нашар оқитын оқушылар 

үндемей, тасада қала берсе, қазір олар сабаққа 

жақсы дайындалып келуге тырысып, жұппен, 

топпен істелетін  жұмыстарға қызыға арала-

са бастады. Сондай сабақтарымның бірі – 9 

сыныпта өткізген «Ч.Дарвиннің эволюциялық 

ілімі» тақырыбындағы сабағымды ұсынып от-

ырмын. Бұл тақырыпқа «Сын тұрғысынан ойлау 

технологиясын» қолданғандағы мақсатым – сы-

ныпта топпен жұмыс жүргізіледі. Оқушылардың 

ойы талқыға салынып, білім деңгейлері сара-

ланады. Оқушылар өз беттерінше жан-жақты 

жұмыс істеп, белсенділіктері артады.

  Қызығушылықты  ояту.  Сабаққа 

оқушыларды қызықтыру үшін сөздер тізімін 

беріп, эссе жаздыру.

 Мағынаны таныту. Оқушылар жаңа 

тақырыпты өз беттерімен оқып, оқулықпен 

жұмыс жасайды, яғни кестені толты-

ру арқылы өз түсініктерін талқылап, 

білімдерін шыңдайды.



Мұғалім.  Балалар,  біз  бүгін 

эволюцияның қозғаушы күші тура-

лы жаңа мағлұмат аламыз. Сіздерге 

сұрақ: Ғаламшардағы тірі ағзалар 

неге бәсекелеседі?

Әр  топ  осы  сұрақтар 

көлемінде  жеке  жұмыс 

жасайды.  Өздерінің 

білетіндерін 

дәптерлеріне 5 

минут 

ішінде 


жазып 

шығады.


Білемін:

- заманауи селекция 

әдісі;

- сұрыпталу.



«Білемін» стратегиясынан 

соң оқушылар осы тақырып бой-

ынша нені білгісі келетіні жөнінде 

өздері  ойластырған  сұрақтарын 

дәптерге жазып, топпен жуан, жіңішке 

сұрақтарға айналдырады.



Білгім келеді? 

Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің 

маңызы неде?

Мұғалім нұсқауымен, мәтінмен жұмыс 

жасайды. 20 минут ішінде әр оқушы жеке-

жеке оқып шығып, жұпта түсіндіріп, топ-

та талқылап, содан соң «Білдім» стратегия-

сын толтырады. Тақтаға кезекпен шығып, өз 

ойларын бірін-бірі қайталамай, қысқаша жа-

зып шығады, жаңа ақпаратпен толықтырылып 

тұрады.

Білдім:

- Органикалық дүние – күрделі және ұзаққа 

созылған процесс.

- Эволюцияның негізгі қозғаушы күші – 

табиғи сұрыпталу.

- Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің 

мәнін, маңызын.

Осылай  өткен  сабақ  барысында 

білімдерін саралап, жан-жақты дамыта 

талқылап, ой елегінен өткізе отырып, бір-

бірінің шығармашылық қабілеттерін де 

көре алады.



Гүлайым САПАРОВА,

Көпкүтір ЖББНМ,

Казталов ауданы

7

Жайық ұстазы

30 сәуір, 2014 ж.

Абылай хан. Сан есім, 

құрамдық түрлері

   * Шағын жинақты мектеп. 2-3 сыныптар. *

Астана қаласы. Көмекші есімдер.

Орыс мектептеріндегі қазақ тілі

Ашық сабақ

Биология әдістемесі

Оқушы қызығуын арттыру

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Елор-

дасы Астана туралы  мағлұмат беру, білімдерін 

кеңейту, көмекші есімдер туралы түсінік беру. 

Дамытушылық:  Оқушының сөздік қорын мо-

лайтып, сауатты жазу мен сөйлеуге үйрету, сөйлем 

құрастыру.  Септік  жалғауларынан  білімдерін 

тереңдету. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту 

Тәрбиелік: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті 

сезіндіру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Оқушылардың  бойындағы  патриоттық 

сезімдерін арттыру.



Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері:  Сұрақ-жауап, 

түсіндіру, жаздыру, мәнерлеп оқу.



Көрнекілігі: слайдтар, кесте, суреттер, бейне-

фильм.


Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, гео-

графия.


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру: V модуль. Қайталау. 

Сұрақтар: 1. Қазақ тілінде септіктің неше 

түрі бар? 2.  Қазақ септіктерінің сұрақтарын ата. 

3. Қалам, дәптер, кітап, бор, бала, оқушы сөздерін 

септе. 4. Сабақ... кейін  кітапхана ... барасың ба? 5. 

Мен  кітап... дауыстап оқимын. 

Жаңа сабақ: АСТАНА ҚАЛАСЫ.

Астана қаласы туралы айтып көріңіздер.

Отан  туралы  қандай  мақал-мәтелдер 

білесіздер?

- Алматы – Астана ... қашан келеді?

- Бірінші теміржол вокзалына алтыдан жиырма ... 

кеткенде келеді. 

-  ... сағат ... шығайық.

Керекті сөздер: үйден, пойызы, бесте, минут.

Жаңа сөздермен танысайық!

Тұрғын – житель; орталық – центр; ғимарат – зда-

ние; бой көтерді – выстроились; қасиетті – священ-

ный; танымастай – неузнаваемо; ұлт өкілдері – пред-

ставители наций; болашақ – будущее.



Түсіндіру: Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық 

мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді 

көмекші есімдер дейді. Көмекші есім тіркескен сөз 

ілік септігі жалғауын ашық жалғауы да мүмкін, жасы-

рын түрде де көрінуі мүмкін. Мысалы:үйдің маңы, үй 

маңы, өзеннің жағасы, өзен жағасы, т.б.



1-тапсырма. Берілген көмекші есімдерге жатыс 

септігінің жалғауларының тиістісін жалғап жазыңдар. 



Үлгі: Үсті – үстінде. Үсті, асты, алды, арты, жаны, 

қасы, іші, сырты, арасы.



2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.Көмекші 

есімдерді өзі байланысып тұрған зат есімдермен бірге 

теріп жазыңдар. Астана.

 Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол 

Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.

  Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді.

Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Пар-

ламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар 

сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді.Пар-

ламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке 

бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында 5 

жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды.

Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері 

тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.

Астана – болашағы үлкен қала. 

Суреттер бойынша сөйлемдер құраңдар.



3-тапсырма. Берілген сөздерді тіркестіріп, 

сөйлемдер құраңдар.



4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік 

жалғауларын қойып жазыңдар.

Парламент үйі қаланың ортасында тұр.Көшенің 

бойы... ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сыр-

ты... орналасқан. Мектептің қасы... үлкен саябақ бар.

Саябақтың іші... қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр.

Саябақтың қасы... Жаңа тұрғын үйлер салынған.

Ескерткіштің арты... Үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың 

алды... Әдемі гүлдер егілген.

5-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы. 

Астана – арман қала,             Біз оны анамыздай

Бағы бір жанған қала.            Сүйеміз шынында да

Тұрады ол жап-жасыл боп, Жүректе сақтап атын,

Мен үлкен болғанда да.        Жүретін салтанатым.

Төкті оған нұрын дала,          Астана – биігіміз,

Астана – сұлу қала.                Биіктер күнге жақын.   

 

 



 

   (Т.Молдағалиев).



6-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерінен 

сөйлемдер құраңдар. Үлгі: Қаланың ортасында 5 

жұлдызды «Алатау» қонақ үйі бар. Қаланың орта-

сында, дәріхананың қасында, театрдың алдында, 

саябақтың ішінде, үйдің үстінде, көшебойымен, 

ауылдың маңында, қала сыртында, үстел басында, 

олардың арттарынан, теміржолдың үстімен.

Бекіту: 1. Бүгін сабақта саған не ұнады?  

2. Өзіңе не аласың? 3. Сөздік қорыңды қалай 

байыттың? 4. Бүгін алған білімдерің өмірде қажет 

бола ма? 5. Көмекші есімдерді ата, мысалдар 

келтір. 6. Астана қаласы туралы не білдік?

Үйге тапсырма:  1. Көмекші есімдерге мысалдар 

келтіру.  2. 5-тапсырма. Өлеңді жатқа айту.



Жауынгер КЕНЖЕГАРИН,

Қ.Мырзалиев атындағы ЖББОМ, 

Сырым ауданы 

Сабақтың мақсаты: Абылай ханның 

өмірін таныту арқылы, ұлы қайраткердің 

өмірінен үлгі-өнеге алуына ықпал ету.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Абылай ханның өмірі туралы 

сөйлесе отырып, тіл дамыту, ой-өрісін кеңейту, 

мәтін арқылы қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын 

арттыру.


Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын 

қалыптастыру,  сөздік  қорын  молайту; 

грамматикалық тапсырмаларды дұрыс, сауат-

ты орындау.



Тәрбиелік: Абылай ханның өмірінен, оның 

ерлік ісін және халқына істеген істерінен үлгі 

алу, туған елін, Отанын сүю, құрметтеуге 

тәрбиелеу.



Күтілетін  нәтиже:  Мәтін  мазмұнын 

түсініп,  жаңа  сөздерді  игеру;  сан  есімді 

практикалық жолмен пысықтау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың көрнекілігі: Абылай ханның 

суреті, карта, сызбалар, сандар жазылған 

дөңгелектер.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, 

топпен, жеке оқушымен жұмыс. 



Сабақтың барысы:

1.  Ұйымдастыру  кезеңі.  Сәлемдесу. 

Әнұранды орындау.

- Бүгін кай күн?

- Қазір кай ай?

- Қараша кай жыл мезгілінің айы?

- Күзде күн кандай?

- Күзгі мерекелерді айтыңыз?

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын ай-

ту.

3.  Өткен  материалға  шолу  жасау. 

«Сиқырлы сандар».

ХV ғасыр; 1511-1521; 1598-1628; 1680-1715

1)  Заңдар жиынтығы туралы сұрау.

2)  Сан есім бойынша сұрақтар.

-    Сан есім нені білдіреді?

-    Сан есімнің сұрақтары?

-    Құрамына қарай неше топқа бөлінеді?

-    Мағынасына қарай қандай түрлері бар?



4. Жаңа сабақ.

1)  Мұғалімнің кіріспе сөзі.

2)  Мәтінмен жұмыс. Окушылар өз бетінше 

танысады. 

3)  Мәтін бойынша сұрақ  құрастыру. Ойын 

«Даналық ағашы».

4)    Мәтіннен  сан  есімдерді  тауып, 

мағыналық түрлерін көрсету.



Бекіту. 1)  Берілген сөйлемдерден саи 

есімді  тауып,  түрін  анықта.  Абылайдың 

қайраткерлігі 30-40 жылдардағы шайқастарда 

ерекше  көрінді.  1742  жылы  Абылай 

жоңғарлардың  қолына  тұтқынға  түседі. 

Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам 

елші барады. Бұл кітапта екеуінің ерліктері ту-

ралы жазылған. Жоңғарлардың үштен бірі сол 

шайқаста мерт болды. Қазақ жауынгерлері 100-

100-ден шабуыл жасады.



2)  Мақал-мәтелдермен жұмыс. Сан 

есімдерді тауып, мағыналық түрлерін айт.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. 

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

Білекті бірді жығады, білімді мыңды 

жығады.

Ердің екі сөйлегені, өлгені.

Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.

3)  Ойын «Көшбасшы».

Абылай хан.

«10»  сұрағы  -  Абылай  хан  кай  жерде 

дүниеге келген?

«20» сұрағы - Абылай хан кім, кімнің 

тәрбиесінде болған?

«30» сұрағы - Абылай хан қандай адам 

болған, қай жылдары хан билігін атқарды?

«40» сұрағы - Тарихта қандай маңызды 

істер атқарды?

Грамматика.

«10» сұрағы - Сан есімнің сұрақтары.

«20» сұрағы - Сан есімнің мағыналық 

түрлері, құрамына қарай түрлерін анықта:

12,7,45, 1912, 1000,500, 100

«30» сұрагы – Жинактық сан есімдер не-

шеу? Мысал келтір. «Бесеуінің» сөзбен сөйлем 

құра.


«40» сұрағы - Бөлшектік сан есімдерді айт: 

1/5; 4/9; 5, 5; 0,9; 6, 4; 2/6.



Қорытындылау. Тірек-сызба кұру.

Бағалау. Үйге тапсырма: Тірек-сызба 

бойынша әңгімелеу, сан есімдер қатысқан 

сөйлем жазып келу.




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет