Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Мәтінді есеп және есептің түрлері. Есеппен жүргізілетін жұмыстардың жалпы әдістемесі



бет128/142
Дата07.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#19740
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   142
Мәтінді есеп және есептің түрлері. Есеппен жүргізілетін жұмыстардың жалпы әдістемесі.

Мәтіндік есептер дегеніміз-аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілген, теңдеу құруға негізделген есептер болып табылады. Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды. Бұл есептердің ішінде біраз басқатырғыштары да бар. Өзінің алға қойған дидактикалық мақсаттарына қарай есептерді үш түрге (классификация) бөлуге болады: 1) танымдық есептер: бұлар арқылы жаңа білім алынады 2)машықтану есептері: бұлар арқылы орнықты білім дағдылары қалыптасады 3)шығармашылық мақсаттағы есептер: ойлауды қажет ететін дамыту есептері.

Мәтін есептерді шығару кез- келген есепті шығара білуге үйретеді: а) есеп мазмұнын талдай отырып, ондағы белгілі және белгісізді ажырата білуге үйретеді; б) берілген мәліметтер мен белгісіздің арасындағы байланысты тағайындай білуге үйретеді; в) есептің шығару жоспарын құру; г) есептегі белігілі мен белгісіз арасындағы байланысты теңдеу, теңдік арқылы математика тіліне аудару; д) сәйкес амалдарды орындау (сәйкес теңдеулерді шешу) есептің сұрағына жауап қайтару; е) есептің дұрыстығын тексеру. Мектепте кездесетін осындай есептердің төрт түрін атап айтуға болады: 1) төртінші пропорционалды табуға арналған есептер; 2) пропорционал бөлуге арналған есептер; 3) екі айырма арқылы санды табуға арналған есептер; 4) санның бөлігін және керісінше санды табуға арналған есептер.

Жалпы мәтінді есептерді көбінесе арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығарады: - арифметикалық тәсіл – бұл жағдайда барлық логикалық операциялар нақты сандар арасында арифметикалық амалдарды қолдана алу білімін пайдаланылып негізгі тұжырымға сүйенеді. алгебралық тәсіл – мұнда есеп теңдеу құру арқылы шығарылады. Арифметикалық тәсіл есепті талқылай білуге, өз ойын анық және нақты айта білуге үйретеді. Ал алгебралық тәсілде есеп математика тіліне аударылып, оның математикалық моделі жасалады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет