Пәндер коды Пәндер атауы, кредит саны, пререквизиттер Мақсаты, міндеттері, курстың қысқаша мазмҧны



Pdf көрінісі
бет2/40
Дата02.03.2017
өлшемі2,82 Mb.
#5149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

модуль. Антика тарихы 
EDT 1406 
Ежелгі дүние тарихы 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: жоқ  
2+1+0 
Курстың  мақсаты:  студенттерге  антика  мәдениеті  мен  оныі 
әлемдік ӛркениетке тигізген әсері туралы білім беру.  
Курстың қысқаша мазмұны: антикатанудың әдіснамасы мен пәні, 
ғылым  ретінде  оның  дамуының  негізгі  кезеңдері;  Отандық  және 
шетелдік  антикатанудың  шеңберіндегі  қазіргі  заман  зерттеу 
жұмыстарының  нәтижелері;  антикалық  полистің  дамуы  мен 
генезисінің  негізгі  мәселелері;  антикадағы  саяси  жүйенің 
ерекшеліктері;  ежелгі  гректер  мен  римдіктердің  дәстүрлі 
әлеуметтік  ұйымы;  дәстүрлі  мәдениеті,  әдет-ғұрыптары,  ежелгі 
гректер мен римдіктердің діні.  
-  Шығыс  пен  Батыс  антикалық  ӛркениеттерінің  дамуының  негізгі 
кезеңдері  мен  үрістері,  Қазақстанның  ежелгі  кезеңдегі  этномәдени 
және  этносаяси  контекстінде  кӛшпелі  ӛркениет  генезисі  туралы 
білім беру. 
-  сындық  талдау,  ретроспективтік,  салыстырмалы-тарихи  және 
тарих  ғылымының  басқа  да  әдістері  негізінде    дүниежүзі 
тарихындағы  адамзат  қоғамы  дамуының  ортақ  парадигмаларымен 
ӛткен  тарихи  оқиғалар  мен  белгілі  бір  құбылыстырдың 
арақатыстығын белгілеу.  
KET 1407 
Қазақстанның 
ежелгі 
тарихы 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: жоқ  
2+1+0 
Курстың    мақсаты:  ежелгі  дәуірден  түрік  кезеңіне  дейінгі 
Қазақстан  территорясындағы  тарихи  үрдістердің  ерекшеліктері 
мен  негізгі  кезеңдері  туралы  толық  мағлұмат  беру.  Осыған 
байланысты тӛмендегідей міндеттер қойылады: 
-  Қазақстанның  қазіргі  замандағы  тарих  ғылымы  нәтижелеріне 
негізделе  отырып,  хронологиялық  жалғастықпен  кӛптеген 
фактологиялық материалдармен таныстыру
ежелгі  және  ерте  ортағасырдағы  тарихи-этномәдени  үрдістердің 
ӛзіне тән ерекшеліктері мен негізгі кезеңдерән анықтау; 
«кӛшпелі ӛркениет» феноменінің мазмұнын ашу 
-  Қазақстан  территориясындағы  ежелгі  тарихи  үрдістердің  барысы 
және  оның  ерекшеліктері  туралы  білім  қалыптастыру;  -  тарихи 
зерттеулердегі  осы  тарихи  кезеңдері  бойынша  кӛзқарастарға 
қатысты білім деңгейін қалыптастыру
-  Қазақстанның  ежелгі  тарихына  қатысты  тарихи  талдауға 
дағдылану. 
3 модуль  Медеивистика 
OGT 1408 
Орта ғасырлар тарихы 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: EDT 
1406 
2+1+0 
Пәннің  мақсаты:  орта  ғасыр  мен  ерте  жаңа  замандағы  Орталық 
Еуропа  елдері  мен  Византия  империясының,  Батыс  Еуропаның 
фактілік тарихын  ( V ғ.   XVII ғ. І жартысы), феодалдық қоғамдық 
жүйесі  эволюциясының  заңдылықтары  мен  аталған  аймақтарда 
оның  ерекшеліктері  мен  оларға  келтірілген  мысалдар  негізінде 
дүниежүзі тарихының ортақ заңдылықтарын  студенттердің  
меңгеруі. 
 
-  афро-азиаттық  және  еуразиялық  тарихи-мәдени  кеңістіктегі 
дүниежүзі  тарихының,  сонымен  бірге  жергілікті  тарихтың 
кӛлеміндегідей  ортағасырлық  тарихтағы  тарихи  оқиғалардың 
диахрондық кесіндісі туралы білім. 
-  ортағасырдағы  этностар  мен  мемлекеттердің  тарихи  дамуының 
ортақ заңдылқтары мен ерекшеліктері туралы білім беру. 
-  нақты  тарихи  тәжірибе  негізінде  Отан  және  шетел  тарихынының 
жаңа жетістіктерін кӛрсету. 
Ғылыми  теориялық  сыни  талдаудың  дағдыларын  меңгеру,  тарих 
ғылымының  ақпараттық  ӛрісін  игеру  мен  жиі  жаңғыртып  тұруға 
даярлау. 
KOGT 1409 
Қазақстанның орта 
ғасырлар тарихы 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: KET 
Мақсаты: 
ХІІІ-XVIII  ғғ.  Қазақстан  тарихы  мәселелерін  ғылыми  және 
жүйелік бағытта студенттерге жеткізу; 
Әлемдік  тарихи  дамудың  ортақ  заңдары  мен  тарихи  үрдістің 
-  Қазақстанның  ортағасырлық  саяси,  әлеуметтік-экономикалық 
оқиғалараға қатысты тарихи білімді қалыптастыру. 
- ортағасырлық саяси оқиғаларды тарихи әдістерді қолдану  арқылы 
талдау, сараптау және зерттеуге бейімдеу; 

1407 
2+1+0 
ерекшеліктерімен таныстыру; 
студенттерді  ұлттық  тарихи  дәстүрге,  патриоттық  сезімге, 
гуманизмге баулу. 
Курстың мақсаты: 
Қазақстанның  орта  ғасырлық  тарихының  даму  туралы  түсінік 
қалыптастыру; 
Әртүрлі дерек кӛздерімен таныстыру; 
Қазақстанның 
ортағасырлық 
тарихының 
теориялық, 
методологиялық, концептуалдық мәселелерімен таныстыру; 
Түркі мемлекеттерінің қалыптасу ерекшеліктерін ашу; 
Қазақ халқының этногенезіндегі маңызды рӛл атқарған қыпшақтар 
мен оғыздардың этникалық және саяси тарихын түсіндіру; 
Моңғол  жаулап  алушылығы  қарсаңындағы  Қазақстанның    саяси, 
экономикалық 
және 
мәдени 
дамуы 
туралы 
кӛзқарас 
қалыптастыру. 
- ортағасырлық қазақ даласындағы тарихи үрдістердің нәтижелеріне 
ӛзіндік пікір қалыптастыру; 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
AAEOGT 2410 
Азия 
және 
Африка 
елдерінің  орта  ғасырлар 
тарихы 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:  
 EDT 1406 
 OGT 1408 
2+1+0 
Курстың мақсаты әлемдік ӛркениеттер тарихының маңызды бӛлігі 
ретінде  Азия  мен  Африка  елдерінің  орта  ғасырдағы    тарихы 
бойынша  білім  қалыптастыру  және  жүйелеу,  орта  ғасырдағы 
Шығысқа тән қоғамның дамуын анықтау. Бұл курс қарастырылған 
аймақтардың 
тарихынан, 
олардың 
саяси, 
экономикалық, 
әлеуметтік  және  мәдени  дамуы  туралы  студенттердің  толықтай 
мағлұмат алуына бағытталған.  
Курстың негізгі міндеттері:  
Орта  ғасырдағы  Азия  және  Африка  елдері  тарихының  негізгі 
мазмұнын меңгеруге қабілеттендіру; 
Орта  ғасырдағы  Азия  және  Африка  елдерінің  әртүрлі  кезеңдегі 
хронологиялық шеңберін анықтау біліктілігін қалыптастыру, ішкі 
кезеңдеуін түсіну; 
Ортағасырдағы  Шығыстың  жеке  ӛркениеттері  тарихының  ортақ 
белгілері мен ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. 
Азия  және  Африка  елдерінің  орта  ғасырлар  тарихын  оқып-үйрену 
барысында әлеуметтік маңызды мәселелер мен үдерістерді ғылыми 
тұрғыдан  талдау  қабылетін  қалыптастыру;  кәсіби  және  әлеуметтік 
қызметтің  әр  түрлі  салаларында  тарих  ғылымының  әдіс-тәсілдерін 
қолдана  білу;  алынған  ақпаратты  талдауда  теориялық  ойлау 
қабылеті; тарихи деректерді сыни тұрғыдан талдау қабылетін игеру
Пәнді  ӛту  барысында  топта,  ұжымда  еңбек  ету  дағдысы,  әр  түрлі 
әлеуметтік  рольдерде  болу  қабылеті,  дербес  шешім  қабылдау 
мүмкіндігі игеріледі. Кәсіби біліктілік мәселелерінде ӛз кӛзқарасын, 
пікірін қорғай білуге үйрену; 
 Азия  және  Африка  елдерінің  орта  ғасырлар  тарихы  пәні  бойынша 
алынған  білімді  тарихи  шындықтың  тұтастай  келбетін  қалпына 
келтіруде  қолдана  білу  қабылеті;  жекелеген  құбылыстарды  әлемде 
және  Қазақстан  Республикасында  жүріп  жатқан  әлеуметтік-
экономикалық,  саяси  және  мәдени  үдерістермен  салыстыра  білу 
қабылетін қалыптастыру; 
4 модуль.Тҥркі әлемінің тарихи және рухани негіздері 
TET 2411 
Түркі елдерінің тарихы 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:  
KET 1407 
KOGT 1409 
2+1+0 
Курстың  мақсаты:  түркі  тарихын  дүниежүзі  тарихының  негізгі 
бӛлігі ретінде зерттеу. 
Пәннің міндеті: 
Түркі халқының шынайы тарихын түсіндіруге мүмкіндік туғызу; 
Студенттерге  мәселеге  қатысты  зерттеулер  мен  деректердің 
негізгілерін түсіндіру; 
Түркі халқының бірлігі мәселесін студенттерге ұғындыру; 
Ежелгі  және  орт  ғасырдағы  түркі  мемлекеттілігі  мәселесін  және 
олардың байланысы  мен  сабақтастығын түсіндіру. 
cтуденттер  деректермен  -  жазба,  ауызша,  этнографиялық, 
лингвистикалық,  археологиялық,  соның  iшiнде  түркiлердің  ӛзiндiк 
жазба ескерткiштерiне ерекше кӛңiл аудара отырып жұмыс  iстeyге 
дағдыланады; 
қазiргi 
заманғы 
теоретикометодологиялық 
концепциялармен 
танысады; 
Ұлтшылдық  теориялар  мен  ережелерге  сыни  тұрғыда  қарай  бiлу 
шеберлiгi қалыптасады. 
түркі  тарихындағы  үрдістерді  қазақ  тарихының  саяси-этникалық 
мәселелерімен ұштастыруды үйренеді.  
 

KHRMT 2412 
Қазақ  халқының  
рухани мәдениетінің  
тарихы 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:  
KET 1407 
KOGT 1409 
 2+1+0 
Мақсаты  -  қазақ  этносының  біртұтас  бірлігі  негізінде  мәдениетін 
зерттеу,  студенттерге  қазақ  халқы  рухани  мәдениетінің  құрамдас 
элементтері  арқылы  берілген  рухани  мәдениетін  дәстүрлі 
құндылықтар  жүйесі  ретінде  қабылдауы  болып  табылады.  Пән 
міндеттеріне қазақ халқының рухани мәдениетінің салалас пәндер 
(фольклористика,  этномузыка,  мәдениеттану,  философия,  тарих, 
дінтану,  ӛнертану,  археология  және  т.б.)  материалдарын 
пайдалана  отырып,  комплексті,  ғылыми-интегративтік  түрде 
зерттеулер  кіреді.  Аталған  пәнді  оқыту  мамандарды  даярлауда 
маңызы  зор,  ӛйткені  қазақ  халқының  рухани  мәдениетінің  даму 
жолдарын, негізгі кезеңдерін, мәдениеттің этникалық нақыштарын 
айқындауға рухани мәдениеттің алатын орнын кӛрсетеді. 
-  Қазақ  халқының  рухани  құныдылықтарының  ерекшелігін  және 
оның тарихи мұраларын жан-жақты танып білу
-  қазақ  даласындағы  ұзаққа  созылған  тарихи-мәдени  синтез 
мәселелерін талдай білу; 
-  қазақ  қоғамының  рухани  құныдылықтарын  дәріптеу  жолдарын 
меңгеру. 
5 модуль   Жаңа және қазіргі замандағы дҥниежҥзі тарихы 
AAEZhKST 
2413 
Азия және Африка 
елдерінің жаңа және 
қазіргі заман тарихы 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:  
AAEOGT 2410 
 
Курстың мақсаты мен міндеті: 
Әлемдік  тарих  контекстінде  Азия  және  Африка  елдерінің  қазіргі 
заман тарихы бойынша білімді тереңдету және кеңейту. 
Азия  және  Африка  елдерінде  болып  жаткан  қазіргі  кездегі  саяси 
және  әлеуметтік-экономикалық  үрдістерді,  олардағы  тарихи 
тәжірибе  мен  ӛркениеттік  ерекшеліктерін  ескере  отырып  кәсіби 
деңгейде түсіндіруге дағдыландыру. 
Афро-азиялық 
мемлекеттердің 
авторитарлы-тоталитарлық 
режимнен  басқарудың  демократиялық  үлгісіне,  орталықтанған 
жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға ӛту ерекшеліктері 
туралы түсінік қалыптастыру. 
қазіргі  Шығыстың  даму  жолын  іздестіру  үрдісіндегі  діни-
ӛркениеттік дәстүрдің рӛлін түсіндіру.   
-  Отандық  және  шетел  тарихыны    мәселелері  бойынша 
деректанулық және тарихнамалық кезеңдеу туралы білім. 
-    Еуропа,  Америка,  Азия  және  Африка  елдеріндегі  жаңа  және 
қазіргі  замандағы  тарихи  үрдістер  мен  оқиғаларға  компаративтік 
талдау жасауды меңгеру. 

Жаңа 
теориялық-методологиялық 
ұстаныммен 
тарихи 
тұлғалардың  рӛлін  жан-жақты  талдауды  және  олардың  тарихи 
үрдістегі орны мен ықпалын айқындау. 
 
EAEZhKZT 
2414 
Еуропа және Америка 
елдерінің жаңа және 
қазіргі заман тарихы 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: OGT 
1408 
 
 
Курстың  мақсаты:  Еуропа  және  Америка  елдерінің  жаңа  және 
қазіргі  замандағы  тарихи  үрдістердің  негізгі  мазмұнын,түсінігін, 
тарихи фактіні, оқиғаларды кешенді, жан-жақты қарастыру. 
Пәннің міндеті: 
Еуропа  және  Америка  елдері  тарихындағы  формациялық  және 
ӛркениеттік тұрғыда зерттеудің, кезеңдеудің мәселелерін кӛрсету; 
Жаңа  заман  тарихындағы  негізгі  мәселелерді  және  жалпы 
қасиеттерді  кӛрсету:    XVII-XVIII  ғғ.  буржуазиялық  революция, 
ӛндірістік  бетбұрыстар,  әлемдік  нарықтың  қалыптасу  кезеңдері, 
әлемдік  жағдайлар,  отарлық  жүйенің  қалыптасуы,  ұлттық 
мемлекеттің  қалыптасуы,  Бірінші  және  екінші  дүниежүзілік 
соғыстар ; 
Биполярлық  жүйенің  құлдырау  себептерін,  қазіргі  заман  мен 
қазіргі этаптағы халықаралық қатынастарды кӛрсету; 
Қазіргі 
замандағы 
Еуропа 
мен 
Америка 
елдерінің 
постиндустриялдық ӛндіріске  ӛтуін, ғаламдық ӛндірістің дамуын, 
ақпараттық  қоғамның  құрылуын,  ескі  және  жаңа  әлеуметтік-
демократиялық  қозғалыстарды,  ғылым  мен  мәдениеттің  негізгі 
даму тенденцияларын кӛрсету. 
-
 
-  Еуропа  және  Америка  елдерінің  жаңа  және  қазіргі  заман 
кезеңіндегі  елдердің  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  дамуының 
ерекшеліктерін білуі; 
-
 
Жаңа  заман  мен  қазіргі  заман  кезеңіне  қатыты  негізгі  маңызды 
терминологиялық аппратты меңгеруі; 
-
 
Еуропа  және  Америка  елдерінің  дамуыда  ӛзінің  үлесін  қосқан 
тарихи тұлғалардың еңбегін айқында білуі; 
-  тұжырымдық  және  методологиялық  ұстанымдарға  сәйкес  тарихи 
оқиғаларды талдауда пайдалана білуі; 
-  дүниежүзіндегі  қақтығыстар  тарихының  ықпалы  мен  салдарын 
талдай білуі; 
- тарихи зерттеулердегі тенденциялар мен парадигмаларды талдауға 
бейімделуі; 
-  жаңа  және  қазіргі  заман  кезеңіндегі  тарихи  оқиғалардың  мәнісін 
ашатын деректермен жұмыс істей білуі
-  жаңа  заман  мен  қазіргі  заман  кезеңіндегі  Еуропа  мен  Америка 
елдерінің маңызды тенденцияларын талдай білуі тиіс. 

6 модуль.  Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы 
 
KZhZT 2415 
Қазақстанның 
жаңа 
заман тарихы  
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:  
KOGT 1409 
 2+1+0 
Мақсаты  мен  міндеті:    XVIII  ғасыр  -  XX  ғасырдың  басындағы   
Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық,  саяси,  мәдени  даму 
тарихы бойынша кешенді білім қалыптастыру. 
Курстың  қысқаша  мазмұны:    XVIII  ғасырдағы  қазақ-жоңғар 
соғыстары;  Қазақстанның  ресей  империясына  қосылу  үрдісінің 
тарихы бойынша негізгі фактілер; Ресей империясы құрамындағы 
Қазақ  даласында  ӛткен  ұлт-азаттық  кӛтерлістер  үрдісінің 
ерекшелігі; XVIII-XIX ғғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық 
даму  тенденциясы;  қазақ  даласындағы  білім  жүйесінің  дамуы: 
ерекшеліктері, реформалары, мәселелері. 
Білім: жаңа теориялық және методологиялық кӛзқарастарды ұстана 
отырып,  деректер  мен  тарихи  фактілерді  зерттеу  арқылы  тарихи 
негіздер  мен  тәуелсіз  қазақ  мемлекеттілігі  қалыптасуының  кезеңі 
туралы; 
Тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығы, рухани және 
маиериалдық  мұраның  әлемдік  және  ӛркениетке  қосқан  үлесі, 
гуманизмнің,  патритизмнің,  белгілерібұрынғы  ӛткен  ұрпақтың, 
халықтың ұлы тұлғаларының еңбектері туралы.    
Білік:  тарихтың  әр  кезеңіндегі  қазақ  мемлекеттілігі  қалыптасуын 
тарихи-салыстырмалық  әдіс  арқылы  бүгінгі  күні  қол  жеткізген 
нәтижелер 
негізінде 
ғылыми 
бағалаудың 
 
имманенттік 
ерекшеліктері  мен  қазақстандық  моделі  түсінігінің дамуын  терең, 
жан-жақты түсінуге қол жеткізу. 
KKT 2416 
Кеңестік 
Қазақстан 
тарихы 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:  
KZhZT 2415 
 2+1+0 
Пәннің  мақсаты:  кеңестік  кезеңдегі  Қазақстан  тарихы  бойынша 
объективті тарихи білім беру. 
Қысқаша  мазмұны:  кеңестік  тоталитарлық  жүйенің  қалыптасу 
кезеңі  қарсаңындағы  Қазақстан.  Отырықшыландыру  мен  күштеп 
ұжымдастыру  кезеңіндегі  қазақ  этносының  ӛмірін  сақтап  қалу 
дәстүрлі 
жүӛзгеруі. 
30 
жылдардағы 
аштық. 
Кеңестік 
Қазақстанның мәдениеті, ғылымы мен білімі дамуындағы кереғар 
тенденциялар.    
KRT 3417 
Қазақстан 
Республикасының 
тарихы 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:  
KKT 2416 
 2+1+0 
Пәннің  мақсаты:  Қазақстан  Республикасы  тарихының  негізгі 
этаптары туралы объективті тарихи білім беру. Қазақстан тарихы 
шынайы  ұстаным,  методологиялық  принциптер  (историзм, 
ӛзектілік,  нақтылық),  танымның  жалпығылыми  құралдарын 
қатыстыру  (статистика,  систематизация,  таным  методикасы) 
негізінде, 
сонымен 
қатар 
арнайы 
тарихи 
әдістермен 
(салыстырмалы-тарихи,  хронологялық,  мәселелік  және  т.б.) 
қарастырылады.   
-  тарихилық  қағидасына  негізделген  Қазақстан  Республикасының 
шынайы тарихы туралы тарихи білім қалаптастыру; 
-  қазіргі  Қазақстанның  даму  жолдарын  түрлі  тарихи  әдістерді 
қолдану арқылы зерттеуге бейімдеу. 
7 Модуль.  Тарихи білімнің тарихнамалық және деректанулық  аспектілері 
KTT 3418 
Қазақстан 
тарихының 
тарихнамасы 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:  
KZhZT 2415 
KKT 2416 
KRT 3417 
 2+1+0 
Мақсаты: әртүрлі кезеңдегі Қазақстанның тарих ғылымының даму 
тарихын зерттеу; оның дамуындағы белгілердің анықтамасы; түрлі 
мәселлерге  қатысты  концептуалды  шешімдердің  шығарылуы; 
тарихи зерттеулерді талдауда студенттерге білім, білік және дағды 
қалыптастыру,  Қазақстан  тарихы  тарихнамасының  негізгі 
принциптерімен студенттерді таныстыру. 
Міндеті: 
Ежелгі  және  орта  ғасыр  тарихындағы  тарихи  білімнің  даму 
деңгейін кӛрсету; 
Кеңестік  тоталитарлық  кезеңдегі  тарих  ғылымының  даму 
ерекшеліктерімен  таныстыру  және  студенттерден  зерттелген 
тақырып бойынша сыни қарым-қатынас туғызу. 
Белгілі  бір  міндеттерге  жету  негізінде  студенттерге  теориялық 
және практикалық дағдыны қалыптастыру.  
-тарихи  білімнің  тарихнамалық  және  деректанулық  аспектілері 
туралы білім алу.  
-  отандық  және  шетелдік  тарихнамада  кезеңдерді  анықтап  үйрену,  
тарих ғылымындағы ӛзекті мәселелердің зерттелу деңгейін анықтау.  
 

ShTT 3419 
Шетелдер 
тарихының 
тарихнамасы 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:  
EAEZhKZT 2414 
2+1+0 
Мақсаты:    шетелдік  тарих  ғылымның  даму  заңдылықтарын, 
тарихи  ойдың  түрлі  бағыттарының  теориялық-методологиялық 
принциптерін,    нақты  тарихи  жағдайларда  тарихи  ойдың  негізгі 
бағыттары  мен  ұстанымдарын  анықтайтын  тарихи  танымның, 
ойдың,  білімнің  тарихи  ғылымның  даму  заңдылықтарын  анықтау 
және 
тарихи 
ойдың 
түрлі 
бағыттарының 
теориялық-
методологиялық  принциптерін  үйрену;  әлеуметтік  негіздерін 
оқып-үйрену. 
 
- Ежелгі дәуірден ХХІ ғасыр аралығындағы шетелдік тарихи ойдың, 
білімнің және тарих ғылымының даму үрдістерін;  
-  шетелдік  ойшылдар  мен  тарихшылардың  еңбектерін,  яғни 
тарихнамалық деректерді білуі; 
-  жаңа  және  қазіргі  заман  тарихының  ғылыми  методологиясын 
кӛрсете  білуі;  шетелдер  тарихының  тарихнамасының  нақты 
мәселелеріне ӛзбетімен талдау жасай білуі;  
-  тарихи  даму  бағытының  дүниетанымы  мен  методологиялық 
құрылымына  әр  елдің  ұлттық,  әлеуметтік  және  саяси  даму 
ерекшеліктері  әсер  ететінін  дәлелдей  білуге  дағдылануы,  шетел 
зерттеулерінің нәтижелерін меңгеруі,  
-  жалпы  тарихтың  тұжырымдамаларын  түсіндіре  білуі,  тарихи 
мектептердің  тарихи  тұжырымдарына  салыстырмалы  талдау  жасау 
біліктілігін меңгеруі,   
 -  жинақталған  тарихи  мұраларға  сын  кӛзбен  қарауға  дағдылануы 
тиіс. 
D 2420 
Деректану 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: 
M  
2404 
2+1+0 
 
 
Курстың  мақсатына  студенттердің  тарихи  деректер  және  ондағы 
сыни талдау, басқа да арнайы пәндердегі орнын айқындау, тарихи 
деректер  дамуының  негізгі  кезеңдері,  талдаудағы  олардың 
жүйелілігі мен әдістері туралы жалпы кӛрініс қалыптастыру. 
Пәніне  сақталу  формасы  мен  мазмұнына  қарай  деректің  барлық 
түрі болып табылады. 
Міндеті: 
Деректанудың ғылым ретінде кӛптеген анықтамасын анықтау; 
Деректердің түрлерін сыныптады үйрену; 
Деректанудың  теориялық  негіздерін  түсіндіру;  тәжірибедегі 
деректанумен 
танысу; 
түрлі 
деректердің 
негізгі 
даму 
тенденцияларын 
сипаттау; 
деректанулық 
талдаудың 
методикасымен танысу; 
Курстың негізгі түсінігі мен терминдерін талдау;логикалық ойлау 
қабілетті дамыту, түрлі тарихи кезеңдер аралығындағы логикалық 
байланысты қалыптастыруды үйрену. 
Курсты  оқытудың  нәтижесінде  студенттер  мынандай  ілімдерді 
игеруі  тиіс:  деректанудың  теориялық  және  методологиялық 
мәселелерін,  әдіс-тәсілдерін,  принциптерін;  деректерді  анықтау 
әдістемесін;  түрі  және  типіне  байланысты  деректерді  сыныптау; 
деректердің    деректанулық  сыннан  ӛткізуді  білу  тиіс.  Студенттер 
меңгеру тиіс: - 
деректерді  жан-жақты талдау;- 
деректерді сыни тұрғыдан талдау; деректерді бір бірімен салыстыра білу; әр түрлі тарихи деректермен жұмыс жасау; семинар сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілеттіктерін арттыру;оқу-ізденіс жұмыстар дағдысын жетілдіру. 
8 модуль. Тарихи танымның теориялық-методологиялық негіздері 
TTM 3421 
Тарихтың 
теориясы 
және методологиясы  
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: 
M  
2404 
2+1+0 
 
Мақсаты:  тарих  ғылымы  методолгиясының  негізгі  мәселелері 
туралы,  тарихи  зерттеулердегі  шарттары  мен  шешімдерінің 
ерекшеліктері  туралы  студенттерге  толық  кӛрініс  қалыптастыру; 
тарихи зерттеудің негізгі жалпығылыми және арнайы әдістері мен 
әдістемесін игеруді үйрету. 
Курстың міндеті: 
Тарих  ғылымы  философиясы  мен  методолгиясының  негізгі 
тенденцияларын студенттерге түсіндіру; 
Тарихи  зерттеу  методолгиясы  принциптерін  шығармашылық 
қолдану қажеттілігін қалыптастыру; 
Тарихи  процестің  теориясына  анализ  жасау,  қазіргі  танымдық 
парадигмалардың эпистемологиялық тамырын анықтауғы тырысу; 
Тарих  методологиясы  мәселелері  бойынша  зерттеулермен 
ӛзбетінше жұмыс жасауға дағдылану. 
Тарихи білімнің теориялық-концептуалдық аспектілерін меңгеру. 
-тарихи  танымның  методолгиясын  қалыптастыру  және  диахрондық 
және  синхрондық  кесіндіде  ғылыми  зерттеудің  әдістерін  үйрену, 
фундаменталдық  мәселесін    зерттеудің    дүниежүзілік  тарихи  үрдіс 
пен  жергілікті  мәдени-тарихи  парадигмалары  арқылы  оқытудың 
және зерттеу жүргізудің теориялсы мен методологиясын іске асыру. 
 
TOA  3422 
Тарихты 
оқыту 
әдістемеcі 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: 
M  
2404 
Пәннің  мақсаты  болашақ  тарих  пәнінен  сабақ  беретін 
мұғалімдерді теориялық және практикалық дайындау. 
Курстың  мақсаты  студенттерге  тарихты  оқытудағы  ұйымдастыру 
үрдісі үшін қажетті негізгі теориялық білімдерді игеру біліктілігі, 
тарихтың  негізгі  дамытушылық  және  тәрбиелік  мүмкіндіктерін 

2+1+0 
 
кӛрсету. 
OT 2423 
Ӛнер тарихы  
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: 
M  
2404 
2+1+0 
 
Мақсаты  мәдениет  пен  ӛнер  саласындағы  негізгі  білімді 
қалыптастыру. 
Міндеті:  кӛркем  мәдениетінің  пайда  болуын,  құрылымын  және 
механизмінің  қызметін  оқыту;  ӛнердің  тарихи  дамуы  мысалында 
кӛркем  сауаттылықтың  теориялық  негізін  зерттеу;  ӛнердің 
дамуының кӛркем үрдісі, кӛркем стиль, мектеп, бағыттар; ӛнердегі 
кӛріністер  мен  объектерді  талдаудың  методын  игеру;  заманауи 
ӛнердің  даму  тенденциялары  мен  негізгі  мәселелері  туралы 
түсінік.  
-тарих  ғылымндағы  ӛнер  тарихы  арқылы  мәдени  мұралардың 
таныту; 
-ӛнертану арқылы тарихи кезеңдердің ерекшелігін ашып кӛрсету; 
-  тарихи  үрдістергі  кӛркем  ӛнердің  негізі  қызметін  кӛрсете  білуге 
дағдылану; 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет