Пәнге арналған оқу-әдістемелік кешен Пән: Коммуникативті тренинг дағдылары Курс


-тақырып. Жасөспірімдерге арналған коммуникативті тренинг



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата28.01.2017
өлшемі0,89 Mb.
#2935
1   2   3   4   5   6   7   8

7-тақырып. Жасөспірімдерге арналған коммуникативті тренинг   

Жоспары:  

Жасөспірімдерге арналған коммуникативті дағдылар тренингі туралы түсінік. Жасөспірімдерге арналған 

тренинг жүргізудің психологиялық ерекшеліктері 

Жасөспірімдерге арналған жұмыстардың негізгі бағыттары 



Әдебиеттер:  

1.

 



Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89. 

2.

 



Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001 

3.

 



 Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г. 

4.

 



 Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995 

5.

 



 Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003 

 

1.



 

Тренингтегі жұмыста қолданылатын нақты жаттығулар, техникалар  

мен  әдістермен  қатар,  тренинг  әдісінің  негізгі  базалық  әдістері  де  анықталған.  Осындай  дәстүрлі  базалық 

әдіске  топтық  дискуссия  мен  жағдайлы-ролді  ойындар  жатады.  Сонымен  қатар,  зерттеуші-теоретиктердің 

айтуынша, тренингтің базалық әдісіне жекетұлғалық сезімталдық пен психофизикалық бірлікті ретінде өзін 

қабылдауда  көптеген  базалық  әдістерді  де  қолдануға  болатытын  көрсетті.  Жасөспірімдерге  арналған 

коммуниктаивті тренингте мына әдістерді қолдана аламыз: 

Базалық әдістерге қысқаша тоқталайық: топтық дискуссия – қарым- 

қатынастаға  белгілі  бір  күрделі  сұрақты  талқылауда  бірнеше  адамдардың  өзіндік  пікірлерін  білдіруі. 

Тренингтегі топтық дискуссияда мақсат ретінде қатысушылардың мәселені басқаша көзқараспен көре білуі, 

жаңа  мағлұматты  қабылдай  алуы,  т.б.  негізгі  көрсетілімдер  орын  алады.  Треннигтегі  топтық  дискуссияны 

әртүрлі  негіздеме  ретінде  топтастыруға  болады.  Мәселен:  құрылымды,  құрылымды  емес.    Кейде 

дискуссия  офрмалары  талқыланатын  материал  мінездемесіне  сүйенеді.  Семилет  топтық  дискуссияны 

былайша қарастырған.  

-

 

тақырыптық дискуссия; 



-

 

биографиялық дискуссия; 



-

 

интеракционды дискуссия.  



Базалық  әдістердің  біріне    ойындық  әдістер  жатады.  Олар:  жағдайлы-ролді,  дидактикалық, 

шығармашылық,  ұйымдастырушы-әрекетті,  имитациялы,  іскерлі  ойындар.  Аталған  ойындық  әдістер 

түрлері зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, нәтижелі болып келеді.  

Келесі  әдістер  қатарына  әлеуметтік  перцепцияны  дамытуға  бағытталған  болып  табылады.  Топ 

қатысушылары  қабылдау,  түсіну  және  бағалалу  дағдыларын  үйренеді.  В.Райх  негізін  салған 



психотерапияның денеге-негізджелген әдісі де өзіндік маңыздылығымен ерекшеленеді. Аталған әдістің өзі 

үш топқа бөлінеді: 

-

 

дененің құрылымы бойынша жұмыс /Александер техникасы, Фельденкрайздің әдісі/; 



-

 

сезімдік сезіну мен нервті-бұлшықетті релаксация; 



-

 

шығыс әдістері /хахта-йога, тайчи, айкидо/. 



Топтық жұмыс процесінде қолданудың тиімділігі мен  жағымдылығына қарай медитативті техниканың да 

алатын орны зор. Бұндағы техникалар көбінесе дене және сезімдік релаксация, психикалық бөгет, стресстік 

жағдайдан шығуы өзін-өзі реттеудегі аутосуггестиялық дағыдларды дамытуға арналған.  

Жасөспірімдермен жүргізілетін психологиялық тренингте ауқымы кең ойындардың  ішінде, ең ауқымдысы 

ретінде – рольдік ойынды қарастыруға болады. «Роль» сөзі орта ғасырлардан  бастап қолданыла бастаған. 

 

Рольдік  ойындар  өз  алдында,  адам  уақытша    «қабылдайды»  яғни  әлеуметтік  рольді  өзіне  сай  



таңдауымен    ерекшеленеді.  Әлеуметтік    роль  және  нақты    іс  -  әрекет  жасау  оны  ойнау    ұсынылады,  ал 

қатысушылар өздері таңдайды. Көбінесе ойын кезінде бір ойыншы  бірнеше рольде ойнайтындар кездеседі. 

Әр ойыншы  сол рольді  ойнап  шығуға тырысады.  

 

Рольдік ойындарды  тренингте  қолдану  келесі  мәселелерді  шешуге  көмектеседі: 



 

Мінез – құлқын  қалыптастыруға  және жеке  тұлға аралық қарым – қатынасты  қалыптастыруға; . 



 

Нақты жағдайларда модельдерге эфектілі  қарым- қатынасқа үйретуге  (қарама- қайшылық, ауызша 



емтихан, танысу және т.б); 

 



Модельдердің  өзіндік  адекватсыз коррекцияларда немесе оның қателіктерін түсінуге; 

 



Күйзеліс  мәселелерін  шешуге,  жеңіліп  қалған    жағдайларға  байланысты  қиыншылықтарды  төзуге 

көмектесуіне  (қатарлас эффектісі); 



 

Рольдік  ойындардың    әр  түрлі    типтерін  бөліп  көрсетеді.  Бір  жағынан,  функциялар  бойынш 



классификациялық  өтуі-берілгн  процестің  иллюсрациясы,  моделді  ұғымда  өзін-өзі  ұстауын  көрсету, 

жаттығулар жасау, кері байланысты көрсетуі және тб. 

Кейде  рольдік  ойындар  мен  қатар  «операциондық  ойындар»  айта  кетеді.  Операциондық  ойындардың 

басқалардан  ерекшеленуі,  әлеуметтік  барысы  нақтылы  болуы,  (мысалы,  іскерлік  ойындар).  Рольдік  ойын 

өзіне  симитациялық    элемнеттің  барысын  ь  және  драмматизацяны  қосады.  Логикалық  жақтан  тренингте  

сенсаматорлы  ойынды  қосымша  ртінде  бөліп  қарастыруға  болады  (Ж.Пиаженің  терминдік  сөздігіне 

қарасақ), оның негізгі мақсаты жаңа сенсорлы қабілетті алу.  

8-тақырып. Мінез-құлықтық тренингті өткізу әдістемесі    

Жоспары:  

Мінез-құлықтық тренинг туралы түсінік.  

Тренингтік сабақтардағы мінез-құлықтық тренингті өткізу әдістемесі. 

Мінез-құлық тренингінде қолданылатын психогимнастикалық жаттығулар 



Әдебиеттер:  

1.

 



Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89. 

2.

 



Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001 

3.

 



 Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г. 

4.

 



 Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995 

5.

 



 Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003 

Коммуникативті  дағдылар  тренингі  қазіргі  кезде  психология  ғылымының  мамандарының  ғылыми  және 

практикалық  қызметінде  жиі  қолданылатын  маңызды  аумақ  болып  табылады.  Коммуникативтілікке  баулу 

тренингінде мінез-құлықты тренингті өткізудің мақсаты – қарым-қатынасты дұрыс орната білуі және қарым-

қатынас  түрлерінің  психологиялық  аспектілерін  өмірде  тиімді  қолданудың  ерекшелігін  нақтылау.    Қазіргі 

кезде  коммуникативті  дағдылар  тренингі  психологиялық  көмек  ретінде  екі  үлкен    салаға  бөлінеді.  Оған 

іскерлік қарым-қатынас, элементарлы қарым-қатынас.  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг өткізуде жеке тұлғаның дамуы, коммуникативті дағдыларының қалыптасуы, стереотиптерді жоюға 

және  қатысушылардың  мәселелерін  шешуге  байланысты  сұрақтарға  жауап  бере  отырып,  психологиялық 

көмек беру негізімен ерекшеленеді. Ғылымда әлеуметтік-психологиялық тренинг - жеке тұлғаның дамуына 

және  өзара  әрекеттестік,  өзара  қатынас  саласында  компоненттілікті  жетілдіруге  бағытталған  жаттығулар 

жүйесі деп анықталады. Тренинг психологияның ықпалдылықтың тиімді құралы болып табылады.  

     Жеке  тұлғаны  оқыту,  тәрбиелеу  және  дамытудың  көп  жақты  мәселелерін  шешуде  қолданатын 

әлеуметтік-психологиялық  тренингтің  әр  түрлері  бар.  Оларды  жүйелеудің  де  өзіндік  бағыттары  белгілі. 

Белсенді  әлеуметтік-психологиялық  тренинг  әдістерін  жүйелеу  біріншіден,  тренингтік  сабақтарды 

ұйымдастыруға,  екіншіден,  қолданылатын  әдістер  мен  доминанттығына,  үшіншіден,  топтағы  нақты 

қойылатын міндеттерге байланысты болады деп қарастырамыз.  Тренингтің мақсатына өзін-өзі тану, түсіну, 

тұлғаның  даму  тәсілдерін  таба  білу,  ойдың  икемділігін,  тапқырлығын  талап  ету,  өзгешелігін,  қиялды, 

шығармашылықты,    коммуникативті  дағдыны  дамыту  және  қарым-қатынастың  түрлі  әдіс-тәсілдерін 

меңгерумен  бірге  көңіл-күйді  көтеру,  сезім  мен  эмоцияны  реттеу  жатады.    Бүгінде  топта  әрекет  ету 

қабілеттілігі  қажетті  кәсіби  және  жеке  қасиеттердің  бірі  болып  табылады.  Психологиялық  ойындар  мен 

жаттығулар  ынтымақтастыққа  тәрбиелеуге  бағытталған.  Топ  жетекшілері  бұларды  әртүрлі  жағдайларда, 

топпен  өтетін  тренинг  пен  қарым-қатынас  тренингтерін  мектепте  және  басқа  да  мекеме  ұжымдарында 

өткізуге  болады.    Тренингті  оқытудың  бір  формасы,  әдісі  деп  қарастырғанда,  оның  тиімділігі  бірлескен 

пікірлік,  танымдық  іс-әрекетінің  қалыптасуымен  анықталады.  Психологиялық  тренинг  басқа  адамдарды 

терең түсінуге көмектеседі. Өзіндік сананың жетілуіне жағдай жасайды. 



9-тақырып. «Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы»  психологиялық тренинг бағдарламасы   

Жоспары:  

«Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы»  психологиялық тренинг бағдарламасы, принциптері мен мақсат-

міндеттері.  

«Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы»  психологиялық тренинг бағдарламасында қолданылатын 

психологиялық тест әдісі 

Бағдарлама ережелері мен талаптары. 



Әдебиеттер:  

1.

 



Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89. 

Коммуникатив 

ті дағдылар 

тренингі 

 

 



 

2.

 

Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001 



3.

 

 Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г. 



4.

 

 Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995 



5.

 

 Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003 



 

 

«Жеке  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуы»  психологиялық  тренингі  бағдарламасының  мақсаты  -  жеке  тұлғаның, 



жалпы  оқушыларды  тәжірибелік  бағытта  психологиялық  дайындауды,  интенсивті  жүзеге  асыру  үшін 

қолданудың  ерекшелігі  зор.    Бұл  оқушылардың  әлеуметтенуі,  оған  психологияның  әсерін  ескерумен 

сипатталады.  

Жалпы  тренингтік қалыпқа келтіру әдетте,  топтық мақсаттардан тұрады: 

√  Психологиялық заңдылықтарды, механизмдерді, жеке тұлға мен адамдар   арасындағы қарым- қатынасты  

қарастырады; 

√  Жекелік  дамуы,  шығармашылық  потенциалдың,    өмірде  оптималды  деңгейге    жетуі  және  бақыт    пен 

сәттілікті  сезіну; 

√  Коррекцияға  қатысушылардың    өзін  -  өзі    тану,  өзіндік    іздену    және  эмоционалды  күйдің    бұзылуы, 

өзіндік іс - әрекеттің  өзгеруі негізінде болуы; 

√ Топтағы қатысушылардың   психологиялық мәселелерін  қарастыру және   олардың шешім қабылдауына 

көмек көрсету; 

√ Субъективті өзіндік  сезімнің және   психологиялық денсаулығының  жақсаруы. 

Тренингтің бірінші спецификалық   топтық мақсаты - қарым- қатынас,  ал тренингтің өзіндік  өсуі – екінші  

орында  тұрады.  3-5  топтың  мақсаты    психотерапиялық    және  психопрофилактикалық    болып  табылады. 

Тренингтерде  олар көбінесе  қосымша ретінде қолданылады. Мақсат тапсырмаға  байланысты болады.  Егер 

мақсат жұмыстың нақты  бағытын көрсетсе, онда тапсырмалар нақты  қадамдарын жасайды. 

«Тұлғаның  өзін-өзі  дамытуы»  тренингі  оқыту  мен  тәрбие  беру  жүйесінде  жеке  тұлғаның  қалыптасуына, 

азаматтық қоғам мен индивидті әлеуметтендірудің әдістемесіне теориялық парадигма дайындауға мүмкіндік 

тудырады.  Мына мәселелерді қамтиды:  

-

 

ақиқатқа жетуге ұмтылу; 



-

 

өзінің «Менін» тану арқылы адамның биік мәртебесін орнықтыру; 



-

 

әлемді тануға ұмтылу; 



-

 

табиғатпен, айналадағы адамдармен үйлесімді қарым-қатынас орнықтыру; 



-

 

мінез-құлықтағы әдептілікті қалыптастыру; 



Тұлғаның құрылымын және оның тұтастығын қамтамасыз етіп жетілдіретін психологиялық қасиеттер. Олар 

өмірдің  мақсатымен  және  іс-әрекетімен,  құнды  бағдарлығымен,  нұсқауларымен  тығыз  байланысты,  яғни 

өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  бақылау,  өзін-өзі  басқару,  өзін-өзі  ұйымдастыру  міндеттерін  атқарады.  Өзіндік  сана 

қажет  кезінде  ғана  орын  алады.  «Объективті  өзіндік  сана»  тұжырымдама  тұрғысынан,  ол  жасалатын 

әрекеттің  талабы  мен  өзі  туралы  пікірдің  қиылысуымен  қарастырылады.    Өзіндік  санаы  дамытатын 

қозғаушы  күштерді  индивидтің  шынайы  өздігінше  әрекеттене,  айналадағылармен  арақатынасын  өзгерте 

алуыана  іздеу  қажет.  Сана,  өзіндік  санадан  өз  «Мен»-ін  туындамайды,  керісінше  тұлға  санасының 

дамуынан, яғни өз бетінше субъект бола бастағанда өзіндік сана туындайды. Практикалық және теориялық 

іс-әрекеттің субъектісі боларда, «мен»-нің өзі сол іс-әрекетте қалыптасады. Адам психикалық сферасының 

өзінің  «мен»-іне  қабілетін  және  мінезі  мен  темпераменті  арқылы  өзгешелігін  анықтайтын  тұлғалық 

қасиеттерін атайды. Адамның басынан кешіретін ахуалдары мен күйлері, бар өмірінің психикалық мазмұны 

тұлғалық  құрамына  кіреді.  Бірақ,  арнайы  мағынасын,  өзінің  «мен»-іне  қатынасы  барлардың  ішіне 

психикасында бейнеленіп ішкі өмірінің тарихына сезіміне әсер еткендері ғана тән бола алады.   

Сана  психика  дамуының  жоғары  сатысы  ретінде,  ең  алдымен  жалпыны  және  болмыстағы  елеуліні  тану 

қабілеті  сияқты  қасиетімен  ерекшеленеді.  Жалпыны  білу  адамның  болмыста  мейлінше  дұрыс    бағдар 

ұстануын  қамтамасыз  етеді,  істі  біліп  әрекет  жасауына,  өзін  дұрыс  алып  жүруіне  мүмкіндік  береді.  

Жалпыны біле отырып, адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле 

отырып,  белгілі  бір  оқиғаның  болатынын  алдын  ала  болжайды.  Жеке  адамның  санасы  мен  қоғамдық  сана 

диалектикалық  бірлікте  болады.  Жеке  адам  санасы  оның  болмысын  ғана  бейнелеп  қоймайды.  Сонымен 

қатар  адамзат  жинақталған  білімді  меңгеру  нәтижесі  де  болып  табылады.  Екінші  жағынан,  қоғамдық  сана 

жеке  адамдар  мен  бұқара  көпшіліктің  шығармашылық  іс-әрекетінің  нәтижесінде  қалыптасады.  Сана 

объективтілік  болмыс  жайында  қорытылған  білімнен  ғана  емес,  сондай-ақ  сол  болмысқа  белгілі  түрдегі 

қатынастардан  да  көрініп  отырады.  Өзіндік  сана-сезім  –  сананың  өзіңді  білу  мен  өзіңе  қатынастың  бірлігі 

ретінде  көрінетін  бір  түрі.  Өзіндік  сана-сезім  сыртқы  ортаны  және  өзіңді  өзің  танудың  бейнелеуінен 

біртіндеп  қалыптасады.  Адамның  өзін-өзі  тануында,  оның  басқаның  бағалауы  мен  ұжымдық  бағаның 

маңызы ерекше.  



 

10-тақырып. «Өзіңді-өзің танып біл» жеке тұлғалық даму тренингі   

Жоспары:  

«Өзіңді-өзің танып біл» жеке тұлғалық даму тренингі  туралы түсінік.  

«Өзіңді-өзің танып біл» жеке тұлғалық даму тренингі нде қолданылатын психологиялық жаттығулар  


Әдебиеттер:  

1.

 



Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89. 

2.

 



Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001 

3.

 



 Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г. 

4.

 



 Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995 

5.

 



 Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003 

Бүгінгі  таңда  қарым  –қатынастағы  компоненттің  даму  коммуникативтілікке  баулу  процесі  психологиялық 

тренинг  аясында  ойдағыдай  шешілуде.  Соңғы  30-40  жыл  ішінде  қарым-қатынас  механизімін  дамытуда 

белсенді,  жедел  әдіс-тренингтер  ұйымдастырылып,  қолданылуда.  Психологиялық  тренинг  /немесе  оның 

түрлері/ жанұялық қарым-қатынастағы түзету тәжірибесінде, жасөспірімді бейімдеуде, тұлғаның өзін танып 

білуінде т.б.  жағымды жақтарымен көріне білді. Нақты және практикалық  эксперименттердің элементтерін 

өзіне  біріктіре  отырып,  қарым-қатынас  біліктілігінің  саласындағы  өзін-өзі  танып  білу  мәселелсі  кең 

көлемдегі  міндеттерді  шешетін  тренигтер  психологиялық  ықпалдың  тиімді  құралы  болып  табылады. 

Тренингтің  дәстүрлік  оқытудан  өзгешелігі-  негізін  қалаушы  принциптердің  болуы.  Психолог  бұл 

принциптердің  барлығын  ұстануы  қажет.  Тренинг  өткізуде  принциптерді  жүйелі  түрде  жүзеге  асыру,  

дәстүрлі оқыту әдістерінің /лекция, семинар, көркем әдебиеттерді оқыту/    сапа жағынан айырмашылығын 

қамтамасыз етеді. Бұл принциптер төмендегідей: 

1.

 

Белсенділік, әркімнің топ жұмысының нәтижелігіне жауапкершілігі. 



2.

 

Топ  жұмысына  қатысу  тұрақтылығы.Әр  топ  мүшесінің  топ  жұмысына  басынан 



аяғына дейін үзіліссіз қатысуы міндетті. 

3.

 



Топтың тұйықтығы. Топтағы болған оқиға топтан сыртқа шықпауы керек. 

4.

 



Ашықтық пен адалдық. 

5.

 



«Тоқта!» ережесі. Ойынға қатысқысы немесе қандайда сұраққа жауап бергісі, шынын 

айтқысы келмейтін адамның «Тоқта!» деп айтуына және ойыннан шығуына болады. Бірақ бұл ережені сирек 

қолданған жөн. Бұл адамның өзін тануын шектейді. 

Тренингтің мақсаты: 

 



өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу; 

 



ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту; 

 



ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру; 

 



қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту; 

 



өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу

 



коммуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру; 

 



өзі, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту; 

 



көңіл-күйді көтеру, сезіммен эмоцияны реттеу. 

   Бүгінде  топта  әреке  ету  қабілеттілігі  қажетті  кәсіби  және  жеке  қасиеттердің  бірі  болып  табылады. 

Психологиялық  ойындар  мен  жаттығулар  ынтымақтастыққа  тәрбиелеуге  бағытталған.  Топ  жетекшілері 

бұларды  әртүрлі  жағдайларда:  топпен  өтетін  тренинг  пен  қарым-қатынас  тренингтерін  мектепте  және 

мекемелерде қолдануға болады. 

  Жалпы  білім  беретін  мектептер  практикасында  лекция-семинар  сабақтары,шығармашылық  шеберлік 

дискуссиялық  клуб  сияқты  жұмыстардың  жаңа  формалары  белсенді  түрде  енуде.  Сонымен  әлеуметтік-

психологиялық  тренинг  дегеніміз  не?  Мамандар  оны  топтық  жұмыстың  белсенді  белсенді  әдістеріне 

негізделген  психологиялық  әсер  ету  деп  есептейді.  Бұл-  тұлға  дамуына,  коммуникативті  дағдының 

қалыптасуына,  психологиялық  көмек  көрсетуге,  стереотиптерді  жоюға  және  қатысушылардың  жеке 

проблемаларын шешуге байланысты сұрақтар  қарастырылатын арнайы ұйымдастырылған қарым  –қатынас 

формасы.  

С.М.Жақыпов    әлеуметтік-психологиялық  тренингтің  өзара  әрекеттестігі  және  оқытушымен  оқушылар 

арасындағы  процесстің  нәтижесінде  бірлескен  танымдық  іс-әрекет  қалыптасатындығын  көрсеткен.  Автор 

мұндағы  қарым-қатына  құралдарының  аса  иілгіштігі  мен  динамикалығын  тұлғалар  ерекшелігімен 

байланыстырады.  

   Тренингті оқытудың бір формасы, әдісі деп қарастырғанда, оның тиімділігі бірлескен пікірлік, танымдық 

іс-әрекеттерінің  қалыптасуымен  анықталады.  Психологиялық  тренинг  басқа  адамдарды  терең  түсінуге 

көмектеседі:  өз  бейнесін  басқалардың  қалай  көретіндігімен  салыстыруға  мүмкіндік  береді;  өз 

мүмкіндіктерін көруге, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.  



                 Тренингтік топ жұмысының принциптері 

Арнайы  тренингтерде  қосымша  принциптер  мен  ережелер  қолданылуына  байланысты  әлеуметтік- 

психологиялық тренинг ұйымының көптеген принциптерінің ішінен негізгі принциптерді атап көрсетеміз. 

1.Өзара  әсер  диалогизациясы  принципі,  яғни  қарым-қатынастағы  тұларалық  теңдік,  қатысушылардың 

өзара  сыйласу  мен  бір-біріне  деген  тлық  сеніміне  негізделген.  Егер  топта  біреуі  немесе  бірнешеуі  басым 

болса,  онда  қарым-қатынас  диалогқа  тән  қасиеттерді  жоғалтады  да,  монологқа  ауысады.  Бұл  тренинг 

табиғатына қарама-қайшы. 



2.Тұрақты  кері  байланыс  принципі,  яғни  қатысушылардың  өзі  туралы  информацияны  барлық  іс-

әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топ мүшелерінен ұдайы алып отыруы. Кері байланыс арқылы 

адам  келесі  қадамдарына  коррекция  жасауға,  сәтсіз  қарым-қатына  тәсілін  жаңаға  ауыстыруға,  оның 


қоршаған ортаға әсерін байқауға мүмкіндік алады. Ол үшін қатысушының басқаларға солар туралы пікірін 

айтуға  және  өздері  туралы  пікірлер  тындауға  барлық  жағдайлар  жасалуы  керек.  Осындай  арнайы  саналы 

түрде ұйымдастырылған кері байланыс максималды эффектін береді. 

3.Өзін-өзі  диагностикалау  принципі:қатысушылардыңөзін-өзі  ашуына,  өздерінің  жеке  маңызды 

проблемаларын анықтап, түсіне алуға көмектеседі. 

Тренинг  мазмұнында  адамға  өзін,  өз  тұлғасының  ерекшеліктерін  тануға  көмектесетін  жаттығулар 

қарастырылады.  Топтың  әр  мүшесінің  белгілі  бір  шешіммен  оны  жүзеге  асыруды  талап  ететін  түрлі 

жағдайларда өзін көрсете білуіне көмектесу керек. Бұған вербалды қарым-қатынас тәсілі емес, практикалық 

әрекет көмектеседі. 



4.Дамытуды  оңтайландыру  принципі.Жүргізушіден  нақты  диагностика,  бөлек  қатысушылар  мен  толық 

топтың  белгілі  бір  психологиялық  күйінің  классификацяланған  констатациясы,  сонымен  қатар  шарттарды 

оптимизациялау  мақсатында  болып  жатқан  іске  белсенді  түрде  араласуын  көздеу.  Арнайы  жаттығуларды 

қолдану  арқылы  жүргізуші  қатысушылардың  өзіндік  дамуына  түрткі  беруі,  олардың  барлық  күшін  керек 

арнаға бағыттауы керек. 

5.Интеллектілі  және  эмоциялы  сфералар  гормонизациясы  принципі.  Бір  жағынан  тренингке  жоғары 

эмоциялы  қатысушылар  болған  жағдайда  ол  шынайы  өтеді.  Бұл  ашықтыққа  бағыттап,  топ  мүшелерін 

сенімге,  ізгілікті  қарым-қатынасқа  жетелейді  .  Ал  екінші  жағынан,  болған  жағдайларды  талқылау  кезінде 

интеллектілі аналитикалық процестерді ынталандырады. Мұндай әрекеттің формасы – барлық тренинг бойы 

қолданылатын топтық дискуссия. 

6.Барлық  тренингке,  жеке  сабақтар  мен  жаттығуларға  өз  еркімен  қатысу  принципі.  Жасөспірімнің 

жұмыс  барысындағы  өзгеруіне  табиғи  түрде  ішкі  қызығушылығы  болуы  керек.  Тұлғаның  позитивті 

өзгерістері мәжбүр ету кезінде пайда болмайды, оны талап етіп те керегі жоқ. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет