Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет1/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81



Пәннің тақырыбы: Педагогика тарихы


1 дәріс : Педагогика тарихы тақырыбы, міндеттері, әдіснама, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері. (1 сағ.)


Жоспар:

  1. Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері

  2. Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің әдіснамасы мен педагогикалық зерттеу әдістері.



Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу, білім беру жүйесі, білім беру, педагогикалық теория, педагогикалық ойлар, идеялар, әлемдік ой-сана, этнопедагогика, педагогикалық көзқарас, халық педагогикасы.
Педагогикалық қызметтің маңызы артып, оған қойылатын талаптар күшейе түскен қазіргі кезде, болашақ ұстаздар алдымен іргелі ғылым-білім негіздерін меңгеруі, мамандықты жете игеру, құзіретін арттыру, шығармиашылық ойлауға, педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шарт түзеді.
Педагогика тарихы ” курсы әлемдегі педагогикалық ойлардың дамуы, оның практикадағы мәні, Қазақ жерінде тәлімдік ойлардың дамуы жайлы іргелі білім қалыптастыруға арналған. Өткен тарихи дәуірдегі тәлім-тәрбиенің озық тұстарын практикада қолдану, жаңаны меңгеруге, өткен тарихи дәуірдегі жетістіктерді қазіргі заман талаптарына сай пайдалануға мүмкіндік береді.
Педагогиканың тарихын ғылыми-педагогикалық тұрғыда жете меңгерген маман, алған білімін іс жүзінде шығармашылықпен қолдана алатын, ой өрісі кең, жаңа қоғамдық ахуалдарға жылдам бейімделгіш, ауқымды педагогикалық көзқарасқа ие, жоғары сапалы маман бола алады.
Курстың мақсаты: болашақ педагог мамандарды педагогиканың ғылым ретінде дамып, қалыптасу жолымен таныстыра отырып өткендегі озық тәжірибелерді меңгеру, оны бүгінгі күн жағдайларында пайдалана білуге үйрету, теориялық білімін тарихи-педагогикалық ақпарлармен толықтыру.
Педагогика тарихы ”-курсын оқу барысында студенттер әлемде және қазақ жерінде ғылыми педагогиканың қалыптасу тарихының бастауларымен танысып,оның даму кезеңдерінде үнемі толығып отыруын, ежелгі дәуірдегі педагогикалық ойлардың тындауы мен дамуы жайлы білім қалыптасады.
Педагогика тарихы” пәнін оқытудың құрылымы мынадай:

  • педагогика тарихының теориялық-әдіснамалық негіздері;

  • ежелгі дүниедегі мектеп пен тәрбие;

  • шетелдегі мектеп пен педагогикалық ойлар;

  • Ресей тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар;

  • Кеңес дәуіріндегі білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылым (1917-1991жж.)

  • Қазақстандағы тәрбие, мектеп және Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы (ҮІ-ХХ ғғ.)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет