Презентацияларын жасау ережелері Презентация жасау кезінде әдетте жіберілетін



бет1/8
Дата17.09.2022
өлшемі23,69 Kb.
#39345
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7   8

Мультимедиялық оқу презентацияларын жасау ережелері



  1. Презентация жасау кезінде әдетте жіберілетін олқылықтар мен қателер

Электронды презентацияларды жасау кезінде олардың тиімділігін төмендедетін әдетте жіберілетін олқылықтар мен қателер ретінде төмендегілерді атауға болады:



  • Жобаның атауы немесе сабақтың тақырыбы, автор туралы мәлімет, жасалған күні, ақпарат алынған көздер және т.б. жазылатын слайдтың алғашқы бетінің (титул) болмауы.

  • Тақырыптың мақсаты мен міндеті, мазмұнының қысқаша сипаттамасы жазылған кіріспе бөлімінің болмауы.

  • Презентацияның бөлімдеріне сілтемесі бар тақырыптың мазмұнының болмауы.

  • Презентацияның логикалық тұрғыдан аяқталмай қалуы: қорытынды, шешім болмауы.

  • Оқу презентациясының соңғы бөлімінде құрылымдық элементтерінің болмауы: аудиторияда орындауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар, үйге берілген тапсырмалар.

  • Слайдта нақты мәтіндік ақпараттың болмауы (үш шағын деректер, бір маңызды дерек).

  • Слайдтағы кеңістікті орынды қолдана алмауы.

  • Презентацияның фоны мен мазмұнының сәйкес келмеуі.

Стиль мен безендіру кезінде жиі кездесетін қателер:





  • Оқу үдерісінде болмауы тиіс орфографиялық және стильдік қателер;

  • Стильдік бірліктердің болмауы:

    • барлық тақырыптарға бірдей шрифт көлемі мен гарнитурасы (24 тараушадан аз болмауы керек);

    • мәтіндегі шрифт көлемі мен гарнитурасы бірдей болуы керек (18 тараушадан аз болмауы керек);

      • тақырыптар, беттің нөмірленуі эранның бір орнында тұруы тиіс;

      • барлық беттің түсі бірдей болуы керек және т.б.

  • Түстердің дұрыс таңдалмауы: тым ашық түстердің қолданылуы, дизайнда үш түрлі түсті қолдануы (мәтіннің түсі, фонның түсі, тақырыптың түсі); ашық түсті мәтінде қою фонның қолданылуы;

  • Бір презентация ішіндегі әр слайдқа түрлі фон қолданылуы;

  • Слайдтағы жиектердің болмауы;

  • Нашар түсірілген фотолар мен суреттердің қолданылуы;

  • Times секілді шрифттердің қолданылуы;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет