«ТҰСАУКЕСЕРГЕ» ШАРИҒАТ ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ?
1.Дінімізге теріс келмейтін салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға шариғат тыйым
салмайды[1]. Сондықтан, тұсаукесер, шілдехана тойы секілді ата-бабамыздан келе
жатқан салт-дәстүрлерге де шариғаттың оңды қарауы заңды. Оларды «дінде жоқ екен»
деп тыйып тастау дұрыс емес. Тек бұл дәстүрлерімізді атап өту барысында дінімізге
қайшы келетін әрекеттер (ішімдік ішу т.б.) жасалмауы керек.
Шілдехана тойына ұқсас келетін дінде «ақиқа құрбаны» деп аталатын сауапты
іс бар. Жаңа туылған нәресте үшін шалынған малды «ақиқа құрбаны» деп атайды.
Нәрестенің балапан шашын «ақиқа» дегендіктен, осыған байланыстырып, шалынатын
малды да «Ақиқа құрбаны» деп атаған. Ақиқа құрбаны перзент сыйлаған Алла Тағалаға
шүкіршілік білдіру ниетімен шалынады[2].
Ал үйлену тойына келер болсақ, некелескен екі жастың қызығын ел-жұртқа жария
етіп, той жасау – Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үмметіне айтқан кеңесі. Ибн Мәжәнің
сүнәнінде риуаят етілген хадисте, сахаба Абдрахман ибн Ауф үйленгендігін айтқанда
Алланың Елшісі: «Бәрекелді! Бір қой сойып болса да жұртты тамақтандыр!»,
– деген[3]. Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) Айша анамыздан бір жақынын
ансардың біріне үйлендіргенін естігенде: «Шынында ансарлардың ішінде өлеңге
жақын адамдар бар. Оларға былай деп шырқайтын бірін жіберу керек еді: «Біз
сендерге келдік, біз сендерге келдік! Сендерге де бізге де Алланың сәлемі болсын!...» , –
деген еді[4]. Ендеше үйлену тойын жасау ұнамды іс екен. Бірақ той жасағанда ысырап,
ішімдік ішу сияқты шариғатқа қайшы әрекеттерге бармау жағын қатты ескерген жөн.
2. Діни өлеңдер тыңдауға рұқсат.[5]
[1] Доктор Салих ибн Ғаним, Әл-Кәуағидүль Фиқһул Исләми, 330-бет. Рияд.
[2] «Ақиқа құрбаны» жайында толық білгіңіз келсе мына сілтемеге кірсеңіз болады: http://muslim.kz/kk/
question/86-aqiqa-qurbany-degenimiz-ne.html
[3] Ибн Мәжә, Китабун Никах – №1907 хадис.
[4] Ибн Мәжә, Китабун Никах – №1900 хадис. Али әл-Қари, Мирқатуль Мафатих , 3155-хадис түсіндірмесі.
[5]Өлен тыңдау жайында толық мағлұмат білгіңіз келсе мына сілтемеге кірсеңіз болады: http://muslim.kz/kk/
question/16-muzyka-tyndau-haram-ba.html
НЕКЕНІң НЕНДЕЙ ШАРТТАРЫ БАР?
Дінімізде некелесу – сүннет. Ал зинаға барып қою қаупі болса, онда үйлену
уәжіп болады. Отбасы құрып, ұрпақ көбейту – Ислам дінінде қасиетті де ардақты іс.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үйленіңдер және көбейіңдер! Қиямет күні үмметімнің
көптігімен мақтанамын», – деп, үйленудің қаншалықты маңызды екенін айтады.
Сондықтан да, осы өсиетті орындаудың жолы – неке қию. Некенің шарттары
төмендегідей:
1.Неке сөзі. Тұрмыс құрғалы жатқан ер мен әйел үйленбек ниеттерін сөз жүзінде
білдірулері керек. Бұны «ижәб» және «қабуль» дейді[1]. Неке сөзі «өткен шақта», бір-
біріне түсінікті тілде және бетпе-бет отырған кезде (иттихадуль мәжлис) айтылуы тиіс.
Мәселен, жігіт «мен сенімен некемді қидым» немесе «сені өзіме жар етіп алдым» т.б.
деуі керек, ал қыз сол жерде жауабын беруі керек.
Тағы да айта кету керек, бірінші айтылған сөз (ижәб) үйленуді, некелесуді ашық
білдіруі шарт. Ал оған жауапты «қабыл еттім, разымын, келістім т.б.» (қабуль) деген
сөздермен беруге болады.
147
Сондай-ақ, неке сөзі өмірлік некені білдіруі керек. Уақытша некелесуді білдіретін
сөз некеге жарамайды. Мысалы, «мен сені бір жылға жар етіп алдым» десе, екінші
тарап оған келісім берсе де, ол неке қиылған болып есептелмейді. Бұл Әбу Ханифа
және көпшілік ғалымдардың тұжырымы.
2. Ақыл есі дұрыс және балиғат жасына толған болуы керек. Некелесуді
ұйғарған екі жастың екеуі де балиғат жасына толған әрі ақыл есі дұрыс болуы шарт.
Ақылы толыспаған бала мен есі дұрыс емес жындының некесі есепке алынбайды.
Ақылы толысып, оңды-солын білетін, алайда, балиғат жасына әлі тола қоймаған ұлдың
не қыздың некесі қамқоршысының рұқсат беруінен кейін ғана өз күшіне енеді. Балиғат
жасына толған қыз өзінің қамқоршысының рұқсатынсыз некелескен болса, Әбу
Ханифаның пікір бойынша, ол неке дұрыс болып есептеледі. Ал Имам Мұхаммәдтің
тұжырымы бойынша, қиылған неке қамқоршысының рұқсатына дейін өз күшіне
енбейді. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) қамқоршының рұқсаты маңызды екенін
өзінің хадистерінде айтқан.
3. Неке кедергілерінің болмауы. Үйленгелі жатқан ерлі-зайыпты арасында
шариғат бойынша некелесуге тыйым салынған жақын туыстық немесе уақытша кедергі
болмауы тиіс. Мұндай кедергісі бар ерлі-зайыптылар неке қиса да некелері дұрыс боп
есептелмейді. Мысалы, бірге туған болмау, сүт бауыр болмау, өзгенің некесінде болмау,
жігіт өзге дін иесі болмау т.б.
4. Куәгерлердің болуы. Болашақ ерлі-зайыптылар неке қиярда мұсылман, ақыл
есі дұрыс, кәмелетке толған екі ер немесе екі әйел бір ер кісіні куәгер етуі керек.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): « Куәгерлерсіз неке жоқ», – деген. Куәгерлерсіз қиылған неке
шариғат бойынша неке болып есептелмейді.
5. Қызға тең келер жігіт. Үйленген жігіті теңі болмай шықса да, қиылған неке
дұрыс. Десе де, Ханафи мәзһабы бойынша, қыздың үйленгісі келген жігіті: біріншіден,
қыздың тегіне сай; екіншіден, мәһрін беріп болашақта нәпәқамен қамтамасыз ете
алатын; үшіншіден, қыздың
«діні» мен «тақуалығына» сай болғаны жөн. Өйткені,
ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) бұл жайында: «Әйелдерді тек теңіне үйлендіріңдер...»,
– деген. Теңіне шықпаған жағдайда, оның қамқоршысы
қызға тиер зиянның алдын
алу мақсатында соттан некенің бұзылуын талап ете алады. Бірақ, ол неке дұрыс.
6. Мәһр[2]. Мәһр көлемі бекітілмей немесе мәһр бермеуге келісіп, қиылған неке
дұрыс. Алайда, «мәһр мисл» есептеліп берілуі тиіс. «Мәһр мисл» дегеніміз – қыздың
туыстары арасында қай жағынан алғанда да өзіне тең әйелдерге берілген мәһрдің
көлемі. Қамқоршысының рұқсатынсыз теңі болмаған жігітке үйленген қыздың мәһрі
«мәһр мислдің» көлемінен аз болса, оны толықтырмайынша, қыздың қамқоршысы
некенің бұзылуын талап ете алады.[3]
[1] Ижәб деп – бірінші боп үйлену ниетін білдірген кісінің сөзін айтамыз. Мысалы: «Мен сізді өзіме жар етіп
алдым» дегені сияқты. Ал «қабул» болса – бірінші айтқан кісінің сөзіне келісім беруі. Мысалы, «Мен де сізге
жар болуды қабыл еттім» дей отырып, әлгі кісіге тұрмысқа шығуға ризашылығын білдіруі.
[2] Мәһр жайында толығырақ білгіңіз келсе мына сілтемеге кіріңіз:http://muslim.kz/kk/question/68-mahr-beruge-
mindettimin-be.html
[3]Кәсәни, Бадиғ, Никах; Әл-Хәләф: Әхкәмул Әхуалуш Шахсия.;
Әл-Әхкәмуш Шәрғия филь Әхуәлиш Шәхсия; Әр-Рази, Хуләса;
Зухайли, Әл-Уәжиз: Китабун никах; Мәдани, Любаб – 3/13бет.
Абдрахман әл-Хазири, Әл-Фиқһуль Алаль Мәзәхибиль арбаға, Китабун никах.
Дәрукутни, Китабун Никах – 3545.;
148
Әз-Зубайди, Әл-Жаухаратун Нәйира, Китабун Никах – 668 бет.
АТАСТЫРУ» ДЕГЕН ДІНДЕ БАР МА?
Таныстығы, білістігі, жолдастығы бар кісілер бір-бірінің ұл-қызын үйлендіруге
күні бұрын келісіп, уәделесуін қазақта атастыру деп атайды. Мұндай келісім ұл мен
қыздың жас шағында, тіпті бесіктегі кезінде жасала берген. Бұл екі жастың берік отбасын
құруын мақсат етуден туындаған салт. Бірақ бұл дегеніміз, атастырылған қыз бен жігіт
міндетті түрде үйленсін деген сөз емес. Шариғатта екі жастың ризалығы мен келісімі
– некелесудің басты шарты. Сондықтан да, атастырылған екі жас үйленетін шаққа
жеткенде өз қалауынша шешім қабылдайды: қаласа үйленеді қаламаса үйленбейді.
ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР АЖЫРАСЫП ЖАТСА,
БАЛАЛАРЫ КІМДЕ ҚАЛУЫ КЕРЕК?
Шариғат бойынша, жас бала анасымен қалады. Себебі, жас бала маһаббат пен
сүйіспеншілікке мұқтаж. Былайша айтқанда, бала үшін ананың жылы алақанынан
артық еш нәрсе жоқ. Осыны түсінген ардақты Пайғамбарымыз ажырасып баланы алып
қойғысы келген еріне шағымданған бір әйелге: «Өзгемен некеге тұрмаған болсаң,
баланы (өзіңде қалдыруға) толық құқығың бар»[1] , – деп бұйырған.
Сондай-ақ, Әзіреті Омар әйелімен ажырасып, баланы өзіне алғысы келгенде Әбу
Бәкр (р.а.) оған: «Уа Омар! Балаға анасының сілекейі сендегі балауыз[2] бен әселден
әлдеқайда артығырақ», – деген еді.
Егер айел тұрмысқа шығатын болса я балаға қарауға қауқарсыз болса немесе
қайтыс болса, нәрестені нағашы әжесінің қолына тапсырады. Егер нағашы әжесі
болмаса, өз әжесіне, ал өз әжесі болмаған жағдайда баланы бағу міндеті шариғатта
белгіленген рет бойынша ең жақын туыстарына тапсырылады.
Ұл бала есі кіріп, өз бетінше ішіп-жей алатын, ешкімнің көмегінсіз киініп-
шешіне алатын, әжетін өтей алатын жасқа (шамамен 7-9 жас) келгенде ғана әкесіне
беріледі. Себебі, баланың жағдайын жасап, ішер-жемімен қамтамасыз ету, оны бағып-
қағу жалпылай алғанда әкесінің міндеті. Оның үстіне, есі кірген ұл бала ер кісінің
тәрбиесіне зәру. Қыз бала бой жеткенге дейін анасының қасында қалғаны дұрыс. Бұл
ханафи мәзһабы бойынша.
Ал мәлики мәзһабының негізін қалаушы Имам Мәлік ұл бала балиғат жасқа
дейін анасының қасында қалады десе, Имам Шафиғи (р.а.) «Жеті жасқа толған бала
кіммен қалғысы келсе де өз ықтиярында. Қаласа, анасымен, қаласа, әкесімен қалады.
Бірін таңдап алып, кейін шешімін өзгертемін десе де өзі біледі» деп, бұл мәселенің
басқа да қырын алға тартады.[3]
[1] Әбу Дәуід – 3/588 бет, 2276-хадис.
[2] Араның құрсағының ішкі жағында орналасқан балауыз безінен бөлінетін зат.
[3] Бадруддин әл-Айни, Биная – 5/644-650 беттер.
БАЛАНЫ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ЕМШЕКТЕН
ШЫҒАРУҒА БОЛАДЫ?
Құранда сіздің сұрағыңызға байланысты Ұлы Жаратушымыз былай дейді:
«
Балаларын толыққанды емізгісі келетін аналар толық екі жыл емізеді. Ананың
азығы мен киімі шама-шарқынша баланың әкесіне міндет. Әркімге шамасы
келетін нәрсе ғана жүктеледі. Ана да, әке де баланың себебінен зиян шекпесін.
149
Сондай-ақ, мұрагер де сондай. Егер ата-ана өзара ризашылықпен кеңесіп,
емшектен шығаруды қаласа, сонда екеуіне күнә жоқ. Ал егер балаларыңды (басқа
әйелге) емізгілерің келсе, ақысын келісім бойынша төлеген болсаңдар, (бұл да)
сендерге күнә емес. Алладан қорқыңдар да біліңдер! Расында Алла істегендеріңді
толық көруші».[1]
Демек, ата-ана баласын толыққанды емізгісі келетін болса, екі жыл бойы емізуі тиіс. Ал
ата-анасы тамақ жей алатын жағдайға келген баласын екі жылға толтырмай емшектен
шығарып жатса, онда Алла Тағала айтқандай оларға күнә жоқ[2]. Тек әуелі педиатрмен
кеңесуді ұмытпаған жөн.
[1] Бақара сүресі -233 аят.
[2] Әл-Кәсәни, Бадаиғ – 5/78 бет.
НЕКЕ ЖҮЗІГІН ЕР КІСІЛЕРГЕ АҚ АЛТЫННАН ТАҚСА БОЛА МА?
Саф алтын өте жұмсақ, майысқыш, жүзіне тез сызат түскіш келетіндіктен,
одан жасалатын зергерлік бұйымдарды берік әрі қатты болу үшін күміс, мыс,
паллади, платина сыңды өзге металдармен қосып балқытады. Алтыннан жасалатын
әшекейлердің түсі сол себепті өзгеріп жатады. Мысалы, мыспен қорытылған алтынның
түсі қызғылт, күміспен қорытылған алтынның түсі сарғылт тартып тұрады. Ал егер
оны «палладиймен» немесе «платинамен» қорытса
ақ түске айналады[1].
Енді, мұндай алтынның шариғаттағы үкіміне келер болсақ, ғұлама Мухиддин
Әбу Закария ән-Нәуәуи р.а. (хижри 631-676 ж.) «Сахих Муслим» атты хадистер
жинағына жазған шархында (түсіндірмесінде) былай дейді:
«Ғалымдар бір ауыздан
алтын жүзік тағу ер кісілер үшін «харам» дейді. Жүзіктің кей бөлігі күміс, кей
бөлігі алтын болса да, үкімі осы... Өйткені, Пайғамбарымыздың мына сөзі барлық
алтын атауын қамтып тұр. Ол (с.а.у): «Мына екеуі (жібек пен алтын) ер кісілерге
– харам, әйелдерге – халал
», – деген»[2]. Демек, «палладимен» қорытылған алтын
жүзікті де мұсылман ер кісілер үшін тағу дұрыс емес. Аталмыш хадистің мазмұны
осыны мензейді.
Қазіргі таңдағы беделді ғалымдардың бірі шариғат ғылымының профессоры
Али Жұма бүгінгі тақырыбымызға байланысты өз пікірін былай өрбітеді:
«Сары
алтынды платина сияқты өзге заттармен қосып балқыту арқылы пайда болған
ақ алтынды еркектердің жүзік ретінде тағулары – харам. Өйткені, бұл да алтын
болып есептеледі...».[3]
Ендеше, мұсылман ер кісі, түсі қандай болса да, алтыннан жасалған жүзіктен
бойын аулақ ұстағаны жөн. Бұл әрекет оның тақуалығының белгісі болмақ. Оның
орнына күміс сақинаны тақса, Пайғамбарымыздың сүннетін орындаған болып, сауапқа
кенеледі.
[1] http://aboutdiamonds.narod.ru/gold.htm
[2] Имам Науаи, Шархун Нәуәуи алә Муслим, 2066 хадис шархы.
[3] http://www.dar-alifta.org/ViewFatwa.aspx?ID=3513&LangID=1
НЕКЕНІ ЖАСЫРЫН ҚИЮ ДҰРЫС ПА?
Отбасы құрып, ұрпақ көбейу – Ислам дінінде қасиетті де ардақты іс.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үйленіңдер және көбейіңдер! Қиямет күні үмметімнің
150
көптігімен мақтанамын», – деп, үйленудің қаншалықты маңызды екенін ұғындырды.
Сондықтан да, осы өсиетті орындаудың жолы – неке қию. Бірақ, некені жасырын жүзеге
асыруға болмайды. «Некенің шарты бойынша екі куәгер болса жеткілікті ғой» деуіңіз
мүмкін, әрине. Алайда, Имам Мұхаммад, Имам Шафиғи және Имам Мәлик (р.а.)
бойынша неке қиылу үшін қыз әкесінің рұқсаты керек. Қыз қамқоршысының (уәли)
хабарынсыз қиылған неке – мәуқуф. Яғни, оның құптауынсыз ерлі-зайыптылардың
толыққанды бірге өмір сүруіне құқығы жоқ[1]. «Егер қыздың қамқоршысы некенің
өзінің рұқсатынсыз қиылып қойылғанын білсе, ол некені бұза да алады, құптай да
алады» деген Имам Мұхаммед.[2]
Сонымен қатар, жасырынып қиылған неке әлсіз, жауапкершілігі төмен болады.
Ондай неке ерте ме кеш пе үзілуге жақын тұрады. Ондай жағдайда қыздың ары босқа
аяққа тапталып, ертеңгі күні шоқ басып, өмір бойы опық жеп қалуы мүмкін. Өйткені,
тәжірибеге сүйенсек, осылай некелескен жігіттердің көбі өзінің жарын оңай талақ ете
салуға даяр тұрады. Бұл жағдайда араларында ештеңе болмаған болса, жақсы ғой. Ал
егер «етегі көтеріліп қойған» болса, қыздың жағдайы не болмақ?!
Осындай келеңсіз нәтижелерді ойлағанда, Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Жария
ету – үй болғандықтың белгісі»[3]
немесе «Шариғатқа теріс үйлену мен шариғатқа
сай үйленудің ара жігін айыратын нәрсе – дабыл қағып, жария ету»[4]деген
сөздерінің астарында үлкен мән-мағына жатқандығын ұғыну қиын емес. Себебі, той
жасап, ағайын-туыстың басын қосып үйленген отбасының керегесі бекем, неке жібі
берік болмақ. Елдің батасымен, дұға тілегімен құрылған шаңырақтың отағасына да
неке алдында көп жауапкершілік түседі. Осыны естен шығармау ләзім.
[1] У.Зухайли, Уәжиз – 3/53 бет.
[2] Мабсут -5/10 бет
[3] Несаи, Никах: 72.
[4] Тирмизи, Никах: 6; Ибн Мәжаһ, Никах: 1896.
ШАРИҒАТТА КӨңІЛ АЙТУ ҚАЛАЙ БОЛМАҚ?
Қайтыс болған адамның туыстарын жұбату мақсатында айтылатын «иманы
саламатты болсын», «артта қалғандарға өмір берсін», «топырағы торқа болсын»,
«арты қайырлы болсын» деген сияқты сөздер шариғатқа қайшы емес. Дегенмен,
сабырға шақыратын, Алланың жазғанына көну керектігін білдіретін сөздер айту –
сүннет. Өйткені, қызының ұлы өлім үстінде жатыр деген хабарды естігенде Ардақты
Пайғамбарымыз (с.а.у): «Қызыма айтып бар! Алғаны да, бергені де – Оныкі
(Алланікі)! Ешнәрсе мәңгі емес, әр нәрсенің уақыты шектеулі. Сондықтан, айт,
сабыр етсін, Алланың жазғанына көнсін»[1], – деп басу айтқан екен.
Сондай-ақ, сахаба Муғаз бин Жәбәлдің ұлы қайтыс болғанда сүйікті
Пайғамбарымыз оған баға жетпес сөздермен былай деп жұбату айтып, сабырлыққа
шақырып хат жолдайды: «Бисмиллаһир Раһманир Раһим. Алланың Елшісі
Мұхаммедтен Муғаз бин Жәбәлға. Сәләмун Алейк. Аллаға мадақ, Одан басқа
тәңір жоқ. Саған сауабын жаудырсын. Сабыр беріп, бізді, әсіресе, сені ризығына
бөлесін! Шындығында, жанымыз да, малымыз да, бала-шағамыз да Алланың бізге
берген уақытша сыйы. Уақыты келгенде қайтарып алатын аманаты. Аманатты
пайдалануың мүмкін, алайда, белгіленген уақыты келгенде қайтарып алары анық.
Ендеше, басыңа түскенге көнер болсаң, Алланың есендігі мен мейрімі, тура жолы
берілмек. Сондықтан, сабыр ет. Сауабыңды іштегі күйінішің су сепкендей өшіріп,
151
өкініште қалып жүрме. Ұмытпа! Қанша күйінсең де, өлген қайтып тірілмейді,
басқа түскен қайғыны да сейілте алмас. Жазмыштан озмыш жоқ! Уәс Сәләм»[2].
[1] Имам Нәуәуи, Шархуль Муслим, Китабуль Жанаиз – 923 хадис.
[2] Табарани, Дуғалар – 1120 хадис.
ДОңЫЗДЫң ЕТІ ПІСКЕН ҚАЗАНҒА ТАМАҚ ІСТЕСЕМ БОЛА МА?
Мүмкіндік болса, өз ыдыс-аяғыңызды пайдаланғаныңыз дұрыс. Егер ондай
мүмкіндігіңіз болмай тұрса, онда қазанды жақсылап жуып жіберіп, қолдана беруіңізге
болады. Бұл жайында хадисте былай делінген: «Сахаба Әбу Сағләба әл-Хашини
ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у.): «Уа Алланың Елшісі! Біз «Кітап иелерімен[1]»
көршілеспіз. Олар қазандарына шошқаның етін пісіріп, ыдыстарына шарап құйып
ішеді?!», – деп сұрады. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Егер басқа ыдыс-аяқ
тауып жатсаңдар, содан ішіңдер. Ал табылмай жатса, олардың ыдыстарын жуып
жіберіңдер де, содан ішіп-жей беріңдер»[2], – деп жауап берді.
[1] Бұл жерде Християндарды айтып тұр
[2] Әбу Дауад, Сунен: Баб әл Әклу фи анияти әһлиль китәб – хад.нөм. 3839.
ЖІБЕК КӨРПЕ ҚОЛДАНУҒА БОЛА МА?
Сахаба Әбу Хузайфаның (р.а.) айтуы бойынша, Пайғамбарымыз алтын және
күміс ыдыстармен қатар, жібек және дүрияны[1] киюден әрі астыға төсеп отырудан
тыйған[2]. Ендеше, әйелге де, еркекке де алтын және күміс ыдыстармен қатар (таза)
жібектен жасалған төсеніштер мен жапқыштарды да қолдануға болмайды. Өйткені,
бұл бұйымдарды қолдану «бір жағынан ысырапшылық пен астамшылықты тудырса,
екіншіден, кедей-кепшіктердің жүрегін ауыртады» дейді кей ғалымдар[3].
Мұндай уәжді Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед те (р.а.) мына сөздерімен құптап
отыр. Олар: «Жібекті киюмен қатар төсеніш ретінде қолдануға да болмайды, себебі
жібекті киюден тыйған хадис, оны төсеніш ретінде қолданудан да қайтарып
тұр. Және де, астамшылықтың белгісі тек киісте емес, жібектен тігілген
төсеніштерде де табылады. Сондықтан да, бұл – мәкрүһ», – деген.
Бірақ Имам Әбу Ханифаның тұжырымдауына қарағанда, «жібек матадан
тігілген төсеніш немесе жапқыштарды қолдануға рұқсат. Себебі, сахаба Әнәс
бин Мәлик (р.а.) кішігірім тойға барғанда, сол жердегі жібектен жасалған,
үстінде құстардың суреті бар жастыққа отырғандығы риуаят етілген. Оның
бұл әрекеті жібекті тек киім ретінде киюге болмайтындығына, ал төсеніш
ретінде қолданудың күнә емес екендігін аңғартады» дейді Ұлық Имам[4]. Мәлики
мәзһабындағы ғұламалар да жібек төсенішті қолдану рұқсат деген[5].
Жоғарыдағы тұжырымдарды назарға ала отырып айтарымыз, мүмкіндігінше
күнделікті тұрмысымызда ысырапқа бармағанымыз жөн. Ендеше таза жібек көрпе
қолдану күнә болмаса да, тақуалықтан алшақ екенін біліңіз.
Жібек – жібек құртының
пілләсінен өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық.
Кейде сондай талшықтан тоқылған матаны да жібек деп атайды. Өндірістік жібек,
негізінен, тұт ағашының қолдан өсірілетін (асыранды) құртынан және жабайы
емен құртынан алынады. Көп еңбек қажет ететіндіктен, жібек ең қымбат саналады.
Осы себепті қазір
жасанды жібек өндірісі жолға қойылған[6]. Сондықтан, жасанды
жібек маталар жоғарыда айтылған хадис аясына кірмейтіндігін ескертеміз.
152
[1] Жібек матаның бір түрі
[2] Бухари: либас – хадис нөм. 5499; Муслим: либас уә зинаһ – хадис нөм. 2067.
[3] Доктор Юсуф әл Қардауи, әл Халал уәл Харам: 89 бет. Кайр.
[4] Әл Кәсәни, Бадайғ: 6-том, 521-522 бет.
[5] Ибн Хажар әл Асқаләни, Фатхуль Бари Шарху Сахихуль Бухари/Бабу ифтирашиль харири
[6] http://kk.wikipedia.org/wiki/Жібек
МӘҺР БЕРУГЕ МІНДЕТТІМІН БЕ?
Ханафи мәзһабы бойынша, неке қию кезінде ер жігіт өзінің некелесіп отырған
жарына мәһр беруге міндетті. [1]
Мәһрдің мөлшеріне келер болсақ, ханафи мәзһабы бойынша, ең аз дегенде он
күміс дирхам болуы керек. Бір дирхамның салмағы шамамен 3-3,5 грамм болса, мәһр
ретінде берілетін күмістің мөлшері ең азы 30-35 грамм болуы қажет. Күмістей беру
шарт емес. Сондықтан да, 30-35 грамм күміске тең келетін ақшалай не заттай сыйлық
берсеңіз де болады. [2]
Мәһр неке қию барысында берілетін болса, мұны шариғатта «мәһр муғажжаль»,
яғни дер кезінде берілген мәһр деп атайды. Ал екеуара келісіп, мәһр беруді кейінге
қалдырса, мұны «мәһр му-әжжаль», яғни уақыты созылған мәһр дейді. Ерлі-зайыптылар
мәһрдің берілетін уақытын нақты белгілесе, сол келісілген күні берілуі тиіс.
Кейде ерлі-зайыптылар мәһрдің нақты уақытын белгілемей, әйелі ерімен «әйтеуір
бір берерсің» деп келісетін кездерде де болады. Шариғатымыз оған да рұқсат береді.
Бірақ, бұның уақыты, ерлі-зайыптылардың ажырасуымен немесе біреуінің дүниеден
озуымен шектеулі. Яғни, ажырасқан күні, мәһрді беру еріне міндет, ал күйеуі бақилық
болған жағдайда, мәһр ерінің артында қалған дүниесінен алынады.
Ақшадан басқа, үй, автокөлік, киім-кешек т.б. осы секілді дүние-мүліктер мәһр
қатарына жатады.
Келісілген мәһрдің мөлшерін азайту яки мәһрден түбегейлі бас тарту қыздың өз
ықтиярында. [3]
[1] Бәдруддин Айни альХанафи, Әль-Биная – 131 бет, 5 том.
[2] Маусули, әл-Ихтияр – 89 бет, 3 том.
[3] Юсуф бин Ахмед, Жамигул әсилатиль фикхия аля мәзхабиль ханафия/Китабун Никах.
ЕМІЗІКТЕГІ БАЛАСЫ БАР ӘЙЕЛГЕ АБОРТ ЖАСАТУҒА БОЛА МА?
Шариғатта түсік жасатуға қатаң тыйым салынады. Егер білікті дәрігерлер әйел
босанған жағдайда баланың да, ананың да өміріне қауіп төнетінін нақты анықтаған
болса, онда жатырдағы баланы алдыртуға рұқсат етіледі. Ал сіздің емізіктегі балаңыз
шариғат бойынша аборт жасатуға себеп бола алмайды. Себебі, мұндай жағдайда ана
мен баланың өміріне қауіп жоқ. Шыдамдылық танытып, сабырлық көрсеткен жанға
Алланың мейірімі мен жәрдемі болатынын ұмытпағаныңыз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |