«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»


- оқытушылар тарапынан талап қоюшылық дәрежесі тӛмен



Pdf көрінісі
бет29/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49

- оқытушылар тарапынан талап қоюшылық дәрежесі тӛмен. 
 
Осы  себептердің  бәрі  түптеп  келгенде  ең  басты  нәрсеге:  жоғары  оқу 
орындарының    студентеріне  математиканы  оқыту  процесін  біліксіз  кәсіптендіруге 
(педагогтандыруға) саяды. 
 
Болашақ мұғалімді кәсіпке даярлау ісін жақсарту жоғары оқу орындарынан 
оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастырудың  жаңа,  неғұрлым  тиімді  жолдарын  талап 
етеді.  Жоғары  оқу  орындарында  сабақ  беру  ісін  педагогтік  кәсіпке  бағыттау 
осындай  жолдардың  бірі  болып  табылады,  оның  негізгі  мақсатына  студенттерді 
бірінші  курстан  бастап  болашақ  мамандыққа  дәйектілікпен  бағдарлау  арқылы  қол 
жеткізіледі. 
 
Осы  проблеманы  шешуде  арнаулы  пәндер  де  аса  маңызды  рӛл  атқарады. 
Сондықтан жоғары оқу орнында арнаулы пәндерден сабақ беруді кәсіпке бағыттау 
проблемасы  барған  сайын  кӛкейкесті  проблемаға  айналып  отыр.  Арнаулы 
пәндерден  сабақ  берудің  педагогтік  кәсіпке  бағытталуын  жетілдіру  студенттердің 
кәсіпке  неғұрлым  ойдағыдай  бой  үйретуін  қамтамасыз  етеді,  ғылыми  білімдер 
жүйесін  қалыптастыруға,  студенттердің  болашақ  педагогтік  қызметке  оң  кӛзбен 
қарауына,  студенттердің  танымдық  іздемпаздық  әрекетін  жандандыруға,олардың 
бойында  кәсіпқойлық  қасиеттердің  қалыптасуына,  олардың  жеке  тұлғаға 
айналуына септігін тигізеді. 
 
Математикалық  курстарды  педагогтік  кәсіпке  бағыттау  ең  алдымен  сабақ 
берудің ӛзі студенттерге материалды ғылыми тұрғыдан да, әдістемелік тұрғыдан да 
баяндау  үлгілерін  беруге,  оларға  сабақ  беру  әдістері  мен  тәсілдерін  іс-әрекет 
үстінде,  яғни  практикалық  тұрғыда  кӛрсетуге  тиіс  екендігімен  сипатталады.  Оны 
іске асыру үшін біз тиісті курстарды оқып-үйрену барысында мектепте оқытылатын 
математика  жӛніндегі  оқулықтарды  міндетті  түрде  пайдалану  қажеттігіне  және 
мүмкіндігіне кәміл сенімдіміз. Осы мақсатпен мыналарды жүзеге асыру қажет: 
 
-  дәрістік  курста  мектепке  арналған  оқу  қҧралдарындағы  тиісті 
мәселелердің қалай баяндалатынын талдау; 
 

осы 
баяндаудағы 
қисындық 
ағаттықтарды 
кӛрсету, 
осы 
ағаттықтардың пайда болу себептерін анықтау және олардан арылу жолдарын 
іздеп табу; 
 

математикалық 
курстарда 
тҧжырымдалған 
анықтамаларды, 
теоремаларды  және  ережелерді  суреттейтін  мысалдар  ретінде  мектепке 
арналған оқулықтардан алынған есептер мен жаттығуларды пайдалану; 
 
-  практикалық  сабақтардағы  жаттығулар  жҥйесіне  мектепке  арналған 
оқу  қҧралдарынан,  олимпиадалық  жинақтардан,  «Квант»,  «Математика  в 
школе»,  т.б.  алынған  есептерді  енгізу,  студенттерге  оларды  шешу  әдістерін 
таныстыру; 

235 
 
 
-  мектепке  арналған  есептерді  іздену  және  бақылау  жҧмыстарына 
енгізу; 
 
-коллоквиумдар  ӛткізу,  олардың  бағдарламасына  мектепке  арналған 
оқулықтар мен оқу қҧралдарынан алынған неғҧрлым қиын бӛлімдерді енгізу. 
 
Мектепке  арналған  оқу  материалын  бұлайша  пайдалану  математика 
мұғалімін  кәсіпке  даярлаудың  маңызды  құрамдас  бӛлігі  болып  табылады.  Ол 
студенттерге  мектепте  сабақты  ойдағыдай  жүргізу  үшін  олардың  меңгеруіне  тиіс 
шеберлік  пен  дағды  кӛлемін  кӛрсету  мүмкіндігін  береді.  Мұның  ӛзі  сондай-ақ 
жоғары  оқу  орындарында  математикалық  пәндерді  оқып-үйрену  жалаң  мақсат 
емес,  студентті  кәсіби  қызметке  даярлау  жӛніндегі  құрал  екеніне  олардың  кӛзін 
жеткізеді.  Сонымен  қатар  мектепке  арналған  материалмен  танысу  студенттердің 
бойында  ӛздері  мектепте  тікелей  жұмыс  істеуге  тиіс  материалды  ауызша  және 
жазбаша баяндау дағдысына машықтануға жәрдемдеседі. 
 
Психологиялық – педагогикалық және әдістемелік – математикалық циклдер 
пәндерін  оқыту  барысында  қалыптасатын  әдістемелік  даярлық  математика 
мұғалімін кәсіпқой маман ретінде қалыптасуында ӛзекті орын алады. 
 
Жоғары  оқу  орындарында  математика  мұғалімін  әдістемеге  даярлау  ісі 
негізінен  математикадан  сабақ  беру  әдістемесі  курстарында,  есептерді  шешу 
жӛніндегі  практикумдарда,  зертханалық  сабақтарда,  педагогикалық  практика 
барысында,  математикадан  сабақ  беру  әдістемесі  бойынша  курстық  және 
дипломдық жұмыстарды даярлау кезінде жүзеге асырылады. 
 
Математикадан сабақ беру әдістемесі курсы гуманитарлық, математикалық,  
психологиялық және жалпы педагогикалық даярлыққа сүйене отырып, математика 
мұғалімінің  кәсіпқой  маман  ретінде  қалыптасуында  түпкілікті  рӛл  атқарады.  Бұл 
курс  тек  студенттің  жақсы  математикалық  даярлығының  және  оның  қалыптасып 
үлгерген (немесе әрі кеткенде қалыптаса бастаған) әдістемелік кӛзқарастарының екі 
жақты  бірлігі  негізінде  ғана  жеке  әдістемелер  саласындағы  ӛз  міндеттерін 
ойдағыдай шеше алады. 
 
Математикадан  сабақ  беру  әдістемесі  бойынша  зертханалық  жұмыстар 
болашақ  математика  мұғалімінің  ӛзінің  практикалық  жұмысында  орындайтын 
әрекетінің  негізгі  түрлерін  игеруін,  қазіргі  педагогикалық  технологияны,  түрлі 
деңгейдегі  және  қосарлама  оқулықтарды,  оның  ішінде  оқу-әдістемелік  кешенді  – 
мектепке  арналған  математика  жӛніндегі  бағдарламаларды,  оқулықтар  мен  оқу 
құралдарын терң де жан-жақты білуін қамтамасыз етеді. 
 
Болашақ  мұғалімнің  бойында  есептерді  шешу  жӛніндегі  практикумдарда 
тәрбиеленетін  мектепке  арналған  математика  курсының  аса  қиын  есептерін  шеше 
білу,  сондай-ақ  талдай  білу  қабілеті  де  оны  даярлаудағы  елеулі  нәтиже  болып 
табылады. 
 
Сонымен,оқытылатын студенттердің бойында түрлі кәсіпқойлық - педагогтік 
қабілеттер  мен  дағдылар  қалыптасады.Алайда  педагогикалық  практика  болашақ 
мұғалімді даярлау зертханасы болып табылады. Педагогикалық  практика болашақ 
ұстаздың  кәсіпқойлық  қасиеттерін  қалыптастыруға  зор  ықпал  жасайды:  ол 
оқытушы кәсібі туралы, оның еңбегінің ерекшеліктері туралы дұрыс түсінік береді, 
педаогикалық  шеберліктің  алғашқы  дағдыларын  алуына,  ӛз  бетінше  үздіксіз 
педагогикалық білім алу және ӛзін-ӛзі баулу қажеттігін сезінуіне мүмкіндік береді. 
 
Студенттердің  курстық  және  дипломдық  жұмыстарды  дайындауы  жалпы 
ғылыми, әдістемелік және математикалық даярлықты олардың болашақ математика 
мұғалімі  кәсібімен  етене  байланыстыруға  тиіс.  Диплом  жұмыстарын  жазуды  да 
маманды  даярлаудың  қорытындылаушы  кезеңі  ретінде,  ал  жұмысты  қорғауды 
түлектің мектептегі жұмысқа әзірлігін тексеру ретінде қарау керек.Диплом жұмысы 

236 
 
болашақ  мұғалімнің  бойында  зерттеушілік  жұмысқа  жақын  ізденімпаздық  жұмыс 
дағдыларын  машықтандыруға,  оның  танымдық  және  практикалық  әрекетін 
жандандыруға мүмкіндік береді. 
 
Әрине,  осы  негіздік қасиеттермен  қатар  математика  пәнінің    оқытушысына 
оның  педагогикалық  қызметінің  технологиялық  негізін  құрайтын  кәсіпқойлық 
іскерліктер  мен  дағдылардың  тұтас  жүйесі:  жалпы  жоғары  мәдениет,  имандылық, 
балаларға  деген  сүйіспеншілік,  оларға  ізеттілікпен  қарау,  ілтипаттылық,  сыныпта 
тәртіпті  сақтай  білушілік,  біз  жалпы  психологиялық  –  педагогикалық  даярлық 
кешеніне жатқызып жүрген басқа да кӛптеген қасиеттер қажет. 
 
                                                                      Әдебиеттер 
 
1. Абылкасымова А.Е. Об особенностях подготовки учителей в университете  // Қазақстан 
жоғары мектебі. -1995.-№1. 
2. Абылкасымова А.Е. Методика преподавания математики.Учебное пособие. - 
Алматы:Санат,1993. 
3. Әбілқасымова А.Е., Қағазбаева Ә.Қ., Есенова М. Болашақ  математика мұғалімін даярлау  
мәселелері// ИФМ.-1999. -№2. 
4. Қожабаев Қ. Математиканы оқыту әдістері. Оқу құралы. -Алматы: Санат,1998. 
5. Ӛстеміров Қ. Қазіргі педагогикалық технологиялар.- Алматы: Санат, 2007. 
 
ӘОЖ 159.329 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНЫП ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ 
ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Қабылбаева А.А., Шыналиев А.А.,Арыпова А.Ж. 
 
ХГТУ, Шымкентқ, Қазақстан 
 
Резюме 
Обеспечивает эффективное использование инновационных технологий в преподавании 
органической химии 
 
Summary 
Provides for the efficient use of innovative technologies in the teaching of organic chemistry 
 
Қазіргі  уақытта  педагогика  ғылымының  бір  ерекшілігі  –баланың  тұлғалық 
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмытылуы. 
―Педагогикалық  технологиялар  –  бұл  білімнің  басымды  мақсаттарымен 
біріктірілген  пәндер  мен  әдістемелердің;  оқу  –  тәрбие  процесін  ұйымдастырудың 
ӛзара  ортақ  тұжырымдамамен  байланысқан  міндеттерінің,  мазмұнының, 
формалары  мен  әдістерінің  күрделі  және  ашық  жүйелері,  мұнда  әр  позиция 
басқаларына  әсер  етіп,  ақыр  аяғында  оқушының  дамуына  жағымды  жағдайлар 
жиынтығын құрайды‖. 
Қазіргі  таңда  оқыту  үрдісінде,    оқытудың    жаңа    бағыты      инновациялық  
әдістер  кеңінен қолданылып, тиімділігін кӛрсетуде. [1] 
Оқытудың жаңа бағытын қолдану тәсілдерінің нәтижесі; 

 
оқудың мазмұнын жақсартады; 

 
ұйымдастыру құралы күрделенеді; 

 
оқу процесінің ӛзгеруіне байланысты ұдайы жетілдіріледі; 

 
оқу процесі ӛзгертіліп, түрлендіріліп отырады; 

 
жеке тұлғаны қалыптастыру дамытылады

237 
 

 
сынып  оқушыларын  түгел жұмыстандыруға болады; 

 
оқушылардың білім дәрежесін дәл анықтауға мүмкіндік береді. 
Жаңа  оқыту  технологияларын  пайдалану    нәтижесінде  әр  оқушы  әр  сабақ 
кезінде  жаңа  білім  қосып  қана  қоймайды,  оны  ӛзі  игеріп,  ізденіп,  талап,  пікір 
таластыру деңгейіне жетіп, үнемі даму үстінде болатын  тұлға қалыптасады. 
-  Жаңа  технологияны  меңгеру  барысында  оқушыларға  жеткізу  мақсатында  
мұғалімнің  интелектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  т.б 
адами  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  ӛзін-ӛзі  дамытып,  оқу  тәрбие 
үрдісін тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі. 
-  Білім  беру  саласына  жаңаша  кӛзқарас,  жаңаша  қарым-қатынас,  жаңаша 
ойлау қалыптастыру. 
- Қазіргі дәстүрлі білім беруде оқушыларға органикалық химия пәнінен білім, 
білік, дағды және жеке басының дамуына тұлға ретінде қалыптасуына кӛңіл бӛлу. 
-  Оқытудың  интербелсенді  әдістерін  химия  пәнін  оқытуда  қолдану  қазіргі 
таңдағы педагог химиктердің алдағы міндеттерінің бірі. 
Оқыту  үрдісінің  жаңа  бағыты,  технологиясы  –  органикалық  қосылыстардың 
және  реакция    механизмдерінің    ерекшеліктерін  оқып  үйрене  отырып  басқа 
органикалық    қосылыстарды  қалай  синтездеп  алуға  болатынын  үйретудің  тиімді 
жолдарын  қарастыру  .  Оқушылардың  пәнге  деген  қызығуын  арттырып, 
ынталандырады, сабақтың жалпы нәтижелі ӛтуіне оң ықпалын тигізеді. [2] 
  Химия  пәнінен,  оқытудың  инновациялық  тәсілін  қолданудың  маңызы  зор; 
Органикалық  қосылыстардың  құрылысын,  номенклатурасын    есте  жақсы  сақтап, 
олардың  алыну  жолын,  химиялық    қасиетін  және  функционалды  тобының  басқа 
тобтарынан  айырмашылығын түсінуге кӛмектеседі. 
  Оқыту  технологиясы  мектепте  оқу  үрдісіне  қажетті  әдіс,  тәсіл,  амал, 
дидактикалық  талап  секілді  психолоиялық  іс-әрекеттердің  жүйелі  кешені  ретінде 
пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға,  ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі 
әсер  етумен  қатар,  педагогиканы  нақты  ғылымға  жақындату,  мұғалімдердің 
интеллектуалдық,  шығармашылық  қызметі  болып  табылатын  педагогикалық  іс-
тәжірибесінің  нәтижелілігіне,  жинақылығына  ұтымды  әсер  ететіндей  оқу-тәрбие 
процесінің  басты  күре  тамырының  ролін  атқарады.  Былайша  айтқанда, 
педагогикалық  технология  –  оқу-тәрбие  процесінің  шығармашылықпен  терең 
ойластырылған  кӛптеген  факторлардың  үйлесімділігі  оқыту  мен  тәрбиенің 
тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бӛлігі. 
Алайда,  алынып  отырған  технологияның  мектептің  мүмкіндігі  мен  нақты 
жағдайларына сай болуы шарт. 
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологиялар.  
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне 
жататындар:   

 
Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; 

 
Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру; 

 
Оқушылардың  ӛз  бетінше  жұмыс  істеу,  іздену  дағдыларын 
қалыптастыру; 
– Қазіргі таңдағы жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты мәселе – білім алу 
және  ӛздігінен  білім  алу  негізінде  адам  қабілеттерін,  икемдігін  дамыту  болып 
табылады.  Осы  тұрғыдан  алғанда  ғылыми  міндеттерді  дәстүрлі  емес  әдістермен 
шешудің бір жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесін  пайдаланылды.  
Проблемалық  жағдайдың  құрылуы  және  оның  оқу  проблемасына  ауысуы, 
проблемалық  міндеттердің  құрастырылуы  -  проблемалық  оқытудың  бастапқы 

238 
 
кезеңдері  ғана  әрі  қарай  оқушылар  оқытушының  бағыттауымен  келесі 
шығармашылықпен ойлау операцияларын шешуге тиіс: 

 
проблеманы шешетіндей варианттарды ұсынып, болжамдарын айту; 

 
болжамдарды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тексеру; 

 
қорытынды жасау; 

 
шешілген проблеманың дұрыстығын тексеру.  
Сондай-ақ,  проблемалық  оқыту  технологиясы  бірнеше    кезеңдерден  тұрады. 
Оның  негізгі  кезеңі  ойлаудың  кедергісін  түсінуге  алып  келетін  проблемалық 
жағдай. Проблемалық жағдай барысында пайда болатын оқу проблемасы  қиын да, 
бірақ  оқушылар  шеше  алатындай  дәрежеде  болуы  шарт.    Проблеманың  қойылуы 
және  түсіндірілуімен  бірінші  кезең  аяқталады.  Екінші  кезеңде  оқушы  сұрақтың 
жауабын  толық  алу  үшін  жетпейтін  ақпараттарды  белсенді  түрде  іздестіруге 
кіріседі. Үшінші кезеңде қажетті білімдермен қарулана отырып проблеманы шешіп, 
алынған нәтижелерді бастапқы болжаммен салыстыра отырып тексереді. 
Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар: 

 
проблеманың  мазмұнына  қызығушылық  тудыра  алатындай  жеткілікті 
мотивациямен қамтамасыз ету; 

 
әрбір  этапта  туындап  отыратын  проблемалардың  шама  жетерліктей 
болуы (белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым- қатынасы); 

 
шешілетін проблеманың оқушы үшін маңыздылығы; 

 
педагогтың  оқушымен  диалогының  ӛзара  түсіністік  пен  сыйластыққа 
құрылуы. 
Оқушылардың  танымдық  шығармашылық  ойын  дамыту  ісіндегі  тәсілдердің 
бірі  –  материалды  проблемалықпен  оқыту.  Проблемалық  ситуация  тудыру  – 
оқушыларға  сұрақ  қойып,  оны  шешу  ғана  емес.  Мұндағы  сұрақ  әдетте  қойылып 
жүрген  сұрақтардан  мүлдем  ӛзгеше.  Ӛйткені  ол  сұрақ  оқушылардың–болжам, 
жорамал  жасап,  жоба  ұсынуына,  оны  шешудің  дұрыс  тәсілін  таңдап  алуына 
мүмкіндік беретіндей болғанда ғана ӛз нәтижесін бермек. 
Білім беруді проблемалықпен оқытудың үш түрлі әдісі, үш түрлі жолы бар. 
1.
 
Білімді проблемалықпен баяндау. 
2.
 
Білімді оқушыларды қатыстыра отырып баяндау. 
3.
 
Оқытуды зерттеу әдісімен ұштастыру. 
Осы  үш  әдіс  бір-бірімен  тығыз  байланысты  болған  жағдайда  ғана  белгілі 
мақсатқа жете алады.  
Оқушыны  ӛз  бетімен  ізденуге  үйрету,  олардың  танымдық  және 
шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда: 

 
оқушының белсенділігін арттыру; 

 
оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу; 
Проблемалық  оқытудың  негізгі  ерекшелігі,  оқушының  білетіні  мен 
білмейтінінің  арасындағы  қайшылықтар  пайда  болады  және  проблемалы  міндетті 
шешуге  дайын  тәсіл  болмағандықтан,  проблемалы  жағдай  пайда  болады,  осыған 
орай, оқушының ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.  
Альдегидтер және кетондар тақырыбын деңгейлеп және саралап оқыту 
Жас  ұрпаққа  сапалы   білім  беруде  түрлі  әдіс-тәсілдерді  пайдаланып  сабақ  
ӛткізудің  үлкен  маңызы  бар.  Осындай  жаңа  әдістердің  бірі-саралап,  салыстыра 
оқыту әдісін пайдаланып ― Альдегидтер және кетондар ‖ тақырыбына тӛмендегідей 
сабақ ӛткізу ұсынып отырмын.  
Теориялық білімді сұрау тӛмендегідей сызбанұсқада  жүзеге асырылды:  
Альдегидтер және кетондар анықтамасы → Жалпы формуласы 

239 
 
 
    
 Құрамы                 Сандық 
Тану 
                 Құрылысы                 Сапалық 
 
                     Құрылымдық формуласы 
                     Изомерия 
                     Номенклатура  
                     Гомологтық қатары 
 
                              Қаныққан альдегидтер 
Жіктелуі               Қанықпаған альдегидтер 
                     
    Ароматты альдегидтер 
 
                             Алкиндерден Кучеров реакциясы арқылы 
Алу жолы           Спирттерді тотықтыру арқылы 
                             Дигалогентуындылардан   
 
           Физикалық  
Қасиеттері           
                               
 Химиялық             Түрлендіру 
                                                                                                    
                                                                                 О2(күміс айна) 
                                                                                  СI2(кат.) 
                                                                                  Қосып алу реакциясы  
                                                                                   Орынбасу реакциясы 
 
 
 
                                                        Салыстыру 
                                                      Диальдегидтер 
 
                              Ұқсастығы                              Айырмашылығы 
 
Амалдау             эксперимент              сандық 
                                                                 сапалық 
 
                                         Mr 
Мәнін табу (есеп)          Массалық үлес 
                                         Тығыздық  
 
                                                     Қолданылуы 
 
 Медицинада     Ӛнеркәсіпте        Тұрмыста         Ауыл шаруашылығында 
 
Пайдасы  
Түйін маңызы             
                                       Зияны 
       

240 
 
Сызбанұсқа    оқушылармен  бірге  талданып,  топ  оқушыларын  3  топқа    бӛліп,  
сабақтың  мақсатын, саяхат  түрінде  үш  сатыдан  ӛтетінін  түсіндірдім. 
I  саты.  Даярлану. 
II  саты.  Білім  шыңына  жету.    
III  саты.  Қорыту. 
          I    саты.    Даярлық.    Бұл    сатыда    интербелсенді  тақтасындағы    тау  
бӛктері  суретіне   сұрақтар  жазылған  қиықшалар  жапсырылған. Сол  сұрақтарға  
оқушылар жауап  беріп,  даярлықтан ӛтеді.  
         Сұрақтар.    Бұл  жерде  оқушыларға    үш  түрлі    деңгейде  сұрақтар 
топтамасы беріледі. 
         II  саты.  Білім  шыңына  жету. 
Шынығу  бӛлімінде  үш  топқа  жеке  сұрақтар  беріледі. 
1.Есте сақта,  ұғып ал!  (5  ұпай) 
I  топ. Альдегидттер және кетондар   гомологтарын  жазып,  аттарын  атаңыз. 
II топ.  Қанықпаған альдегидтерді  жазып,  атын  атаңыз. 
III  топ. Ароматты альдегидтер мен кетондарды  жазып,  аттарын  атаңыз. 
 
2.Номенклатура  бойынша  формуласын  жазыңыз. 
I  топ 
1) пентаналь 
2) 2,2-диметилгексаналь 
3) 3,4-диэтилгександиаль 
II топ 
1) пентанон – 2 
2) 3-метилбутанон – 2 
3) 2,2,3-триэтилгександиаль 
 
III  топ 
1) пентен-2-он –4 
2) 2-метил, 3-этилгексанон –4 
3) 2,4-диметилгександиаль 
2. Табиғат  саған  сыншы! 
1-кедергіден  ӛту.  Дауыл,  боран. (10  ұпай) 
Әр  топ оқушыларына берілген  сұрақтар  түсіндіріліп  жазуға  арналған  кесте  
үлестіріледі. 
1.  Альдегидтердегі,  кетондағы  карбонил    тобының    қасиеттерін  салыстырып   
кестеге  толтырыңыз.  
Жауап: 
кесте 3  
      Альдегидтер мен кетондардардың  қасиетін  салыстырыңыз. 
 
№Салыстырмалы  сипаттамасы 
Қасиеттері 
   
        Альдегид 
Кетон 
1 Тотығу реакциясы  Реакция жеңіл жүреді 
2СН3-СНО + [O] → 2CH3 СООН + H2О  Реакция қатаң жағдайда жүреді 
СН3СОСН2СН3 + [O]  → 2СН3 СООН  
2 Тотықсыздану реакциясы  Біріншілік спирттер түзіледі   
Екіншілік 
спирттер түзіледі 
3 Қорытынды  Альдегидтер AdN реак-циясына  жеңіл  түседі  Кетондардың 
AdN реакция-сына түсуі тӛмен 

241 
 
 2-кедергіден ӛту.  Тұман. (15 ұпай) 
      Сұрақ.   
- СНО    -тобы фенил радикалына әсер ете  ме ? 
   Бұл  сұраққа  жауап  беру  үшін  әр  топ  альдегидтер  мен  ароматты 
альдегидтерді    салыстырып,  сонан  соң    тәжірибе  жасайды.  КМnО4      пен    бром  
суына әсерін зерттейді. Қорытындысын әр  топқа  таратылған  кестеге толтырады. 
     3-кедергіден  ӛту.  Қарлы жартас. (20 ұпай) 
      Бұл  кедергіден  ӛту    үшін  есептер  жарысы    ұйымдастырылады.  3  топқа  3 
есеп беріледі.  
III. Шыңға жету.  (7 ұпай) 
     3-топқа  Венн  диаграммасы  арқылы  альдегидтер  мен  кетондардың   
қолданылуын  жазу  тапсырылады. 
3. Қорытынды  бӛлім. 
     Сабақ    соңында  оқушылардың    берген  жауаптары    бағаланады.  Кім    кӛп 
ұпай  жинаса  сол  оқушы білім шыңына еліміздің  кӛк  байрағын   тігіп, әрі ―Үздік 
оқушы (альпинист)‖ атанады. 
 
                                                          Әдебиеттер 
 
1.   Білім туралы:  Қазақстан Республикасының Заңы //Егемен Қазақстан.-1999.-11 маусым. 
2.  Таубаева  Ш.Т.Құдайбергенова  К.Педагогикалық  инноватиканың  ғылым        ретінде 
қалыптасуы // Қазақстан жоғары мектебі. — 1996. -№5.- 95-101 бет. 
 
ӘОЖ 159.241 
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҦМЫСТАРДЫ ҦЙЫМДАСТЫРУ МЕН 
АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
Қабылбаева А.А., Мелдешов Х.Т.,Кенжеходжаева Г.Б 
 
ХГТУ, Шымкент , Қазақстан 
 
Резюме 
Основы информатизации внеклассных работ 
 
Summary 
Basis of informatisations of extracurricular work 
 
Әрбір  ұстаздың  мақсаты  –  сабақтың   сапасын  арттыру,  түрлерін  дамыту, 
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ізденімпаздығын, ой-ӛріс, 
таным  деңгейін  кӛтеру  және  де  осыған  байланысты  мектептегі  маңызды,    ӛзекті 
болып  табылатын  басты  мәселелердің  бірі  –  сыныптан  тыс  жұмыстарды 
ұйымдастыра отырып оны оқушыға жеткізу барысында толық ақпараттандырылуы 
және оның түрлерін дамыту болып табылады. 
Сыныптан  тыс  жүргізілетін  жұмыстар  химия  пәнінің  негіздерін  оқушыларға 
үйретіп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  болашақ  жастарды  ӛмірге  әзірлеп, 
мамандықты еркін таңдай білулеріне кӛп септігін тигізеді. Сондықтанда сыныптан 
тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  барысында  химия  пәнін  ғана  алмай,  оның  ӛзге 
пәндермен  байланыстылығын  ескере  отырып  оның  толық  ақпараттандырылуын 
назардан  тыс  қалдырмаған  жӛн.  Мұның  ӛзі  қазіргі  дамуға  бетбұрыс  жасаған 
мемлекетімізде  жаңа  мазмұнға  ие  болып  отыр.  Сыныптан  тыс  жұмыстарды 
ақпараттандыру оқушыға пәнді жан-жақты ашып түсінуіне кӛп септігін тигізеді. [1] 

242 
 
Сыныптан   тыс жұмысты ұйымдастыру мұғалімнің   шеберлігімен іске асады. 
Сыныптан 
тыс жұмыстар арқылы оқушылардың  
бос 
уақыттарын тиімді пайдалануға, 
ӛз 
қабілетін танып білуге, 
қосымша  жұмыс жасауға үйретуге, дүниетанымын  кеңейтуге болады.  
Сонымен   қатар сыныптан тыс жұмыстардың   сыныптағы  тақырыптардан 
ӛзгешілігі  –  еріктілік   принципінде құрылуында.  Мұнда оқушыларға   баға 
қойылмайды, бірақ пайымдаулардың  негізділігі, тапқырлық, есептеу шапшаңдығы 
мадақталуға тиіс. 
Үлгерімі  нашар оқушыларды сыныптан тыс  жұмыстарға тарту олардың оқуы
на  кедергі келтіреді деген ұғым  дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың  бос уақытын 
тиімді пайдалануға кӛмектеседі. 
Химиядан  
толық та, 
терең игеруге берілген  
сағат саны кӛп емес. 
Сондықтан  оқушылардың  химия сабақтарында  алған білімдерін сыныптан тыс  ж
ұмыстарды 
ұйымдастыру 
барысында   кеңейту мен тереңдетудің тиімді   жолдары іздестірген жӛн.     Себебі, 
сынып  
сағатына қарағанда, 
сыныптан тыс   жұмыстарда оқушылардың дербес   жұмысына,  ӛзіндік ізденуіне, 
пікір  
еркіндігіне мол мүмкіндік беріледі. 
Сондай-
ақ баланы жеке адам   ретінде қалыптастыруға қажетті   тәрбие  жұмыстарын  іске 
асыруда  сыныптан тыс ұйымдастырылған  жұмыстардың маңызы зор. 
 Сыныптан  тыс  жұмыстарды  ақпараттандыруға  факультативтік  сабақтардың, 
химиялық  кештердің,  үйірмелердің  және  тағы  басқа  да  кӛптеген  сыныптан  тыс 
жұмыстардың  қосар  үлесі  орасан.  Жалпы  бұл  жұмыстарды  –  сыныптан  тыс 
ақпараттық жұмыстар деп айтуымызға болады. [2] 
Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың негізгі міндеттері: 

 
оқушылардың ізденімпаздығын қалыптастыру; 

 
студенттерді,  жоғары  оқу  орындары  ұстаздарын,  ғалым-профессорларын 
ұйымдастырылатын  сыныптан  тыс  ақпараттық  жұмыстарға  қатыстыра  білу  және 
жұмыстарын оқушыларға үлгі ӛнеге ету; 

 
пәннің мазмұнын аша түсу; 
Оқушылардың  пәнге  деген  ықыласы  артып,  қызыға  бастаса,  онда  пәнді 
меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен 
оны  түсіндірудің   негізгі  әдістері  оқушылардың  ӛз  беттерінше  танымдық  іс-
әрекеттерін  дамытатындай,  әрбір  нақты  материалды  жүйелі  меңгертетіндей  етіліп 
құрылғаны  жӛн.  Осы  мәселелердің  бәрі  оқушылардың  жасы  мен  әрбір  баланың 
ерекшеліктерін, таным деңгейлерін білуді қажет етеді. 
Сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  әдістемесіне  ерекше  назар  аудару 
керек. Оны мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып ӛткізген жӛн.  [2] 
Химиялық  үйірмелер  – сыныптан   тыс   жұмыстардың   ең   негізгі 
түрі.   Оларға   химияға   қызығатын   және   бейімді   оқушылар   ерікті   түрде 
қатысады.  Үйірмелер  арқылы  оқушыларға  бағдарлама кӛлемінде және химиялық 
қосымша мәселелерінен де түсініктер беріп, олардың білімін жан–жақты кеңейтуге 
болады.  
Үйірме 
жұмысы 
алдымен 
кең 
тынысты   шараларды   жүзеге   асыруға   бағытталуы   тиіс,   сонда   ғана   ол 
оқушылардың   ынта-ықыласын   толық   қанағаттандыра   алады.   Үйірме 
жұмысын  негізінен  теориялық  және  практикалық  бағыттарды  жүргізуге болады.  
Теориялық  бағыттағы  үйірме  жұмысы  мұғалімнің  немесе  оқушының  белгілі 
тақырып  бойынша  әңгімесін,  баяндамасын  қамтып,  аптасына  бір  рет 
жүргізіледі.  Әрбір  жұмыстың  ұзақтығы  1-1,5  сағаттан  аспағаны  дұрыс.  

243 
 
Практикалық  бағыттағы  үйірме  жұмысында  әр  түрлі  мазмұндағы  есептерд
і шешіп,  мектеп  және  ауданаралық  олимпиадаларға  даярланады.  
Оқушылардың   қызығушылығын   арттыру   мақсатымен   ойын   есептерін, 
логикалық   есептерді   және   практикалық   мазмұндағы   есептерді   кӛбірек 
шығарған  жӛн.  Химия  үйірмесіне  кӛптеген  талаптар  қойылады.  
Үйірме   сабақтары   барынша   жүйелі,   қарапайым,   қызықты   және 
ғылыми   болуы   тиіс.   Үйірмеде   оқушылар   ерікті   түрде   пікір   алмасып,   ӛз 
ойларын жасқанбай ортаға салулары қажет.  
Химия үйірмесінің мазмұны мына мәселелерді қамту керек.  

 
жалпы білім беретін  теориялық бағдарламалар; 

 
химия тарихынан  хабарлар;  

 
ұлы химиктердің  ӛмірі мен қызметі;  

 
сарамандылық жұмыстарды жасау;  

 
қиынырақ есептер шығару (стандарт емес есептер);  

 
химиялық кеш ӛткізуге  дайындық жүргізу;  

 
оқушыларды химия  жӛніндегі жаңа әдебиеттермен  таныстыру.  
Мектептегі  факультативтік сабақтардың  мақсаты  –  оқушылардың химиялық 
білімдерін  
одан  
әрі  
тереңдету,  
қабілеттерін  
дамыту, 
химияның   әр   алуан   қолданымдарын   кӛрсету,   олардың   пәнге   ынтасын 
арттырып, кәсіптік бағдар беру. [2] 
Бүгінгі 
таңда 
химияның 
факультативтік 
сабақтары   орта   мектептерде   арнаулы   сыныптарға   енгізіліп,   оқушылардың 
жалпы  химиялық  даярлығын  арттыруда  ерекше  орын  алады.  
Факультативтік  
курс  
химияға 
ынталы, пәнге ықыласы мол, ӛзінің 
білімін тереңдетуге, ой – ӛрісін 
кеңейтуге 
 ынталы 
 оқушыларға 
 арналған. Факультативтік 
 сабақтарды 
оқытудың   әдістері   мен   тәсілдерін   таңдағанда,   алдымен   курстың   мазмұнын, 
оқушылардың   дайындық   деңгейін,   олардың   бағдарламалық   материалдарға 
ынта   –   ықыласын   ескеру   керек.   Сонымен   бірге   олардың   ой   -   ӛрісі   мен 
дербестігіне  де  назар  аударған  дұрыс.  Әдетте  факультативтік  курстардың  дәріс
,  
әңгімелеу,  
практикалық  
жұмыстар,  
қосымша  
әдебиет  
бойынша 
тапсырмаларды   талқылау,   оқушылардың   баяндама   жасауы,   реферат   жазу, 
экскурсия  үйымдастыру  сияқты  формалары  мен  әдістері  кең  пайдаланылады. 
Факультативтік   курстың   кейбір   материалдарын   дәріс   түрінде   ӛтілуі  мүмкін. 
Мұндағы  мақсат   –   оқу  материалының  ішінен  ең  ӛзектілерін  баяндау, 
есептер   шешудің   ең   нақты   әдістерін   кӛрсету,   оқушыларға   материалды 
ӛздігінен   оқып  үйренудің  жолын  нұсқау.  Дәріс  сабақтарында   оқушылардың 
тыңдау  және  ой  түю  машықтарын  шыңдауға  бағытталғаны  пайдалы.   
Сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушылардың  шығармашылық  белсенділігін 
үнемі қолдап, олардың тақырып таңдауына, оларды тереңірек оқып үйренуіне және 
оны  одан  әрі  зерттеуіне  жағдай  жасауға  мүмкіндік  зор.  Зерттеу  жұмысы  ұзақ 
ізденуді,  зор  табандылық  пен  қаржылықты  талап  етеді.  Бұған  сабақтың  шектеулі 
уақыты  мүмкіндік  бермейді.  Сондықтан  оқушылардың  шығармашылық  еңбегіне 
кӛңіл  бӛліп,  олардың  қызметін  ұдайы  қолдап  кӛмектесіп  отыру  қажет. 
Оқушылардың  шығармашылық  белсенділігі  олардың  білім  деңгейіне  байланысты. 
Олай  болса,  олардың  зерттеу  жұмысымен  айналысуы  үшін  программалық 
материалмен  қатар  қосымша  әдебиеттегі  материалды  жеке  меңгеруі  шарт.Әр 
оқушының  даярлық  дәрежесіне  қарай  арнайы  программа  жасалу  керек.  Зерттеуге 
берілетін проблеманы, алдымен мұғалім "ұсақ" еткен орынды, ӛйткені проблеманы 
орынсыз қиындату оқушыларды ӛз шамасы мен сенімсіздікпен қарауға итермелеуі 

244 
 
мүмкін.  Сондықтан  әр  тақырып  оқушылардың  мүддесіне,  шамасына  сай  болса, 
оларды құлшындыра түседі.  
Сыныптан  тыс  жұмыстардың  мазмұны  –  оқушының  теориялық  білімін 
кеңейтіп,  толықтыра  түседі  және  оқушылардың  жеке  қабілетін  дамыта  түседі.  
Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттерінің күрігуі қоршаған орта 
туралы  біртұтас  түсінік  қалыптастыруға,  теория  мен  практика  арасындағы 
байланысты  қамтамасыз  етуге,  оқу-тәрбие  үрдісін  құруда  және  оқушы  тұлғасын 
қалыптастыруда  үйлесімдікке  жетуге,  мұғалімдер  мен  сынып  жетекшілерінің 
педагогикалық  шеберліктерін  жетілдіруге,  мұғалімдер  мен  оқушылар  арасындағы 
ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.   
Қазіргі  мектептердегі  оқу  мен  тәрбиенің  кіріктірілуі  мына  тӛмендегі 
жұмыстар арқылы жүзеге асады:  

 
базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда 
мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;  

 
оқушыларды  дамыта  оқыту  үшін  әртүрлі  жастағы  дарынды  балалар  топтарын 
құру;  

 
таңдауы  бойынша  еркін  сабақтар,  оқу  пәндері  бойынша  сайыстар  мен 
олимпиадалар жүргізу;  

 
оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар ӛткізу;  

 
кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу.  
Оқушылардың  сыныптағы  сабақ  үстіндегі  және  сыныптан  тыс  әрекеттерін 
кіріктіру  біріңғай  педагогикалық  жүйе  құруға  бағытталған,  ондағы  әр  құралдар 
тәрбиелік  және  білімділік  міндеттер  кешенін  шешуге  кӛмектеседі.  Мектеп 
басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктері мен шығармашылық қызметте, 
басқаруда ақпаратты қамтамасыз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру  әрекетінде 
біліктілікті  талап  етеді.  Яғни,  мектеп  жағдайында  егер  мұғалімдер  оқушылардың 
қызығушылықтары  мен  сұраныстарын  ескеруді  кӛздеген  болса,  онда  атқарылатын 
жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын, мақсат-
міндеттерін кіріктіре алатын болады. [3]  
Оқушылардың  сыныптан  тыс  уақыттағы  ақыл-ой,  танымдық  сипаттағы 
әрекеттерін  күшейту  –  пәндік  үйірмелер,  бірлестіктер,  қызығу  бойынша  клубтар, 
оқушылардың  ғылыми  қоғамдары  желісін  құру,  ұжымдық  танымдық 
шығармашылық  істерді  жүргізу  арқылы  жүзеге  асады.  Жалпы  алғанда,  сыныптан 
тыс  әрекеттер  оқушылардың  білімдерін  кеңейтіп,  жан-жақты  ізденулеріне 
мүмкіндік  жасайды,  ӛзіндік  таным  іс-әрекеттердің  қорытындысы  шығады  және 
сыныптан  тыс  жұмыстар  арқылы  оқушылар  тылсым  дүниенің  әртүрлі  сырларын 
ұғынады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет