Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет90/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   225
 
Жұмабай Қ.
аға оқытушы 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 
 
ҰЛТТЫҚ СИПАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУЫСТЫРУЛАРДАҒЫ КӨРІНІСІ 
 
Аңдатпа. Өмірлік тәжірибеде құндылықтар тізіміне, қазіргі кезеңдегі басты тұлға, ең маңызды құндылық 
иесі – адам екендігінде күмәніміз жоқ. Кез келген нәрсе, жер бетіндегі барлық заттар, бүкіл адамзаттық 
мәдени мұралардың ең ізгілері – құндылықтар адам қолдарымен, ақыл-ойларының нәтижесінде жасалған. 
Адам ойының қандай да бір жоғары түрі деген тұжырымға келе отырып, құндылықты мәдениеттің құрамдас 
бөлігі деп есептейміз. Мақалада зерттеушілер жалпыадамзаттық сипат, көркемөнердің ұлттық және 
көпұлттық сипаты, әдебиеттегі ұлттық сипат төңірегінде өздерінің көптеген ой-пікірлерін қалдырды. Яғни өз 
ұлтын дәріптеудің дұрыстығын, дегенмен де сол жолда басқалардың ар-ождан, намысын да аяқасты етпеуі 
қажеттілігі мен байланысы зерделенді.
Түйін сөздер: Дүние. Болмыс. Бейне. Ұлттық таным. Тілдік бейне.  
Дүниенің тілдік бейнесіндегі метафоралардың алатын орнын көрсету –ауқымды мәселе. 
Метафоралар әлемнің күнделікті тілдік бейнесіндегі үлгі – образ болып табылады. 
Метафораның теориясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп, оның тілдегі қызметі, тіл, 
сана, таныммен байланысты сан алуан ғылым салаларындағы термин жасау, жаңа білімді 


141 
қалыптастыру қызметі, түрлері, мән-маңызы мен қолданылу аясы жөнінде қарастырылып 
келеді. Зерттеушілер Н. Д. Арутюнова, О. С. Ахманова, А. В. Бельский, Б. Н. Томашевский, 
Ю. С. Язикова, А. В. Калининалар да метафораны топ-топқа, жік-жікке бөледі. Ал қазақ 
әдебиеттану ғылымында метафораға алғаш «ауыстыру» атауын ұсынған А. Байтұрсынұлы 
болатын. З. Қабдолов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов еңбектерінде метафора троп немесе 
құбылтудың бір түрі ретінде, яғни ойды ажарлап, мәнерлі жеткізуде, көркем шығарманың 
әсерлілігін арттыруға бағытталған тәсіл ретінде қарастырылады.
Қазіргі тіл білімінде де әдебиеттанудағы секілді метафораны танымдық
сипатта қарау оның 
бағалауыштық, біртұтастық, әмбебаптық қасиеттерін анықтауға негіз болады. Метафораның 
бағалауыш бейне тудыру қасиеті, бағаның кейіптелуі де назардан тыс қалмайды.
Қазақ халқының сөз өнері, ұлттық мәдениетке қосатын оның зор үлесін ғалымдар талайдан 
бері айтып келеді. Әдеби тілі, поэзия тіліне зерттеушілер өз еңбектерін арнап, құнды пікірле-
рін де айтты. Олардың қатарында М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, С. Кеңесбаев, Ә. Мар-
ғұлан, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмаилов, М. Қаратаев, Ә. Тәжібаев, М. Балақаев, Ғ. Мұсабаев, А. 
Ысқақов, Б. Кенжебаев, М. Дүйсенов, З. Қабдолов, Р. Сыздықова, Б. Хасанов, З. Ахметов, т. б. 
бар.
Аты аталған ғалымдардың барлығы дерлік біз тілімізге тиек етіп отырған ауыстырулар 
мәселесін, оның теориясы мен сөз ішіндегі пайдалануы мен орнын, оның сөзге әсерін, сөздегі 
ерекше рөлін, жалпы көркемөнердің ұлттық сипатын, т. б. да түсіндіріп өтеді. Ал бұған 
романтизм теоретиктері Гете, Дидро, Лессинг, Гердер, Кант, Шиллер, т. б. өз еңбектерін арна-
ған. Реалист-жазушылар И. С. Тургенев, И. А. Гончаров, Ф. М. Достаевский, Л. Н. Толстой, 
Стендаль, Бальзак, Флобер, т. б. әдебиеттің ұлттық сипатының теориялық мәселелеріне өзде-
рінің ой-пікірлерін білдірген.
Ал поэзиядағы ауыстырулардың ұлттық сипатын ашу үшін ең бірінші көркемөнер, 
әдебиеттің ұлтқа тән барлық қағида-қасиеттерін біліп алу орынды. Осы орайда ғалым Б. 
Кәрібозұлы төмендегідей тұжырымын ұсынады: «Біздер үшін, ең бастысы, И. Г. Гердердің 
әдебиет туындылары мен мұраларының қандай ұлт, қайсы халықтікі болғанына қарамастан 
өзіндік ерекшелігі, ұлттық сипатының болатындығын айтуы еді. Көркем әдебиеттің болмыс-
бітіміндегі ұлттық ерекшелік пен ұлттық сипат мәселелері романтиктердің эстетикасында 
толық шешімін таппағаны былай тұрсын, романтизм теретиктерінің кейінгі өкілдері әдебиет-
тің ұлттық сипатын біржақты қарастырып, оған нәсілдік мағына үстеуге дейін барды», - 
дейді[1, 7].
Бұл пікірден байқайтынымыз, И. Г. Гердер әр ұлттың өзіне тән ұлттық ерекшелігі болаты-
ны секілді, оның әдебиетінде де өзгеше ұлттық бояу, реңк, ешкімге ұқсамайтын өзгешеліктің 
болуы заңдылық екендігін айтады. Ал оны біржақты пайдаланып, ұлт араздығын қоздыруға, 
нәсілдік астамшылық немесе төмендетуге дейін апаратындай көркемөнердің ғұмыры ұзақ 
болмақ емес. Сондықтан да ақын-жазушы, жыраулардың қандай да бір шығармасы ең әуелі 
өзінің эстеттік және этикеттік нормасынан айырылмауы қажет. Сонда ғана ол жазбаның өмірі 
ұзақ болады.
Бұл тұрғыда қазақ ақын-жазушыларының ары таза десек, еш артық айтқандық болмас. 
Себебі, қай ғасырларда болмасын, жазылған шығармалардың барлығында дерлік тек тәлім мен 
тәрбиенің рөлі ерекшеленеді. Қазақ халқы артына жақсы сөз ғана қалдыруға тырысады. Ақын-
жыраулардың көбісінің өлеңдерінде қазақтың кең жазира даласы, орманы мен тоғайы, көлі 
мен шөлі суреттеледі. Асқан дана, ақылды сұлулары мен батыр ерлері, пырақ аттары мен маң-
маң басқан түйелері, ұлы көш суреттері тізбектеле беріледі. Бұған мысалды қазақтың біртуар 
ұлы Абай, батыр ұлы Махамбеттің, сал-серілер Ақан мен Біржанның, Сыр сүлейлерінің, т. б. 
ақын-жыраулар өлеңдерінен тез-ақ табуға болады. Олар өз туындыларында теңеу, тұрақты сөз 
тіркесі, ауыстыру, т. б. көркемдегіш құралдарды кеңінен пайдаланады, өлеңдерінде ұлттық 
сипат кеңінен көрініс табады. Мәселен, Абай өлеңіндегі мына бір жолдарды мысалға алсақ: 
«Адасқан күшік секілді, Ұлып жұртқа қайтқан ой». Негізінде, ұлыса ит пен қасқыр ұлиды. Ал 
ойдың ұлуы, бұл жерде – өте әдемі келістірілген ауыстыру. Ойдың ұлуын қазақтан артық ешкім 
де түсінбесі хақ. Ақын халық мұң-зарын осы ой, онда да ұлыған ой арқылы шендестіріп отыр.


142 
Абай мен Махамбет өлеңдерінің біразына жоғары теориялық деңгейде қарап, екеуінің 
көптеген поэзиялық шығармаларына талдау жасаған ғалым З. Ахметов: «Махамбеттің 
«Шамдансам жығар асаумын» дегенін білеміз... Бұл метафора да айрықша, мазмұндылығымен 
көз тартады. Құрылысы жағынан да оның Абай қолданған бейнелеу тәсілімен түпкі негізі бір: 
екеуі де халықтық үлгіні тірек етеді. Алаайда Махамбет сол үлгіні тікелей пайдаланған да, 
Абай түрлендіріп, жаңаша келтірген.
Соқтықпалы, соқпақсыз жер – өте терең мағыналы метафоралық бейне. Қазақтың кең 
даласында, әрине, жол да, соқпақ та жеткілікті. Ақынның айтып отырғаны ол емес екені 
өзінен-өзі түсінікті... Ол сол қоғамдық ортада, қазақ халқының өмірінде көпшілікті ұлы ақын 
өзі арман еткен әлеуметтік тілек-мақсатқа, үлкен жаңалыққа, прогрестік қоғамдық даму 
жолына бастайтын соқпақтың болмағанын аңғартып отыр», -дейді[2, 66].
Қазіргі лингвистикалық зерттеулер шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән 
ең жоғарғы формасы оның ақыл-ойы, санасы ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз 
байланысты зерттеуге бағытталады. Әлемдік және отандық тіл білімінің қазіргі тандағы дамуы 
лингвистикалық жүйелік талдаудан антропоцентристік талдауға көшу XX ғасырдың аяғы мен 
XXI ғасырдың басындағы тіл білімінің есте қаларлықтай ерекшеліктерінің бірі болып 
табылады, өйткені тілдік құбылыстарды зерттеуде лингвистика тек қана тілдік, атап айтқанда 
адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, пікір алысып өзара түсінісуі, дыбыстық, сөз кұрамы 
және грамматикалық тәсіл жүйесімен шектеліп қала алмайды.
Жоғарыда берілген әлемдік және отандық ғалымдардың зерттеу еңбектері метафораның 
сан салалы тілдік құбылыс екендігін нақтылай түседі. Берілген анықтамалардан байқап 
отырғанымыздай, метафораның негізгі қызметі – айтылар ойдың тігісін жатқыза отырып, 
астарлай, оқырманға образды түрде ұлттық болмыста
жеткізу болып табылады.
Қазақ тіліндегі метафораның жай-күйі, оның жасалу механизмі, тілді, ойды дамытудағы 
қызметі, жалпы қазақ метафораларының зерттелуі, сипатталуы, ғылым тіліндегі танымдық, 
термин жасау қызметі теориялық тұрғыдан терең зерттеуді қажет етеді. Әсіресе метафораның 
концептуалдық (мағына, ұғым жасау) когнитивтік (танымдық) қызметі, ғылыми мәтіндерде 
жаңа ілім-білім түрлерін қалыптастыруда қолданылуы, жаңа (номинативті) мағына, термин 
жасау қабілеті назардан тыс қалып келеді.
Метафораның бүкіл болмыс-бітімін ашатын, оны тек лингвистикалық аспектіде ғана емес, 
адам ойлауы мен танымына қатысты философия, психология, логика сияқты ғылымдарымен 
байланыстырып, жан-жақты қарастыратын, қазақ тіліндегі метафора құбылысының теориясын 
қалыптастыруға үлес қосатын ірі зерттеу еңбектерді қажет етеді.
Ғалымдар
метафораның жасалу жолдарына ерекше көңіл аудара отырып, автор 
метафоралық мағына алған сөз метафоралық қолданыстың негізінде пайда болатынын, оның 
сапасы сөйлеушінің шама-шарқына қарайлас, дүниетанымына, біліміне тікелей байланысты 
екенін айтады. Кейбір ғалымдар көптеген уақыт өткеннен кейін метафоралардың өзі қайтадан 
метафорлануы, тіпті бұрынғы төл мағынасына кері оралуы мүмкіндігін де алға тартады.
Адам өмір сүрген ортадағы факторлардың өзгерістеріне қарай еркін сөз тіркестерінен 
жасалған фразеологияның компоненттеріндегі тура мағынадағы сөздер ауыспалы мағынаға 
ауысуы – ондаған, жүздеген жылдардың ішінде болатын құбылыс. Мәселен, профессор М. 
Балақаев
көркемдік арқау болатын тілдік тәсілдерді екі топқа бөледі. Бірі – бейнелеу тәсілдері 
– өмірдің реалды шындығын, құбылысты кісінің көз алдына елестететіндей етіп суреттеу, 
екінші әсері – әсерлеу – оның үстіне кісінің эмоциялық сезіміне әсер беретіндей етіп көріктеу. 
Ал ғалым Б. Хасанов қазақ метафораларын екіге бөледі: бірі – белгілі бір шешеннің сөз 
саптауында пайда болған индивидуалдық метафора, екіншісі – халықтық сипат алған дәстүрлі 
метафоралар. Бірақ бұл екеуінің ара-жігі жоқ, өйткені жеке авторлар жасаған метафоралар 
көбіне халықтық дәстүрлі метафоралардың ізімен жасалады және олардың көпшілікке кең 
тарауы мүмкін.
Өмірлік тәжірибеде құндылықтар тізіміне, қазіргі кезеңдегі басты тұлға, ең маңызды 
құндылық иесі – адам екендігінде күмәніміз жоқ. Кез келген нәрсе, жер бетіндегі барлық 
заттар, бүкіл адамзаттық мәдени мұралардың ең ізгілері – құндылықтар адам қолдарымен, 


143 
ақыл-ойларының нәтижесінде жасалған. Барлық пікірлер мен айтылған көзқарастарға сүйене 
отырып, құндылық – адам ойының қандай да бір жоғары түрі деген тұжырымға келе отырып, 
құндылықты мәдениеттің құрамдас бөлігі деп есептейміз.
Зерттеушілер жалпыадамзаттық сипат, көркемөнердің ұлттық және көпұлттық сипаты, 
әдебиеттегі ұлттық сипат төңірегінде өздерінің көптеген ой-пікірлерін қалдырды. Сонымен 
қатар, ұлттың өзіне ғана тән ерекшеліктерін айтқан кезде оның бір жақты болып кетпеуін, яғни 
өз ұлтын дәріптеудің дұрыстығын, дегенмен де сол жолда басқалардың ар-ождан, намысын да 
аяқасты етпеуі қажеттілігін, яғни этика мәселесін үнемі еске салып отырады. Мәселен, Г. 
Ломидзе мұны өзінше былай түсіндіреді: «Ұлттық шектелу – өз ұлтының шекарасында ғана 
болу, ұлттық көкіректік, менмендік, дандайсу ғана емес, ұлттық шектелу социалистік өмір 
жағдайында ұлттықтың зиянды әдеттеріне сүйену болып шығады. Ұлттық шектелу сондай-ақ, 
өз ұлтына даген шынайы махаббатпен, оның тарихи және бүгінгі тұрмыстағы ұлт өмірін 
көрсететін, басқа халықтар өміріміен жалғастыратын сапалы қасиеттерімен еш уақытта бірге 
бола алмайды»[3, 37].
Жоғарыдағыдай пікірлер қарап отырсақ, көптеген ғалымдардың зерттеулерінде кездеседі. 
Дегенмен де олардың барлығының ішінен олардың ең дұрысын таңдап алу – көзі қарақты 
оқырман еншісінде. Сондықтан да қазіргідей өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп жатқан шақта 
әр ұлт та өзінің бұрын ұмыт болған, ұмыт болуға шақ қалған қымбат қазыналарын ұлттық 
тұрғыда қарастыруға толық хақылы. Тек, тағы да қайталап айтамыз, этикет мәселесін сақтай 
отырып, құқықтық негізде жұмыс істегенде ғана ұтылмайтынымыз анық. Осы орайда келесі 
зерттеуші В. Д. Оскоцкий былай дейді: «Ешбір ұлттық әдебиет өзінің аумағының жағрапиялық 
шекарасында қалмайды, басқа ұлт әдебиеттерімен байланыссыз, олардың тәжірибесінен 
үйренбей және оларға өз жетістіктерімен ықпал етпей, байытпай дами алмақ емес»[4, 20].
Осындай пікірлерден барып, зерттеушілер көбіне белгілі бір ұлттың, мейлі ол қазақ немесе 
орыс не латыш деп алайық, олардың өзіне ғана тән ұлттық сипатынан алшақ кетіп жатады, 
яғни сол ұлттың өзіне ғана тиесілі ұлттық мінез, ұлттық бояу, ұлттық калорит, жалпы тек 
өзінікі іспеттес дүниенің бар екендігін ұмыт қалдырады. Осы орайда ғалым Б. Кәрібозұлының 
мына бір тұжырымы мен мысалына назар аударғанды жөн көрдік: «Көркемөнердің ұлттық 
және көпұлттық мәселесін зерттеуде еленуге тиіс тағы бір тұс – ұлттық және көпұлттық, яки 
жалпыадамзаттық сипаттарды бір-біріне қарсы қоюға болмайтындығымен байланысты. Кез 
келген ұлттық әдебиеттің өмірінен таза ұлттық сипатты туындыларды табуға болғанымен, 
осындай шығармалардың негізінде әдебиеттің ұлттық сипатын ғана уағыздап, оны әдебиеттің 
көпұлттық, яки жалпыадамзаттық сипатына қарсы қоюға тіпті де болмайды», - дей келе автор 
Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің таза ұлттық сипаттағы туынды 
екендігін алға тартады[1, 23].
Зерттеуші қазақтың құс салу, таудан түлкі қағу, аңшылық ләззатын осылар арқылы сезіну 
қазаққа болмаса, басқа ұлттарға сондайлық рахат сыйлау мүмкін болмауын не оның 
түсініксіздеу болуын тілге тиек етеді. Сонымен бірге оның тағы да сол Абайдың: 
«Құсы да, иесі де қоразданар,
Алпыс екі айлалы түлкі алғанда,
«Үйірімен үш тоғыз» деп жымыңдап,
Жасы үлкені жанына байланғанда, - десе, басқаларын айтпағанның өзінде, «үйірімен үш 
тоғызды» бөтен ұлт өкілі қайдан түсінеді, бұндай тіркестер қандай шебер аудармашының 
қолына түскенімен, қазақтан басқаға түсініксіз болып қала береді, толық мағынасын беретін 
қалыпта аударылмайды. Қазақ халқының ұлттық дәстүрін білдіретін өлең жолдарының біреу 
емес, бірнешеу, Абайда ғана емес, басқаларда да барлығын ескерсек, әдебиеттің ұлттық сипа-
тын сол әдебиеттің ұлттық дәстүрі де анықтай алатынына ден қоямыз, - деуінен көп жайды 
аңғаруға болады.
Жоғарыда келтірілген зерттеушілер пікірлері әр алуан. Десе де олардың барлығы дерлік 
әдебиеттің ұлттық сипатын ашудан, оның құндылығын бағалаудан қашпайды. Ал мына бір 
тұжырым сол ой-пікірлердің нүктесін қоятын секілді: «Ұлттық пен жалпыадамзаттық бір-
біріне қарсы, жауластық жағдайында емес, керісінше, қоғамдық және мәдени дамудың 


144 
жоғарғы сатыларында олардың бір-бірімен байланысы күшейе түседі. Көркемөнер тарихында 
нақты, айқын ұлттық сипат жалпыадамзаттыққа ұласады, жалпыадамзаттық сипатқа ұласқан 
ұлттық сипат өзінің қуат-күшін арттыра түседі»[5, 11].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет