С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


Моси тайпалары құрған мемлекеттер



Pdf көрінісі
бет92/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   162
Моси тайпалары құрған мемлекеттер. ХІ ― ғасырда Вольта 
өзенінің  бассейнінде  өмір  сүрген  моси  тайпаларының  Уагадугу, 
Ятенга, Фада-и-Гурма деген мемлекеттері құрылды. 
Уагадугу мемлекеті 16 провинциядан құрылды. Уагадугу 
мемлекетінің басшысына 5 провинция тікелей бағынды. Қалған 
11 провинцияның басында жергілікті көсемдер тұрды. Өкімет 
басшысының жанынан 16 кеңесшіден тұратын Кеңес құрылды. 
Уагадугу, Ятенга жəне басқа да ірі елді мекендерде құлдар сататын 
рыноктар болды. Құлдарды тек ауыр жұмыстарға ғана емес, ірі 
əкімшілік қызметтерде де пайдаланды. 
Моси тайпаларының екінші ірі мемлекеті Ятенга ХІІ ғасырда 
құрылды. Оның негізін бұрынғы Уагадугуға вассалдық тəуелділікте 
болған Зандома князьдығы құрды. ХІІІ―ХІV ғасырларда ол Сонгай 
империясы мен Мали мемлекетінің тарапынан өз аумағын ұлғайтты. 
Ятенганың астанасы Груси тауында болды /Ятенга қаласы/.
Ятенганың мемлекеттік, қоғамдық құрылысы Уагадугудағы 
құрылысқа ұқсас болды. Əкімшілік аппараты Уагадугудың аппара-
тынан едəуір көп болды. Провинциялардың əкімдерін орталық 
өкімет тағайындады. Ол қызмет əкеден балаға мұра ретінде қалып 
отыратын. Провинциялардың бастықтары мосаи тайпасының 
өкілдерінен ауылдардың бастықтарын тағайындады. Басып алын-
ған жерлерде сондай ауыл бастықтарынан басқа жергілікті ру 
көсемдері де қосымша бастықтар болып тағайындалатын. Олар 
«жер иелері», «жер қожалары» деп те айтылатын. 
Ятенгада тұрақты салық жүйесі қалыптасты. Салықты тек 
бағынышты нионьосе, само, диула, фульбе тайпалары ғана төледі. 
Мосиліктер салықтан босатылды. Салықтар, сауда керуендерінен 
алынатын кедендік алымдар астық, тұз, мал түрінде жиналатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет