Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет14/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

Дауыстар.
 
(Бір
-
бірін құттықтайды, қол алысып, құшақтасып жатады).
 

 
Құтты болсын! 
 

 
Құттықтаймын!
 

 
Жаңа күн шатты болғай! 
 

 
Жаңа Жыл бақытты болғай!
 

 
Жаңа ғасыр тыныштық әкелгей!
 

 
Мың жылдық бәрімізге де бірлік пен береке әкелгей!
 
 
 
Жоғарыдан  бір
 
құдіретті  дауыс:  “Тілектерің  қабал  болғай!”  –
 
дейді.Тұрғандар шошынып кӛкке қарап қалады. 
 
Шымылдық жабылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2 бӛлім. Бабалары мен балалары
 
 
 
Бұл  бӛлімде  жолаушылар  мен  олардың  бабалары  туралы 
баяндалады.
 
 
 
Барлығы  да  Кӛктен  естілген  құдіретті  дауыстан  шошынып  қалғанымен 
жақсылыққа жорып жатады.
 
 
Дауыстар:
 
-
 
Қасиетті бабалар біздерді ұмытпаған екен!
 
-
 
Бұл Кӛк Тәңірінің даусы болар!
 
-
 
Алла тағала бізді қолдап жатырғаны ғой, шамасы!
 
 

 
128 
Баязит  ҧрпағы.  Ағайындар!  Біздің  бұл  бас  қосуымызға  Алла 
тағаланың
 
ӛзі  риза  болып  жатыр  ма  деп  қалдым.  Әйтпесе,  Кӛктен 
жеткен құдіретті дауыс Алланың құдіреті болмай, кімдікі болушы еді.
 
 
Қазақбай.
 
Япырым
-
ай!  Кӛз  кӛрмесе  адам  сенетін  нәрсе  ме 
бұл?  Айтсаңдаршы,  қарақтарым,  не  сыр  бар?  Кім  жинады  сіздерді 
бұл жерге?
 
 
Томирис  ҧрпағы.
 
(Сезімдене  сӛйлейді).
 
Онда  тыңдаңдаршы 
мені!.  Мен  сан  ғасырлар  бойы  біздердің  бабаларымыздан  әкеден 
балаға  ӛсиет
-
мұра  боп    келе  жатқан,  маған  әкемнің  соншама 
жаттатқан  бір
-
екі  ауыз  сӛзін  айтып  берейін...  Әкем  дауыстап  айт, 
бүкіл елге естіртіп айт, мақтанып айт, қуанып айт дейтін еді...
 
 
 
Қазақбай.
 
Қызым!  Әкең  не  тапсырып  еді?..  Әй,  бәсе!  Осы 
жиынның  бір  сыры  бар  екенін  жүрегім  сезіп  тұр    еді!..  Айтшы 
қалқам, ол не сӛз, қандай сӛз?..
 
 
Томирис  ҧрпағы.  …Адамдарының  есінде  қалмастай  ескі 
заманда  кәзіргі  түркі  тектес  әр  түрлі  елдер  бір  кісінің  балалары 
екен.  Солар  заманынан  бір  аңыз
-
ӛсиет  қалыпты...  Дәл  осы  жерде, 
Қазығұрт  тауының  басында  Аллатағаланың  бұйрығымен  топан  су 
тартылғанда  Нұх  пайғамбар  кемесі  тоқтаған  екен.  Нұх 
пайғамбардан    тараған  түркі  нәсілді  пенделер  бір  кезде  осы  ен 
далаға  сыймастай  болып  кӛбейіпті.  Заманнан  заман  ӛткенде 
жапырағы  жайылған,  тамыры  тереңдеген  түркі  тұқымдас 
қарындастарға Қаратау маңы тарлық етіпті. Содан жан
-
жаққа тарап, 
жаңа қоныс іздемек болып, бір
-
біріне  ӛсиет
-
ант берісіпті...
 
 
Қазақбай.
 
Естімеген елде кӛп деген, міне ғажап!..
 
 
Дауыстар:
 

 
Дәл айтады.
 

 
Дұрыс айтып тұр.
 

 
Солай, маған менің атам да дәл осылай айтқан.
 

 
Біздердің де айтарымыз сол.
 
 
 
Томирис ҧрпағы. Бір замандарда түркі тұқымдас тайпалар әр 
мың жыл сайын  жаңа
 
мыңжылдықтың алғашқы күнін, Наурыз күнін, 
Нұх пайғамбардың ізі түскен, исі сіңген  қасиетті Қазығұрт тауының 
басында, бірге қарсы  алатын болып келісіпті.
 
Кездесуге келгендер:
 

 
129 
 
Біріншіден  –
 
ӛзінің  тегі  бастау  алатын  атақты  бабасының 
атынан сӛйлеп, сол баба ұрпақтарының соңғы мың жылдан бері ӛз 
елі  мен  түркі  тектес  елдер  игілігі  үшін  тындырған  ісімен,    еткен 
жақсылығымен мақтансын депті...  
 
 
Екіншіден –
 
бұдан мың жыл бұрын айтып кеткен бабаларының 
ӛкінішімен кӛкірегін жара күрсінуге тиіс екен...  
 
Үшіншіден  –
 
осы  Қазығұрт  басында  тірі  ұрпқтың  болашақ  
ұрпақтарға  деген    ӛз    арман
-
тілектерін  айтып,  соларға  үміт  артуы 
қажет екен...
 
Қҧлтегін ҧрпағы. Олар сонымен қоса:
 
Түркі  тамырлас  қарындастар!  Бір  тамырдан  нәр  алып 
жатырсыңдар, тамырларыңды үзіп алмаңдар!
 
Жақынсыңдар, жат болып кетпеңдер!.. 
 
Қандассыңдар,  Туыссыңдар,  қарларыңа  тарта  жүріңдер!”... 
деп, түркі қандас елдердің ұранын қайталап айтуы қажет екен. 
 
 
  
Томирис  ұрпағы  қолындағы  саз  аспабының  құлағын  күйге  келтіреді  де, 
кӛне  түркі  сарынды  сазды  ойнай  жӛнеледі.  Қалғандары  (Қазақбайдан 
басқалары,  ол  кісі  құралсыз)  қолдарындағы  саз  аспаптарымен,  бұрыннан 
келісіп алғандай
-
ақ қосыла кетеді.   
 
 
     
Томирис  ҧрпағы.
 
Міне  ғажап!  Бұл  сарынды  бәрі  білетін  боп 
шықты ғой! Мүмкін сӛзін де білетін боларсыздар!
 
 
    
 
Ӛлең бастайды.
 
 
     
Тмирис ҧрпағы.
  
Тыңда ұрпақ! Есіңе ал, тегіңді біл!
 
Қазығұрттың басында кеме қалған…
 
 
     
Қалғандары  да  бірден  қосыла  кетеді.  Қазақбай  бұларға  таңырқап  қарап 
қалған.
 
 
Тыңда ұрпақ! Есіңе ал, тегіңді біл!..
 
 
Қазығұрттың басында кеме қалған!
 
Ол әулие болмаса неге қалған!?
 
Нұх тауында Наурызда бас қосыңдар,
 
Бар игілік тек сонда келеді алдан...
 
 
Тыңда ұрпақ! Ӛсиет қалдырдық Біз!..
 
 
Мың жыл сайын, жинал деп, ұрпақ Сізге –
 

 
130 
Біздер бҥгін анттастық осы жерде…
 
…Ортаға сал сол күні ел арманын,
 
Ант қабылдаң, таратың сосын елге!..
 
 
     
Ӛлең
 
айтылып болған кезде кенет найзағай жарқылдайды.  Күн күркірі  
жоғарыдан естілген  құдіретті дауысқа ұласады.  
 
 
     
Дауыс.
  (
Ап
-
анық,  әр  сӛзді  бӛліп  айтады
)  Тағы  да  бас  қосып 
жатырсыңдар  ма!  Құдірет  күшіне  сенімін  сақтағандар!..  Тәніне 
қанағат,  жанына  иман  ұялатқандар!  Сіздерсіңдер  тіршілік  діңгегі!.. 
Тындырған  істеріңе мақтаныңдар!.. Жіберген қателеріңе ӛкініңдер!..  
Мыңжылдық  ғұмырларыңды  қорытындылаңдар!…  Болашақты 
армандаңдар!..  Ең  қасиетті,  ең  құдіретті  нәрсенің  Ой  менен  Сӛз 
екенін  естеріңде  сақтаңдар...  Солар  алдында  адал  болсаңдар 
бүгінгі мына Жерің де Жүмақ болар, ертеңгі мәңгілік мекендерің де 
Жұмақ болар!..
 
 
     
Бірте
-
бірте  жан
-
жақ    анықтала  бастайды.  Адамдар  абдырап  қалған.  Бірақ 
салмақты. Қорқып кеткендері де, құдіретке  табынып қалғандары  да қолдарын 
кӛкке  жайып,  бір
-
біріне  қарасып  бірі  кӛзімен,  бірі  сӛзімен,  бірі  қимылымен  “не 
болып  қалды?”  деген  сұраққа  жауап  іздегендері  байқалады.Кӛпшілігі  отыра 
қалып намаз дұғаларын оқи бастайды.
 
Қазақбай  не  істерін  білмей  абдырап,  әркімге  бір  қарап,  араларында  айналып 
жүреді.
 
        
     
Қҧлтегін  ҧрпағы.
 
Піссіміллә,  піссіміллә…  Лә  илаһа  илаллаһ. 
Бұл  бабалар  рухы  шығар!..  Аян  беріп  жатыр  ғой…  Ӛсиетті 
орындадыңдар  демеді  ме…  Риза  сияқты  ғой…  Ойларыңды  ортаға 
салыңдар демеді ме!.. Қамқор сияқты ғой!..
 
 
 
Бҧхар жырау ҧрпағы.
 
Құдіреті күшті Алла тағала, сақтай кӛр 
ӛзің...  Асылы  бұл  Алла  тағаланың  атынан  сӛйлейтін  бір  періштесі 
болар...
 
 
  
Томирис  ҧрпағы.
 
О,  Тәңірі!..  Естідіңдер  ме?..  Соншалықты  
анық дыбыс, соншалықты түсінікті сӛз болады екен ғой…
 
 
     
Баязит  ҧрпағы.
 
Естіп  тұрмыз!..  Сол  дыбыс  пен  сол  сӛз, 
шынымды  айтсам,  менің  есімді  жинатқандай  болды  ғой!..  Ау… 
Түстерің  таныс,  түрлерің  ұқсас  –
 
осы,    кімсіңдер  ӛздерің?..  Кӛктен 
түскен  құдіретті  Тәңіріңнің  сӛзі  де  түсінікті,  жерден  жиналған 
пенделер сӛзі де түсінікті бұ не деген  қасиетті жер еді?.. Тайпалас 
қарындастардай,  туысқан  ағайындардай  шеттерінен  жылы  жүзді, 

 
131 
жүрекке  жақын,  жанға  жұғымды  жандар  –
 
бүгін  неғып  осы  араға 
жинала қалдыңыздар?..
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.  Бабаларымыз  мың  жыл  бұрын  дәл  осылай 
кездесіп,  осы  таудың  басында  анттасқан  екен  дейді  ғой…  Сіз  де 
тегін келмеген боларсыз?.. 
 
 
     
Қазтуған  ҧрпағы. 
(Ӛзіне  ӛзі).
 
Уа,  Құдіреті  күшті  Алла  тағала!.. 
Қасиетті  бабалар!..  Мен  ес  білгеннен  ӛзі  ӛлгенге  дейін  менің 
құлағыма  құйып  кеткен  әкем  аңызының  ӛз  арнасын  ақыры 
шындыққа әкеліп қосқан жері осы болғаны ма?..  Айта
-
айта аңызға 
айналып кеткен сол бір бабалар әңгімесінің тамыры ақиқаттан нәр 
алып  жатқаны  ма?..  Япырым
-
ай,  шыныменен  ӛмір  жалғасы  болып 
шыққаны ма?.. Менің 25 жыл күткен бұл кездесуімнің арғы жағында 
аруақты аталар рухы тұрғаны расқа айналып бара жатыр ғой…
 
 
     
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.  Рас  болғар!  Қыран  ұшып  жете  алмас 
Қазығұрт  басына  осыншама  адам  қалайша  таң  алдында,  Ұлыстың 
Ұлы күні кенеттен кездесе қалмақ?.. Рас болар…
 
     
  
Қазақбай.
 
Болар,  болар…  Заман  да  түзеліп  келеді,  адам  да 
түзеліп келеді. Аңыздың бәрі –
 
ақиқат екен. Ертегінің бәрі –
 
естелік 
екен…  Жеті  қат  кӛктен  бабалар  рухының    аян  бергені  –
 
Алла 
тағаланың  сіздерге  деген,  елге  деген  ниетінің  түзулігінен  бе  деп 
қалдым  ғой…  Табыстыңыздар,  танысыңыздар  демеді  ме… 
Танысалық.  Біліселік…  Түсініселік…  Ал,  айтыңдаршы,  кімсіңдер?.. 
Қайдан жүрсіңдер?.. Жӛн сұрасалықшы…
 
 
 
Едіге ҧрпағы.
 
Мен де осы тауға бір
-
ақ тілекпен келдім. Ол да  
мына қарындасымыз айтқанындай, ӛмірден мың жыл бұрын ӛтіп 
кеткендердің ӛсиетін орындау шаруасы...
  
 
 
Томирис 
ҧрпағы. 
Ата
-
бабасын 
ұмытпау, 
олармен 
жалғастырып  жатқан  тамырын  үзбеу  ӛз  тарихыңа  еткен  тағзымың 
дейтін  әкем!..    Жаратылысты  сыйлау,  оның  ӛзіңді  ӛмірге  әкелген 
құдіретін  мойындау  –
 
Алла  тағала  етер  құрметің!..  Ал  осындай 
қасиетті сезімдерді басшылыққа алу ол тек тектілер тынысы дейтін 
менің сүйікті әкетайым!..
 
 
   
  
Тағы  да  жан
-
жақ  күңгірт  тарта  бастайды.  Жарық  ӛше  жаздаған  шақта 
жоғарыдан  құдіретті,  бірақ  қорқынышты  емес,  еріксіз  елең  еткізер  дыбыс 
жақындап келе жатады. Жиналғандар алаңдасып қалады. 
 
 

 
132 
     
Дауыс.
 
(Жоғарыдан  әйел  даусы) 
Дұрыс  айтасың,  қызым!          Ата
-
баба  антына  адалдық  –
 
тектілікке  бастайды!..  Бүгінгі  кездесуге 
менен  тараған  ӛз  ұрпақтарым  үшінші  рет  жиналған
 
екен.  Олардан 
бұрынғылар да үш рет кездесіпті дейтін... Сіздер ғасырлар салмағы 
майыстыра  алмайтын,  уақыт  әсері  бояуын  ӛшіре  алмайтындай, 
ұрпақтарыңды ұлылыққа бастай алатындай ант қабылдаңдар!.. Сол 
ант 

Еліңді ел етер!.. Тӛліңді тӛл етер!.. Жеріңді кӛгертер!..   
 
 
  
   
Бәрінің тағы да абыржып, шошып қалғаны байқалады

 
     
Дауыстар. 
 

 
Піссіміллә, піссіміллә!…
 

 
Лә илаһа илаллаһ! 
 

 
Бұл кім болды екен?… 
 

 
Әйел даусы ғой… 
 

 
Әй, Алла, ӛзің сақтай гӛр!   
 
 
  
     
Томирис  ҧрпағы.
 
Рахмет,  қасиетті  бабам  менің!  Бұл  менің 
Томирис  патша
-
айым  бабам!..  Алланың  бұйрығы  болар,  бізге  аян 
беріп жатыр!
 
 
     
Қҧлтегін ҧрпағы.
 
Япырым
-
ай, сол Жарықтық па екен?..
 
 
     
Едіге ҧрпағы.
 
Оған не күдік бар. Меніңше осы қасиетті Қазығұрт 
басына дәл осы сәтте ешкім де тегіннен
-
тегін келе
 
қалмаған болар. 
Бұлардың бәрі де бабалар рухымен рухтанған, аталар арманымен 
үміттенген  жандар  шығар.  Тек  сондай  жандар  ғана  елінің  бүгінгі 
тағдырына, болашақ  арманына жүрек сезімімен қарай алар…
 
 
     
Томирис ҧрпағы.
 
Дұрыс айтасыз.
 
 
     
Баязит  ҧрпағы.
 
Ғажап
-
ай…  Мені  бір  күш  осылай  жетектегелі 
ӛзімнің  денімнің  саулығына  да  күдіктене  бастаған  болатынмын. 
Әкем  бұ  дүниеден  ӛтерінде  ӛзінің  2001  жылға  жете  алмайтынына 
қатты ӛкініп, маған құран ұстатып, ант бергізіп еді…
 
 
     
Қазтуған  ҧрпағы. 
(Қасындағы  кісіге) 
Менің  бір  нәрсеге  кӛзім  анық 
жетіп тұр. Асылы  мен де, сіз де, осы жиналғандардың барлығы да  
атадан  балаға  мирас  болып  келе  жатқан  үш  ауыз  ӛсиет
-
сӛз  үшін 
келген болар?..
 
 
     
Едіге ҧрпағы.
 
Иә, дәл солай. Тауып айттыңыз.
 
 

 
133 
     
Бҧхар жырау ҧрпағы.
 
Демек, бүгін осы жиналған кісілердің бәрі 
де  бұдан  сан  мың  жылдар  бұрын    болашаққа  үмітпен  қараған 
бабаларының артына қалдырған үш ауыз сӛзіне бола: 
 
-
 
ӛз  замандарындағы  ел  үшін  тындырған  ісіне  деген 
мақтанышы;
 
-
 
ӛмірден ӛтердегі ӛкініші;
 
-
 
арттағы  ұрпаққа  қалдырар  арман
-
ӛсиетін  басқаларға 
естірткелі,   елге таратқалы келгені… 
 
 
Баязит 
ҧрпағы.
 
Түркі 
тектес, 
біздің 
бабаларымыз, 
бастарында бірлік болған күні талай
-
талай ұлы мемлекеттер құрған. 
Бірақ  бастағы  бірліктен  айрылған  бойда  олар  ұлы  болудан  да 
қалған.  Енді  мына  біздердің  ата
-
баба  ӛсиетіне  жиналған  бүгінгі 
күнімізді,  дәл  осы  сәтті  тұтас  түркі  нәсілінің  қайтадан  ұлылық  пен 
бірлікке  қадам басуы деп түсіну қажет болар!  
 
 
Едіге ҧрпағы.
 
Қажет! Қажет
-
ақ! 
 
 
Баязит  ҧрпағы.
 
Бірақ  бұны  ұйымдастырып  отырған,  ӛкінішке 
орай,
   
бүгінгі  жиналып  жатырған  біздер  емес,  осыдан  мың  жыл 
бұрын дәл осы жерге, осылай жиналғандар!
 
  
  
ҚазақбайМіне керемет! Баласы емес, немересі емес… Мың 
жылдан  соң  ӛмірге  келер  ұрпақ  қамын  ойлап,  ӛсиет  қалдырған!.. 
Адам бол деп жатыр!.. Бауыр бол деп жатыр!.. 
 
 
 
Томирис  ҧрпағы.  Солай  деп  жатыр,  қасиетті  бабалар  рухы. 
Енді  ел  басы  бүтінделер.  Мәңгүрттіктен  айрылар.  Адам  жанын 
рухани байлыққа жеткізуге бет бұрар.
 
 
Қазақбай.
 
Шырағым
-
ай,  Бұ  заман  адамдарының  құлқы  соған 
кӛне  алса  жарар  еді.  Есірткімен  есірген  есуастар...  “Алқаш” 
атанатын  арақкештер...  Алласын  ұмытқан  дінсіздер,  ӛз  ұлтын 
жатырқаған мәңгүрттер... Мына Сіздердің бабаларыңның бұдан үш 
мың,  тіпті  алты  мың  жыл  бұрын  сӛйлеген  сӛздері  бүгін  түсінікті 
болып жатқанда, бүгінгі ана тілің үшін ұялатын халге жеттік... Арам 
ойлар  мен    ӛгей  ұрпақтар...    Шұбарланған  тілдер  мен  ойсыз 
кӛкіректер...
 
 
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.  Ӛткен  заман  адамдары  ел  қамын 
кӛбірек қамдаған секілді.
 
 

 
134 
Томирис  ҧрпағы.  Ағатай
-
ай,  Сіз  біздің  замандастарымызды 
тым  сүмірейтіп  жібердіңіз  ғой...
 
Жақсылыққа  ұмтылып  жатқандары 
да  баршылық  емес  пе!  Сіз  айтқан  есеріктер  мен  алқаштардан, 
мәңгүрттер  мен  “жаңа  қазақтардан”  дұрыс  қазақтар    әлде  қайда 
кӛбірек... Шіріген жұмыртқа әр қоғамда да болып тұратын құбылыс 
дейді ғой!
 
 
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.
 
Соған  кісіліктері  жетіпті  ғой!  Шіркін 
мына қара жер құшағында қаншама әулие жандар жатыр десеңізші!
 
 
Қазақбай.
 
Ал  бұ  күндері  болашақ  тағдырына  бола  таласқа 
түсер  кім  бар?..  Ал  баяғылар  болса  бір  ұрпақ  ғұмыры  емес, 
алдындағы мың жылдыққа сенген...
 
 
Томирис  ҧрпағы.
 
Біз  бар!  Біз  таласамыз!  Сол  таласты 
бастаймыз! Бүгін, міне кәзір бастаймыз ағасы! Тек жүрген жеріңізде, 
отырған  орныңызда,  жатқан  тӛсегіңізде  бүгінгі  кӛргеніңізді  айтып 
жүруге уәде етіңіз!
 
 
Қазақбай.
 
Лайым  солай  болғай.  Айтып  жүремін,  айналайын! 
Айтып  жүремін.  Кӛзі  ашық,  кӛкірегі  ояу  бар  қазақтың  арманы  осы 
емес пе! 
 
 
Томирис ҧрпағы.
 
Сіз біздердің осында неге жиналғанымызды 
білгіңіз келіп еді ғой. Мен айтып берейін. Осы тұрған бәрімізді осы 
жерге жеткізген бабалар анты. 
 
 
 
Қазақбай. Айтыңызшы, ол қандай ант?
  
 
 
     
Дауыстар. 
 

 
Айтыңыз. 
 

 
Шыныменен сәйкес шығар ма екен?..
 

 
Ғажап
-
ай! Ақылға сыймастай кӛруші ек!
 
 
  
Томирис ҧрпағы.
 
Баяғы заманда бабаларымыз осы тау 
басында әр мың жыл сайын кездеседі екен. Кездесіп, тындырған 
істерін айтып мақтанатын болыпты. Қателіктеріне ӛкінішін де 
жасырмапты. Болашаққа деген арман
-
тілегін де ӛсиет етіп 
қалдырады
 
екен. Мың жылдан кейін ӛмірге келген әр ұрпақ ӛкілдері: 
біріншіден: “Біздің бабамыз сондай іс тындырыпты!” –
 
деп мақтануға 
тиіс екен. Екіншіден…
 
 

 
135 
 
Қҧлтегін
 
ҧрпағы
. 
Қарындасым, сәл кідіріңізші, екіншісін мен 
айтайын.  
 
   
 
Томирис ҧрпағы.
 
Жарайды, ағасы... Сіз айтыңыз...
 
 
 
Қҧлтегін
 
ҧрпағы
.  
Екіншісі –
 
“ӛкініш”
 
деп аталады екен… 
Бүгін осында келген әр адам бір кезде ӛз атасының жүрегіне қан 
қатырған
 
ӛкінішін, әттеген
-
ай деуге жеткізген орындалмаған 
арманын баршаға жария етуі үшін келеді… үшіншісі…
 
 
     
Бҧхар жырау ҧрпағы.
  
Сабыр етіңіз! Ортақ сӛз бен ортақ ойдың 
әр ауыздан шыққаны дұрысырақ болар. Үшіншісін мен айтайын.
 
       
Үшіншісі  –
 
“арман”
 
деп  аталады екен.  Осы  тұрған  әр  адам  ӛз 
бабасының  “әттең
-
ай,  әттең”  деп  бармақ  тістеп  ӛткен  тұстарын  ел 
құлағына  жекізуі  тиіс  екен.  Ал  мына  біздерге тек  қана  бүгінгі ұрпақ 
емес,  болашақ  мың  жылдық  ұрпақ  ұран  ете  алатындай    арман
-
жалауын кӛтеріп беру міндеті жүктелмек. Егер біз сол арман
-
мақсат 
мағынасын  дәл  халық  кӛкірегіндегі  “әттеген
-
ай”  дегізген  опыныш, 
бармақ тістеткен ӛкініш мағынасымен бейнелей алсақ,   онда келесі 
мың жылда кездесетіндер де біздің бүгінгі сӛзімізді дәл осы жерде, 
дәл қазіргі біздердей аңызға айналдырып тұратын болады… 
 
    
     
Дауыстар.
  

 
Рас. Мақтаныш, Ӛкініш, Арман!
 

 
Солай.
 

 
Осыдан артық ата ӛз ұрпағын қалай қамқорлай алады...
 
 
    
Қазақбай.
 
Мыңдаған жылдар сұрапылы сүрте алмаған, тарих пен 
уақыт  дауылдарына  да  шыдап  ӛшпей  келген  бұл  не  деген  құдірет    
дарыған сӛз еді, не деген қасиет қонған ант еді!..
 
 
 
Едіге ҧрпағы.
 
Олай болса, барлығының да ӛз аталарының
 
ӛсиет
-
антын айтып шыққаны дұрыс шығар…
 
 
Дауыстар.
 

 
Әрине…
 

 
Қалай бастағанымыз дұрыс?..
 

 
Кімнен бастаймыз?..
 
 
      
Бҧқар  жырау  ҧрпағы.  Ғажап!..  Жаңағы  екі  ауыз  ӛлеңнің  бір 
жолын    ӛзгертпей  бізге  жеткізген  “Сӛз”  бен  “Тіл”  атты  құдірет  күші 
де,  елдің  ата
-
баба  рухына  деген  ниетінің  шынайылығы  да  ғажап 

 
136 
емес  пе?!.  Ал    мына  аспаптардың  бірдей  үнмен,  бірдей  сазбен 
сайрай жӛнелгені –
 
міне нағыз табынарлық нәрсе сол болды!.. Жап
-
жаңа  кӛктен  түскен  құдірет  –
 
Ең  қасиетті  нәрсе  Ой  мен  Сӛз  –
 
дегенінің  дәлелі  де  осы  секілді...  Қаншама  асылдар  азып  кетті, 
торқалар  тозып  бітті.  Сӛз  сол  күйінде  сақталыпты.  Үш  мың  жыл 
бойы...
 
 
     
Баязит  ҧрпағы.
 
Мүмкін,  бұл  ант  одан  да  бұрынырақ 
қабылданған болар?.. 
 
 
     
Едіге ҧрпағы.
 
Жаңа аян берген Томирис бабаң  бізден бұрын да 
үш  рет  жиналған  демеді  ме…  Демек  бұл  анттың  жасы    алты  мың 
жаста!.. Бізден кейінгі кездесетіндер жетінші рет кездеспек.
 
 
 
Бҧхар  жырау.
 
Мына  жас  қыз  жаңағы  кӛктен  жеткен  құдіретті 
дауысты  менің  Томирис  бабам  деп  қалды  ғой.  Ӛзі  ішіміздегі  ең 
жасымыз болғанымен, табынар аруағы  Томирис рухы болса, онда 
ол  біздің  ең  ежелгі  баба  тарихымыздың  тілімен  сӛйлейтін  нағыз 
қартымыз  болып  тұр.  Біздің  сырласуымызды  осы  баланың  бізден 
30
00  жыл  бұрын  ӛмір  сүрген  бабаларының  сол  кездегі  Ойы,  сол 
кездегі Сӛзі арқылы бастағанымыз  дұрыс болар.
 
 
Томирис  ҧрпағы.
 
Баста  десеңдер  бастайын.  Мен  біздің 
дәуірімізге  дейінгі  осы  ен  далада  патшалық  құрған  Томрис  патша
-
айымның бұ заманға жеткен жапырағы екенмін. Әкем ұлсыз ӛтті бұ 
дұниеден, маған тапсырып еді.
 
 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет