Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет9/54
Дата25.01.2023
өлшемі3.18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54
Зерттеудің мақсаты:
 
география пәнін оқыту үдерісінде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдануды теориялық тұрғыдан 
негіздеу, әдiстeмeлік жүйесін жасау жәнe оның тиімділігін экспeримeнт 
жүзiндe дәлелдеу. 
Зерттеу нысаны: жалпы орта мектепте ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану тұрғысынан география пәнін оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: география пәнін оқыту үдерісінде ақпараттық- 
коммуникациялық технологияларды қолдану. 
Зерттеудің ғылыми болжамы: eгep, оқыту үдерісінде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану теориялық тұрғыда 
негізделіп, оны географияда оқытудың әдiстeмeлік жүйесі жасалып, 
тәжірибеге ендірілсе, онда білім алушылардың инновациялық ортамен 
үйлесімді қатынас жасауда әлеуметтік іс-әрекетті тиімді орындай алатын
ақпараттық сауатты әрі мәдениетті тұлға қалыптасады, ӛйткені ақпараттық-
коммуникациялық біліктер жаратылыстану пәндеріне тән метабіліктер 


10 
ретінде білім алушылардың тұлғалық құзыреттерінің құрамдас бӛлігі болып 
табылады.
 
Зерттеудің міндеттері: 
- география пәнін оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолданудың әдістемелік жүйесін ұсыну; 
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды география пәнін 
оқыту үдерісінде қолданудың құрылымдық-мазмұндық үлгісін жасау; 
- білім алушылардың білімдерін тексеріп, бағалауға мүмкіндік беретін 
«Macromedia Flаsh», «3ds max», «Delphi» компьютерлік бағдарламаларына 
негізделген электронды оқыту құралын әзірлеу. 
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: 
философияның таным теориясы негізіндегі «адам-қоғам-техника» жүйесінің 
бірлігі, олардың ӛзара байланысы туралы іргелі қағидалар, іс-әрекет 
теориясы, тұлға теориясы, білім беру мазмұны теориясы; құзыреттілік, іс-
әрекеттік, тұлғалық, мәдениет, танымдық, жүйелілік, тұтастық, ақпараттық, 
әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдардан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет