Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет11/25
Дата21.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4600
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

13. ЖҮСІП ПАЙҒАМБАРДЫҢ ТҮС ЖОРУЫ

Құдықта, яғни зынданда жатқанда екі адам түс көріпті. Бірі 

айтты:

—Бір түс көрдім, ұмытып қалдым,—дейді.



Биқауыл деген адам еді. Жүсіп пайғамбар ұмытқан түсті һәм 

білер еді. Сонда Жүсіп пайғамбар айтты:

—Биқауыл, мен білермін де деді. Сен түсіңде көрдің, алды-

ңа бір себет жүзім келді. Сол жүзімді адамдарға үлестіріп бер-

дің,—деді. Әлгі Биқауыл: 

—Осы түсім рас,—деді,—Енді бұл түсім қандай болады?—

деді. Жүсіп пайғамбар айтты:

—Түсіңде көрген жүзім нығмет, уа сен нығметті адамдарға 

үлестіріп берсең, сен мәртебелі боласың, тұһмат істен құтылып, 

сөзің расқа шығып, бұрынғы уәзірлік орынға отырасың,—деді. 

Және бірі Сақы деген:

—Ай, тақсыр, мен бір түс көрдім, басымда бір себет нан 

қойып жүр екенмін. Әлгі нанды аспандағы қарға бір нан, бір 

нан алып кетті,—деді. Бұл Сақы жалған түс айтып еді. Жүсіп 

пайғамбар: 

—Мен сенің түсіңді айтпаймын,—деді.

—Ай, тақсыр, айт,—деді, Жүсіп пайғамбар айтты:

—Сенің түсіңді айтсам, сен патшаның алдына бара тұһмат 

жалған ісің әшкере болып, дарға асыларсың, миыңды қарғалар 

ойып жейді,—деді. 



180

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

—Ай, тақсыр, жалған айттым түсті,—деді. 

—Жалған айтсаң да, осы болады.



14. ИБН СИРИННІҢ ТҮС ЖОРУЫ

Бірде Ибн Сиринге бір адам келіп:

—Маған бір түс кірді, онда бір кептер маржанды жұтты да, 

қайтадан шығарған кезде ол үлкейіп кетіпті. Сосын тағы бір 

басқа кептер де моншақты жұтқан кезде, одан жұтқанынан 

кішірек маржан қайта шықты. Ал үшінші кептер моншақты 

жұтқан кезде одан қандайын жұтты, сондайы қайта шықты,—

дейді. Бұны тыңдап отырған Ибн Сирин былай деген екен: 

—Бірінші кептер—ол Хасан әл-Басри. Ол қасиетті хадис 

естіген сәтте, оның мағынасын өсиетке дейін жеткізіп, өзінің 

ойлау қабілетімен безендіреді. Екінші маржанды кішірейтіп 

шығарушы кептер, ол—мен. Хадисті тыңдаймын да, оны ық-

шам етем. Қандай күйде жұтылса, маржанын сондай қалпын-

да қай та шығарған үшіншісі—ол Қатада. Оның есте сақтау 

қабілеті күшті.

* * *


Бір кісі Ибн Сиринге түсін айтты: 

—Түсімде, қолымда шыныдан жасалған ыдыста су бар екен 

деймін. Бір кезде ыдыс сынып кетті, бірақ ішіндегі суы төгілмей 

қалып қойды. 

Бұл түсті естіген Ибн Сирин: 

—Сенің әйелің босанады да, қайтыс болады, бала тірі қа-

лады,—деп жауап қатты. Шынында да, түс жорытушы адам-

ның әйелі босанып, қайтыс болады да, баласы тірі қалады.

* * *

Мұхаммед Ибн Сирин өз дәуіріндегі зор ғалымның бірі еді. 



Кәсібі бөз сатушы еді, тұқымы Әнас ибн Мәліктің азат еткені 

еді. Түс жоруда дүниеде бұл секілді кісі дәуірінде болмады. Бір 

күні бір кісі барып:

—Түсімде біреудің балтырына мөлшерсіз көп жүн өскен 

екен, соны көрдім,—депті. Ибн Сирин айтыпты:


180

181


ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

—Егер де көрген түсің хақ болса, балтырына жүн өскен кісі 

бо рышпен түрмеге кіріп, сонда опат болар,—деді. Ол кісі айтты:

—Айып етпеңіз, ол кісі сен едің,—деді. Ибн Сирин хазірет 

айтты: «Инна лиллаһи уа инна иләйһи ражиғун» депті. 

* * *


Мұхаммед Ибн Сирин хазірет айтқан екен: «Түс көру үш 

түрлі болар. Аның үшін барлық адам көрген дұрыс түс болмай-

ды. Солай болса да, жорымағы дұрыс болар. Бірінші дұрыс түс 

дегеніміз: Алла тағаланың әмірімен бір мәләкруия деген пе ріш-

те келер. Лаухул-махфузден хабар алып келер. Мұны «хақ түс» 

дейміз. Екіншісін «Әзғас әхлам» дейді. Мұның жоруы дұрыс 

болса да, пайдасы болмас. Үшінші, шайтан көрсетер, кей уа қыт-

та шайтан оның рухымен ойын қылар, яки ол шайтан көр сетер 

адам баласына дұрыс бола тұрған істерді және ол шайтанның ол 

шамалы айласы болар, адам баласын өкіндірер».

* * *

Ибн Сирин хазірет айтады: «Кейбір ер өзін хұтба оқыр көрсе, 



сұлтанға, жоғарғы үкімет орнына жетер, егер оның лайықты 

кісісінен болмаса осылар». 

Ибн Сирин хазіреттен бір кісі сұрапты: «Түсімде азан айтып 

тұрдым» деп. Оған айтыпты: «Бәлә, қажыға барады екенсің» 

депті. 

Екінші бір кісі сұрапты: «Түсімде азан шақырып тұр екен-



мін»,—деп. Оған айтты: «Сенің ұрлықпен қолың кесі лер»,—

деп. Мұнан кейін Ибн Сириннен сұрапты: «Неге екеуіне екі 

түрлі айттың?»—деп. «Екеуінің де түріне қарап айттым»,—деп 

түрлі дәлелдер көрсетіпті.



15. КЕНЕСАРЫ МЕН ОМАР

Байбақты руынан Омар дейтін кісі Кенесарыны қуған топ-

тың ішінде болады. Қайтып келе жатып түс көріп, оны Қазыға 

(Сырымның баласы) жорытыпты. Сонда Қазы:

Түсіңде қаршыға ұстасаң, ер балалы боларсың, бауы көп 

түйіншекті болса, жасы ұзақ болар, тұғыры қатты болса, балаң 



182

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

ер болар, Кенесары сапарынан келесің ғой, айтқаным келсе, 

атын Кенесары қой,—депті.

Қазының айтқаны келіп баласының атын Кенесары қо йып-

ты. 


16. МӨҢКЕ БИДІҢ ТҮСІ

Мөңке би түс көріп, сол түсін Сырым батырға жорытпақ бо-

лады.

—Бір жолы бәйгеге қырық ат қостым, біреуі де бәйгеден 



келмеді. Отыз ат қостым, біреуі де келмеді. Бес ат қостым, төртеуі 

бәйгеден келмеді де, біреуі ғана аман жетті. Аман жеткені сол—

келе сала пышаққа ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібергенім-

де, қасқыр шықты, қасқырды жарғанда түлкі шықты. Түлкі ні 

жарғанда, қоян шықты. Осыны жорып берші,—дейді Мөңке 

би.


Сырым түс жорудың жолын Мөңкенің ұзатылып кеткен 

қызына беруді ұйғарды. Бірақ ол би үш рет шақыру жіберген-

нен кейін әрең келеді. Қыз түстің жайын білген соң Сырымға:

—«Түсті жездеңе жорытпа, жиеніңе жорытпа, әйелге жо-

рытпа» деген сөз бар еді. Сонда да айтайын,—дейді.—Түс 

адал түс, қияли түс, шайтан түс деп үшке бөлінеді. Мұны 

қай түске жатқызарымды білмеймін, бірақ оның шешуі мы-

нандай: «Қырық ат дегеніміз—мұсылманның қырық па-

рызы орындалмай қалатын заман болады екен; отыз аттың 

бәйгеден келмей қалатыны—отыз күн ораза ұстамайтын за-

ман туады екен; бес аттың төртеуі келмей, біреуі келгені—бес 

уақыт намаз қаза болып, оны біреу оқып, біреу оқымайтын 

кез келеді екен; қасқырдың шыққаны—кісінікін тартып 

алып, ұрлап жейтін зорлықшыл заманның туатыны шығар; 

түлкі шыққаны—алдаушы мен арбаушы көбейетін, түлкідей 

бұлаңдаған заманның күтіп тұрғаны шығар; қоян шыққаны—

ұрпақ үрейленіп өсетін, көлеңкесінен қорқып жүретін заман 

болар».


Осыны айтып болғаннан кейін Мөңке бидің қызы:

—Маған түс жорытқандарыңыз қате болды, күндердің кү-

нінде әйел билеген заман келеді. Ол заманда әйелден ұят ке те-


182

183


ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

ді, еркектен намыс қашады, менің үш рет шақырғанда зорға 

келуімнің сыры осында еді,—депті.

17. МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ 

ТҮС ЖОРУЫ

Бір қатын келіп Мұхаммед пайғамбарға:

—Түсімде үйімнің мәткесі сынды,—деді. Пайғамбар айтты:

—Жолаушың келеді екен,—деді. Айтқандайын күйеуі кел-

ді. 

Екінші күйеуі тағы жолаушы кетті, қатыны тағы алғаш-



қысындай түс көрді. Пайғамбарға жорытайын деп келсе, үйін де 

жоқ екен. Әбубәкір хазіретке жолығып айтып еді, Әбубәкір:

—Күйеуің өледі,—деді. Оны қанағат етпей Пайғамбарға айт-

ты. Пайғамбар:

—Бұдан бұрын ешкімге айттың ба?—деді.

—Әбубәкірге айтып ем,—деді. Пайғамбар:

—Сол болады,—деді. Мәлім болды, ері опат болды. Түс жо-

рушылар айтады: қашан түс көрсең ғалымға, ақыл иесі кісіге 

айт. Дұшпаныңа, наданға, қатындарға айтпа. Түс неге жорыса, 

сол болады дейді.

* * *

Пайғамбарымыз айтқан: «Бір кісі түсінде мені көрсе 



анық көрген болар, оның үшін шайтан менің һеш түріме ене 

алмайды»,—деген. 



18. ТҮС АЯН

Майлықожа ақынға түсінде бір ақ сәлделі адам келіпті де: 

—Көген аласың ба, жоқ әлде өлең аласың ба?—депті.

Ол кісі:


—Өлең, өлең!—деп оянып кеткен екен. «Егер де «көген ала-

мын» дегенде мыңғырған бай болар еді»,—дейді ел қариялары.



184

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР



19. ХАЗІРЕТ ОМАРДЫҢ АЙТҚАНЫ

Хазірет Омар айтты: «Түс көрсең, дос, туысыңа айт! Ол біз-

дерге хайырлы болып, дұшпандарға жамандық болады екен деп 

айтсын» дейді. Жауыз түс көрсе, истиғфар дұғамен болы ңыз, ол 

дұға тілек жаман түстің әсерінен бір нәрсе қалдырмайды».

* * *


Хазірет Омар айтқан екен: «Түсімде мені бір әтеш шұқыды, 

олай болса мені бір ойнастан туған кісі өлтірер» деген. Содан 

кейін Абу Лухлух деген кафр өлтірді. Мұғайра Шағба ұлының 

құлы еді.



20. ХАРОН АР-РАШИД ПАТШАНЫҢ ТҮСІ

Менің естуімше, Харон ар-Рашид түс көріпті: түсінде оның 

аузындағы барлық тісі түгел түсіп қалған екен. Таңертең ол түс 

жорушысын шақырып алып:

—Бұл түстің жоруы не болмақ?—деп сұрайды. Түс жору-

шысы былай дейді:

—Мұсылмандардың әміршісінің өмір жасы ұзақ болғай! 

Туысқандарыңның бәрі сенен бұрын өліп, қасыңда олардан 

ешкім қалмайды екен. 

Харон ар-Рашид қасындағыларға:

—Мына түс жорушыға жүз шыбық соғыңдар. Мұндай аза-

лы сөздерді ол менің бетіме несіне айтады. Егер менің туыс-

қандарымның бәрі менен бұрын өліп қалса, онда менің кім 

болғаным!—дейді. 

Одан соң ол басқа түс жорушыны алдырып, көрген түсін ен ді 

соған айтып береді. Түс жорушы:

—Мұсылмандардың әміршісінің көрген түсінің мәнісі мы-

нада: ол өзінің туысқандарының бәрінен де ұзақ ғұмыр кешеді. 

Харон ар-Рашид сонда:

—Ақылдың көрсетуі бірдей,—деп айтыпты.

Кейінгі жору алдыңғы жорудан мағынасы жағынан алшақ 

кетпейді, бірақ айтылу жағынан мүлде бөлек. Кейінгі жору-

шыға патша жүз динар сыйға тартқан екен.


184

185


ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

21. ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҚАЙЫН АТАСЫ ДЭЙ 

ШЕШЕННІҢ ТҮСІ

Есүгей батыр Темүжін тоғызға келген кезде, Оелун шеше-

сінің төркіні олхунауд еліне, нағашыларынан қыз айттыруға 

оны ертіп барады. Жол-жөнекей Цэгцэр мен Чихургу деген жер 

аралығында қоңыраттың Дэй шешеніне кезігеді. Дэй шешен 

бүй дейді:

—Есүгей құда, өткен түнде мен түс көрдім. Түсімде ай мен 

күнді шеңгелдеп ұстаған бір аппақ сұңқар қолыма қонған екен 

деймін. Ай мен күнді біз көзбен көруші едік. Ал, ай мен күнді ақ 

сұңқар шеңгелдеп әкеліп, менің қолыма қонуы неткен ғажап! 

Қандай жақсылық кезігер екен деп мен басқаларға айтқан едім. 

Есүгей құда, балаңызды ертіп келгеніңіз менің осы түсімнің жо-

руы болғай. Сіздің қият руының киесі келіп, маған түс болып 

көрінген шығар. «Ер бала елін сүйер, қыз бала қырмызы лық 

сүйер». Есүгей құда, біздің үйге жүріңіз, менде де бір кішкене 

қыз бар. Көріңіз,—деп Дэй шешен Есүгейді үйіне ертіп бара-

ды.

Келіп көрсе, Дэй шешеннің қызы бет-әлпеті дидарлы екен, 



көз жанары отты екен. Есүгей батырға ұнайды. Қыздың аты 

Бөрте екен.

Темүжін Бөртеге үйленеді, ал ол ұлы әкесінің өктемдігін 

ғаламның батысы мен шығысына, оңтүстігіне дейін өрістет кен 

ұлдарды дүниеге әкелді.


1. АЛПАМЫС

...Өстіп өксумен өмірін өткізіп, кәрілікті басына жеткізіп, 

аңсаумен арып-ашып жүрген Байбөрі бір күні түс көреді. Тү-

сінде ғажайып іс көреді. Аспандағы күн мен ай ағылып келіп 

алақанына түседі. Шошып ояна келсе түсі екен. Сол елде сек-

сенге келіп селкілдеп отырған ақсақалды қарт бар екен. Соған 

келіп түсін жорытады.

—Е, қарағым, айды көрсең—сымбатты қызың болар, күнді 

көрсең көңіліңнен шыққандай, атса, оқ өтпейтін, отқа салса 

күймейтін, суға салса батпайтын бір ұл бала көреді екенсіз,—

деп жориды қарт. Көп кешікпей Байбөрінің әйелі жүкті бола-

ды…


2. ЕДІГЕ ЖЫРЫ

...Емді Едіге бір күнде түс көріп, шошып оянады.

—Әй, жеті дост, сүйінші!

Түрегеліп киінші.

Беліңді қынай буыншы,

Беті-қолың жуыншы.

Мен бүгін бір түс көрдім,

Жақсылық түс сол болса,

Жақсылыққа жорышы.

Жамандық түс сол болса,

ІІІ. Эпикалық жырлардағы түс 

және оны жору көріністері



187

ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Осы он сегіз кісіні

Төгеректеп қорышы.

Мен бүгінгі күн түсімде

Алтынды ер ақ боз ат

Жалынан тартып мініппін.

Ақсұңқар құс болыппын,

Көкке таман ұшыппын.

Көкте жүрген періште

Аларға барып сөйлесіп,

Андан аса ұшыппын.

Төбеде жүрген қоңыр қаз

Көк үстінде іліппін.

Төр тауына қоныппын,

Төс етіне тойыппын,

Ол не болар, он жетім?

Он жеті дос ұйлықты,

Ұйлыққанның белгісі

Бір-біріне сылықты.

Еш амалды таппады

Тұрған енді бәрісі.

Бір ақылды тауыпты,

Бар екен ішінде бір көп жасаған қарт:

—Алтынды ер ақ боз ат

Түсіңізде сен мінсең,

Ат мұратқа жеткенің.

Көкке таман сен ұшсаң,

Жұрт алдына шыққаның.

Көкте жүрген періште

Аларға барып сөйлессең,

Ерендер қолтықтап жүргенің.

Андан асып сен ұшсаң,

Қызыр сүйеп жүргенің.

Төбедегі қоңыр қаз

Көк үстінде алсаң сен,

Төр тауына қонсаң сен,

Төс етіне тойсаң сен,

Кеше сені жұртыңдан қуған Тоқтамыс


188

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Соны быт-шыт қыларсың,

Тояттап мейірің қанарсың...



3. ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫ

(Сүйіншәлі нұсқасы)

...Ұйықтап жатып Құртқа түс көрді,

Қиыншылық іс көрді.

Тұрып Құртқа жылады,

Айтпаған нәрсе қалмады.

Қайдағы нәрсе қозғалды,

Көзінің жасы төгіліп.

Жағасының бауы сөгіліп,

Өзінің туған анасы 

Ақзарбапқа барады,

Барады да жылады.

Жылады да толғады:

—Бүгін түнде түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім.

Кешегі кеткен балаңның

Қанатына қаз қонып,

Қайрыла алмай барады. 

Мұртынан мұз жауып,

Бұрыла алмай барады.

Қараша таудай нас басып,

Көтеріле алмай барады.

Екі көзі балаңның

Жұмылыңқы көрінді.

Ақша беттің ажары 

Құбылыңқы көрінді. 

Балаңның аман еместігі

Мен залымға білінді.

Ақзарбап та жылады,

Жылап тұрып қозғады:

—Айналайын, құлыным,

Бауыр да, өкпе жұлыным,

Мен де бір түс көргенмін.



188

189


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Өз қолымнан балама 

Бір аяқ балды бергенмін.

Баламның аман емесін

Мен де енді білгенмін.

Батыр аңқау, ер көдек

Қобылан батыр ер еді.

Ерлігінің белгісі 

Қобыланның ұйықтап қалғаны 

Қалмақтың жері еді.

Ұйықтап жатқан Қобыланның

Үстіне қалмақ келеді.

Жаңылып Қобылан тобасын,

Сол себептен қалмаққа

Түскен шығар шамасы.

Бұл Қобылан енді өлмейді,

Өлімнің жолын көрмейді...

4. ҚОБЫЛАНДЫ

(Н. Байғанин нұсқасы)

...Түсінде көрді білімді,

Таң мезгілі уақытта

Қобыландыға білінді.

Ардақтаған Хансұлу

Қалың жаудың ішінде

Сөндіріп жүр шылымды.

Түстен қорқып түңілді,

Қайтам деген Қобыланға

Бұл ишарат білінді.

Аққұртқадай алғаны,

Жайлап төсек салғаны,

Бұл жырдың жоқ жалғаны.

Қобыланды қашан келер деп,

Көңілде мүдде, арманы.

Сол түні көрген түсінде,

Аққұртқа сұлу зарлады.


190

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Зарлағанда дауысы

Ұйықтап жатқан Қобыланның

Құлағына барғаны.

Ұйқыдан шошып оянып:

—Қартқожақ!—деп ақырды,

—Нұрғожа!—деп шақырды.

Шақырды қырық батырды.

Сескеніп түстен сасулы,

Қобыланның көңілі жасулы,

Батырдың өңі қашулы.

—Нұрғожа мен Қартқожақ,

Бүгінгі көрген түсімде,

Түсінде Қобылан қысылды,

Қатты көрдім қысымды.

Алтын Қобылан мен едім,

Шығармаса игі еді,

Елімді шауып мысымды.

Көргенім шайтан болмаса,

Қобыланды жаудан өлді деп,

Берді-ау елге қысымды.

Құртқа тіккен боз ордам,

Құлауыңқы көрінді.

Хансұлудай қарағым

Жылауыңқы көрінді.

Жылқыдағы жүйрігім

Бұлауыңқы көрінді.

Жирен Қопа көлдерін

Балшығы шығып, сор басып,

Лайыңқы көрінді.

Бұл не болар, қырық жігіт,

Құлауыңқы қаламыз,

Еңіреулі ата-анамыз.

Қыпшақ деген елімде,

Жылайды шулап баламыз.

Ойға салып қараңыз,

Осы көрген қиын түс

Қалайша деп табамыз.


190

191


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Халқыма зәбір беріп жүр,

Түсім шайтан болмаса,

Қыпшақ қорлық көріп жүр.

Көп сарықтың соңында,

Әкем сорлы еріп жүр.

Алпыстан асқан Аналық

Екі қабы иығында, 

Сорлы тезек теріп жүр.

Бейшара болған кемпір-шал

Балам қашан келер деп,

Ыстық жасын төгіп жүр.

Бұл не болар, қырық жігіт,

Хансұлудай қарағым

Жау қоршалап қамап жүр,

Зар еңіретіп сабап жүр.

Қаншадай менің халқымды

Кілең иттер талап жүр.

Жамандықтан қорыңдар,

Жақсылыққа жорыңдар.

Жамандық болса егер де,

Маңдайда қалың сорым бар.

Бұл не болар, қырық жігіт,

Мен түс көрдім қиядан.

Аққұртқа менің алғаным

Ақ мұнара басында,

Ер Қобылан деп жылаған.

Мен түстің түрін байқасам,

Қалмаққа елім шабылып,

Ақылы көп Аққұртқа 

Қалмақтан пұрсат сұраған.

Елімді шауып ұрған-ды,

Қас масқара қылған-ды.

Мәулет алып Аққұртқа

Басын бағып тұрған-ды.

Қартқожа батыр айтады:

—Нұрғожа қосшым—сен,—дейді,

Қартқожақ басшың—мен,—дейді.



192

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Қобыланның көрген бұл түсін,

Нұрғожам, жорып бер,—дейді.

Жақсылыққа жорыңыз,

Жамандықтан қорыңыз.

Түс түлкінің боғы еді,

Жақсылық айту жол,—дейді.

Елін Барса шапқан соң,

Сапарымыз оң,—дейді.

Нұрғожа сонда жырлайды,

Қарт екеңнің айтқанын

Көңілін салып тыңдайды.

Тілегі бір бәрінің, 

Тату досы ыңғайлы.

—Түсіңді айттың сен,—дейді,

Жоримын түсті мен,—дейді.

Түске жасыр болар ма,

Сіз секілді ер,—дейді.

Жақсылыққа жоримын,

Қобыланды, тыңдап көр,—дейді.

Бүгін көрген түсіңде,

Еңсесі биік боз ордаң

Құлауыңқы көрінсе,

Сен кеткелі көп болды,

Бұрынғыдай келетін 

Қатар, құрбы адам жоқ.

Қарақыпшақ елінде

Бұрынғы дәуір заман жоқ.

Еңсеріліп тұрғанда,

Құрметтейтін ешкім жоқ

Үйге келген мейманды.

Батыр Қобылан ерімсің,

Бұл түсің соған көрінсін.

Қайғылы болса елдерің,

Қарақыпшақ халқымның

Қысым болса көргенің.

Таршылықпен зарығып,

Сағынған шығар елдерің.


192

193


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Қобыланды атты ерімсің,

Бұл түсің соған көрінсін.

Еңсесі биік боз ордаң

Құлауыңқы көрінсе,

Жылқыдағы жүйрігің

Бұлауыңқы көрінсе,

Кеткеніңе көп болды,

Көптен сізден шет болды.

Кемпір, шалдың көңілі

Сағынғаннан өрт болды,

Сағыныш қайғы дерт болды.

Қорғайтұғын сен кетіп,

Қайғыңмен халқың мерт болды.

Қобыланды атты ерімсің,

Бұл түсің соған көрінсін.

Жылқы жатқан Жирен көл

Лайыңқы көрінсе,

Жылқыдағы жүйрігің

Бұлауыңқы көрінсе,

Жасы жеткен кемпір, шал

Жылауыңқы көрінсе,

Жылқышы жылқы баққан-ды,

Күннің ыстық күнінде,

Көлге айдап жапқан-ды.

Шөлдеп жылқы су ішіп,

Қайсысы аунап жылқының

Көлге түсіп жатқан-ды.

Қобыланды атты ерімсің,

Бұл түсім соған көрінсін.

Атаңа нәлет Алшағыр,

Тура жорып берейін,

Халыққа бүлік салған-ды,

Біз кеткелі көп болды,

Алты ай срок біткен соң,

Алдап жүрген Алшағыр

Қыпшақты шауып алған-ды.

Еркіндегі халықтың

Қайғыға басын салған-ды.

13-0185


194

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Еңсесі биік боз орда

Құлауыңқы көрінсе,

Боз орданы құлатып,

Білгенін елге қылған-ды.

Қыпшақ деген халықты

Шауып алып ұрған-ды.

Ойлаған кекті Алшағыр

Қас масқара қылған-ды.

Жаратпадым бұл түсті,

Қобыланды, көрдің бұл істі.

Біз кеткен соң Алшағыр

Салған екен бүлікті.

Жаратпадым түсіңді,

Қайғылы халқың күйікті,

Құлазып жатса жеріңіз,

Лайланса көліңіз,

Шабылған қыпшақ еліңіз.

Шапқан соң иесіз қалған-ды,

Жылқы жайған беліңіз.

Қайғыланба, Қобыланды,

Қалмаққа кетер деймісің.

Көрген зәбір, кегіңіз.

Сабыр ет, батыр, өзіңіз,

Сексеннен асқан Тоқтарбай

Жасы жеткен бабаңыз,

Ақ таяғын қолға алса,

Қой соңында сорлы шал

Жалғызым деп зарланса,

Елін қалмақ шапқаны.

Қу таяқты қолға алып,

Әкең сарық баққаны.

Өзіміз аман қайтқан соң,

Уайым етіп саспалы.

Бұл арадан аман-сау

Жатырмыз елге қайтқалы.

Өз еркінде болған соң,

Қаны қара Алшағыр

Мақсатына жеткені.



194

195


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Кемпір менен шалыңа

Қатты қысым еткені,

Қорлығы жаудың өткені.

Қатты қысым тәртіппен,

Тезек теріп, жүн түтіп,

Бейнет шығар шеккені.

Бұл қорлыққа шыдамай,

Көзінің жасын төккені.

Бір жыл болды, Қобыланды,

Біз халықтан кеткелі.

Шулап қыпшақ жыласа,

Қайрылмай кеткен халқыңа,

Қыпшағың сізге өкпелі.

Қол жеткенге әл жеткен,

Халқыңа жаудың өктемі.

Қобыланды атты ерімсің,

Бұл түсің соған көрінсін.

Хансұлудай баланы

Жетпіс қалмақ қамаса,

Он шыбық ұрып сабаса,

Қалмақ биік, көп халық,

Қыпшақ жаудан аласа.

Өзің сына, шырағым,

Қобыланды батыр, мұнымды.

Хансұлудай баланың

Өсірдің сипап тұлымын.

Көрген түсің шын болса,

Қарақыпшақ бүлінді.

Қобыланды жаудан өлді деп,

Ата менен анаңыз

Құртқа менен Хансұлу

Отыз төре, қырық бегі

Сөндірген болар шылымын.

Сөнбей қалса бір шылым,

Шыбық соғып айыпқа,

Алған шығар тынымын.

Осы түстен сынаймын,

Жаудың салған бүлігін.


196

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Отыз төре, қырық бегі

Хансұлуды қамаған.

Алтын тарақ қолында,

Жібектей шашын тараған.

Салтанатты Хансұлу,

Алған болар бұл қалмақ

Зәбірін көрген баладан.

Түсіңнің түрі тым жаман,

Дәлеліменен нашарға

Айыптап шыбық сабаған.

Қобыланды атты ерімсің,

Түс жорыған жерімсің.

Ауызға толы сөзімсің,

Кегің кетер деймісің,

Кек алатын өзіңсің.

Қисық жауды түзетер,

Жауға құрған тезімсің.

Қобыланды атты ерімсің,

Бұл түсің соған көрінсін.

Қыз жолдасы қасында,

Қобыланды арнап түс көрсең

Аққұртқадай асылға.

Алғаным деп жыласа,

Алтын сырлы орданы,

Ақ мұнара басынан,

Ойлап амал тапқан-ды.

Ұлықсат алып патшадан,

Өзін таза баққан-ды.

Қыпшақтың қызы жолдасы

Досым аман келер деп,

Сауықпенен жатқан-ды.

Келеріңді білген-ді,

Ишарат көріп түйген-ді.

Кеткеніңе көп болды,

Сағынып Құртқа жүрген-ді.

Ару Құртқа айлалы,

Амал, тәсіл сайлады.


196

197


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Көрген түстен меңзеймін,

Төрт айға деп қалмақтан

Алдап рұқсат алған-ды.

Жорудың жоқ жалғаны,

Ақылы артық Аққұртқаң

Алшағырды арбады,

Амалға ақыл жалғады.

Сен келгенше Құртқаның

Көңілінде көп арманы.

Ақылды Құртқа ойлады,

Көрген түстен сынасам,

Өзі түгіл Құртқажан

Қыпшақтың қызын қорғады.

Өзің аман қайтқан соң,

Қосылар күнің болғаны.

Халқыңның болмас арманы,

Жорудың жоқ жалғаны.

Қысым беріп халқыңа,

Ханның тәртіп салғаны.

Қобыланды, өзің ойлап көр,

Жорудың бар ма жалғаны.

Жорып бердім түсіңді,

Енді жолдан қалмалы.

Алшағырдың Ақсары

Ұйықтап жатып түс көрді,

Түсінде көрді төрт бөрі:

Қабағы қалың қас бөрі,

Шолақ құйрық ақ бөрі,

Азуы шыққан жас бөрі,

Салаң құйрық көк бөрі.

Ел шетіне келді ғой,

Есебі жоқ көп қойға

Келе қырғын берді ғой.

Ойда жатқан отыз қой,

Ойды шауып жойды ғой.

Қырда тұрған қырық қой,

Қына қырғын берді ғой.



198

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Қой ішінде бес қошқар,

Бес қошқардың ішінде

Шығыршық мүйіз көк қошқар,

Таңнан тартып жойды ғой,

Шикі майға тойды ғой.

Алты бірдей ақ қозы,

Алтауы да жас қозы,

Жас сырбазды жеді ғой,

Тісіне жұмсақ тиді ғой.

Қой ішінде көп саулық,

Көп саулықтың ішінде

Ең көсемі көк саулық

Қарынынан жарды ғой.

Ақсары атты бәйбішең

Осы түсті көрген соң

Ақылынан танды ғой.

—Патшам, есім ауды ғой,

Осы түстің бәрі рас,

Төбеден жасыл жауды ғой.

Сонда Алшағыр сөйлейді:

—Қобыланды келер деймісің,

Уайым айтқан нең,—дейді.

Атаң әйел, нашарсың,

Ақылың сенің кем,—дейді.

Өлгеніне Қобыланның

Осы биыл жыл толды,

Өлгені Қобылан шын болды.

Хан Барсаның елінде

Сүйегі Қобылан күл болды.

Лайықты Аққұртқа

Алатын күнім таянды.

Күндестікпен айтқасын

Ниетің сенің арам-ды.

Ақсары сонда сөйлейді:

—Ей, бейшара Алшағыр,

Сөзіме құлақ сал, Шағыр.

Айтқаныма нан, Шағыр.

Көрген түстің бәрі рас,



198

199


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Ертең тарлық бар, Шағыр.

Қобыланды сізге келмесін,

Шаһарыңды сырттан көрмесін.

Ер Қобыланның білгенмін

Хан Барсадан өлмесін.

Бұзған шығар Барсаның

Берік салған ордасын.

Қуаныш шығар көңілі,

Ер Барсаны жойған соң.

Көргенім бекер болмаса,

Жау кеңсеңе төніп тұр.

Ақсары атты бәйбішең

Түспен көріп, біліп тұр.

Жолда жатқан сансыз қой

Көп қалмағың болмасын.

Ойда тұрған отыз қой

Отыз төрең болмасын.

Қырда тұрған қырық қой

Қырық бегің болмасын.

Бәрін қырып, жоймасын,

Бегілеріңді соймасын,

Ерлердің көзін оймасын.

Қобылан келмей тұрғанда,

Неге өлмедім сор басым.

Қой ішінде бес қошқар

Бес тумаңыз болмасын.

Шығыршық мүйіз көк қошқар

Тап өзіңіз болмасын.

Қой ішінде көп саулық

Қой бастаған көк саулық,

Біз пақырың болмасын.

Алтауын қырып-жоймасын,

Жас сырбазға тоймасын.

Түстің түрі тым жаман,

Бұл айтқаным болмасын.

Қорқынышпен айтамын,

Бұл жоруым болмасын...



200

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет