СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)



жүктеу 2.26 Mb.
Pdf просмотр
бет25/41
Дата28.12.2016
өлшемі2.26 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41

2. Жанын жалау еткен...
(естелік)
Қазақ теледидарынан телефондап Сағат Әшімбаев жөнінде 
хабар жасап беруімді өтінді. Бұл – айта қалғандай қиын міндет. 
Жылдар бойы аға тұтып алға ұстап, жанрлас, тетелес іні болып 
соңынан  ілесе  жүріп  сырласқан  да  сыйласқан  аяулы  адам 
жастай ажал тырнағына ілініп, араңнан кеткенде ол жайында 
көгілдір экранға шығып көсілу қайда? Жан дүниең тоналғандай 
босап,  көңілің  құлазып,  кеудең  қаңырап  бос  қалғандай  абыр-
жып  жүресің  ғой  ондайда.  Сөйте  тұра  «Жарайды!»  –  дедім 
сөзге  келмей.  Бірден  келіскенім  –  бір  өтелмеген  парызымды 
өтейін,  бір  өкінішімнің  орнын  толтырайын  деп  ойладым.  Ол 
қандай өкініш?
1991 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің сол кездегі сын бө-
лімінің  меңгерушісі,  жазушы  Дидахмет  Әшімханов  Сағат 
Әшімбаевпен  диалог  жасап  беруімді  тілек  еткен.  Ғылыми  із-
деністе  жүргенімді  айтып  көріп  едім,  Дидахмет:  «Тілші  тап ­ 
пай  отырған  жоқпыз.  Сәкеңнің  өз  қалауы»  –  деп  бір-ақ  тұ-
жырды.  Мен  бұлтарыссыз  көндім.  Сәкеңмен  телефондасып, 
уақыт сайлап, кездесіп кеңінен әңгімелеспек болып уәде бай-
ластық. Ат үстінде жүрген азамат емес пе, Сәкең Қазақстанның 
ішін қойып, сыртына сапарлап кетті. Қайта келіп сырқаттанып 
ауруханаға  түсті.  Қайта  шықты,  қайта  түсті.  Ақыры  атпал 
азаматты  ауру  алып  жықты,  аяусыз  ажал  дегенін  істеді. 
Редакция тапсырмасы орындалмай қалды. Өкініш сол, өтелмек 
парыз осы жағдайдан туындап жатыр.
Сағат  Әшімбаевтың  өзі  негіздеп,  өзі  үкілеп  сахнаға  шы-
ғарған  «Парыз  бен  қарыз»  телехабарына  дайындалу  ба ры-
сында  оның  қаламынан  шыққан  «Сын  мұраты»  (1974  ж.), 
«Талантқа тағзым» (1982 ж.), «Парасатқа құштарлық» (1985 
ж.) аталмыш сын кітаптарымен қайта табыстым. Ұзын-ырғасы 
он  екі  сериясы  жасалған  жиырма  төрт  сағаттық  «Парыз  бен 
қарыз»  телехабарының  алтын  қорда  сақталған  бес  хабарын 
қайта көріп шықтым. Жазушы-сыншы столының үстінде бас-
па ға  дайындалып  қалған  «Шындыққа  сүйіспеншілік»  кітабы-
ның қолжазбасымен «Парыз бен қарыз» телехабарын дайын дау 
процсіндегі іс-әрекет, жазба-сызбаларымен таныстым. Та ныса 
келе елім қашан есейер, халқым қашан есесі түгенделіп қатарға 
қосылар  деп  жарғақ  құлағы  жастыққа  тимей  өткен  Сағат 
Әшімбаевтың  азаматтық  өсу,  сыншылық  өркендеу,  журналис-
тік-қайраткерлік  кемелдену  жолдарын  көзге  елестетерліктей 
нақты  затты  көріп,  танып  білдім.  Телехабар  жасау  өз  алдына 
жүре берер, ал мен көңілге түйген ойларымды ақ қағазға түсі-
ріп, оқырманға ұсыну қажеттігін сезініп, қолға қалам алдым.
Сағат  Әшімбаев  –  жастай  жетім  өскен,  кетіліп  жүріп  же-
тілген жігіт еді. Ілуде біреу болмаса, жетімсіз өскен жетім ба-
ла  ержете  келе  елін,  халқын  ойлағыш  болып  өседі.  (Дүниеге 
малынып өскен тоқ бала не ойласын?!). Айналасына қарағыш 
қайырымды,  кем-кетік,  жетім-жесірге  қамқор  болып  өседі. 
Сағат  жетім  өскендіктен  кекшіл  болмай  халықшыл  текті  аза-
мат болып өсті. Таланты бар балаларды бауырына тартып, ай-
наласына талапкер жастарды жиып аға атанып қамқорлық та-
ныта  бастаған  сәтте  оның  өзі  әлі  отызға  толмаған  бала-жігіт 
еді.  Баламын  демеді  ол,  жасынан  ерте  есейіп  жасамыстық 
танытып  жүре  берді.  Бәріміз  де  Сағаттың  жылы  сөзін  есітіп, 
қамқорлығын көріп өстік.
«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген халық даналығын 
жадына берік тұтты ма, әйтеуір қазаға ерекше қайырымды еді 
Сағат.  Дара  ақын  М.Мақатаев  жайында  жазылған  Асқардың 
(Егеубаев),  дарынды  сыншы  Қ.Нұрмаханов  жайында  жазыл-
ған  менің  болмашы  мақаламызға  айрықша  ықылас  танытты 
кезінде. Атап айтып, мақтап мақала жазып жатты. Әрине, біз 
үшін  емес,  Мұқағали  музасы  үшін,  Қалжанның  қалтқысыз 

352
353
адал сыны үшін мақтады. Өзі дүниеден өтерінен біраз бұрын 
шабыты шалқып өткен парасаткер, қайталанбас қайраткер Ілияс 
Омаров  әдеби мұрасы жөнінде  ойлы  мақала  жазды.  Көрнекті 
ғалым, ұстазы Бейсембай Кенжебайұлы қайтыс болғанда «Бү­
гін  қазақ  әдебиеттану  ғылымы  үшін  қаралы,  азалы  күн»  – 
деп  жарлай  айтып,  телерадио  кешені  жорналистерін  бастап, 
Қазақстан  Жазушылар  одағына  ғалыммен  хоштасуға  келді. 
Өзінен сәл бұрын дүниеден өткен кинорежиссер Кәрім Тананев 
талықсып,  екі  дүние  арасында  арпалысып  жатқанда  айтқан 
“Бала-шағам  үйсіз  қалып  барады”  деген  арман  аралас  шерлі 
сөзін  аманатқа  балап,  өрт  сөндіргендей  таласа-тартыса  жүріп 
оның  от  басы,  бала-шағасына  үй  алып  берді.  Қаза  болған 
дарынды  қазақтарға  оның  жасаған  соңғы  қайырымының  бірі 
осындай еді. Өмірден өндірдей кезінде кеткен ақын Артығали 
Ыбыраевтың қолжазбасын жинап алып мөлдіреген өлеңдерінен 
жинақтап жыр жинағын шығарып бергені де есте. Жақсының 
көзі деп Артығалидың інісін ҚазМУ-ге оқуға орналастырған да 
Сағат еді ғой, шолақ дүние-ай!
Жақсы  ағаның  жастарға  жанашырлығы  жайында  қалай 
айтсақ  та  жарасады.  1975  жылы  пәнәйі  себеппен  ҚазМУ-дің 
филология факультетін тәмамдаушылардың диплом жұмысына 
жетекшілік  етті.  Жазушы  Тәкен  Әлімқұлов  шығармашылығы 
жайында  жазылған  Тұрар  Сүлейменовтің  диплом  жұмысына 
қызығып  кетіп,  қызына  пікір  айтты.  Онымен  қоймай  1976 
жылы «Жұлдыз» жорналының бір санында «Өнерпаздар тағ­
дыры»  деген  атпен  мол  көлемде  жариялап,  шәкіртін  қарқ 
қылғанын  қайтерсің?!  Б.Әлімжанов,  Ж.Әбілев  секілді  жас-
тар  оның  қамқорлығын  көп  көрді.  Дүниеден  өтерінен  аз-ақ 
бұрын  «Елде  жүрген  Сатыбалды  Қосалиев  есімді  іні  тап­
тым.  Мынадай  өлең  жазған  адам,  сөз  жоқ,  ақын»  –  деп 
теледидардан дарынды жастың өлеңін дуылдата оқыды. Үміт 
еткен жастарын жассынбай, баласынбай, бүгін болмағанымен 
күні  ертең  елдің  сөзін  айтар  азамат  болар  ма  деген  үмітпен 
«Жүректен қозғайық», «Парыз бен қарыз» секілді беделді, ойлы 
хабарларына  қатыстырып  отырды,  мақалаларында  есімдерін 
атап насихаттай жүрді оларды.
Ойлап қарасақ осының бәрі мейлінше ойлы өсіп келе жат-
қан кемел азаматтың келешекке үлгі болып тарарлық игілікті 
іс-әрекеті. Жақсы атты болайын деп емес, елдің ертеңін ойлап 
жүрегінің жетегімен жүріп атқарған, жүрек қалауымен жасаған 
жақсылықтары.
Мейлінше ізденімпаз Сағат Әшімбаев – салауатты, парасат-
ты  әдебиет  сыншысы  еді.  Соңында  қалған  сын  кітаптарын 
қатар тізіп қойсаң-ақ ақиқатқа құштар, жақсыға жанымен құ-
лайтын  жалынды  сыншыны  көрер  едің,  мұратын  таныр  едің. 
Сыншы мұраты – «Талантқа тағзым», «Парасатқа құштарлық», 
«Шындыққа сүйіспеншілік» болып шығады. «Сын мұраты нан» 
басталған сын-соқпақ мақаладан мақалаға өсіп, кітаптан кі тап-
қа кемелденіп, марқайып келе жатқанын оның осы еңбектері-
нен анық та айқын көруге болғандай.
Қазақ жағдайында қара қылды қақ жарған әділетті сыншы 
болу  қиынның  қиыны.  Турасын  айтып  туғаныңа  жақпайтын, 
жаның  ашып  ақиқатын  айтсаң  жаныңдағы  замандасыңа  жақ-
пайтын  жанр  сын  һәм  сыншы  дегенің.  Атақ-абырой  асуына 
өтерде  сын  һәм  сыншыны  насихат  құралына  айналдырғысы 
келетін  ағалар  кеуделеріне  лавр  жапырағын  жапсырып  алған 
соң  қолжаулық  еткісі  келетінін,  әлдекімге  айдап  салғысы 
келетінін  қайтерсің.  Міне,  осындай  ахуал  орныққан  жерде 
құ ран  ұстап  сөйлер  адал  сыншы  болып  қалу  қайдан  оңай 
болсын?! Алғашқы қадамын оқырманнан досы көп, жазушыдан 
“жауы” көп жауынгер сыншы болып бастаған Сағат Әшімбаев, 
өз буынынан да, аға буынның қайсысынан да қаймықпай қан-
жардай  өткір  сын  мақалаларын  жазды.  Мақаладан  мақалаға, 
кітаптан  кітапқа  өсе  тұлғаланып  келе  жатты.  С.Әшімбаев 
мақалаларының қай-қайсысы да оқырманын бейтарап қалдыр-
майтын ойлы, парасатты – жақсының жаршысына, жаманның 
құтын  қашыруға  қызмет  еткен  дүниелер!  Ол  мақалаларында: 
«Сын – өнер. Сын – уақыт қажеттілігінен туған, қоғамдық, 
эстетикалық,  философиялық  ой­сананың  өзгеше  бір  форма­
сы»  («Парасатқа  құштарлық»,  15  бет)­деп  жазыпты.  «...
сынды жанымен сүйіп, барша тәнімен күймейтін адамдардың 
сынның беделін түсіргеннен басқа берер пайдасы шамалы...» 
(Сонда 41-бет) деп те жанымен беріле жазыпты. Сынды беріле 
қорғапты. Сағат Әшімбаевтың қолда бар үш кітабында мұндай 
сәтті  ойлар,  салауатты  пікірлер  мол-ақ.  Ойлы  сыншының 
мақалалары  соңғы  кездері  белгілі  бір  шығарманы,  не  нақты 
әдеби процесті талдаудан гөрі әдебиетті басқыш етіп кісілікті, 
азаматтықты  айтуға  көбірек  ойысқан  әдеби-эстетикалық,  мо-
ральдық-философиялық  сипатта  жазы лып  жүрді.  «Азаматтық 
формуласы»  деген  ұғымға  да  алғаш  барған  Сағат  еді-ау,  осы. 
«Халық  өзінің  азаматтық  манифесін  сан  ғасырлар  бойы  қа­
нымен де, жанымен де жазады. Азаматтық манифесі айқын 

354
355
емес халықтың болашағы да айқын емес» – деп ойшыл Мон-
тень атынан да сөйлегені есте. Иә, Сәкең қаламынан бірсыпы-
ра  сәтті,  бірсыпыра  жақсы  мақалалар  туды.  Әрқайсысының 
өз  оқушысы  бар.  Әйтсе  де  Сәкең  қаламынан  туған  екі  жүйе 
мақалалардың шоқтығы ерекше биік деп білемін. Ол – классик 
жазушымыз  Ғабит  Мүсіреповпен  көзбе-көз  отырып  сөйлесіп, 
жүзбе-жүз  отырып  сырласып,  жазушының  жан-дүниесіне 
бойлай жазған триптих-эссесі. Ол – ұлы Абай шығармаларын 
қайта  оқып,  жырларын  жанына  терең  тоқып,  кісілік,  ізгілік 
жайында  толғанысқа  беріле  жазған  төрт-бес  мақаласы.  Бұл 
мақалалар  сыншы-философ  Сағат  есімін  ертеңге  еркін  алып 
бара жатқан толымды дүниелер!
С.Әшімбаев  алыстан  бастап  Абай  биігін  игергенге  дейін  
ұзақ  ізденіс  жолынан,  талай-талай  таным  баспалдақтарынан  
өтті. Ұзақ жүріп, бірсыпыра нәр жиып қорланып Абаймен та-
бысқан С.Әшімбаев халық сөзін айтар қаламгер-қайраткерлік  ке 
ойысты. Тәп-тәуір қалыптасқан философтың болмысы тан ыл-
ған Сағатты осы биігінде тұрған жерінен қайтып тірі оралдыр-
мас қиынына тартып кеткен теледидарға өкпе айтқың келеді-ақ. 
Өмір өткіншілігін терең пайымдап, ала қағаз айналдырып табан 
аудармай  еңбек  еткенде  елге  ырыс,  жанрға  тыныс  боларлық 
қаншама дүние берген болар еді?! Өкінішті!
Өкіне  тұра  көңіліңді  жұбатып,  бейіліңді  қуанышқа  бұра-
тын,  жалынды  жанды  жастай  солдырса  да,  теледидарға  риза 
кейіпте қарайтын мезетің де тап осы сәт! Неге? Жылап отырып 
жұбанатын, қарғап отырып қуанатындай не сыр, не жұмбақ бар 
мұнда?  Сағат  «Адамның  азаматтық  қасиеті  өз  қара  басына 
емес,  басқаға  жасаған  қайырымдылығымен  өлшенетін  сияқ­
ты»  («Парасатқа  құштарлық»,  157  бет)  деген  концепция ның 
адамы. Қара басына емес, халқына қайырымдылықты ол қайт-
кенде  молырақ  жасай  алатын  еді?  Миллиондаған  көрер ме ні 
бар  көгілдір  экраннан  ашына  сөйлегенде,  ашыла  сырласқан-
да! Сағаттың мүмкіндігі көгілдір экран мүмкіндігімен осылай 
сәйкесті, осылай қабысты. Сонау сексенінші жылдардағы «Жү-
ректен  қозғайық»  кемелдене  келе  «Парыз  бен  қарыз»  теле ха-
барына  ұласты.  Сағат  «Парыз  бен  қарызды»  көгілдір  экранға 
шығарды. Сәтті шығарды. Әрбір халықтық мүддемен қабысқан 
сәтті іс иесін киесіндей көтереді ғой. Елдің кеткен есесін айт-
қан, халықтың көкейіндегісін көре білген «Парыз бен қарыз» 
Сағат  Әшімбаевты  халықшыл  ағартушы  қайраткер  биігіне 
көтеріп алып кетті.
«Парыз бен қарыз» қандай хабар? Бұл – сипаты жағынан 
ағартушылық  хабар.  Көтерген  мәселесі  жөнінен  –  сынға  құ-
рылған проблемалық хабар. Материалды, деректерді жинақтап 
беруі  жөнінен  –  талдау  мәнеріндегі  философиялық  толғаныс. 
Бұл  –  кемшілікті  коллективтік  формада  көру.  Бюрократизмге 
көп  болып  қолдасып  жасалған  шабуыл.  “Парыз  бен  қарыз” 
Сағаттай азаматтың халық қасіретіне жанын жамау еткен, халық 
қасиетіне жанын жалау еткен ерекше тындырымды бір ісі!
Софокл  айтады:  «Адамзатқа  қызмет  етпеген  ақыл  қа­
терлі»  –  деп.  Бізде  өзінің  қара  басына,  қалса  ағайын-туғанға 
қызмет етумен шектелетін ақылды бастар баршылық. Саясат-
тың темір құрсауынан қорқып қалтарыс тасада жүрген сондай 
түрлі  саланың  ақылды  бастарына  Сағат  «Парыз  бен  қарыз» 
телехабары  арқылы  мінбе  ұсынды,  ақылды  адамзатқа  қызмет 
еткізіп, қасиет дарытты.
«Парыз  бен  қарыз»  хабарының  он  екі  санында  халықтың 
қаншама  қасіретін  айтып,  қаншама  қадір-қасиетін  насихат - 
та ды?!  Сақталған  он  сағаттық  хабардың  өзінде  қаншама  ой 
айтыл ған десеңізші! Ал, тұтастай алғанда «Парыз бен қарызң 
хабарына  ұзын-ырғасы  қазақтың  әр  саланың  қаймағы  дерлік  
жүзге  тарта  зиялысы  қатысып  ой  толғапты.  Қамтылған  мәсе-
лелерін қараңыз: «Азаматтық парыз», «Интеллигент деп кім ­ 
ді  айтамыз?»,  «Демократия  мен  бюрократия»,  «Жариялы­
лық жайлы ойлар», «Қайта құру және интеллигенция», «Ұлт­
тық сана және рухани бірлік», «Ұлт тілінің тағдыры» секілді 
мәселелер.  Хабарға  ақын,  жазушы,  философ,  юрист,  географ, 
социолог, тарихшы мамандар қатысқан. Әр саланың осыншама 
зиялысын жақсылықты жарлау, кемшілікті сынауға жұмылдыру 
қайдан оңай болсын?! Сағат Әшімбаев көп күш-қайратын міне 
осы  ұлан-асыр  іске  сарп  етті.  Парасатты  азамат,  ойшыл  жас 
ретінде  оның  мақсаты  –  халық  жарасына  жанын  жамау  ету, 
халық  бақытына  жанын  жалау  ету  еді.  Ағартушылық  ойдағы 
“Парыз бен қарыз” хабары – Әшімбаевтай азаматтың осындай 
ізгі мақсатының жемісі. Ал Сағаттай азаматты ха лықшыл мұндай 
ойға жетелеген тағы да ұлы Абай! Ақын ның асыл ойларымен 
сыншы  райында  табысқан  ол  өзінің  ха  лықшыл  болмысын 
Абай жырларымен етене туыстырып, бауыр ластырып көгілдір 
экраннан  көсіле  сөйледі.  «Күндестік  сезім  –  адамгершілік 
сезімнің  азғындаған  түрі.  Ол  сезім  –  ой­санасы  дамымаған 
кішкене  адамдар  мен  ұлттық  парасаты  жетілмеген,  рухы 
төмен ұлттардың басындағы балаңдық аурудың нәтижесі» – 

356
357
деп Толстойша, «Ақылды адамды ақылсыз жаннан ажырата 
алмаған  жерде  мемлекет  күйрейді»,  –  деп  Диогенше  сөйлеп 
отырар еді Сағат аға көгілдір экраннан.
Біздің  білуімізде  «Парыз  бен  қарыз»  әр  хабары  дербес 
телефильм  дәрежесінде  жасалған,  бір  тақырыпты  егжей-тег-
жейлі талдайтын, өзегінде өткір мәселесі бар, композициялық 
құ рылымы жып-жинақы тынысты хабарлар сериясы. Сондық- 
 тан сақталмағанына салауат айтып, барына қанағат етіп, ол ха-
барға кімнің қатысқаны, нендей ой айтқанына қарамастан сақ-
тай  білу  –  парыз!  Қазірдің  өзінде  бұл  телехабар  Ж.Молдаға-
лиев, К.Қожабеков, Н.Жанділдин, С.Әшімбаев секілді арамыз-
да жоқ аяулы азаматтардың тірі бейнесін сақтап бізге жеткізіп 
отыр. Алда қаншама аяулы адамдардың, қаншама қайталанбас 
қайраткерлердің  қымбат  бейнесін  сақтап  береді?!  Ертеңімізді 
ойлағанда есте болар елдік бір ісіміз осы болғай!
Әрине,  Сағат  Әшімбаев  «Шындыққа  сүйіспеншілік»  кіта-
бының  қолжазбасын  баспаға  өз  аяғымен  апарып  үлгермеспін 
деп ойлаған жоқ. Сондай-ақ «Парыз бен қарыз» хабары арқылы 
өз  бейнесін  экранда  қалдыруды  да  ойлаған  жоқ.  Ол  ойлама-
ған ды енді біз ойлауға, ол атқармағанды енді біз атқаруға тура 
келіп  отыр.  Бұл  орайда,  Сағаттай  шәкіртке  ұстаз  академик-
жазушы Зейнолла Қабдолов басқаратын комиссияның атқара-
ры аз болмаса керек. Бірді айтып бірге кетіп қалып жатырмыз 
ба,  қалай?  Ойға  бай  болғанымен,  басқа  жарлы  әдеби  сын 
жанры  бас-аяғы  бірер  жылдың  ішінде  Төлеген  Тоқбергенов, 
Сағат  Әшімбаевтай  екі  бірдей  сарбазынан,  қос  қыранынан 
айырылып  қалды.  Бұл  жақсы  емес.  Осы  екі  аяулы  азаматтың 
алғашқы  «Тоғыз  тарау»,  «Сын  мұраты»  кітаптарын  нысанаға 
алып  сыншы  Зейнолла  Серікқалиев  «Қос  қанат»  аталатын 
мақала жазып, сүйсініп отырып тұсауын кескен еді. Расында да 
жанрдың қос қанатындай еді-ау.
Арманшыл жан еді Сағат. Алда «Асыл мен масыл», «Қаси­
ет пен қасірет» секілді сериялық телехабарлар жасамақшы еді. 
Бірін «Әбіш аға жүргізсе, екіншісін сен жетектесең...» дер еді. 
Қайтесің, кісінің дегені бола бере ме, құдайдың дегені болады 
дағы...
Сағат Әшімбаев – соңғы жылдары азамат, сыншы, жур на-
лист,  қайраткер  ретінде  жан-жақты  толыса  түскен  еді.  Қазақ-
станның тысына шығандап шығып кетіп те қандас бауырларды 
ұйымдастырып, бір қазақ орталығын аштырып қауымдасты рып, 
елдікке ерекше ынталандырып қойып жүрді. Қазақ теледи дары 
хабарларын  тағдыр  айдауымен  сыртта  шашырап  жүрген,  ата 
жердің атынан айрылғанымен бір пұшпғын қоныс етіп, қи май 
отырған туыстар көре алатын болды деп қалай қуанды десеңізші 
Сәкең! “Парыз бен қарыз” хабарына қатыстырарлық халықтық 
қуатты ойы бар кімдерді білесің деп те айналасындағы үлкен-
кіші бәрімізден сұрай жүруші еді. «Парыз бен қарыз» хабары 
үшін жеген таяғы аз емес, сөйте жүріп құштарлығы онан да зор 
болатын.  «Сендер  мені  сыннан  кетіп  қалды  деп  ойламаңдар. 
Мына  бір  өтпелі  кезеңде  халықты  оя тып,  қатарға  қосып 
алайықшы. Сонан соң сүйген сын жан рына қайта ораламын» 
– деуші еді сырласқан сәттерде. Айт қа нындай-ақ “Шындыққа 
сүйіспеншілік” деп атап жаңа бір әдеби сын кітабын дайындап 
үлгергеніне  куә  болып  отырмыз  ғой.  Қабағын  мұң  торлап, 
жанына  шер,  жанарына  жас  үйірілген  жарының  рұқсатымен 
парақтап  отырып  жаңа  қолжазбадан  мы надай  ойларды  оқы-
дым: «Ерен туған ерекше ерлерін баға лай білмеген елдің ертеңі 
ертегідей дегенге есті кісінің сене қоюы екіталай шығар. Ал 
ерін  бағалай  білген  елдің  есесі  ешкімнен  де  ешуақытта  кем 
болмайтындығын есте ұстағанға не жетсін?!»
Ілияс Омаровтай қайраткерге бағыштай сөйлеген сөзін бү-
гін  Сағат  Әшімбаевтай  сергек  жанды  сыншының  өзіне  арнап 
айтсақ  артықтық  етпес.  Соңғы  кездері  қазақ  радиосы  Сағат 
Әшімбаев  жөнінде  сағынып  сөйлей  бастады.  Соңғы  кездері 
қазақ  баспасөзі  Сағат  Әшімбаев  жөнінде  бағалы,  қимас  әңгі-
месін сабақтай бастады. Теледидарда аға буын – алқа топ Сағат 
жайында  мұңдана  сөйледі.  Осының  бәрі  қашан  көзі  жұмы л-
ғанша елім, халқым, жұртым деп жанын жалау етіп өткен Са- 
ғат Әшімбаевтай азаматтың жасаған ағартушылық қызметінің 
ха лық  құлағына  жетуі.  Осының  бәрі  халық  үшін  еткен  қыз- 
меттің қайтуы, көзі барда не десек те, көзі кеткен соң халық - 
тың Сағат Әшімбаевтай сараман перзентін іздей бастауы.
Сонымен Сағат жайлы сөз басталып кетті. Бұл – ел, халық 
алдындағы парызын адал атқарған азамат жайлы сөз! Басталған 
іс  баянды  болсын!  Ел  жайлы  ой  елдікке  жетелесін.  Жаңарып 
жер  көгергендей  жаңаланып  ел  оянсын!  Жанын  жалау  еткен 
Сағат Әшімбаевтың да бар арманы, жанымен тілегені осы еді 
ғой...
1992 ж.
             Алматы.

358
359
3. Қайырлы жүздесу
 (Сағат Әшімбаевтың қос томдық шығармалар  
жинағымен жүздесу )
Сыйлас аға, қимас аға шығармалар жинағын қолыма алған 
бетте,  неге  екенін  «Армысыз,  Сағат  аға?»  –  деп  жіберіппін. 
Үнім  шығып  кетті.  Сосын  тақырыпты  әдейі  осылай  атадым. 
Әдетте  тақырып  авторға  қызмет  етеді.  Ал  мен  тақырыпқа 
қызмет еткім келіп отыр.
Сағат ағамыз арамызда жоқ. Сағындырып ол кетті. Сағынып 
біз қалдық. Бүтін дүние-бітімі ізгіліктен тұратын жайсаң жан-
нан көрген жақсылығымызды сағынышқа орап бірнеше дүркін 
естелік жаздық. Өзі үкілеп бәйгеге қосқан «Қарыз бен парыз» 
телехабарының  ең  соңғы  санын  Сәкең  рухына  бағыштап  кө-
гілдір  экранға  алып  шықтық.  «Өлгендерді  ұмытпау  да  бұл 
күнде,  Қолдан  сирек  келетұғын  ерлік  қой»  –  деп  ақын  Ғафу 
Қайырбеков айтқандай аз да болса бұл – азамат рухы алдындағы 
қарыз-парыз өтеуі!
Ал, бүгінгі міндет, тап қазіргі әңгіме – қазақ әдеби сынының 
бір марқасқасы болып өткен Сағат Әшімбаевтың таяуда жарық 
көрген екі томдық сын мақалалар жинағын бетке ала отырып, 
аяулы азамат тағдыры жайында толғану, ол аз жылдарда соңы-
на  қалдырған  сыншыл  да,  шыншыл  шығармалары  жайында 
толғану!
Сағат  Әшімбаев  –  әдебиет  сыншысы.  Жазушы  А.Толстой 
«Сыншы  –  ойшылдан  ақылдырақ,  суреткерден  талантты­
лау,  шығармашылық  ерекше  тұлға”  дейді  сыншы  туралы. 
Д.Благоев  деген  кісіңіз  “сыншы  қаласа  жазушы  бола  алады, 
керісінше  жазушы  сыншы  бола  алмайды”  –  деген.  Әрине, 
әдеби  сынға  махаббаттан  айтылған  пікірлер.  Шындығы  да 
бар. Бәрі қалыптасудан. Әр кәсіпке лайық ойлау жүйесі қалып-
тасады.  Әйтпесе,  әдебиетке  ақын,  не  жазушы  болып  келіп, 
сынға  ауысқан,  немесе  керісінше  сыншы  болып  бастап  көр-
кем  әдебиетке  ойысқан  қалам  иелері  көп-ақ.  Ұлы  сыншы 
В.Г.Бе линский өлең, пьеса жазған. Н.Г.Чернышевскийдің «По­
весть  ішіндегі  повесть»,  «Не  істеу  керек?»  секілді  повесть, 
романдары бар. Т.Ахтан, Т.Әлімқұлов – сыншы райында қалып-
тасқан  соң  барып  көркем  прозаға  жанр  алмастырды.  Эстон 
классигі Пауль Кусберг те солай. Бір сөзбен айтқанда, талантты 
болу – Алладан, қай жанр жалынан ұстап, қалай қалыптасу – 
тағдырдан.  Тек  қолына  қалам  ұстаған  азамат  әдебиетті  –  Ар 
тұтса  болғаны.  Тек,  «Талантты  өзін  білімдімін,  білімді  өзін 
таланттымын» (Ғ.Мүсірепов) – деп ойламаса болғаны...
Жазушыға керек талант пен білім-сыншыға да керек. Әйт-
песе, керісінше. Алла тағала тек азға алданып, азды мал данып, 
артына  өміршең  мұра  қалдыра  алмай  өткеннен  сақтасын, 
әйтеуір! 
Сағат Әшімбаев – талантты сыншы, білімдар азамат. Көзі 
тірісінде  солай  бағаланған,  қазір  де  солай  бағаланарына  дау 
жоқ. Ол, түбітиек бозбала шағынан бозбастанған жігіт шағына 
шейін  қолынан  кітабын  түсірмей,  оқу  соңында  болған  жан. 
В.Гюго «жылына төрт-бес мың кітап оқымаған кісіні мәдениет-
ті деуге келмейді» – деген. Қазақ қаламгерлері арасынан В.Гюго 
талабынан табылар жан Сәкең жарықтық болар, сірә! Басқамыз 
маңайлай алмаймыз. Мәдениет түп-түгелімен кітап оқуға қарап 
тұрса, мәдениеттің бізден ауылы алыс. Ал, Сәкең жөні бөлек.
Ол көп оқыған жан. Сыншыға керек қасиет. Оқығанын жа-
дына  шашаусыз  тоқыған  жан.  Сыншыға  ауадай  қажет  мінез. 
Сыншы түп-түгел жадтан тұрады. Жады мықты сыншы – жақсы 
сыншы. Ештеңе оқымаған адамның жады мықты болуы мүмкін. 
Оқыған, көп оқыған жаннан жады мықты– Сағат аға!
Жазушы ма, философ па, қайраткер ме? Озық ойлы тұл ға-
лардың айтқандарын Сағат аға аузынан естиміз. Жазғандарын 
Сағат аға қойын кітапшаларынан табамыз. (Ондай кітапша Са-
ғат ағада көп-ақ. Өзгенің ойын төгілдіріп қазақшалаған, өзі де 
талай афоризмдер өрген ол ой тамшыларын кітапқа жинақтаса 
«карманный  оракул»  сияқты  ғажап  білімді  кітап  болар  еді.) 
Солай еді. «Едіні» еріксіз қосақтауға тура келеді.
Ол университет қабырғасында жүргенде-ақ танылған, мо-
йын далған сыншы. Оқып жүріп-ақ жастардың қолы жетпей тін 
жастар газеті («Лениншіл жас») қызметкері.
Университет қабырғасынан 1970 жылы түлеп ұшқан Сағат 
Әшімбаевтың 1975 жылға дейінгі бес жыл беделіндегі тыным- 
 сыз ізденіп, аршындап өсуінің жөн-жобасы бөлек-ақ. Қолымыз-
дағы қос томдықтағы мақалалардың дені осы бес жыл аралы-
ғын да  жазылған  дүниелер!  Бала  жазғандай  балаң  емес,  ойы 
толыс қан, эстетикалық талғамы қалыптасқан кәнігі әдебиетші 
жазған болымды, толымды дүниелер!
Осы  бес  жылда  балаң  Сағат  әдеби  сындағы  беделге  ай­
налғанын көруге болады.
Сыншы бұл жылдары поэзия, проза, драматургия, сын жанр-
лары туындылары жайында сөйлепті. Оған аракідік жазылатын 

360
361
театр жайындағы мақалаларын қосыңыз. Бар жанр өрісін бір-
дей  бақылап  отыру  сыншы  қырағылығы  үшін  қажет.  Есесіне 
бар  жанр  даму  арнасын  дәл  байқап,  жақсысы  мен  жасығын 
айыра талдап мақала жазу екі кеме құйрығын ұстағандай қиын 
мәселе!  Ол  –  Абай  айтқан  «жетсе  егер  бұйрығың».  Сағаттың 
«бұйрығы» жеткен. Дарын қуаты жеткендіктен әдебиеттің бар 
жанрындағы  жетістікті  жете  талдап,  жеткізе  жазып  отырған. 
Ғажап үлгерімпаздық!
Әріден әдебиет тарихына барып, ұлы Абай жайында толға-
ну,  күрмеуі  қиын  тақырыпты  Мұхтар  Әуезовтей  бір  кемелге 
әкеліп  сабақтастыра  сөйлеу,  Бейімбет  Майлин,  Ғ.Мүсірепов 
классикасы туралы ой толғау – Сағат Әшімбаев аз жылда алған 
биік, жеткен меже!
Тахауи Ахтанов, Тәкен Әлімқұлов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, 
Тоқаш  Бердияров,  Мұқағали  Мақататев,  Әбіш  Кекілбаев,  Ас-
қар  Сүлейменов,  Мұхтар  Мағауин,  Қадыр  Мырзалиев,  Сәкен 
Жүнісов, Сайын Мұратбеков, Өтежан Нұрғалиев – қазақ әде-
биетінде  жетпісінші  жылдары  әр  буын  өкілі  райында  төгіп 
жеміс берген дарындар. Қолымыздағы қос томдыққа енген ма-
қалалар осы қадау-қадау қалам қайраткерлері шығармашылық 
портреттерінен тұрады. Жасы отызды орталамаған балаң жас-
тың ұлт әдебиетінің бары да, нары да дерлік дара дарындармен 
өрелес түсіп, әдеби сында терезесі тең сөйлесуі кісіні қайран 
қалдырады.
Алғашқы адымында жеке дарын, жеке шығарма жөнінде ой 
сабақтап  машықтанған  қалам  иесі  енді  келіп  бірінен  соң  бірі 
дегендей проблемалық мақалалар жазуға ден қояды. 1974 жылы 
үш  мақала  жазыпты.  «Биік  мұрат  тұрғысынан»,  «Әдебиет 
және  мораль»,  «Роман  арқауы­әлеуметтік  шындық».  Үшеуі 
де үздік. Тақырып қандай ауқымды, көтерген проблема қандай 
актуальды, талдау қандай терең?! 
Бұған жете-қабыл өреде жазылған «Жаралы жылдар еле­ 
сін» қосыңыз. Ол да 1974 жылы тумасы! 
Аз  жылда  осынша  өсу-шын  дарын,  шынайы  білімділік 
арқасы!  Толғақты  ойға  оранған  толымды  еңбектер!  Сын  ма-
қаласын ақынша егіліп те, төгіліп жазатын Сағат санаулы жыл-
дарда  байсал  тартқан,  әдеби  сынды  әлеуметтік  мәселелермен 
сабақтастыра  ауқымды  алып,  тереңінен  қозғайтын,  әдеби  мә-
селені  философиялық  өреге  көтере  толғайтын  ой  иесі  болып 
бой  тастайды.  Сағат  аға  қолынан  шыққан  әлгі  мақалалардың 
тақырыбынан, көтерген мәселесінен біз мейлінше ұлт әдебиеті 
табысы үшін қуанып, талансыздығы үшін «қуарып», қазақ әде-
биеті үшін өзін жауапты сезінетін азаматтық позициясы ай қын 
ойшыл қаламгерді табамыз.
Сағат аға ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетін көп оқып, көбірек 
зерделеген  әдебиетші.  Ф.М.Достоевский  туындыларын  сүйе - 
 тін, әдебиеттегі психологизм басында тұрған ұлы жазушы дү-
ние  таным қайшылықтарына дейін барып айтып, жазып жүре - 
тін. Бұл мәселеде ол Ф.Ницщемен де «таласып» қалып жатады.
Әдебиет  –  мәңгі  қозғалыстағы  құбылыс.  Ол  бір  орында 
тұр  майтын жанды процесс екені белгілі. Бір қаламгерге тиесілі 
асыл сөз біртіндеп өріс ашып, енді бірде күллі адамзат игілігіне 
айналып  бара  жатады.  Абай  айтқан  сөзімді  «кім  таныса  сол 
алсынның» кебі!
Өзі  сүйіп  оқитын  Ф.М.Достоевский  дәстүрі  Батысқа  ба-
рып  одан  әрі  құрлық  асып,  мектеп  түзгенде  Сағат  сыншы  да 
Г.Гессе,  Ф.Кафка,  Т.Уайльдер  шығармаларымен  табысты.  Қа-
зақ  жазушылары  кейіпкерлерінің  жаны  неге  осы  жазушылар 
шы ғармаларындай  психологиялық  тереңдікпен  ашылмайды, 
қазіргі  заман  психологизм  заманы  ғой  дейді  қаламдастарын 
қамшылап. Ең болмаса, И.Авижюс, М.Слуцкис шығармаларын 
оқысайшы,  шіркіндер  деп  тағы  бір  биіктерге  шақырады.  Бұл 
Сағат ағаның қазақ әдебиеті құндылықтарын игеріп, оны әлем 
әдебиетіндегі басым тенденциялармен байланыстыра зерттеп, 
сабақтастыра  сөйлеп,  салыстыра  талдауға  ден  қойған,  әбден 
өскен, толысқан шағы.
Қазақ романы жөнінде көсіле жазған мақалалары – әдеби 
сын өрісін кеңейтті, ұлт әдебиеті мерейін өсірді. М.Әуезовтің 
“Абай жолы” эпопеясынан тартып қазақ романдарын тақы рып-
ты  игеру,  өмір  шындығын  көркемдік  шындыққа  айналдыру, 
“таныс, бейтаныс бейне”– шыншыл кейіпкер – шынайы көркем 
образ,  жазушы  мұраты,  стиль  мәселесі  тұрғысынан  жан-жақ-
ты  талдады.  Ә.Нұрпейісовтің  “Қан  мен  тері”,  Т.Ахтановтың 
“Бораны”, С.Жүнісовтің “Ақан сері” секілді толымды эпикалық 
туындылары  сыншы  талдауында  тың  қырынан  ашылып  қоя 
береді.
Жетпісінші жылдары – повестің дәуірлеген шағы. Ш.Айт-
матов,  Н.Думбадзе,  В.Быков,  В.Распутин,  Г.Бакланов,  В.Тен-
дряков,  Ю.Трифонов  осы  “орта  жанрда”  ғажап  шығармалар 
жазды. Якименко “повесть-эпопея” туды, жанр жаңаланды деп 
дабыл  қақты.  Жанр  “культі”  қазақ  әдебиетіне  де  өз  ықпалын 

362
363
тигізері хақ. Әдеби процесс тамыршысы Сәкең Ә.Кекілбайұлы, 
М.Мағауин,  Қ.Жұмаділов,  Д.Исабеков,  Т.Әбдіков  повестерін 
әлем  әдебиетінің  әдемі  құбылыстарымен  жанды  байланыста 
талдап,  толайым  толғанысқа  толы  мақалалар  жазды.  Басты 
іздегені  –  психологизм.  Талап-тілегі  де,  міндет-парызы  да 
психологиялық талдау арқылы айтылып жатты. 
Ол  туған  әдебиетін  бар  жан-тәнімен  сүйеді,  жетістігіне 
жарыла қуанады, кемшілігіне төзімсіз ызаланады. Қуанышын 
да, ызасын да ақ қағазға сыншыл да шыншыл қаламмен сырға 
айналдырып төгеді. Қос томдыққа енген мақалалардан осындай 
сыршыл  сыншы,  ақиқатшыл  азаматты  табамыз.  “Әдебиет 
мүддесіне  адалдық”,  “Азаматтық  позиция  –  айқындаушы 
күш”– аталатын ойлы мақалалары әмсе осының айғағы!
“Психологизм  дегеннен  шығады,  біздегі  көп  шы ғар­
маларда  адам  жанындағы  “қолатты  ойпаңдар  мен  қор далы 
қалтарыстар”  терең  ашылмайды,  жадағайлық  пен  қара­
дүрсіндіктен  көз  жаза  алмайсың”  (1  т.31  бет)  –  деп  жазды 
сыншы.
“Психологиялық талдау орнына айшықсыз ала­құла баян­
даушылық,  кейіпкердің  барғанын,  тұрғанын,  кет кені  мен 
келгенін,  яғни  сыртқы  сырдаң  әрекеттерін  сөл сіз  сурет теу­
шілік,  әсерсіз  әңгімешілдік,  сыпыра  сипат таушылық,  оқи­
ғаларды хроникалық тізбелеушілік әлі де етек алып отыр” (1 т. 
32 бет) – деп қынжылады. 
“Сонымен  психологияны  берудегі  шеберлік  дегеніміз 
адамның жұлыны мен жүйкесін ұстап іске қосып тұрған ру­
хани  құдіреттің  сырларын  ашу;  бойдағы  болмашы  діріл  мен 
жүректің нәзік лүпілін тап басу, жанардағы нұр мен мұңның 
құлпырып құбылуын қалт жібермеу, жүздегі әр түрлі сезімнің 
себезгілеген сәулелерін дәл бейнелеу, қас пен қабақтың арасы ­ 
на ұялаған күйініш пен сүйініштің таптаурын табын айныт­
пай  айтып  беру  болса  керек”.  (1  т.  34  бет)  –  деп  шешіледі 
сыншы. 
Үш үзік. Прозадағы психологизмді талап ету. 
Сыншының ұсынары – рецепт емес. Қазақ прозасының ірі, 
басты қаламгерлері шығармаларын талдау барысында ізде генін 
таппаған  сәттегі  қынжылыс.  Талап  үстінде  айтылған  ойлар! 
Біліп айтылған білімді сөз! 
  Әлгі аталған үш мақаладан соң Сағат сыншының білімі 
мен таланты тең түсе көрінер сәті – “Жүгі ауыр жүрдек керуен” 
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет