Сарсембаева Жанерке Пәні: Академиялық грамматика Силабус бойынша барлығы 7 моөЖ берілген, барлығын орындадым


Алтыншы зерттеу жұмысы Г.В.Архангельскийдің құрастыруымен жарық көрген “Грамматика казахского языка”атты еңбегі [17]



бет13/37
Дата06.01.2022
өлшемі215,16 Kb.
#11869
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Алтыншы зерттеу жұмысы Г.В.Архангельскийдің құрастыруымен жарық көрген “Грамматика казахского языка”атты еңбегі [17]. Бұл еңбек қазақ тілінің оқытушысы Қ.Кемеңгерұлының 1924-25 жылдары Түркістанда шығыстану курсында оқыған дәрістерінен алынған. Бұл еңбек М.Жолдыбаев, А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Нұрымов, Х.Досмұхамедұлы, Құдайбергенов т.б. қатысқан Халық Ағарту Комиссариатының ғылыми-әдістемелік комиссиясында мақұлданып, оған А.Байтұрсынұлы: “Ценное пособие для русских, задавшихся целью серьезно изучить казахский язык” [18], – деп жоғары баға беріп, пікір жазған.

XIX ғасырдағы қазақ тілінің зерттелуі туралы қазіргі уақытта қандай еңбектер бар және ол еңбектерде қазақ тіл білімі салалары түгел қамтылған ба деген мәселеге келер болсақ, төңкеріске дейінгі қазақ тілінің зерттелуі жайлы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғалым-қайраткері, КСРО ҒА-ның корреспондент-мүшесі, ежелгі еврей тілінің оқытушысы, татар мен араб тілінің білгірі С.Е. Малов «Қазақ тілінің тарихы туралы» [19] мақаласында қазақ тілінің тарихы мен көне ескерткіштеріне тоқталып, кейінгі зерттеушілерге жөн сілтеген. Ғалым Э.Н. Наджиптің мақаласында [20, 73-90] қазақ тілін зерттеуші ғалымдар туралы айтылып, олардың еңбектеріне тоқталады. Ол өз еңбегінде қазақ тілін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталғандығын және осы кезеңде қазақ әдеби тілі де қалыптаса бастап, оның негізін қалаушы қазақ халқының ағартушы-ақыны, ойшылы Абай Құнанбаев екендігін атап өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет