Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет35/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45

 Логикалық жаттығулар:
1.   Айжан   мен   Маржанның   әкелерінің   аттарын   ата.   Айжан   мен   Маржан   –   Асқар   мен   Мұраттың
қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
(Айжан-Мұраттың, Маржан-Асқардың қызы.)
2. Үш ағайынды.
Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әртүрлі класта оқиды.Абзал арманнан, ал Аян Абзалдан кіші
емес. Бұл үйдің үлкені ортаншысы,кішісі кім?
(Ең үлкені Аян,ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал.)
3. Қай ауылдың балалары?
Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі –
Қосқұдықтан, екіншісі -Үштөбеден, үшіншісі – Көктөбеден.
Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, Бұлардың екеуі де Үштөбеде
болып көрмегенділігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?
(Еркін- Қосқұдықтан, Әділет- Көктөбеден, Ерлік -үштөбеден.)
Қызықты әзіл-есептер.
1. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
2. Дорбадағы  10 асықты  10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?
3.7 таяқша арқылы 3 үшбұрышты және 2 шаршыны қалай құрастыруға болады?
Дидактикалық ойындар.
Математикалық телефон
Дидактикалық мақсаты: 20 көлеміндегі сандарды ауызша қосуға және азайтуға жаттықтыру.
Керекті құралдар: Ойыншық телефоны, картон қағаздан дайындалған телефон тұтқасы.
Мазмұны: Бұл ойынды мұғалім мен класс толығымен болып, екі оқушы дара, немесе бір оқушымен
класс болып ойнайды. Күнделікті өз үйлеріндегі телефонмен сөйлескендері   сияқты екі бала бір-
біріне     математикалық   тапсырмалар   беріп,   жауабын   алады.   Ойынға   қатыспаған   балалар   олардың
жауаптарының дұрыс не бұрыстығын  тексеріп отырады,Бір бала сұрақ қояды, ал екінші бала жауап
береді. Жауап бере алмаса орнына отырады да, ойынды басқа бала жалғастырады.Осылайша тездете
отырып, бүкіл кластың балаларын толық қамтуға болады.
      Тапсырмаларды   түрлендіріп,   күрделендіріп   жалғастырып   ойнай   беруге   болады.Суреттегі
шаршылардың бос тор көздеріне сандарды таңдап қою керек. Мұнда кез келген бағытта орналасқан
үш санның қосындысы қандай да бір алдын ала белгіленген  сан болуы керек. 
255

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Оқулықтағы шығармашылық жаттығулар оқушылардан тек қана математикадан білім емес, күделікті
өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты білімді талап ететін тапсырмалар. Бұлар негізінен
оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделген. Бұл - өте қиын, аса жауапты,
бірақ   игілігі   мол   ардақты   жұмыс.   Ендеше   логикалық   ойлауды   дамыта   оқытуды   негіздеу   үшін
логикалық  ойлау ұғымын терең түсіну керек.   Біз  бұл ұғым  және  олармен  байланысты мәселелер
бойынша   психолошиялық,   педагогикалық   оқу   әдістемелік   әдебиеттерді   және   ғылыми   зерттеу
жұмыстарын қарап шығып, логикалық ойлауды дамыту ұғымы ойлауды дамыту ұғымын қамтиды
деген   пікірге   келдік.   «Ойлау   -   логиканың   заңдылықтарымен   формаларына   бағынады.   Көптеген
адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы
болып жатқанын білмейді» дейді В.Кириллова. 
ІІ.2 Оқушылардың ойлау қабілеттерін логикалық есептер арқылы дамыту.
Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың программалық материалдары оқып 
үйренгендей қабылдауға терең де берік білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына, сонымен бірге 
математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады. 
Сынып оқушылары бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған ынтасы зор да
бар.   Оларды   жеңіл,   бірыңғай   жаттығулар   орындау   жалықтырады.   Сондықтан   белгілі   бір   ережені
меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар
берілуі қажет.  Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз
емес. Соның бірі оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға,
деген   құмарлықтарын   арттыру.   Осындай   проблемаларды   шешу   мақсатында   бастауыш   сыныптан
бастап логикалық есептерді шығару керек.  Ұлы ғалым Д.И, Менделеев мұғалімдердің ғылымының
сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымда мұғалім ғана оқушыларына терең
де мағыналы білім бере алады» деген.     Оқу еңбегінің қаруы-ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік
талдау біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс-әрекетінің негізгі өзегі болып келеді. Ол үшін әр адам өз
орнында   еңбек   өнімділігін   арттырып   қана   қоймай,   оның   сапасын   қалай   өсіру   керектігін
ойластырғаны жөн.  Қоғамның, ой-санасының өсі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің
егемендік   алып,   өркениетті   елдерінің   қатарына   қосылуы-   жаңа   заманның   жастарынан   өзіндык
таланты   мен   табиғи   қабіелтін   жетілдіріп   қана   қоймай,   олардың   жаңашыл   болуын,   ізденістерін
ұштауын талап етеді.  Бұл орайда математика, логика, информатика пәндері басты мәнге ие.  Есептер
шығарғанда   олардың   ойларынан   теориялық   негізгі   логикалық   түсініктемелерге,   әртүрлі
ситуацияларға негізделген ғылыми көріністер байқалады. Әрбір таным қанағаттанарлық сезімге бөлу
үшін   адамның   ғылыммен   ішкі   үндестігі   және   логикалық   үндестігі   біртұтас   болғаны   жақсы.   Тек
осындай жағдайда ғана білімнің қыры-сыры   ашылады, түсінбей жаттап алу, ойды жүйесіз баяндау
әрекетті сирейді. Бұған қалыптасқан оқушылардың қиялы шарықтап, білімге құлшынысы артады. 
 Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш-қуаты мен сенімін арттыру 
керек. Қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт  берген абзал. 
 Оқушылардың білімді меңгеру үрдісі негізінен мына компоненттерден тұрады. 1.Қабылдау. 
2.Түсіну. 
3.Есте сақтау. 
4.Қорыту және жүйелеу. 
 Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаев былай деген: «Ойлауды өркендету» жолдары. 
Ойлау-жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың 
ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек. 
Өркендету жолдары мыналар: 
 1. Баланың жанында дұрсы ашық суреттеулердің көп болуына жағдай қылу керек. Қанша дегенмен 
адам суреттер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір пікір ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш пікір 
айтудың қажеті жоқ, бала пікірді суреттің өзінен шығарып алсын. 
  2. Бала заттарды, көріністерді, ұқсас сандары бойынша топ -топқа бөлу сияқты, мысалы: 
дыбыстарды, әріптерді бөлу өсімдікті, жануарды топ-топқа бөлу сияқты. Бірақ баланы заттарды, 
көріністерді топ- топқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек. 
 3. Бала көріністерінің, ойлардың аралығындағы байламды, олардың қайсысы қайсысына себеп екені 
256

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
біліп үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ерекше заң шығартқызып, үйрету сияқты істермен болады. 
 «Жаңа буын» математика оқулықтарында «Жасыл қоршаудағы стандартты емес тапсырмалар» 
берілген. Бұл материал қазіргі математиканың бастауыш буынның білім мазмұнындағы «Төртінші 
блок-мазмұндық логикалық есептер мен тапсырмалардың жүйесі...» және ол «... оқушы зейінін, 
қабылдауын, қиялын, есте сақтауын, логикалық ойлау элементтерін дамытуға бағыттамасы». 
 Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл 
оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырады. Бір 
есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталып, 
логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет. 
 Оқулықтағы шығармашылық жаттығулар оқушылардан тек қана математикалық білім емес, 
күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жағдайға байланысты білім талап етілетін тапсырмалар. Бұлар 
негізінен оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделген. Бұл -өте қиын, аса 
жауапты, бірақ игілігі мол, ардақты жұмыс. 
 Логикалық есептер.
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып 
келеді.Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
*Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан 
үлкен.Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат 
ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның 
жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы 
нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
Логикалық есеп 
• Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады? 
• Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше 
алма болды? 
• Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл 
емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай? 
• Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды 
қалай қоюға болады? 
Ойлан, тап 
 Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу.  
 (14 * 6)*10=10 
Математикалық тест
257

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
4 + 3    9,10,7   10 - 3   7,8,9 
6 + 3    9, 6, 4   9 - 2   5, 6,7 
ІІ.3 Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындар 
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, 
педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік 
дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. 
Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде
ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ 
сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». 
Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. 
  Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. 
Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра 
отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын 
ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, 
есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары 
қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. 
Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім
дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ 
материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен 
шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және 
жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде 
балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім 
игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі 
баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан 
үйренеді, санға аты ұйқас заттарды  танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі 
баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте 
көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол 
алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, 
айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін 
қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал. 
Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының 
қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, 
айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы 
болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, 
сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. 
Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік 
қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. 
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен 
тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті.
Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім 
мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына 
сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай 
жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық 
байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, 
ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға 
жетелейді.  Ойын негізінде ойлай отырып,  тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім 
жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, 
ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы 
оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім 
көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, 
елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын 
қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу 
258

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
тілін қалыптастырады. Бірінші сыныпта математика оқып үйрене бастағанда «яғни алғашқы ондықты
өткенде» қушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату орынды. Мұғалім пәнаралық
байланыс мақсатында санаумен қатар тіл жаттықтыруға арналған «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойынын 
естеріне салып, қайталап отыру жөн. Бірінші сыныпта алғашқы ондықты өткен кезде «сен тұр, сен 
шық» ойынын ойнатуға тиімді. 
  Бастауыш сыныптың математика сабағында алғашқы ондықты Мұзафар Әлібаевтың «балдәурен, 
шіркін балалық» кітабын «Он саусақ», «Санамақ» өлендерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы 
(ана тілі, математика сабақтарында) оқушылардың тілін ұстартып, логикалық ой жүйелерін 
қалыптастыруға болады. 
 Алғашқы ондықты өткенде «Қуалап соқ» ойынын ойнатқан жөн. Бұл оқушыларды шапшаң ойлауға 
дағдыландырады. Алғашқы ондық көлемінде есептер шығарып, амалдар қолданған кезде мұғалім 
балалармен көп жұмыс істеп, сандарды үйретумен бірге оқушыларды өз бетімен есеп құрауға 
жаттықтырады. 
 Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Сол
тәсілдердің бірі- «жетім алма» жұмбақ өлеңі арқылы есеп шығарту. 
 Табақта бес алма,  Бір алма атама 
 Қолымда екі алма Екі алма беремін 
 Қосқанда барлығын  Тәтеме-Сапаға 
 Болады жеті алма  нешеуін алады? 
 Бір алма апама нешеуі қалады? 
  Барлығы жеті алма. Оның төртеуіне беріледі. Нешеуі қалғаны белгісіз. Сондықтан бұл есепті 
белгісіз санды табу тәсілімен шығару керектігі түсіндіріліп, есепке өрнек құралады. 
  Х+4= 7 
 Х= 7-4 
 Х= 3 
  Жауабы: 3 алма. 
 Өткенді пысықтау барысында «Жүз қаз» есебін пайдалану орынды. 
  Келеді ұшып бір топ қаз, Жетпей тұр ғой қосылмай. 
 Суалып көлі болып саз. Оның және ширегі, 
 Ескі жерге оралмақ, Болсын жарты керегі. 
 Мұны білмей жалғыз қаз. Өзің жалғыз кезіккен, 
 - Есенсіз бе, жүз қаз, Қосыларын сезіп пе ем?! 
 Деді келіп бір қаз.  Бәрін бірге жинайық, 
 Мойнын бұрып бастаушы, «Жүз» атауын сыйлайық, 
Логикалық ойын  
1.Екі  сиырдың мүйізі қанша? 
 2.Бір мысықтың  аяғы қанша? 
 3.Бес қойдың басы нешеу? 
  4.Үш адамның  қолы нешеу? 
Санамақтар 
  Тауық, жөнін тауып, 
 Он жұмыртқа басты, 
 Өэдерінше мықты 
 Төрт балапан шықты 
 Қанша қалғанын 
 Есептей алмай отырмын. 
Он екі үйрек көріп ем, 
 Үшеуі ұшып кетті 
 Төртеуі суға түсіп кетті 
 Айтпауға сөз қалмады. 
 Қаншасы орнынан қозғалмады
  
259

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
          Үш алманы бақтағы 
• Кірпі алып  жинады 
• Ең әдемі біреуін 
• Ақ  тиінге  сыйлады. 
• Ыдыстағы  алманың  
• Санап  көрші қалғанын 
Дамыту жолдары: 
Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары. 
Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық 
тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып 
көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін 
зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді. 
Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз -  әлеуметтік 
жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, 
дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және 
біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен 
біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-
әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. 
Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша
бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын 
психикалық процесс. 
Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың 
ішінде логика мен  психологияның  орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының 
пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің 
заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын 
айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының 
табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, 
ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. 
Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың 
үш түрі қарастырылады. 
• 1.Практикалық іс-әрекеттілік. 
• 2. Көрнекі-бейнелік 
• 3.Сөздік – логикалық. 
Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді 
  қамтиды. 
• 1  / Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, 
сөздік-логикалық/ 
• 2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, 
жалпылау,классификациялау/ т.б. 
• 3/  Заттың  мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту. 
• 4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу. 
• 5/  Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу. 
• 6/  Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау. 
• 7/  Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу. 
• 8/  Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау. 
• 9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу 
процесін стимулдау. 
• 10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика 
заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру 
ІІ.4 Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы. 
260

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Математикалық жұмбақ есептер.
1.Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып, түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі? (4)
2 Аулада 3 үйрек,
Қорада 1 үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек? (2)
3.Табақта 5 алам,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма? (7)
 «Ханталапай» ойыны.
Талапай-ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар шашылған асықты жинап алады да әр
оқушы өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады. Асықтардың саны аяқталған соң, 
салыстыру жұмысын жүргіземіз.
 «Ақсүйек» ойыны.
Ойынның шарты: Тақтаға ақсүйектер жапсырылады. Бір бала көзін жұмады да ақсүйектің біреуін 
алады. Артында жазылған санға байланысты санамақ айтады.
«Орамал тастамақ» ойыны.
Шарты: санның алдыңғы және артқы көршісін табу. Тапқан бала келесі баланың алдына орамал 
тастайды.
 «Теңге ілу» ойыны.
Шарты: Тақтаға теңге ілінеді. Теңге алу үшін бір жаңылтпаш айтып беру керек.
Қорытынды: 
  Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар 
жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді  жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, 
балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – 
деп ой түйіндейміз. 
Сабақтың тақырыбы: 3 саны мен цифры. Үшбұрыш.
Мақсаты:
1) 3 саны және цифрымен таныстыру. Үшбұрыш оның белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру.
2) Ойлау қабілеттерін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сандар, кестелер, геометриялық фигуралар, интерактивті тақта, суреттер.
Әдісі: Ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру, өз бетінше жұмыс.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын «Кім жылдам?»ойыны арқылы қорытындылау.
2+1 қосындысы неге тең екен? 1+2 қосындысы неге тең болады? (Жауабы)
261

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Екі үшбұрышты салыстыру, айырмашылықтарын сұрау.
Логикалық есептер шешу.
Ойын: «Сиқырлы қалта»
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
Енді қолымызбен 3 цифрін мүсіндеп көрейік.
2 саны:
Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағым.
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын.
Сандар туралы не білеміз? (жауабы)
Балалар, бізге тағы қонақтар келіп тұр. Мінекей қараңдар. Кімдер келіп тұр? (Аталар).
Балалар, біздің ұлтымыз қай ұлт? (Қазақ).
Біздің қаламызда қай бидің атында көше бар? (Әйтеке бидің атында көше бар).
Осы көшеде кім тұрады, балалар? (Әйтеке би көшесінде тұратын балалардың атын атау).
О О О - мынау қандай геометриялық пішін? (Шеңбер)
Сергіту сәті:
Ептеп – ептеп жерден бидай терейік,
Тергеніңді торғайларға берейік.
Тойған торғай томпаң – томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен болып жетілсін,
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал.
Енді менің әңгімеме құлақ сал.
Балалардан құстардың пайдасы туралы сұрау. (Балалардың жауаптары.)
Түсі қандай? (Қызыл)
Нешеу? (Үшеу)
▲▲▲ – мынау қандай геометриялық пішін? (Үшбұрыш)
Үнтаспадан құстардың дауысын тыңдату. (Құстардың дауысын ажырату.)
(Геометриялық пішіндерден машина құрастыру)
(Балалар «сиқырлы қалтадан» сандарды тауып алады.)
Дәптермен жұмыс. 3 цифрын дұрыс жазу.
Одан кейінгі тапсырмалар мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады.
Өз бетінше жұмыс. 2 мен 3 сандарының құрамын бекіту үшін «Өнімді жина», «Арифметикалық лото»
ойындарын ұйымдастыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет