Серік Мырзалы философия оқу құралы


Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелерi



Pdf көрінісі
бет243/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелерi
«Өмiр философиясының» ХХ ғ. беделдi ағымдарының бiрi фрейдизм 
болып табылады. Негiзiн қалаушы Зигмунд Фрейд (1856-1939 жж.) – 
австриялық дәрiгер, психолог, философ. Негiзгi еңбектерi: «Мен және 
Ол», «Тотем мен Табу» т.с.с.
З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психи-
касында бисаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын 
қайсыбiр невроз ауруларының себебiн ғалымдар сананың шеңберiнен 
iздеген болса, ол оны бисаналықтан көрiп, жүйке ауруларын емдеудiң 
«психоанализ» әдiстерiн жасап, бiршама жетiстiктерге жетедi. Бұл оған 
шабыт берiп, ол психоанализдiң негiзгi қағидаларын бүкiл қоғам мен 
мәдениетке таратып, философия саласында ерекше ағымды тудырды.
Бисаналықты ашу, оның құрылымын, адамның жеке өмiрiне
қоғамға тигiзетiн әсерiн зерттеу – Фрейдтiң ғылымға енгiзген жаңа-
лығы болды. Адамның көп ынта-тiлектерi мен құштарлықтары биса-
налық түрде пайда болады екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған 
кезде, я болмаса ұйқыдағы адамның түсiнде, байқамай айтылып қалған 
сөзде, кейбiр дене қозғалысында т.с.с. көрiнiп қалады.
З.Фрейдтiң ойынша, адамның психикасының үш деңгейi бар: 
оның ортасында «Ego» (латын сөзi, «Мен» деген мағына бередi), яғни 
адамның өзiндiк сана-сезiмi орналасқан. Екiншi құрамдас бөлiгiн 
«Super ego» (өзiндiк сана-сезiмнен жоғары) деп атайды. Оған неше 
түрлi қоғамның тұлға алдына қоятын талаптары, әлеуметтiк норма-
лар, әке-шешенiң бала алдына қойған талаптары мен бұйрықтары т.с.с. 
кiредi, ол – тәрбие барысында адамның психикасына енгiзiлiп, соңынан 
оның барлық жүрiс-тұрысын қоғамның талабына сәйкес ретке келтiрiп 


344
отыратын iшкi механизм. Адам психикасының iргетасы ретiнде тым 
терең жатқан және өте көне құрамдас бөлiгi – ол «Libido» (латын 
сөзi, құштарлық, iңкәрлік, құмарлану деген мағына бередi), я бол-
маса оны қысқаша «Id» деген екi әрiппен бередi. З.Фрейдтiң ойынша, 
оған адамның барлық бисаналық түрде өтiп жататын психикалық 
құбылыстарының бәрi де кiредi. Оларға инстинктер, күңгiрт сезiмдер 
мен түйсiктер, ындын-тiлектер т.с.с. жатады. Бисаналықтың өзегiне 
З.Фрейд жыныс күш-қуатын (сексуалдық энергия) жатқызады. Ол бүкiл 
адамның психикалық жан дүниесiне өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның 
«өздiгiн», ерекшелiгiн құрайды.
З.Фрейдтiң ойынша, егер адам психикасының ең терең қабаты ләззат 
алуға тырысса, сана, керiсiнше, сыртқы дүниеге, айнала қоршаған 
ортаға бейiмделуге асығады. Осы себептi сана мен бисаналықтың 
арасында әрдайым қайшылық пайда болады. Егер тәрбие барысында 
адамның жан дүниесiне енгiзiлген әлеуметтiк нормалардың талаптары 
өте күштi болса (Super ego), онда ләззат алуға бағытталған жыныс күш-
қуаты сыртқа шыға алмай, бiр жағынан, адамды невроз ауруларының 
түрлерiне әкелсе, екiншi жағынан, ол белгiлi бiр жағдайда сублима-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет