Стамбекова жазира курмангалиевна


«Инновациялық әрекетке даярланған бастауыш сынып педагогтерінің моделі» тақырыбындағы эвристикалық семинар



бет35/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44
«Инновациялық әрекетке даярланған бастауыш сынып педагогтерінің моделі» тақырыбындағы эвристикалық семинар
Семинардың міндеттері:

  1. Болашақ бастауыш сынып педагогтеріне эвристикалық әдісті қолданып, мәселенің шешімін іздеп табу әдістемесі меңгертіледі.

  2. Бакалаврлердің санасында мұғалімнің инновациялық әрекетке даярлығын көрсететін модельдің ішкі компоненттерін қалыптастыру.

  3. Студенттерге инновациялық әрекетке даярлық барысында мотивациялық, когнитивтік, креативтік, операционалдық, рефлексивтік, ақпараттық компоненттердің мазмұнын, нақты белгілерін, жүзеге асырылу ерекшеліктерін практикалық түрде меңгерту (кесте 17).

Кесте 17 – Эвристикалық семинардың құралымы





Эвристикалық семинарды дайындау жоспары

Эвристикалық семинарды өткізу жоспары

Эвристикалық семинардың тұжырымдамасын дайындап алу.

Оқытушы семинардың тақырыбы мен мақсат-міндеттерін таныстырады. Жүргізуші-модератор тағайындайды. Эвристикалық семинардың қалыптан тыс ерекшеліктері туралы қысқаша баяндайды.

«Ақылмандар» мен «Ізденімпаздар» топтарын құру.

«Ақылмандар» мен «Ізденімпаздар» топтарының ««Инновациялық әрекетке даярланған бастауыш сынып мұғалімінің моделі қандай болуы дұрыс?» деген мәселе бойынша талдау, талқылау, пікірлесу жүргізуі.

Эвристикалық семинардың тақырыбы бойынша оқытушы кеңес берді.

  • Инновациялық әрекеттің мотивациялық,

  • когнитивтік,

  • креативтік,

  • операционалдық,

  • рефлексивтік,

  • ақпараттық компоненттері мен осы компоненттердің мазмұнын, нақты белгілерін, жүзеге асырылу ерекшеліктерін эвристикалық әдіс арқылы балқылау тапсырылды.

Қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету.

Интерактив тақтаны пайдаланып, өздерінің ойларын презентация ретінде бірден құрап көрсетуі тапсырылды.

Көрнекіліктер әзірлеу.

Келесі сызба бойынша жұптық жұмыс жасау:

  • «Ақылман» - «Ақылман».

  • «Ізденімпаз» - «Ізденімпаз».

  • «Ақылман» - Ізденімпаз

Ақпараттық-коммуникациялық қолдау, интернет-ресурстарды анықтау

Оқытушының қорытындысы.
Жүргізушінің қатсушылар бойынша талдау жасауы.

Эксперименттік топтарда өткізілген инновациялық семинардың тағы бір түрі оқу-жағдаяттық форматта ұйымдастырылды. Келесі кестеде сол семинар сабақтың үлгісі көрсетіліп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет