Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Анатомия кафедрасы
Тақырыбы: Қаңқа сүйектерінің жас ерекшеліңктерін оқу
Дайындаған:Абдраманов А.С 1-015 тоа ЖМФ Қабылдаған: Тышқанбаева А.Қ
Қарағанды 2015
Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
Сүйектің дамуы. Сүйектерді жіктеу.
Бас сүйектерінің еңбектері.
Сүйектерді рентгенмен тексеру.
III. Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Сүйектер туралы ілім — osteologia, остеология. Қаңка (sceleton, грекше — кептірілген скелет),— механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Ол өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек тканьдерінің көмегімеи байланысқан жеке сүйектердеп тұрады; солармен бірге қимыл аппаратының пассивті бөлімін қүрайды.
Қаңқаның маңызы. Сүйек жүйесі негізінен механикалық көбінесе биологиялық маңызы бар бірқатар қызмет аркарады, Негізінен механикалық маңызы бар функцияларды қарастырайық. Араларында теріде пайда болатын ішкі қаңқамен қатар азды-көпті дамыған сыртқы қаңқасы бар (балық терісіндегі қабыршақтар) түрлер кездескенмен, барлық омыртқалылар үшін қаңқа тән. Алғаш пайда болғанда қатты қаңқа организмді зиянды сыртқы әсерлерден қорғау қызметін атқарады (омыртқасыздардың сыртқы қаңқасы). Ішкі қаңқаның дамуымен омыртқалыларда ол алғаш жұмсақ тканьдер үшін тірек және арқауға айналды.
Сүйектің дамуы. Кез келген сүйектің түзілуі мезенхима текті жас дәнекер тканьді клеткалар — остеобластар есебінен жүреді, оларды басты тірек рөлін атқаратып клеткааралық сүйек заты жасап шығарады. Атап өтілген қанқа дамуының үш сатысына сәйкес сүйектер дәнекер немесе шеміршек тканьдер негізінде дамуы мүмкін, сондықтан сүйектенудің (остеогенездің) мынадай түрлерін ажыратады:
1. Эндесмальды сүйектену (еn — Ішкі, desme — байланыстырғыш) алгашқы, жабынды сүйектердің дәнекер тканьдерінде жүреді. ,
Болашақ сүйектің пішіні бар ұрықтың дәнекер тканьнің белгілі бір бөлігінде остеобластардың әрекеті нәтижесінде сүйекті заттың аралшықтары (сүйектену нүктесі) пайда болады. Бірінші орталықтан сүйектену процесі сүйекті заттың шет таралады. Жабынды сүйек қалыптасатын дәнекер тканьнің беткі қабаттары сүйек қабы түрінде қалады, сүйек қабы жағынан сүйек калыңдап өседі. Мәселен, су омыртқалыларында (мысалы, сүйекті балықтар) перихондральды остеогенез аркылы барлық рычагтардағы сияқты ең көп ауырлық түсетін (сүйектенудің алғашкы-ядролары) сүйектің тек ортаңғы бөлігі сүйектенеді. Мұндай жағдай қосмекенділерде де байқалады, бірақ оларда балықтарға қарағанда сүйектің ортаңғы бөлігінің көбісі сүйектенеді. Құрылықта тіршілік етуге түпкілікті көшуге байланысты каңқаға көбірек функциональдық талаптар қойылады.
Ол суға қарағанда құрылықта қозғалудың қиындығына және сүйекке көбірек ауырлық түсуіне байланысты. Сондықтан құрылықта тіршілік ететін омыртқалыларда екінші сүйектену нүктелері пайда болады, олардан бауырмен жорғалаушылар мен құстарда эндохондральды остеогенез арқылы сүйектердіц шеткі белімдері де сүйектенеді. Сүтқоректілерде буындасуға қатысатын сүйектердің ұштарында тіпті дербес сүйектену нүктелері пайда бодады. Мұндай рет адам онтогенезінде де сақталады, онда да сүйектену функцияға байланысты және сүйектердің ауырлық ең көп түсетін орталық бөліктерінен басталады.
Мәселен, құрсақта дамудың екінші айында алғашқы нүктелер пайда болады, олардан ең көп ауырлық көтеретін сүйектердің негізгі бөліктері, яғни жілік сүйектердің денелері, немесе диафиздер, метафиздер және диафиздің ұштары дамиды. Олар пери- жәпе эндохондральды остеогенез арқылы сүйектенеді. Содан кейін тууға жақындағанда немесе туғаннан кейінгі алғашқы жылдары екінші нүктелер пайда болады да, олардан эндохондральды остеогенез арқылы жілікті сүйектердің буындасуына қатысатын сүйектердің ұштары, яғни эпифиздер түзіледі. Шеміршекті эпифиздің ортасында пайда болған сүйектену ядросы жайылып өсіп, кеуекті заттан құралған сүйекті эпифизге айналады. Бастапқы шеміршек тканінен бүкіл өмір бойы буын шеміршегін құрайтын эпифиздің бетінде оның жұқа қабаты ғана қалады.
2.Перихондральды сүйектену (реrі — айнала, chondros — шеміршек қабының (perichondrium) қатысуымен сүйектің шеміршекті бастамаларының сыртқы бетінде жүреді.
Болашақ сүйек пішінді мезенхималық бастама шеміршек тканінен тұратын және сүйектің шеміршекті моделі сияқты «сүйекке» айналады. Шеміршекті сыртынан жабатын шеміршек кабы остеобластарының әрекеті нәтижесінде оның бетінде, тікелей шеміршек қабының астында сүйек ткані пайда болып, ол бірте-бірте шеміршек тканьді ауыстырып, тығыз сүйек затын түзеді.
3.Сүйектің шеміршекті моделінің сүйекті модельге ауысуымен шеміршек қабы сүйек қабына айналып (periosteum), сүйек тканінің одан әрі карай өсуі сүйек қабының есебінен жүреді (периостальды сүйектену). Сондықтан перихондральды және периостальды остеогенездер бірінен соң бірі жүреді.
4.Эндохондральды сүйектену (endo, грекше — Ішкі, chondros — шеміршек) тамырлары бар өсінділерін шеміршектің ішіне беретін шеміршек қабығының қатысуымен шеміршек бастамаларының ішінде жүреді. Сүйек түзуші ткань тамырлармен бірге шеміршек қабатына ене отырып, алдын ала ізбестенген шеміршекті бұзып, сүйектің шеміршектік моделінің орталығында сүйектену нүктесін түзеді. Эидохондральды сүйектену процесінің центрден шетке қарай таралу процесі кемік сүйек затын түзуге әкеледі. Шеміршек сүйекке тікелей айналмайды, ол бұзылып, жаңа, сүйек тканімен алмасады. Сүйектенудің сипаты мен реті де организмніц қоршаған ортаға бейімдеяуіне байланысты. Балаларда, жасөспірімдерде және тіпті ересектерде қосымша сүйектену аралшықтары пайда болын, олардан бұлшықеттер мен байланыстырғыштардың бекуінен ауырлық түсетін сүйектің бөліктері сүйектенеді, олар апофиздер деп аталады: мысалы, ортан жіліктің ұршығы немесе тек ересектерде ғана сүйектенетін бел омыртқалар өсінділеріндегі қосымша нүктелер.
Сондай-ақ сүйектің құрылысына байланысты сүйектену сипаты да оның функциясына байланысты. Мәселен, негізінен кеуек сүйек затынан тұратын сүйектер мен сүйек бәліктері де (омыртқа, төстік, білезік және тілерсек сүйектері, жілік сүйектердің эпифиздері және басқалары) эндохондральды жолмен сүйектенеді де, ал әрі кеуек әрі тығыз заттан құралған сүйектер мен олардың бөліктері (бассүйектің негізі, жілік сүйектердің диафиздері және т. б.) эндо- және перихондральды сүйектену жолдарымен дамиды.
Адамның бірқатар сүйектері жануарларда жеке болатын сүйектердің қосылуының енімі болып табылады. Осы қосылу процесінің кәрінісі ретінде мұндай сүйектердің дамуы мөлшері меп орналасқан жері жағынан қосылған сүйектерге сәйкес келетін сүйектену ошақтарының есебінен жүреді. Мәселен, адамның жауырын сүйегі қарапайым құрылықта тіршілік ететін омыртқалы-лардың иық белдеуіне қатысатын екі сүйектен (жауырын мен коракоид) дамиды. Осыған сәйкес жауырындағы негізгі сүйектену ядроларынан басқа оның тұмсық тәрізді өсіндісіне (бұрынғы коракоид) сүйектену ошақтары пайда болады. Үш сүйектен қосылатын самай сүйегі сүйек ядроларының үш тобынан сүйектенеді. Сөйтіп, әрбір сүйектің сүйектенуі оның филогенезінің функциялық даму процесін бейнелейді.
Сүйектің өсуі. Организмнің ұзақ уақыт өсуі және ұрықтағы мен ақырғы қалыптасқан сүйектің көлемі және пішіні арасындағы айырмашылық соншалық, бүкіл өсу бойында оны қайта құрылуға мәжбүр етеді, қайта құрылу процесінде жана остеондар түзілуімен қатар ескі остеондардың таралып — жойылуы (резорбция) процесі жүреді, олардың қалдықтарын жаңадан түзілгеи остеондардың арасынан көруге болады. Таралып — жойылу сүйектегі ерекше клеткалардың— остеокластардың әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Соңғылардың жұмысының нәтижесінде диафиздің бүкіл эндохондральды сүйегі таралып — жойылады да, онда қуыс пайда болады. Перихондральды сүйек қабаты да таралып — жойылады, бірақ жойылатын сүйек тканінің орнына сүйек қабы жағынан оның жаңа қабаттары түзіледі. Соның нәтижесінде жас сүйек қалыңдап өседі.
Бүкіл балалық жәие жасөспірімдік кезеңде эпифиз бен метафиздің арасында эпифизарлық шеміршек, немесе өсу пластинкасы деп аталатын шеміршек қабатшасы сақталады. Осы шеміршектің есебінен аралық шеміршек затын түзетін оның клеткаларыныц көбеюі арқасында сүйек ұзына бойына өседі. Кейін клеткалардың өсуі тоқтайды, эпифизарлық шеміршек сүйек тканіне орын беріп, метафиз эпифизбен қосылады, сөйтіп синостоз пайда болады. Сөйтіп, сүйектің сүйектенуі мен өсуі қарама-қарсы аппозиция: және резорбция жасау және бұзу функцияларын атқаратын остеобластар мен остеокластардың тіршілік әрекеті нәтижесі болып табылады.
Сипатталған даму мен атқаратын қызметіне сәйкес әрбір жілік сүйекте мынадай бөліктерді ажыратады.
1. Сүйектің денесі, диафиз,— негізінен тірек және қорғаныс функциясын атқаратын, ересектерде сары жілік майы бар сүйек түтігі. Түтіктің қабырғасы тығыз тұтас заттан тұрады, онда сүйек пластинкалары бір-біріне өте жақын орналасып, тығыз масса түзеді.
Диафиздің тығыз заты екі түрлі сүйектенуге сәйкес екі қабатқа бөлінеді: 1) сыртқы қыртысы (cortex — қыртыс) қабат — шеміршек қабығы мен сүйек қабынан перихондральды сүйектену арқылы пайда болады, оны қоректендіретін қантамырларды да содан алады; 2) ішкі қабат эндохондральды сүйектену арқылы пайда болады, қоректі жілік майы тамырларынан алады.
Эпифизарлық шеміршекке жанасып жатқан диафиздің ұштары — метаф издер Олар диафизбен бірге дамиды, бірақ сүйектердің ұзына бойына өсуіне қатысады және кеуек заттан, suhstantia spongiosa тұрады.
2. Әрбір жілік сүйектің эпифизарлық, шеміршектің басқа жағына орналасқан, буындық ұштары эпифиздер деп аталады. Олар да қызыл жілік майы бар кемік заттан түрады, бірақ метафиздерден өзгеше эпифиз шеміршегінің ортасында бастамасы қаланатын дербес сүйектену нүктесінен эндохондральды жолмен дамиды; олардың сыртында буын түзуге қатысатын буын беті болады.
3. Эпифиздің қасына орналасқан сүйек бұдырлары — апофиздер, оларға бұлшықеттер мен жалғамалар бекиді. Апофиздер олардың шеміршегінде дербес қаланған сүйектену нүктелерінен эндохондральды жолмен пайда болады және кеуек заттан құралған. Жіліктен басқа бірақ бірнеше сүйектену нүктелерінен дамитын сүйектерде де осындай бөліктерді ажыратуға болады. .