Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты



бет30/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Этнопсихологиялық аспект – қақтығыс жағдайында ұлттық қызығушылықты қорғаудан шығады. Ұлыста және әлеуметтік топтарда дағдылы өмір сүрулерінің, тұрмыстық және рухани мәдениетінің бұзылуы әр түрлі қабылданады. Этностық топтарда олар жалпы қорғау реакциясын шығарады. Этностық қақтығыстың әлеуметтік – мәдениеттік аспекттары – этностардың бұзылуы, мәдениеттің және діннің қалпы бұзылуы кезінде пайда болады.
Әлеуметтік – экономикалық аспект – кіші топтардың экономикалық қызығушылықтарын, нақты әлеуметтік – экономикалық теңсіздігін көрсетеді. Ақырында, саясаттық аспект жаңа саяси аз топтың жетекшілерінің пайда болуынан қалыптасады. Олар басқа ұлттардың арасында ұлт болуға, аз топтардың халықаралық саяси жүйенің тең құқылы мүшесі болуға тырысады.
Осыдан шығаратын қорытындымыз, этностық қақтығыстар кенеттен және бірден пайда болмайды. Олар ұзақ уақытта қалыптасады. Осыдан этностық қақтығыс көпұлтты қоғамдағы терең өзгерістердің заңды құбылысы екенін байқауға болады. Сондықтан этностық қақтығыс әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірдің нашарлауынан, ішкі қайшылықтардың күшеюінен пайда болады. Мысалы, 1986 жылғы Алматы қаласындағы «желтоқсан оқиғасы». Сырттай «ұлтшылдық» деп сипатталғанымен, шын мәнінде себебі басқа. Саяси фактор - үлкен әрі табиғи ресурстарға бай республиканың басшысы ретінде ешкімге белгісіз, тәжірибесі аз адамның тағайындалуы. Әлеуметтік-экономикалық фактор - қазақ студенттері мен жастарының, әсіресе ауыл жастарының баспанасыздығы. Ол кезде жергілікті ұлт өкілдеріне пәтер беруді шектеу туралы арнайы қаулы болған. Тілдік фактор - қазақ тілінің керексіз болуы, жақсы жұмысқа орналасу үшін, қызметте көтерілу үшін ең алдымен орыс тілін өте жақсы білуін талап ету. Көп жылдар бойы жинақталған барлық факторлар бір қақтығыста сыртқа шықты.
Сонымен, этностық қақтығыстардың негізгі мәселелері болып басшыларға сенімін жоғалту, қоғамдық – саяси қозғалыстардың күшеюі, бұқараның мазасыздану қалпы, басшылық етуге күресу болып саналады. Этностық қақтығыстардың пайда болуының әлеуметтік – психологиялық тетіктерін қарастырғанда келесі мәселелерді ескеру керек:

  • әрбір топаралық қақтығыстардың пайда болуына әр тетіктердің еңселі болуы;

  • әр тұлғалық қалыптасуының психологиялық тетігі әр топтың тетігінен керітартпалау келеді;

Бұл қақтығыс әр түрлі себептерінің психологиялық тұжырымдамасын салыстыруға және зерделеуге мүмкіндік береді:

  1. Әр топтық қақтығыстар адамның әмбебап мінезінің жемісі болып саналады. В.Макдугаллдың пікірі бойынша агрессия қозудың себебі болып саналмайды, ол адам ағзасында болатын табиғатпен анықталған импульс. З.Фрейд және К.Лоренц адамдардың мінезіндегі агрессияны қас көршілерге бағытталған және топты сақтауға тәсілденген биологиялық агрессиялықтың салдары деп санаған. Мысалы З.Фрейд топаралық қастық болмай қоймайды, өйткені адамдар арасындағы қастық күш көрсету арқылы шешіледі деп санаған. К.Лоренцқа келсек, ол да адамдардың соғыстарда, әр түрлі қылмыстарда көрінетін агрессиялығы, биологиялық агрессиялықтың салдары деген көзқарасты қолдады. Адамның жануардан ерекшелігі адам агрессиясы басқа адамға бағытталған, мысалы көршілеріне. Бірақ дәстүрлі мәдениетті халықтар өз тайпаларын өлтірмей, «бөтендерді» өлтіруге мәжбүр болған.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет