Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты



бет1/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Тақырып 1-2. Кросс-мәдени психологияға кіріспе
Мақсаты: студенттерді кросс-мәдени психологияның теориялық негіздерімен таныстыру.
Түйін сөздер: кросс-мәдени психология, кросс-мәдени психологияның пәні мен міндеттері, психологиялық антропология, этностық психология, мәдени психология, индигендік психология, тарихи-мәдени психология.
Жоспар:

  1. Кросс-мәдени психологияның мақсаты мен міндеттері

  2. Басқа пәндермен байланысы: психологиялық антропология, этностық психология, мәдени психология, индигендік психология, тарихи-мәдени психология



Қазіргі заманғы психологиялық білім беру жүйесінде адамның психологиясын этностық және мәдени байланысы арқылы түсінуге және зерттеуге екі ғылыми дәстүр бар:
1) батыс психологиясында (бірінші кезекте американдық), мәдениет пен психология арасындағы байланысты психологиялық антропология мен кросс-мәдени (мәдениетаралық) психология зерттейді;
2) еуропалық философия мектебінен шыққан отандық ғылыми дәстүрде этностық психология зерттеу жүргізеді.
Кросс-мәдени психология (ағ. cross-cultural psychology) - әлеуметтік, мәдени және экологиялық факторлардың ықпалымен психиканың қалыптасуын, даму заңдылықтарын зерттейтін психологияның саласы. Кросс-мәдени психология психикалық дамудың әмбебап және арнайы ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың теорияларын сипаттайды.
Психология, академиялық пән ретінде, Солтүстік Америкада пайда болғандықтан, кейбір психологтар, әмбебап ретінде қабылданған тұжырымдамалар бір мәнді емес деп есептеді. Кросс-мәдени психология осылайша түрлі мәдениеттер адам мінез-құлқына әсер етеді деп тұжырымдайды.
Кросс-мәдени психологияның мақсаттары:
- «ауысу және тексеру», яғни бір мәдениетте алынған психологиялық теория және фактілер басқа мәдениеттерде сыналады; Осылайша, әмбебап және мәдени ерекшеліктерді іздейді;
- зерттеушінің мәдениетінде жоқ психологиялық ерекшеліктерін табу үшін басқа да мәдениеттерді зерттеу;
- түрлі мәдениеттерде алынған мәліметтерді біріктіру және интеграциялау, теориясы мен заңдары көп мәдениеттер үшін барынша жарамды әмбебап психологияны құру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет