Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан


Жаңа экономикалық
саясат және оның Казакстандағы ерекшеліктері



бет18/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46
Жаңа экономикалық
саясат және оның Казакстандағы ерекшеліктері.

Жаңа экономикалық саясат (1921-1925ж) — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.
Көп өзгерістер орын алды
Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер:
1. Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда)
2. Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.
Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.
1. 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.
2. Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.
3. Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.
4. Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.
5. Жерді жалға беруге рұқсат берілді.
6. Несие берілетін болды.
7. «Қосшы Одағы» құрылды.
8. 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.
Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.1925 ж. 1914ж. көрсеткішпен бірдей 92млн пұт астық жиналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет