Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


Есімдерден есімдер тудыратын жұрнақтар



бет36/126
Дата23.02.2022
өлшемі0.97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   126
Есімдерден есімдер тудыратын жұрнақтар. ХШ, Г, Мн ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтарды зерттеуші Ә. Керімұлы Мн ескерткішінде есім тудыратын он сегіз жұрнақ бар деп көрсетеді [17, 60 б.].

-ЧЫ, -ЧИ жұрнағы. Бұл жұрнақ – түркі тілдерінде актив қолданылатын сөз жасау қабілетін жоймаған өнімді жұрнақ. Ескерткіште бұл жұрнақтың осы екі тұлғасы да кездеседі. Қазіргі түркі тілдеріндегі сияқты «Мухаббат-наме» ескерткішінде -чы жұрнағы зат есімдерге жалғанған: қарақчы (қарақшы), парсы тілінен енген барбат (музыкалық аспап) сөзіне -чы жұрнағы жалғану арқылы барбатчы (музыкант) сөзі жасалған.

Бұл жұрнақ қазақ тіліндегі есімдерден зат есім тудыратын өнімді -шы, -ші жұрнақтарының мағынасымен сәйкес. Мысалы, басшы, құрылысшы, етікші, малшы, тілші, егінші, сауыншы, тыңшы т.б.

Осы -чы/-чи жұрнағы жалғанған зат есімдер біз зерттеп отырған ескерткіш тілінде төмендегідей мағыналарда қолданған:

1 Зат есімдерге жалғанып, белгілі бір іспен, кәсіппен айналысатын адамды, кәсіп иесін білдіреді: барбатчы. ´Уттариид-биткачи, барбатчы Нахид 138 (Жазғыш – Утарид, сазды – Нахид).

М. Қашқари есімдерге -чы қосып, өнер иесі есімдерін жасау барлық тайпаларға ортақ, ешқандай айырмашылық жоқ екендігіне мынадай мысалдар келтіреді: тарығ – дән; тарығчыдән егуші, егінші, етук – етік, етукчі – етікші [33, 112 б.].

2 Бұл жұрнақ арқылы белгілі бір іс-әрекеттерге бейімділікті, икемділікті білдіретін зат есімдер жасалған: қарақчы (тонаушы).

Қарақлары қарақчы, өзи ´аййар 250 (Көзіңнің қарашығы – қарақшы, өзің аяр). Бұл сөйлемдегі қарақчы сөзі қарақ (көздің қарашығы) зат есімінен жасалынған.

3 Етістік түбірге жалғанып, іс істеушіні білдіретін зат есімдер жасалған: биткачи (жазушы).

´Уттариид – биткачи, барбатчы Нахид 138 (Жазғыш – Утарид, сазды – Нахид).

Бұл бити- етістік түбірге ка+чи құранды жұрнағы жалғануы арқылы жасалған.

Э.В. Севортян -чы жұрнағы туралы былай дейді: «Существительные на -чы означают соответственно названия лиц по профессиям, занятиям, привычкам и.т.д. Наиболее древним в этом перечне является значение профессии (занятия), все остальные представляют собой его дальнейшее развитие» [52, 84 б].

М. Томанов көне түркі тілінде кездесетін -чы, -чі жұрнақтарын қазақ тіліндегі баламасымен салыстыра отырып, қолданылу ерекшеліктеріне мынадай түсініктеме берген: «-шы, -ші, -чы, -чі істің иесін, іс-әрекетті жасаушы субъектіні білдіретін сөздер жасаған. Есім түбірлерге немесе етістіктен есімге айналған түбірлерге жалғанып, іс иесін – субъектіні, кәсіпкерді білдірген. Қазіргі қазақ тіліндегі қолданысы да сондай» [50, 171 б].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   126




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет