Тұрсынова Г. Т


Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызы Рыскелдиева Гүлдария Дәулетқазықызы



бет2/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызы Рыскелдиева Гүлдария Дәулетқазықызы

Қазақ тілі

(Қашықтықтан білім беру институтының сырттай оқитын студенттері үшін)

Оқу құралы


АБО РБ бастығы З. А. Ғұбайдуллина

Редакторы К. Мүптекеқызы

Компьютерде теріп, қалыптаған

Басуға 2012ж. қол қойылды

Таралымы 300 дана. Пішімі 60х84 1/16. №1 баспаханалық қағаз.

Көлемі 8,5 есепті б.т. Тапсырыс №

Шартты б.т. 7,9

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің басылымы,

ҚазҰТУ-дың Ақпараттық баспа орталығы,

Алматы, Сәтбаев к., 22

КІРІСПЕ


Бүгінгі білім беру саласының көкейтесті мәселелерінің бірі – мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту, оны іс жүзінде пайдалану мүмкіндіктерін жасау болып табылады. Осыған орай жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу міндеті көзделіп отыр. Мемлекеттік тілде оқулықтар мен оқу құралдары, сөздіктер, тілашарлар көбейіп, әр түрлі бағыттағы әдістемелер ұсынылып жатыр.

Сондай-ақ жаңа ағымға сай білікті мамандар даярлау, оқытудың сапасын халықаралық дәрежеге көтеру, кәсіби мамандықтарға негізделген білім беру үшін жаңа инновациялық технологияны пайдаланып, кредиттік жүйемен оқытуға басты назар аударылуда.

Ұсынылып отырған оқулықтың мақсаты – техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне өз мамандығы бойынша мемлекеттік тілді қатысымдық жүйеде меңгерту. Бұл мақсатқа төмендегі міндеттерді жүзеге асыру арқылы жетуге болады:



  • нақты мамандық бойынша мәтіндерді оқып-түсінуге үйрету;

  • кәсіби бағдарлы іс-қағаздарды, хабарламаларды сауатты, дұрыс жазу, аудару қабілетін қалыптастыру;

  • мамандығы бойынша ауызша-жазбаша түрде берілген ақпараттарды түсіну дағдысын қалыптастыру;

  • мамандыққа қатысты терминдермен жұмыс жасаудың бірізділігін қалыптастыру;

  • студенттің рухани-танымдық өресінің кеңеюіне мүмкіндік жасау;

  • кәсіби сөйлеу арқылы өз мамандығы туралы ойын еркін айту, пікір алмасу т.б. дағдыларын қалыптастыру.

Оқулықтағы мәтіндер мен жаттығулар экономика, электр энергетикасы, техникалық физика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге сұрыпталынды.

Мәтінді грамматикамен ұштастыра жүргізу – тіл үйретудің тиімді тәсілі. Сондықтан оқулықта тіл білімінің салалары туралы мәліметтер, тапсырмалар жүйеленіп берілді. Студенттің білім, білік, дағдыларын іс жүзіне асыру мақсатында өз бетімен аударуға арналған мамандыққа байланысты мәтіндер берілді. Мәтіндерді аударуда қосымшада берілген мамандыққа қатысты қазақша-орысша сөздікті пайдалануға болады.

Қорыта айтқанда, ұсынылып отырған оқулық ұлттық болмысты ұлықтау мақсатында техникалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге мамандығына сәйкес материалды меңгерумен қатар, олардың жалпы дүниетанымын, рухани әлемін, логикалық ойлауларын дамытады. Аталған мамандықтар бойынша сөздік қорларын байытады, терминдермен жұмыс істеуге, оларды түсініп меңгерулеріне, болашақта мамандықтары бойынша пікір алмасып, тілдік қарым-қатынас жасауларына бағыт береді.

І ТАРАУ Грамматикалық тапсырмалар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет