З. Шашкин мен Р. Сейсенбаевтың аудармашылық шығармашылығы мазмұны кіріспе



бет1/12
Дата27.03.2023
өлшемі238 Kb.
#76577
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



З.Шашкин мен Р. Сейсенбаевтың аудармашылық шығармашылығы


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ


2- ТАРАУ. РОЛЛАН СЕЙСЕНБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН АУДАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІ.
2.1.”Майдан әндері” шығармасының аударылу тәжірибесі.
2.2. “Сағынып жеткен жаз еді” повесінің аударылу сапасы.
2.3. “Жалғыз ғана түн” әңгімесінің аудармасы хақында.


3- ТАРАУ. З. ШАШКИН МЕН Р.СЕЙСЕНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ.


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.


КІРІСПЕ

Көркем әдебиеттегі қостілділік, ең алдымен эстетикалық тәрбие беру мақсатымен танымдық жүйеде кең көлемде қызмет етеді.Бұл тікелей әдеби үрдіске қатысты болады. Көптеген белгілі ақын-жазушылар өз ана тілінде және қазақ тілдерінде жазады. Атап айтсақ, неміс Герольд Бельгер немісше және қазақша, Исмаил Саттаров пен Ш. Шабаевтар ұйғырша және қазақша жазған. Бұл ұлттардың жақындасуы мен тілдерінің табысуының басты желісі.Бір тілд жазатын жазушы мен екі тілде жазатын жазушылардың бір – бірінен айырамашылықтары айтарлықтай көп болады.


Қостілділікте ана тілінің толқымалы құбылмалы таралу әсері болады. Бір ғана тілде жазатын жазушылардың тіліндегі сөз саптау ерекшелігі қостілді жазатын жазушының тіліндегі сөйлеу мәнерінен өзгеше болады. Ал, екі тілде жазатын жазушы мен бір ғана тілде жазатын жазушының ауызша сөз сөйлеу үлгісінде артикуляциялық – интонациялық (сөз жасамдық және тыныс белгісін) ой кескіндемесінде өзгеріс алшақтық мол. Қос тілде жазатын жазушының сөз саптауындағы ерекшеліктер бір ғана тілде жазатын жазушыдан айрықша көзге түсіп тұрады. Екі тілде жазатын тұлғалардың бір тілден екінші тілге ауысып тұру механизмі ерекше қызығушылық туғызады. /19, 146/
Авторлық аударма – қостілде жазатын жазушының әдеби – көркем шығармашылығының ма арқылы бастаған, мұның өзі қос тілде жазатын жазушылардың қалыптасу жолдарын көрсетеді.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Тіл дамуындағы үрдістің барысында аударма қызметінің атқаратын ролі орасан зор. Аударма арқылы қалың жұрт ақыл – ой иелерінің асыл қазынасымен танысады. Өткеннен мұра болып қалған және қазіргі заманымыздың мәдениетін игеруге үлесін тигізеді.
Аударма әдебиетінің маңызы мұнымен бітпейді. Ол ана тіліміздің толық қалыптасуына, дамуына әсерін тигізеді. Аударма жалпы әдебиеттің бір бөлімі ретінде тәжірибеде, яғни іс - әрекетте көрсетіледі. Аударма арқылы орыс, қазақ және шетел әдеби шығармаларының байланысы бір – біріне әсер етуі, типологиясы мен поэтикасы, әдеби әдіс – амалдары, аударма кезіндегі шығарма тілінің өзгеруі, қайта жаңғыруы аударма шеберлерінің іс – тәжірибелері отандық және шетелдік аударма мектептерінің жетістіктерін қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет