Зерттеудің статистикалық және термодинамикалық әдістері


Кристалдардың кристаллографиялық белгісі



бет32/37
Дата31.01.2023
өлшемі0,97 Mb.
#64050
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
1. Кристалдардың кристаллографиялық белгісі.
Кристалдық тор әр түрлі симметриялы болуы мүмкін. Кристалдық тордың симметриясы дегеніміз, оның әр түрлі кеңістіктегі ауысулары кезінде, мысалы, параллель ауысу, бұрылу, шағылу және т.б. кезінде, оның өзімен сәйкестелетін қасиетін айтамыз. Кристалдық торға симметрия элементінің 230 комбинациясы немесе 230 түрлі кеңістіктік топ сәйкес келетінін орыс кристаллографы Е. С. Федоров (1853—1919) дәлелдеді.
Үш өлшемді кеңістікте ауыстырылатын симметриямен, үш өлшемді периодтық құрылымды – кеңістікті торды немесе Бравэ торын байланыстырады, ол туралы түсінікті О. Бравэ (1811—1863) енгізген болатын. Бравэ торының 14 түрі бар, олардың бір-бірінен симметриясының ауысуы бойынша ерекшеленеді. Олар жеті кристаллографиялық жүйе немесе сингониялар бойынша бөлінеді, олар симметрияның өсу ретімен 3 кестеде берілген. Элементар түйіндерді сипаттау үшін кристаллографиялық координат остері қолданылады, олар элементер түйіндердің қабырғаларына параллель жүргізіледі, ал координат басы ретінде элементар түйіннің беткі қырының сол бұрышы таңдап алынады. Элементар кристалдық түйін, бұл- а, b, с қабырғалырымен, қабырғалар арасындағы ,  және  бұрыштармен берілген параллелепипед болып табылады (3 кесте). а, b, с және , ,  шамалары элементар түйіннің параметрлері деп аталады және оларды анықтайды.
2. Кристалдардың физикалық белгісі. Кристалдық тордың түйіндерінде орналасқан бөлшектердің табиғатына және олардың арасындағы әсерлесуші күштердің сипатына байланысты кристалдар төрт түрге бөлінеді: иондық, атомдық, металдық, молекулалық кристалдар.
Иондық кристалдар. Кристалдық тордың түйіндерінде қарсы таңбалы иондар кезектесе орналасады. Иондық кристалдарға сілтілік металдардың галоидтық қоспалары (NaCl, CsCl, КВr және т.б.), сондай ақ әр түрлі элементтердің оксидтері (MgO, СаО және т.б.) жатады. Екі иондық кристалдың NaCl мен CsCl құрылымдары – 103 суретте көрсетілген. Иондар арасындағы әсер күштері негізінен электростатикалық (кулондық) күштер болып табылады. Әр түрлі зарядталған иондар арасындағы кулондық тартылыс күштеріне негізделген байланыс, иондық (немесе гетерополярлық) байланыс деп аталады. Иондық торда молекулаларды жеке қарастырылмайды: кристалл үлкен бір молекула ретінде қарастырылады.



103-сурет


3 Кесте





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет