Зерттеуші



жүктеу 4.05 Mb.
Pdf просмотр
бет9/20
Дата28.12.2016
өлшемі4.05 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Драмалық  ойындарда  мазмұн,  рөлдер,  ойын  әрекеттері  қандай  да  бір  әдеби 
шығарманың,  ертегінің  т.б.  сюжеті  мен  мазмұнына  шарттас  болады.  Ол  сюжетті 
рөлді  ойынға  ұқсас.  Драмалық  ойынында  балаға  қандай  болсын  айқын  тәсіл 
көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс. 
Дидактикалық  құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі.  Оның негізгі 
мазмұны қоршаған өмірді,  алуан түрлі құрылыстарды және соларға  байланысты іс-
әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рөлді 
ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – 
қоршаған  өмір.  Балалар  ойын  үстінде  көпірлер,  темір  жолдар  т.б.  ірі  құрылыстар 
салады.  Құрылыс  ойындарында  олар  қоршаған  заттардың,  құрылыстардың 
көшірмесін  жасап,  құр  бейнелеп  қана  қоймай,  сонымен  өздерінің  шығармашылық 
ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
62 
Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып 
табылады.  Оның  арғы  тегі  ойынды  өлеңмен,  қимылмен  ұштастыру  негізінде  көп 
нәрсеге  үйрететін  ойындарды  жасаған  халық  педагогикасында  жатыр.  Мысалы: 
«Сиқырлы  қалпақтың  сырын  ашайық»  ойынында  ересек  топтарда  тәрбиеші 
балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту 
міндетін  алға  қояды.  Ойын  міндеті  –  қалпақтың  астында  не  бар  екенін  білу. 
Дидактилық  ойынның  нәтижесі  –  қандай  жолмен  болса  да  ұту  емес,  балалардың 
білімді  игеру,  ақыл-ой  қызметін  дамытуда,  өзара  қарым-қатынас  жасауда  жеткен 
жетістіктерінің  көрсеткіші.  Дидактикалық  ойындар  топ  бөлмесінде,  аулада,  залда, 
орманда  өткізіледі.  Дидактикалық  ойынның  орталығы  –  ойыншықтар  мен  ойын 
құралдары. 
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті 
тұтынуына  керекті  барлық  заттардың  комплектілері  болу  керек.  Үстел  үсті 
ойындарға  лото,  домино,  тақырыптық  ойындар  («Қайда  не  өседі?»,  «Бұл  қай  кезде 
болады?», «Бұл кімге керек?» т.б.), пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті 
талап ететін ойындар («Ұшатын қалпақтар», «Қаздың балапаны»,  «Нысанаға тигіз» 
т.б.) мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған 
үлтел  үстінде  ойнатылатын  ойындар  қызықтырақ  болады.  Оларда  табиғат 
құбылыстары,  көліктің  алуан  түрлері  (кім  не  мінеді,  немен  жүреді,  немен  жүзеді, 
немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді. 
Қимыл-қозғалыс  ойындарында  балалар  ұлттық  санамақтарды,  өлеңдерді, 
тақпақтарды  дер  кезінде  қолданып,  бірге  оқып  үйренеді.  Мұндай  ойындарда 
балалардың  ептілігі  (қолдың  білезігі  майысқақ,  иілгіш  икемді  болады),  қимылдың 
әдемілігі (әр түрлі түсті үйренеді, әрбір қимылды қайталайды) саусақ буындары, қол 
буындары  дамып  қалыптасады.  Ойын  ережесіне  бағына  білу  сияқты  адамгершілік 
сапалары  (батылдық,  тапқырлық,  достық,  жолдастық,  тәртіптілік)  тікелей 
бағытталып тәрбиеленеді және дүниетанымдарын кеңейтеді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
63 
Қимыл  ойындары  –  балаға  дене  тәрбиесін  беру  құралы.  Балалардың  жүгіру, 
секіру,  өрмелеу,  лақтыру,  қағып  алу  қабілеттерін  жетілдіруге,  дамытуға  мүмкіндік 
береді.  Қимыл  ойындары  баланың  жүйке-психикалық  дамуына,  жеке  басының, 
денсаулығының  қалыптасуына  да  үлкен  әсер  етеді.  Қимыл  ойынында  ережелер 
ұйымдастырушы 
рөл 
атқарады, 
олар 
ойынның 
барысын, 
жүйелілігін, 
ойнаушылардың  қарым-қатынасын,  баланың  мінез-құлқын  анықтайды.  Қимыл 
ойындары  үйдің  ішінде  және  серуен  кезінде  бірнеше  баламен  немесе  бүкіл  топпен 
өткізіледі.  Олар,  сондай-ақ,  дене  шынықтыру  сабақтарының  құрамына  енеді.  Бала 
өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген көзқарасын, қоғамдық мәні бар 
іс-әрекетке  деген  құштарлығын  ойын  арқылы  қанағаттандыратындықтан,  ойынның 
қай  түрі  болсын  бүлдіршіндердің  рухани-адамгершілік  тәрбиесінің  дамуында 
маңызды рөл атқарады. 
Сол  сияқты  ойындар  да  топта  жас  ерекшелігіне  сай  жүргізіледі.  Ойын 
балаларға  сабақта  да,  серуенде  де  өте  қажет,  тіпті  бала  жай  демалып  отырғанның 
өзінде  де  ойын  үстінде  болады.  Қимылды  ойындар  баланың  барлық  жас  кезінде 
өтеді. Қазіргі таңда Сорос бағдарламасының технологиясымен жұмыс істеп жатқан 
кезде,  оның  аты  айтып  тұрғандай-ақ,  сабақтар  ойын  орталықтары  арқылы  өтеді. 
Мұнда  балалар  тек  ойын  орталықтарымен  шектеліп  қалады  деген  сөз  емес, 
ертеңгілік  жиында,  не  болмаса  сабақ  соңында  ойын  түрлері  міндетті  түрде 
қолданылады. Тіпті балалардың қызығушылығына қарай олар сабақтан кейін де сол 
орталықта  ойынын  жалғастыра  береді.  Күні  бойы  балалар  жабдықталған  ойын 
орталықтарында  ойын  алаңы  ретінде  ойнай  алады.  Өмірдегі  түсінігі,  еліктеуі, 
бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады. 
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан ұлтымыздың ой салатын ойлы 
ойындарының бірі – саусақ ойыны. Бұл ойын баланың төзімін шыңдап, байсалдыққа, 
ойын  ережесін  сақтау  мәдениетіне  тәрбиелеумен  қатар,  келешекте  мектепке  барар 
бүлдіршіннің  саусақтарының  бұлшық  еттерін  желтілдіруге  септігі  тиеді.  Мектепке 
осындай  дайындықпен  келген  бала  сурет  салғанда,  жазғанда,  қолы  талмай,  қаламы 
мен  қарындашын  еш  қиындықсыз  қиналмай  бағындыра  алады.  Қимыл-қозғалыс 
әрекеттері  арқылы  көздің  көрегендігі  мен  мергендігін  арттырады,  жылдамдыққа, 
ептілікке баулиды. 
Жалпы  ойынның  қандай  түрі  болмасын,  атадан  балаға,  ұрпақтан  ұрпаққа 
ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық 
жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Соның ішінде саусақ ойынына тоқталайық, 
саусақ ойыны – қол саусақтарының көмегімен қандай да болмасын  ертегіні  немесе 
өлең,  тақпақ  шумағын  сахналауға,  би  қимылдары  мен  қимыл-әрекет  ойындары 
арқылы  да  әсерлі  нәзік  қол  қимылдарын  көрсетуге  болады.  Саусақ  ойыны  арқылы 
баланың  сөйлеуге  деген  қабілеті  дамып,  өмірге  талпынысы,  ынтасы  артады  және 
шығармашылық  әрекетінде де жол ашады. Осы ойынды ойнай отырып, ата-аналар, 
тәрбиеші-педагогтар,  балалар  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстарды,  жан-
жануарларды,  құстар  мен  ағаштарды  бейнелей  алады.  Техниканың  төрт  құбыласы 
тең дамыған қазіргі таңда, Интернет желісі желдей есіп тұрған заманда небір бейнені 
бейнелеуге болады. Мәселен, саусақтардың қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, 
шаттана шапалақтайды, шат-шадыман болады. 
Қазақтың  ұлттық  бала  тәрбиесінде  де  саусақ  ойынының  алар  орны  ерекше. 
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. С. Торайғыров кезінде: 
«Балалықтың  қанына  ойын  азық»,  -  деп  бекер  айтпаған.  Өйткені,  ойын  кезінде 
бүдіршіннің бейімділігі, қызығушылығы және заттардың айырмашылығын ажырата 
алатыны анық байқалады. Балабақшада не үйде үйренген өлең шумақтарын қайталап 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
64 
айта отырып, есінде саналы түрде сақтайтын болады. Ол, әрине, баланың есте сақтау 
қабілетін арттырады. 
ХІХ  ғасырдың  басында,  жарық  көзі  елімізге  жаңадан  ене  бастаған  тұста 
жылаған балаларын жұбату үшін ата-аналары шамның жарығына саусақ арқылы әр 
түрлі  жан-жануарлар  бейнесін  көрсетіп  ойын  ойнаған  және  ертегі  құрастырып 
әңгімелеп берген. Мысалы, «Саусақтар сәлемдесуі» ойынын алайық. Бұл ойында бас 
бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезек-кезек түйіседі. «Қонақтар келді» оң қолдың 
саусақтары  және  сұқ  саусағымен  ортаңғы  саусақтарын  жүгірген  тәрізді  етіп 
қимылдатады.  «Билеген  кісі»  екі  саусағымен  билеген  бейнені  жасауға  болады.  Тілі 
шығып,  шүлдірлеп  сөйлей  бастаған  сәбилерден  байқалатын  бір  қасиет  –  ойын 
өлеңдерге  назары  ауып,  тыңдауға  әуестігі  артады.  Мысалы,  «Бесік  жыры»,  «Тілек-
арнау»,  «Уату  өлеңдері»  нағыз  осы  кезеңге  арналған  ұлттың  құндылығы.  Бұл 
өлеңдерде,  тақпақтарда  ата-ананың  ұрпағына  деген  жақсы  тілегі,  оның  жүйкесін 
жайбарақаттандырып, көңілін көтеру, түйсігін ояту мақсаты көзделеді. 
Қазақ  халқының  арасында  кеңінен  тараған  «Қуырмаш»  өлең-ойыны  да 
саусақтардың нәзік қимылын жетілдіреді. Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар 
фольклорын  дамытушы  негізгі  бір  сала  –  әрине,  балалар  ойыны.  Ойын  –  балалар 
өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және 
халықтың  салтын  үйренуде,  табиғат  құбылысын  тануда  олардың  көру,  есту,  сезу 
қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Ойын – баланы әдептілікке 
баулитын да тәрбиелік құрал. 
Ойынды басқару міндеттері – мектепке дейінгі балалық шақта адамның жеке 
тұлғалық  қасиеттерінің  негізі  қалыптасады.  Осы  кезеңде  ойын  жетекшісі  іс-әрекет 
ретінде  қалыптасқан  жағдайда  ғана  олардың  дамуына  кең  мүмкіндік  береді.  А.Н. 
Леонтьев бұл жайында мынадай пікір білдіреді: «Ойын баланың жетекшісі іс-әрекеті 
болу  үшін,  ойынды  басқаруды  үйрену  керек,  ол  үшін  ойынның  даму 
заңдылықтарына бағыну қажет, олай болмаған жағдайда оны басқару емес, ойынды 
бұзуына әкеліп соғады». 
Қазіргі  кездегі  мектепке  дейінгі  педагогикада  ойынды  басқаруда  әр  түрлі 
теориялық  тәсілдер  қалыптасуда.  Мектепке  дейінгі  педагогикада  бала  ойынын 
басқарудың  әр  түрлі  жолдары  бар.  Ойынды  кешенді  басқаруға  оның  қалыптасу 
процесіндегі  бір-бірімен  жалпы  мазмұны  бойынша  байланысқан  төрт  құрамы 
жатады. 
Оларды  мына  сызба  арқылы  көрсетуге  болады:  ойынды  кешенді  басқару  – 
қоршаған ортамен белсенді іс-әрекетте таныстыру – ойындық тәжірибесін байыту – 
заттық-ойындық  ортаны  ұйымдастыру  –  тәрбиешілердің  балалармен  белсендіретін 
қарым-қатынасы.  Ойынды  кешенді  басқарудың  мазмұны  ойын  дамуының 
тәжірибесін  байыту  ерекшелігіне  арналған.  Балалар  қандай  ойындық  тәжірибе  алу 
керек  деген  сұраққа  жауапты  балалардың  ойындық  тәжірибесін  дамытудың  негізгі 
бағыттарынан табуға болады. Балалардың ойындық тәжірибесін дамыту – мазмұнын 
күрделендіру – ойын әрекеттерін күрделендіру  – серіктесімен қарым-қатынасы – өз 
бетінше жұмысы және шығармашылық. 
Осыған байланысты А.В. Запорожецтің сөздерін келтірсек: «Баланың бастапқы 
кезде  ойын  техникасын  меңгерумен  іс  ақталмайды  және  ойын  әрекетін  әрі  қарай 
дамыту  тәрбиешінің  белгілі  тәртіппен  күрделі  сюжеттерді  ойнатудың  нәтижесі 
болып табылады». Тәрбиеші  балалармен бірге күмәнданатын, ойланатын, ойынның 
басқа  қатысушыларымен  ақылдасатын,  олардың  пікірін  ескеретін  тең  құқылы 
серіктес рөлін атқарады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
65 
Үйрету  ойыны  барысында  тәрбиеші  балаларға  ойындық  тәжірибесі 
жоқтығына  байланысты  әлі  шеше  алмайтын  ойындық  проблемалық  жағдайлар 
қатарын  ұсынады.  Міндетті  түрде  балаға  қойылатын  талап  –  баланың  ойынға 
белсенді  қатысуы. Ересек адам ойнап, балалар тек қарап отыратын ойындар тиімді 
бола  алмайды.  Тәрбиеші  ойын  барысында  баланың  орнына  ештеңе  орындамауы 
керек, ол тек көмек бере алады. Үйрету ойын түрінде, білінбей өтуі қажет. Балалар 
ойынның  әдеттегі  серігі  ойыншықтар  мен  басқа  ойын  материалдары  болады, 
сондықтан  ойынды  кешенді  басқаруды  дамытушылық  заттық-ойындық  ортаны 
ұйымдастыру ерекшелігін анықтауға көп көңіл бөлінеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Заттық-ойындық  ортаны  безендіруде  төмендегі  шарттарды  сақтау  қажет: 
ойын  бұрыштарын  әр  түрлі  тақырыптағы  ойыншықтармен  және  басқа  ойындық 
материалмен  қамтамасыз  ету;  ойын  бұрыштары  ойынның  даму  деңгейіне 
байланысты  безендіріледі.  Мысалы,  үш  жастағы  балаларға  оқу  жылының  басында 
ойнауға  тек  ойыншықтар  ғана  беріледі.  Ойынды  әрі  қарай  күрделендіру  ойын 
әрекеттерін  елестеткен  заттарды  қатыстырып  ойнауға  ынталандыратын  әр  түрлі 
безендіру элементтерін қолдануды мәжбүр етеді. 
Балалардың  байытылған  ойын  тәжірибесін  өз  бетінше  шығармашылықпен 
қолдануына  ойындық  проблемалық  жағдайлар  көмектеседі,  олар  шығармашылық 
ізденіске  бағыттайды,  білімдерін,  ойын  тәжірибесін  жинақтайды.  Ойындық 
проблемалық  жағдайлар  заттық-ойындық  ортаны  өзгерту  жолымен  де  ересек 
адамның  балалармен  ойын  мазмұны  жөнінде  белсенді  қарым-қатынас  жолымен  де 
жасалады. 
Ойын  процесінде  тәрбиешінің  балаларды  белсендіретін  қарым-қатынасын 
ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптар: 
1)  Тәрбиеші  балалармен  ойын  ынтымақтастығына  енеді,  олармен  диалог 
құрастырады.  Тәрбиеші  ойын  барысында  балаларға  өзін  көрсетуге  еркіндік  беру 
қажет. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
66 
2)  Қарым-қатынас  мақсатты,  дәлелденген  болу  үшін  тәрбиеші  оны  алдын-ала 
ойластыруы қажет, яғни қарым-қатынасты ұйымдастыру алдын-ала жоспарланады. 
3)  Белсендіретін  қарым-қатынасқа  уақытында,  балалар  білмей  қиналып 
тұрғанда  немесе  бұрынғы  ойын  дағдыларын  қолданатын  кезде  кірісу  қажет.  Бұл 
тәрбиешінің ойнаушылардың қасында болып, бәрін байқап тұруын қажет етеді. 
4)  Ойын  кезінде  балалардың  ойларын  бұзбау  үшін  және  ойынның  сюжеттік 
және психологиялық мазмұнын байыту мақсатында ойнаушыларға дұрыс бағыт беру 
үшін тәрбиеші ойынға сыпайы, әдепті кірісу қажет. 
Шығармашылық  ойын  –  ерте  жаста  қалыптасады.  Бүлдіршіндер 
тамақтанады, серуендейді, ұйықтайды, ересек адамдардың тамақ дайындауын, ыдыс-
аяқ  жуғанын,  басқа  шаруалар  орындағанын  бақылайды.  Сонымен  бірге  балалар  әр 
түрлі  заттарды  өздері  пайдаланып  немесе  ересек  адамдардың  пайдаланғанын 
бақылап  отырады.  Осы  жаста  қалыптасқан  дамудың  әлеуметтік  жағдайына 
байланысты,  балалар  ересек  адамдардың  іс-әрекеттеріне  емес,  олардың 
пайдаланатын  заттарына  қызығады.  Балалар  заттардың  атауларын  естеріне  сақтап, 
оларды пайдалану туралы біліп, қасиеттерімен танысады. Мысалы, мынау – тәрелке, 
онымен  сорпа  ішеді,  ботқа  жейді,  т.б.  Балалар  күнделікті  өмірде  істей  алатын 
әрекеттерін  өздерінің  ойындарында  көрсете  алады.  Балаларды  ойынға  қатыстыру 
үшін тәрбиеші оларға ойын міндеттерін қоюды үйретеді. 
Ойын міндеттері – ойында көрініс табатын өмірден алынған кішігірім оқиға. 
Осы  жаста  ойын  міндеттері  мазмұны  бойынша  қарапайым  болып  келеді.  Ойын 
міндеттерінің  мазмұны  қоршаған  ортадан  алынады.  Ойында  балалар  әр  түрлі  ойын 
міндеттерін  қояды,  бұл  қоршаған  орта  туралы  алған  әсерлеріне  байланысты.  Олар 
неғұрлым  бай  болса,  ойын  міндеттері  соғұрлым  көп  болады.  Ойын  міндеттерін 
көбейтуге  басқару  мақсаты  болмау  керек,  бала  бір-екі  ойын  міндеттерін  қойса, 
соның өзі сюжеттік-көрсету ойынына жеткілікті. 
Сюжеттік-көрсету  ойынында  балалардың  өз  бетімен  жұмыс  істеуді  дамыту 
керек.  Шынайы  өмірде  біз  балалардан:  «Өзім  істеймін!»  -  дегенді  жиі  естиміз, 
ойында да олардың өз бетінше ойнауға құқы бар. 
Балалардың  өз  бетімен  жұмыс  істеуін  дамыту  мақсатында  ойында  тәрбиеші 
басқарудың келесі міндеттерін атқарады: 
-  әр  баланың  түрлі  ойын  міндеттерін  қоюдағы  өз  бетінше  жұмыс  істеуін 
дамыту; 
- балаларды қойылған ойын міндеттерін шешу үшін әр түрлі заттық тәсілдерді 
өз бетінше таңдауға ынталандыру. 
Бала  жаңа  бір  нәрсе  үйреніп  жатқанда,  оған  ересек  адаммен  ынтымақтастық 
қажет.  Бұл  кезде  тәрбиеші  ойын  міндетін  қоюға  көмектеседі,  оны  қандай  тәсілмен 
шешуге  болатынын  көрсетеді.  Бала  ойын  міндеттерін  қоюды  үйренгенде,  оған  өз 
бетінше жұмыс істеуге барынша мүмкіндік беру керек. 
Халқымыздың  «Баланы  ойын  өсіреді»  деген  даналық  сөзі  тегін  айтылмаса 
керек.  Бала  ойнап  жүріп  ойланады,  жүйкесі  тынығады,  көңілі  өсіп  ойы  сергиді, 
денесі  шымырланады.  Ойын  арқылы  тұрмыс-салт,  әдет-ғұрып,  ұлттық  ерекшелік, 
дәстүр  жайлы  таным-түйсігі  қалыптасады.  Өздерінің  құрбы-құрдастарымен  қарым-
қатынас  жасауға  үйренеді.  Ойындар  сабақ  мазмұнына  сәйкес  алынып,  жеке  және 
топтық  жұмыстар  жүргізуде  алға  қойған  мақсатқа  жеткізіп,  нақты  қортынды  алуға 
көмектеседі.  Сан  алуан  ұлттық  ойындар  баланың  тәрбиесін  дамытып,  жас 
жеткіншектің  бойына  адамгершілік,  сүйіспеншілік,  кішіге  көмек,  үлкенге  құрмет 
көрсете  білуге,  қиыншылықтан  қорықпауға,  мақсатқа  жетуде  күш-жігерін  жұмсай 
білетін төзімділікке тәрбиелеуде ерекше мәні бар. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
67 
Заман өзгерген сайын адам баласының басынан өткендері  баланың ойынында 
көрініс табатынына ешкім де шек келтірмес. Ең бастысы – ойын барысында баланы 
жан-жақты  ойлануға,  өзгелердің  пікірімен  санасуға,  ортақ  тіл  табысып,  тез  арада 
шешім  қабылдауға,  ойынды  шыншыл  ойнауға,  адал  болуға,  жалған  сөйлемеуге, 
жанашарлыққа, 
кешірімді 
болуға 
баулу 
қажет. 
Тәрбиеші 
балалардың 
физиологиялық,  психологиялық  ерекшеліктерін  есте  ұстап,  ұлттық  қозғалыс 
ойындарын балабақша өмірінде жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастыра білгені жөн. 
Ойын жас ерешеліктеріне сай келмесе, кері әсерін тигізуі мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
68 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сонымен  қатар  ойындар  баланың  белсенділігін  арттырып,  тәртібіне  де  оң 
әсерін  тигізеді,  өзіне  де  баға  бере  алады.  Әрбір  ойын  –  балалардың  адамгершілік 
жолындағы  бір  көтерілер  баспалдағы  секілді.  Өсіп  дамып  келе  жатқан  балалардың 
бойында  алуан  түрлі  қасиеттер  байқалады.  Осы  қасиеттерді  бала  бойынан  дер 
кезінде байқап, оған оң баға беру, дамып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білу, 
ол – әр бір тәрбиешінің міндеті. Осы тұста «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар 
ма?»  деген  сөз  ойға  оралады.  Баланың  бірінші  әрекеті  –  ойын.  Бала  бойындағы 
жағымды  қасиеттерді  дамыту  барысында  балабақшада  ойынның  атқарар  рөлі  өте 
жоғары. Зерттеп қарасаңыз, бала ойынында қоғамдық, ұжымдық сипат болады. 
Достарымен  бірге  ойнау  баланың  моральдық,  эстетикалық  сезімдерінің 
қалыптасуына  әсер  етеді.  Ойын  барысында  бала  өзінің  шебер  ұйымдастырушы 
екенін,  жігерлі,  тапқыр  екендігін  байқатса,  кейбір  бала  өз  бойындағы  менмендік, 
өкпешілдік,  қыңырлық  қасиеттерін  көріп,  ұялып,  ол  қасиеттерден  арылуға  бел 
буады.  Ойын  балаларды  ортақ  мақсатқа,  ұжым  намысын  қорғауға,  оның  жеңісіне 
ортақтасуға  тәрбиелейді.  Ұжымдық  ойындарда  бала  жолдастықтың,  ауызбіршілік 
пен  ұйымшылдықтың  не  екенін  түсіне  бастайды.  Сонымен  қатар  қазіргі  таңда 
балабақшада кеңінен насихатталып жүрген өзіміздің ұлттық ойындарымыздың  алар 
орны ерекше. 
Қазақтың ұлттық ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні 
байланыстыратын  баға  жетпес  байлығымыз,  асыл  қазынамыз.  Ойын  бала  өмірінің 
ажырамас бөлігі дей келе, мен өз сөзімді белгілі педагогтың: «Ойынсыз ақыл-ойдың 
қалыпты  дамуы  да  жоқ  және  болуы  да  мүмкін  емес.  Ойын  дүниеге  қарай  ашылған 
үлкен  жарық  терезе  іспетті,  ол  арқылы  баланың  рухани  сезімі  жасампаз  өмірмен 
ұштасып,  өзін  қоршаған  дүние  туралы  түсінік  алады.  Адамды  тапқырлыққа, 
өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, байсалдылыққа үйрететін де – осы 
ойын», - деген даналық сөзімен түйіндегім келеді. 
«Балаға білім беру үшін ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген 
білім,  ол  ертең  бір  апатқа  әкеп  соғады»,  -  деген  данышпан,  ойшыл, энциклопедист 
ғалым  Әбу  Насыр  әл-Фараби.  Данышпанымыз  айтқандай,  тәрбиелік  мәні  зор 
ойындар ойната отырып, бала тәрбиесіне өз үлесімізді қосайық, ағайын! 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
69 
 
Әдебиеттер 
1 Бала мен балабақша. – №№2, 5, 9, 10. – 2013. 
2 Отбасы және балабақша. – №№2, 3, 5. – 2011. 
3 Отбасы және балабақша. – №№1, 3, 4. – 2012. 
4 Ұстаздық еткен жалықпас. – Алматы: Үш қиян, 2003. 
5 Нүсіпоқасұлы А. Тал бесіктен жер бесікке дейін. 
 
Резюме 
В  этой  статье  рассматривается  вопрос  о  значении  игры  в  воспитании  детей 
дошкольного  образования.  Учитывая  психологические  особенности  детей, 
необходимо  развивать  язык,  воображение,  познавательные  способности.  В  статье 
раскрывается значения казахской народной поговорки «Ребенок растёт в игре». 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет