№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



Pdf көрінісі
бет5/21
Дата14.02.2017
өлшемі6,89 Mb.
#4086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Дарындылық – бұл  өмір  сүру барысында дами беретін, адамның өзгелермен 
салыстырғанда  әрекеттің  бір  немесе  бірнеше  түрінде  жоғары  нәтижеге  жету 
мүмкіндігін айқындайтын психиканың жүйелі сапасы. 
Дарынды  бала  –  әрекеттің  белгілі  бір  саласында  айрықша  нәтижелерімен 
(мұндай нәтижеге жетудің ішкі алғышарттары болады) ерекшеленетін бала. 
Баланы  дарынды  деп  бағалау  шартты  нәрсе.  Баланың  үздік  қабілеттері  оның 
болашақтағы  жетістіктерінің  тікелей  әрі  жеткілікті  көрсеткіші  бола  алмайды.  Бала 
бойында  байқалған  дарындылықтың  белгілері  уақыт  өте  келе  жоғалып  кетуі  де 
мүмкін.  Бұл  жағдай  дарынды  балаға  арналған  практикалық  жұмыстарды 
ұйымдастыруда  ескерілуі  тиіс.  Сондықтан  да  практикалық  жұмыстар  кезінде 
«Дарынды  бала»  ұғымының  орнына  «Дарындылық  белгілері  байқалатын  бала» 
ұғымын қолданған дұрыс. 
Шетелдік  және  отандық  ғалымдар  пікіріне  сүйенсек,  дарынды  балаларды 
іріктеу үшін оларды анықтап, диагностикалауға және арнайы бағдарламалар жасауға 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
31 
психологиялық-педагогикалық  қызмет  жүйесі  жұмыс  арнайы  жұмыстар  жасауы 
керек. 
Қандай  баланы  дарынды  деуге  болады?  Мамандардың  айтуынша,  өз 
бейімділіктеріне  сәйкес  бір  немесе  бірнеше  салада  жоғары  нәтиже  көрсететін 
балаларды дарынды және талантты деуге болады. 
Ол салалар: 
- интеллектуалдық; 
- шығармашылық-өнімді ойлау; 
- академиялық жетістіктер (мектепте үздік оқитын оқушылар); 
- қарым-қатынас және көшбасшылық; 
- көркем шығармашылық әрекет; 
- қимыл-қозғалыс саласында (спорт саласы). 
Жоғарыда  аталғандардың  негізінде  дарындылықтың  түрлерін  былай  жіктеуге 
болады: 
байқалу кеңдігі бойынша – жалпы және арнайы; 
-  әрекет  түрі  бойынша  –  интеллектуалдық,  шығармашылық,  көркем, 
психомоторлық (спорттық), конструкторлық, лидерлік, т.б.; 
-  байқалу  қарқындылығы  бойынша  –  оқуға  жоғары  дайындық,  дарынды,  аса 
дарынды, ерекше дарынды (таланттар мен вундеркиндтер); 
байқалу түрі бойынша – айқын және жасырын; 
байқалудың жас ерекшелігі бойынша – тұрақты немесе өтпелі; 
-  тұлғалық,  гендерлік  (әлеуметтік-жыныстық)  және  өзге  ерекшеліктері 
бойынша. 
Дарынды  бала  –  біздің  болашақ  байлығымыз.  Соған  сәйкес  жасалған 
бағдарлама болуы тиіс. 
Бағдарламаның мақсаты: 
- арнайы дарындылықты және жасқа байланысты байқалуын анықтау; 
-  балалардың  арнайы  қабілеттерін  анықтау  және  оларды  психологиялық-
педагогикалық қызметтің диагностикалауы; 
-  оқу  процесі  барысында  дарынды  балалармен  жұмыс  істеудің  бағдарламасын 
жасау. 
Бағдарламаның бөлімдері: 
1. Дарынды балалармен жұмыстың тұжырымдамасы; 
2.  Дарынды  балаларды  анықтау  және  олармен  жұмыс  (психологиялық-
педагогикалық қызметтің жұмысы). 
I кезең – анамнестикалық – оқытудың бірінші сатысында, дарынды балаларды 
анықтау кезінде олардың әрекеттерінің белгілі бір саласындағы жетістіктеріне басты 
назар аудару. 
II  кезең  –  диагностикалық  –  бұл  кезеңде  (5-9  сыныптар)  баланың 
шығармашылық қабілеттерін дербес бағалау жүргізіледі. 
III  кезең  –  баланың  ерекше  қабілеттерін  қалыптастыру,  тереңдету  және 
дамыту кезеңі, сонымен қатар оның бағдарлық бағыттылығы (10-11 сыныптар). Бұл 
кезеңде  психолог-педагогтар  арнайы  түзету-қалыптастыру  бағдарламасын  құрып, 
соның негізінде дамыту жұмыстарын жүргізуі тиіс болады. 
3.  Дарындылықты  диагностикалау  әдістемесі.  Арнайы  сынақтан  өткен 
психологиялық  әдістемелер  көмегімен  психологиялық-диагностикалық  зерттеу 
жүргізеді. 
Дарындылықты 
диагностикалаудың 
үлгі 
жоспары. 
Баланың 
ерекшеліктерін зерттеуді мынадай жоспармен жүргізуге болады. 
1. Ақыл-ой дамуының ерекшеліктері: 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
32 
- зейіні, есте сақтауы, ойлау дағдысы; 
- оқу материалын меңгеруі, өздігінен жұмыс істей білуі, жұмыс істеу ырғағы; 
- сөйлеуі, ұқыптылығы, жалпы дүниетанымы. 
2. Оқушының білімі мен оқуға қарым-қатынасы: 
- пән бойынша білім сапасы; 
- жалпы оқу біліктерінің деңгейі; 
-  оқу  әрекеті  барысындағы  жетістіктері  мен  сәтсіздіктерін  қабылдауы, 
бағалауға көзқарасы; 
- оқуға қызығушылығы; 
- өзін-өзі басқару ынтасының болуы. 
 
Дарындылық критерийлері  
Үлгерім деңгейі 
Оқытылу деңгейі 
Көрнекі-бейнелі 
ойлау деңгейі 
Қызығушылығы 
Қарапайым 
тапсырмаларды 
тез әрі жылдам 
орындауы; 
Зерттеушілік 
әрекетіне 
бейімділік; 
Материалды 
түсінуге, 
талдауға 
қабілеттілік.  
Алған білімін 
тәжірибеде 
қолдана білуі; 
Математикалық 
белгілерді, 
символдарды, 
сөздерді ұзақ 
есте сақтауы; 
Оқу әрекетінде 
нақтылыққа 
бейімділік. 
Құрастыру, 
баламасын жылдам 
таба білуі; 
Жүйрік әрі шапшаң 
ойлауы; 
Классификациялай 
білу; 
Ерекше идеяларды 
ұсыну. 
Ынта-жігері, ойлау 
операцияларын 
орындауға деген 
танымдық 
қызығушылығы. 
Бақылау 
жұмыстары 
алынады. 
Берілген 
тапсырманы 
тексергенде: 
сапасына, 
ұқыптылығына, 
орындау 
жылдамдығына 
назар 
аударылады. 
Арнайы зерттеу 
әдістемелері арқылы 
анықталады. 
Арнайы 
әдістемелер 
арқылы 
анықталады. 
 
Әдебиеттер 
1 Назарбаев Н.Ә. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол! 
2 «Дарын» ақпараттық-әдістемелік жинағы. – №3. – 2001. 

Кулемзина 
А.В. 
Детская 
одаренность: 
психолого-педагогическое 
исследование. – Томск, 1999. 
4  Коменский  Я.А.  Ұлы  дидактика  туралы  еңбегі.  –  СПб.:  Типография  А.М. 
Котомина, 1875. 
5 Уәлиханов Ш. Қырғыздар туралы жазбалар. 
6 Лейтес Н.С. Возрастные способности одаренных детей. – М.: Педагогика, 1989. 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
33 
ШАХИЕВА Роза Ахмедовна, 
Ж. Нұрлыбаев атындағы №15 жалпы орта мектебі 
«География» пәнінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз, 
«Абад» ауылы, Аязхан Қалыбеков ауыл округі, Мақтаарал ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
«ӨЛКЕТАНУ» КУРСЫ БОЙЫНША САБАҚТАР МЕН САБАҚТАН ТЫС 
ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Қоршаған  ортаны  және  табиғатты  білікті  түрде  пайдалана  білу  біздің 
дәуіріміздің  ең  басты  мәселелерінің  бірі  болып  отыр.  Табиғатсыз  адамның  күні 
қараң.  Адамзаттың  тарихы,  дамуы  техникалық  өркениеттің  жеделдеуі  қоғам  мен 
табиғат  арасындағы  өзара  қатынасты  барынша  шиеленістіре  түсетінін  ескерте 
отырып,  К.  Маркс:  «Мәдениет  егер  ол  стихиялы  дамыса,  саналы  бағытталмаса, 
өзінен кейін шөл даланы ғана қалддырады»,  - деген.  Бұл пікірдің айтылғанына сан 
жылдар  өтсе  де,  ол  сөз  өз  мәнін  жойған  жоқ.  Керісінше,  қазіргі  кезде  адамзаттың 
өмір сүруі үшін аса маңызды мәнге ие болып отыр. 
Бүгінгі  жер  тағдыры  –  ел  тағдыры  болып  отырған  табиғатта  болып  жатқан 
дағдарыстан  туған  зардаптар  әбден  асқынған  уақытта  біз  өзіміз  қаласақ  та, 
қаламасақта  ата-бабаларымыздың  атамекен,  туған  жер  топырағы  туралы 
түсініктеріне,  таным-талғамдарына  ой  жүгіртетініміз  сөзсіз.  Ендеше  ата-
бабаларымыздың  табиғатты  қорғау  туралы  айтып  кеткендерін  еске  түсіріп,  терең 
ойлап,  өз  өмірімізде  бұлжытпай  орындап,  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеуде  пәрменді 
құралдардың бірі – өсиеттерді білгеніміз жөн. 
Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көзінің қарашығындай 
сақтап  келуі  жайында  қазіргі  ұрпаққа  үлгі-өнеге  боларлық  дана  ұғымдар,  мақал-
мәтелдер, нақыл сөз, аңыз-әңгімелер арқылы жетіп отырған. Сондықтан әрбір ұстаз, 
әрбір  тәрбиеші  өзінің  күнделікті  жұмысында  халықтық  педагогиканың  асыл 
маржанына үнемі көңіл бөліп, оны тиімді пайдалана білуі тиіс. 
«Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін ашып жүр, 
Өзіңді  қалдыр  –  бақша  өсіріп  жаса  нұр»,  -  деген  ата-баба  өсиетінде  не  деген 
көрегенділік,  ақылдылық  бар  десеңші.  Атамыз  қазақ  жол  жүріп  келе  жатып,  аға 
алмай жатқан бұлақ көрсе, атынан түсіп, көзін ашқан, сонда талайдан бұлқынып, жер 
тепкілеп жатқан бұлақ көзі кеңіп, арна алып, қуана жар салып аға жөнелген. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
34 
 
Қазіргі  уақытта  жас  жеткіншектерге  осындай  ата-баба  өсиеттерін  жеткізіп, 
оларды ұғындыру бүгінгі  мұғалімдердің басты мақсаты болу керек. Қай заман, қай 
ғасырда болсын қазақ халқы дәстүрінде табиғатқа тағылылықпен қарау деген болған 
емес. Қайта аң, құстардан бастап өсімдіктерге дейін жанашырлықпен қарап, табиғат 
тұнығын  шайқауды  обал,  өсіп-өнуіне  әсер  етуді  сауап  санады.  Мысалы,  ұлы  ақын 
атамыз  Абай  Құнанбаев  18-ші  «Қара  сөзіндегі»  табиғат  туралы  философиялық  ой-
пікірлері  арқылы  табиғат  заңдылығын  пайымдау  алумен  бірге  оған  байланысты 
ғылыми  көзқарастарын  да  танытады.  Ол  табиғаттың  бар  байлығы  адам  баласына 
азық  болып  отырғандығын  көрсете  келіп,  өскелең  ұрпақты  Табиғат-Ананы  аялап, 
сүйе білуге шақырады. 
Халықтық  педагогикада  тәрбие  құралдары  болып  табылатын  мақал-мәтелдер, 
өсиеттер, нақыл сөздер, ырымдар мен тыйымдарды жүйелі түрде пайдалану баланы 
ағаттық жасаудан сақтандырып, адамгершілік қасиетке тәрбиелейді. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
35 
 
Табиғатты  қорғауға  байланысты  мәнді  мақал-мәтелдерді  орынды  пайдаланған 
ұстаз – баланы табиғатты сүюге тәрбиелейді. Мысалы, өсімдіктер туралы: 
«Қыз – елдің көркі, орман-тоғай – жердің көркі», 
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», 
«Бір тал кессең, он тал ек», 
«Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады», 
«Көкті себепсіз жұлма, көктей соларсың», 
«Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», ал су қадірі туралы: 
«Судың да сұрауы бар», 
«Су – тіршілік тірегі», 
«Сулы жер – нулы жер», 
«Су бар жерде өмір бар», 
«Су бергеннің сауабы бар, су төккенің жауабы бар», 
«Су анасы – бұлақ», ал жер қадірі туралы: 
«Жері байдың елі бай», 
«Туған жердің топырағы да ыстық», 
«Ер – жігіт туған жеріне, ит – тойған жеріне», табиғат туралы: 
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ», 
«Қара  жерге  не  ексең  –  соны  орасың,  табиғаттан  алсаң  –  қарыз  боласың»,  - 
деген өсиет сөздерді сабақта кеңінен қолдану керек. 
Табиғатты қорғау, күту туралы: 
«Бұлақ көрсең көзін аш», 
«Жылап тұрып арық қазсаң, күліп жүріп су ішерсің», 
«Күте білсең – жер жомарт», 
«Қара жер қарыз арқаламайды», 
«Бір  тал  ағаш өсірсең,  еңбегіңнің жанғаны, абзал перзент  өсірсең, басыңа бақ 
қонғаны», 
«Сауаптың  ең  үлкені  –  шөлге  құдық  қазған,  өзенге  көпір  салған  және  жолға 
ағаш  еккен»  деген  сияқты  мақал-мәтелдерді  жаттату,  ел  арасынан  жинау,  оларды 
түрлі  сынып  сағаттары  мен  кештерде,  түрлі  жарыстарда  қолдана  білуге  үйрету  – 
мұғалімдердің міндеті. Бұл міндетті шешу табиғатты қорғау ісіне өз көмегін тигізеді. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
36 
 
Сонымен  қатар  экологиялық  тәрбие  беруде  ойын  элементтерін  де  қолдану 
керек.  Ойын  баланың  ой-өрісін  дамытады.  Көптеген  ойын  түрлері  баланы 
шынықтырып, жылдамдығын арттыруға, табиғатпен сырласуға шақырады. 
Табиғат аясына шыққан кезде мынадай ойындарды ойнатуға болады: 
1.  Әріптерді  таратып  береміз  де,  сол  әріптен  басталатын  табиғи  заттарды  тез 
тауып келіңдер деген тапсырма беру керек. Мысалы: а  – ағаш, алма, б – бұтақ, ж – 
жапырақ, жусан, жалбыз, г – гүл, т – тас, топырақ т.б. Енді тапқан затыңа сипаттама 
бер,  оның  адамзатқа  тигізер  пайдасы  мен  оны  қорғау  шаралары  туралы  айтып  бер 
немесе жазып кел деп үйге тапсырма беруге болады. 
2.  Мақал-мәтел  жарысы:  оқушыларды  топқа  бөліп,  табиғатқа  оны  қорғауға 
байланысты  мақал-мәтел  айтудан  жарыстырамыз.  Бірінші  топ  бір  шумағын,  ал 
келесі топ екінші шумағын айтуы керек. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
37 
3.  Бұл  ойынды  қыз  қуу  ойыны  ретінде  бір  ұл  мен  бір  қызды  ортаға  шығарып 
жарыстырып ойнатуға да болады. 
4.  Жұмбақ  жарысы:  оқушыларды  топқа  бөліп,  бір-біріне  жұмбақ  жасырып 
ойнатамыз. 
Жоғарғы  сынып  оқушыларына  адамзаттың  ғаламдық  проблемаларының 
негізгісі  –  экологиялық  проблемаларға  байланысты  рефераттар  дайындап  келуге  
тапсырма  беру  керек.  Рефераттың  тақырыбын  оқушы  өзі  таңдауына  да,  мұғалім 
беруіне  де  болады.  Экологиялық  ойлай  білу  жүйесін  оқушыларда  қалыптастыру 
мұғалімнің міндеті болып табылады. Осы міндетті орындау үшін мұғалім жыл бойы 
жоспарлы  түрде  экологиялық  танымдық  ойын  сабақтарын,  экологиялық 
тақырыптарға  арналған  конференция,  семинар  сабақтарын,  эколог  мамандарды 
шақырып,  кездесу  өткізіп,  өндіріс  орындарына  саяхат  ұйымдастырып,  оны 
қорытындылап тұру керек. 
Міне, осындай жұмыстар жас ұрпақтың бойында экологиялық білім жүйесі мен 
мәдениетінің қалыптасуына әсер етеді. Өзімен бірге жүз мыңдаған құрбандықты ала 
әкеткен алапат жер сілкіністері мен су тасқындары орта ғасырлар мен салыстырған 
кезде, соңғы уақытта 5-7 есе жиілепті. Табиғаттың мұндай тосын мінезі адамдардың 
аяусыз  қатігездігі  мен  тойымсыз  ашқарақтығына  қарсылығы  секілді.  Сондықтан, 
өзімізді 
қоршаған 
табиғаттың 
байлығын 
қалыпты 
жағдайда 
ұстау 
– 
әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз. 
Біз бұл міндетті жас ұрпаққа жеткізе білуіміз керек. 
 
Әдебиеттер 
1  Бұзаубақова  К.Ж.  Мектептік  экология  негіздері.  –  Тараз,  М.-Х.  Дулати 
атындағы ТарМУ баспсханасы, 2000. 
2 «География және табиғат» журналы. – 2008. – №3. 
3 «География және табиғат» журналы. – 2007. – №1. 
4 Шаханов М., Айтматов Ш. Құз басындағы аңшының зары. 
5  Қазақстан  Республикасының  2004-2015  жылдарға  арналған  экологиялық 
қауіпсіздігі тұжырымдамасы. 
6  Сәтімбеков  Р.,  Мұстафаев  Ө.С.  Табиғатты  ұлы  ана  деп  сана  да,  жүрегіңмен  
ұл-қызыңдай аяла. – Алматы, 2004. 
7 «Биология, география және химия» журналы. – 1999. – №3. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
38 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК 
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
НАҒАШЫБАЕВА Айнагүл Кеңесбайқызы, 
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған 
балалар мектеп – интернат – колледжі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің 
мұғалімі, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ІЗДЕНІС – АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ НЕМЕСЕ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ 
БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІНЕН   
 
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, 
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында. 
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті 
 
Қазіргі  уақытта  егемен  елімізде  қоғамдық  өмірдің  барлық  саласында,  оның 
ішінде  білім  мен  тәрбие  беру  жүйесінде  оң  өзгерістерге  жаңарту,  яғни  қазіргі 
жағдайға сәйкес өзгерту үдерісі жүріп жатыр. 
Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаға сапалы білім беру мен оны дамытуды 
қамтамасыз ететін біртұтас жүйені қалыптастыру қазіргі өзекті мәселелердің бірі. 
Бұл арнаулы педагогика саласында да келелі міндеттер жүктеп отыр. 
Қазіргі қоғамда арнаулы мектеп мұғалімдерінің алдына қойылып отырған бұл 
келелі міндеттердің бірі – оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін оқып-үйрену және оны 
іс-тәжірибеде шеберлікпен меңгеру. 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев:  «Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында, 
ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  ұстаздардың  қолында»,  -  деген  болатын.  Олай  болса, 
біздің  басты  қазынамыз  –  білім.  Ал,  болашақтың  иесі  –  жас  ұрпақ.  Ұрпақ  тәрбиесі 
ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. 
 
 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
39 
 
 
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп – 
интернат – колледжінің белгісі 
 
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп – 
интернат – колледжінің сыртқы көрінісі 
 
Бүгінгі  таңда  осындай күрмеуі  қиын  мәселелерді  шешу  жолдарын,  мүмкіндігі 
шектеулі  балаларда  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  пәні  бойынша  білім  мен  білік 
дағдыларының  меңгерілу  деңгейін  ұстаздарымыз  аса  шеберлікпен  сабақтарда, 
сыныптан тыс оқу мен сыныптан тыс шараларда көрсетіп келеді. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
40 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп – 
интернат – колледжі «Қазақ тілі» бірлестігінің эмблемасы 
 
 
 
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп – 
интернат – колледжі «Қазақ тілі» бірлестігінің әнұраны 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
41 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бірлестіктің әнұраны шырқалуда 
 
 
 
 
 
Бірлестіктің  мақсаты:  «Қазақ  тілі  мен  әдебиет»  пәні  мұғалімдерінің 
педагогикалық  ізденістерін  көрсету  және  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім 
сапасын көтерудегі озық педагогикалық тәжірибені енгізу және тарату. 
«Қазақ  тілі»  бірлестігінің  жұмысын  қазақтың  киелі  шаңырағы  «Киіз  үй» 
арқылы жеткізгім келеді. 
 
Қазақтың киіз үйі – қазақ баласы үшін адамгершілік ұясы, қасиет тұтар ордасы. 
Ол әр қазақ баласы үшін тәуелсіздік пен бостандықтың, байлық пен мен барлықтың, 
ынтымақтастық  пен  бірліктің  белгісі.  «Отбасы  –  шағын  мемлекет»  демекші    осы 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
42 
қасиетті ордада бірлестік мұғалімдері ынтымақ пен бірлікті ту етіп, есту мүмкіндігі 
шектеулі балаларды білім нәрімен сусындатып келеді. 
 
 
 
Біздің бірлестіктің педагогикалық мәселесі: жеке тұлғаға кешенді ықпал жасау 
арқылы  «Қазақ  тілі»  сабақтарында  қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  тиімді  жолдарды 
қолдану. 
Әдістемелік бірлестіктің міндеттері: 
-  Оқушылардың  есту  қабілеттерін  дамыта  отырып,  ауызекі  сөйлеу  тілін 
қалыптастыру; 
-  Оқушылардың  ауызша  және  жазбаша  байланыстырып  сөйлеу  тілін 
коррекциялық тұрғыда жүйелі түрде жүргізу және дамыту; 
- Сөздерді грамматикалық қатынасқа түсіріп айта білуге үйрету; 
-  «Қазақ  тілі»  сабақтарын  жаңа  педагогикалық  технологиялар  мен 
әдістемелерді қолданып өткізу. 
Енді, осы киіз үйді жіліктеп қарайтын болсақ, бірінші – шаңырақ. 
Әрбір  жеке  тұлғаның  болашағы  мектебінде  шыңдалады.  Мектепте  берілетін 
білім – барша әлем тыныс-тіршілігінің алғашқы іргетасы. 
«Ел  боламын  десең,  бесігіңді  түзе»,  -  деп  аталарымыз  айтқандай,  біздің 
тербеткен бесігіміз – мектеп – интернат – колледж. 
Яғни, бұл – шаңырақ. 
 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
43 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет