№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015


М. Әуезов шығармаларындағы теңеулердің ассоциациялық типтері



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата14.02.2017
өлшемі6,89 Mb.
#4086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

М. Әуезов шығармаларындағы теңеулердің ассоциациялық типтері. Қазақ 
тіліндегі  теңеулердің  семантикалық  топтарының  бірі  ассоциациялық  топ. 
Ассоциациялық ая деген ұғым шетел лингвистикасында да, орыс лингвистикасында 
да кеңінен таралған. Рас, аталмыш еңбектерде бұл ұғым белгілі бір сөздердің басқа 
бір  сөздермен  тіркесу  мүмкіндігімен  байланыстырылса,  біз  оны  теңеу  мүшелерінің 
(образ,  нысан,  белгі)  парадигмалық  және  синтагматикалық  аяларының  кеңеюі 
дегенді біз былайша түсінеміз. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
24 
Суреттелетін нысан әр түрлі образдар арқылы сипатталады да, әлгі нысанның 
толып  жатқан  «қасиеттері»  анықталады.  Яғни  образдың  сан  алуан  болуы 
нәтижесінде  нысанның  бұрыннан  белгісіз  болып  келген  сан-қилы  белгілері 
ашылады. Бұл жағдайда нысан біреу ғана болады да, оның суреттейтін образдар мен 
одан туындайтын белгілердің саны өте көп болады. Мысалы: Жұқалаң ұзыншақ көп 
бұл  қызыл  сендей  болып,  батар  күнді  ентелеп  қамап  тұр  («Қыр  суреттері»;  Кешкі 
дөң басында). Күннің ақырғы сәулесі түсіп тұрған тау бастары көлеңке басқан қоңыр 
жердің алтын шатырындай нұрланып, қызғылттанады («Қыр суреттері»;  Кешкі  дөң 
басында). Жас баланың үзілген жердегі түсіндей болып, қаны тамған қызыл бетке аз-
аздап  көкшіл-сұрғылт  өлім  таңбасы  араласқанға  ұқсайды  («Қыр  суреттері»;  Кешкі 
дөң  басында).  Иірім-иірім  әр  ауылда  алқа-қатан  тігілген  қарама  үйлердің  қалың 
ортасында бір-бір ақ үй жарық  айдың қара су  ішіндегі  суретіндей жарқырай  түседі 
(«Қыр суреттері»; Кешкі дөң басында). Саршегірдің алтындай сары көзі ашумен от 
бүркіп тұрғандай («Қыр суреттері»; Кешкі дөң басында). Садақтың оғындай суылдап 
–  қыран  жөнелді  («Қыр  суреттері»;  Кешкі  дөң  басында).  Долы  желдің  айдауына 
түсіп,  түтіндей  болып  алақаншықтаған  ұсақ  қар  ұйтқып  келіп,  қуыс  жердің  бетін 
басып  жатыр  («Қыр  суреттері»;  Қысқы  түн).  Жалғыз  алданышы,  жұбанышынан 
айрылып, қу моладай құлазып қалатын жетімдік, қу бастық та бүгінгі күн келгелі тұр 
(«Қыр суреттері»; Қысқы түн). 
Теңеу таза тілдік категория ғана емес, ол әдебиет категориясы да. Ол көбінесе 
көркем  әдебиетте,  мақал-мәтелдерде,  шешендік  сөздерде,  айтыстарда  туады  да  – 
содан  «өмірге  жолдама»  алады.  Демек,  теңеулердің  дүниеге  келуі  белгілі  бір 
көркемдік  мақсатты  көздейді.  Тіпті  көпшілік  жағдайда  теңеулік  конструкция 
ассоциациялық  зандылыққа  бағынышты  болады.  Керісінше  толып  жатқан 
ассоциация туғызушы көркемдік тәсілдердің бірі теңеу болып табылады. 
«Қорғансыздың күні» 
Бейіттен  жарты  шақырымдай  жерде  тұрған  екі  кішкене  қора  да  бейіт  секілді 
мүләйім пішінденген. 
Қыстау айналасының әлгіндей пішінінің үстіне, теріскей жақ бұрышындағы бір 
қораның  төбесі  ортасына  түсіп,  таудан  аса  соққан  боран  әлгі  тесіктің  үстінде  ақ 
түтіктеніп,  біресе  түтін  секілденіп  ұйытқып,  біресе  қиыршықтанған  ұсақ  қарын 
ішке себездеп төгіп, қораның ішін тазартуға тырысып жатыр. 
Келіннің пішінінде не жақсылығына, не жаманшылығына айғақ болған орасан 
белгі жоқ: орта пішінді, орташа жаратылған адам тәрізді
Қонақтар шай ішіп, кемпір ауыл ақсақалы – басты еркектерше қонақтармен әр 
нәрсе жайынан жақсы сөйлесіп отырды. 
Әңгіме  әлпеті  өлер  алдындағы  қоштасып  отырып  айтқан  немесе  бір  үлкен 
мархабат  күткен  кісісіне  жаны  қысылған  уақыттағы  үміт,  тілек  айтқан  сөзге 
ұқсайды. 
Бұл арада отырған елде адам секілді адам бар ма? 
Ұрғашы секілді жыбырлаған ұсақ. 
Бәрінің де... бағын жуып, жақсысын асырып, жаманын жасырып,  адам секілді 
қылып, осы ауылда адам қатарына қосқан сол емес пе? 
Қатынша жыбырлағаннан басқа, істейтін адам сияқты бір мінезі, бір ісі жоқ
Сонан  соң  елдің  басшы  адамдары:  «Мұнымен  құда  бол,  әйтпесе  малың 
тимейді»,  -  деген  соң,  мылжыңның  9-10-дағы  қызын  ұры  ауылдың  соқталдай  бір 
азаматына бермек болып, сөз байлап, малын алып қайтыпты. 
Жақып сол жолда суық өтіп, өңі қашып, қу шүберектей болып келді. 
Бірақ  соны  маған  сөйлестірші,  әлгі  Дүйсен  деген  мылжың  бар,  тағы  толып 
жүрген Бөрала секілді туысқандарымыз, бәрі бас қосыпты. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
25 
Оқып жүрген сабағы секілді
Бұл адамның іші жақсы сезімге жат болып кеткен бір күңгірт дүние сияқты
Кедейлігінен, қорғансыздығынан басқа міні жоқ, салмақты, таза тәрбиелі бала – 
бұл күнде сол не көріп отыр? 
Әуелден  бергі  қазаны  көруіне  осы  қаршадай  жас  баланың  не  жазығы  болып 
еді? 
Бірақ қайда жүрсе де, артынан көлеңкесіндей қалмай жүрген бір сорлылық, бір 
жылау. 
«Оқыған азамат» 
Күшығыстан  соққан  баяу  жел  суықтың  көрігіндей  болып,  ызғарды  көбейте 
түсті. 
Оның  үстіне  шет-шетіне  шамыратып  салған  қазақтың  жер  үйлері  тәртіпке 
ұқсаған  сиықтың  бәрін  бұзып,  қаланың  шеттерін  түйенің  жыртылған  ескі 
жабуындай жалба-жұлба қылып ыдыратып, тоздырып тұр. 
Кейде  шанасын  сықырлатып,  жеккен  түйесін  божылап  «шуу-шуулеп»  келе 
жатқан қырдың қоңырқай пішінді қалашылары кездеседі. 
Жігіттің пішініндегі томсарған кейісіне қарағанда, қабағы түксиген жүдеулікке 
қарағанда, бұл келген үйінде бір оқиға болғанға ұқсайды
Мұңлы  кемпірдің  шер-уайыммен  сарғайған  жүзі,  қайғымен  түксейген  қабағы 
бір қалыпты қатқандай, тасқа түскен таңба секілді
Жалғыз-ақ  құлазып  тұрған  иесіз  үй,  жетімдіктің  суреті  секілденіп  отырған 
қайғылы кемпір үйге кірген сайын, иығын көтертпейтін секілді
Сонау ойда, көз ұшында жарқыраған шарасынан суы асып,  айнадай мөлдіреп 
жатқан көл көрінеді. 
Жарық  күнде  шаңқиып  көрінген  ақ  ауылдарды  сағым  көтеріп  кейбір  үйлер 
жұмыртқадай болып көрінеді. 
Ауылға  келерде  жазға  лайықты  барлық  таза  жақсы  киімдерін  киіп  алып 
шытырайған жастар қаланың халқына ұқсап, қырға бөтен кісі сияқтанады. 
«Қилы заман» 
Шалқыған,  көрнекті  мол  дүниенің  тірі  пішінді  белгісі  сияқтанып  Қарқара 
жәрмеңкесі қайнап жатқан. 
Жауын  артынан  Алатаудан  аққан  селдей  болып,  сауда  пұлы  іркілмей  төгіліп 
жатқан. 
Өріске шыққан қойдың иісін сезіп, желге қарсы тұмсығын төсеп, ішін тартып, 
жер тарпып, бет түзеп, торуылға шыққан қасқырдай – аш пейілді жалаңқая саудагер 
боркемікті, батпан құйрықты Албанды бекерге таңдаған жоқ. 
Көгенге  кірген  борсықтай  байлаулы  бағланның  май  құйрығына  тұмсығын 
тығып, сауыры бүлкілдеп қана жылы жұмсағын соруда. 
Бай, малын елдің мол  денесі  обырдай обып жатқан қомағай ұртқа бойындағы 
тәтті дәмдісін иігендей төсеп жатыр. 
Киіздей  қалың  көк  шалғынды  Қарқара  жазығы  ерте  күннен  Албанның  құт-
берекелі жайлауы еді. 
Түн асса тыңайып, жетісіп қалатын құт  даласы осы  жәрмеңкедей мал кезінде 
әдейі арналып жаралғандай еді. 
Жазықтың  орта  кезінде  қара  құрттай  қайнаған  жәрмеңке  сол  өзеннің 
жағасында. 
Соның айқын таңбасы – ертегі айдаһарындай екі басты, жайын түсті самұрық. 
Абақты – Ақжелкенің желісі сияқты үлкен сауын орны. 
Солардың ішінде тілмаш сияқты үлкен серіктік қылып, оң қолы болып тұрған 
орынбасары Плотников деген уряднигі бар еді. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
26 
Қымыз бен жайлау қызығында мал сияқты болып жүрген қазақ үкімет ниетін 
оңайлықпен түсінбейді. 
Қолында  мөрі  бар,  жаман-жақсы  болса  да  жәрмеңке  басындағы  Ақжелке, 
урядник сияқты ұлықтармен таныстығы бар, кейбірінің тамырлық айқасуы да бар. 
Тоғыз  жолдың  торабы  сияқты,  қазақ  бүліншілігінің  аяқтап  барып  сарқатын 
жері  орыс  ұлығы  болғандықтан,  жәрмеңкеде  жүрген  болыстар  арқылы  да 
Плотниковтерге оралып қалатын түсімдер болушы еді. 
Бұлардың  жүзінде  «маған  бірдеме  деп  ілтипат  қылар  ма  екен»  дегендей 
жалпақтап, құйрығын бұлғандатқан итше жағынған пішін бар. 
Албанның  барлық  жайлауларын  түгел  шарлап,  құйындай  құтырып,  қыдырып 
шыққан. 
Жігіт-желең  сол  күні-ақ  «бармаспын»  деген  ниетті  ойлап,  Алатаудың  сенімді 
қиын тасына, қара үңгірдей қалың жыныс қарағайына қарады. 
Қатын-бала ұлардай шулады. 
Сауда жым-жырт басылды да, базар құлаққа ұрған танадай болды. 
Өлген  ердің  артында  жыл  уағына  шейін  тұлдап  іліп  қоятын  қаралы  киім, 
қаралы аспап сияқты, ләпкелердің дүниесі жесір-жетім қалды. 
Күнде  қара  құрттай  қайнап  әрлі-берлі  ағылып  жататын  жүргіншінің  ешбір 
белгісі де жоқ. 
Ләпке іштері иін тірескен сеңдей соғылысқан алушы. 
Өзге қазақтай қазымыр саудаласқыш тартпақ емес. Нағыз жұмсақ жемдей
Қара тастай мызғымай, бір орында түйіліп, құбыжықтанып тұр. 
Таудың киігіндей кең жайылған тіршілігі бар еді. 
Көптен торып, обырдай обып келіп, енді түгіңмен жалмағалы отырғаны осы. 
Балалар соққан тас қорадай, жеті қанат үйдің орнындай үлкен ауданда тізелесе 
отырған ел кісілері. 
-  Азамат  кететін  болса,  Әуен  осыны  бауыздап  кетеді,  -  деп,  Ақбеттің  даласы 
ереуілдеп кіжініп өрттей лаулады
Мойнына оралған ала арқан қазір де қап-қара, қан арқаны сияқты
Қан жүретін өрт шалған жас сұлудың сарғайып бара жатқан жүзі, қара тастай 
түйілген ашуды қардай ерітіп, емексітіп еді. 
Көзіне  қамшы  тиген  жас  қозыдай  болып,  дірілдеп  жатқан  балапанына 
қайтадан иілгендей, есіркегендей еді. 
Бірақ  сол  кезде  тыңнан  шыққан  өрттей,  ашық  күнде  күркіреп  жауған 
өткіншідей жалған ашу, жалған, намыс иесі болып, осы Тұңғаттар мен Қожамберді 
шықты. 
Бірақ  екі  көзі  қанталап,  боранды  күні  адасқан  жалғыз  жаяуды  қамаған  аш 
қасқыр тобындай қан көксеген қатал қол қаусырмалап қысып кетті. 
Әр  жерде  шашылған  ауылдарда,  қаралы  кеште  шашылған  қандай  болып, 
кешегі шашылған өмір шоғы сияқтанып, кешкі оттар жылтылдайды. 
Қорытынды.  Әр  халықтың  көркем  әдебиеті  басқа  халықтардың  әдебиетінен, 
ең  алдымен  өзінің  образдар  жүйесімен,  сөз  бейнелеу  тәсілдермен  ерекшеленеді. 
Әдебиеттегі  образдар  жүйесі  және  сөз  бейнелеу  тәсілдері  –  ұлттық  характердің  ең 
басты  көрсеткіштері.  Тіл  –  әдебиеттің  құрылыс  материалы,  ол  әдебиет  өніп-өсетін 
топырақ, ол – әдебиет тыныстайтын ауа. 
Көркем  әдебиет  деген  ұғым,  ең  алдымен  образды  сөз  деген  ұғымға  келіп 
тіреледі.  Сол  себепті  де  ол  «сөздің  патшасы,  сөз  сарасы».  Түр  мен  мазмұн  бірлесе 
келіп, көркем әдебиетті туғызады. Түр мен мазмұнның бірлігінен көркем әдебиеттің 
шынайы табиғаты, бүкіл болмысы жасалады. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
27 
Ал  түрдің  өзінің  көріну  тәсілдері,  жүзеге  асыру  жолдары  өмір  сүру 
заңдылықтары  болады.  Сол  түрдің  көріну  тәсілдерінің  бірі  –  теңеу  категориясы. 
Теңеу категориясы – бүкіл бейнелеу, көркемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең 
пәрмендісі. Бейнелеу тәсілдерінің барлығы да өз бастауын осы теңеуден алады. 
Теңеу  категориясын  Т.  Қоңыров  «Қазақ  теңеулері»  атты  кітабында 
лингвостилистикалық  аспектілердің  ауқымында  егжей-тегжейлі  зерттеген.  Осы 
еңбек  бойынша  М.  Әуезов  шығармаларында  теңеулердің  қолданылуына  көптеген 
мысалдар  келтіре  отырып,  теңеулердің  семантика-грамматикалық  сипатын,  жасалу 
жолдарын, синтаксистік құрылымын сөз етеді. 
М.  Әуезов  ХХ  ғасырға  өзінің  идеясымен,  образдарымен,  әдебиетімізге, 
өнеріміз  бен  ғылымымызға  өз  бейнесімен,  ерекшелігімен  енді.  Оның 
шығармашылығы  жаңашылдығы,  шыншылдығымен  ерекшеленді.  М.  Әуезовтің 
шығармаларының  бір  ерекшелігі  тарихты  талдап,  оны  халыққа  жеткізе  білді. 
Сондықтан да М. Әуезовтің шығармашылдығы өзектілігімен ерекшеленеді. 
М.  Әуезов  –  заманымыздың  заңғар  тұлғасы.  Оның  шығармаларындағы 
шындық, өмірдің болмыстығы, суреткер шеберлігі, шығарма сұлулығы және т.б. М. 
Әуезовтің таланты деп танимыз. 
Көркем шығарма тілі – жалпыға ортақ халық тілі болумен қатар, эстетикалық 
сезімінің,  образды  ойдың  да  тілі,  сондықтан  оған  ерекше  талғам  қажет.  Әрбір 
суреткердің  тілдегі  сөз  байлықтарын  игере  білу,  оның  ішкі  дүниесіне  бойлау 
дәрежесі түрліше болып келеді: біреу білмеген сөзді біреу біледі, бір сөзді әр ақын-
жазушы өзінше «үндетуі», түрлі-түрлі мағыналық орайда қолданылуы мүмкін. 
Теңеуге келетін болсақ, бұл өзінің құрылысы жағынан күрделі, жалаң теңеуге 
қарама-қарсы құбылыс. Мұнда не образ, не нысан немесе екеуі де өздеріне бүтіндей 
күрделі  ұғымды  негіз  етіп  алады  да,  соның  нәтижесінде  күрделі  ойға  негізделген, 
шытырман  суретке  құрылған,  эмоциялық-экспрессивтік  әсері  күшті  теңеулік 
образдар  жасалады.  Мұндай  күрделі  теңеулердің  құрылысы  өте  күрделі  болады. 
Теңеудің,  нысанның,  не  образының  немесе  белгісінің  алдынан  бір,  не  бірнеше 
анықтауыш  сөздер  қойылады  да,олар  теңеудің  бұл  элементтерінің  әр  түрлі 
қасиеттерін саралап, бейнелеп, көркемдеп, жан-жақты етіп көрсетеді. 
Енді  бірі  –  теңеулердің  синтаксистік  құрылымы  жөніндегі  «бірыңғай 
теңеулер».  Бұндай  терминді  әдебиеттерден  не  басқа  ғылыми  еңбектерден 
кездестірген  жоқпыз.  Бұны  Т.  Қоңыров  «Қазақ  теңеулері»  деген  кітабында  теңеу 
категориясының ішінде бірыңғай теңеулердің бар екенін анықтап көрсетеді. 
Мұны анықтап, оған теориялық тұжырым жасаудың мынадай пайдалы жақтары 
болады  дейді.  1)  Қазақ  теңеулерінің  синтаксистік  құрылымын  неғұрлым  терең 
түсінуге  себі  тиеді;  2)  Теңеулердің  стильдік  мәнін  толығырақ  айқындалуға 
көмектеседі.  Біз:  «Сөйлемде  синтаксистік  қызметі  бірдей,  көбінесе  өзара  тұлғалас 
сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер болады», - деген анықтамаға сүйенеміз. Демек, 
бірыңғай теңеулерге ең алдымен, осындай формальдық тұрғыдан қараймыз. 
Қазақ  тілінде  бірыңғай  теңеулердің  бар  екенін  ғана  емес,  олардың  жиі 
қолданылатын  көрсетеді.  Мұның  өзі  бірыңғай  теңеулердің  жалпы  теңеу 
категориясының  синтаксистік  құрылымының  басты  құрамдас  бөліктерінің  бірі 
екенін дәлелдейді. Теңеудің  үш элементтері де бірыңғай болып қолданыла береді. 
 
Әдебиеттер 
1 Қоңыров Т. Тұрақты теңеулер сөздігі. – Алматы: Арыс, 2007. 
2 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы, 1969. 
3 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Мектеп, 1976. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
28 
4  Балақаев  М.,  Жанпейісов  Е.,  Томанов  М.  Қазақ  әдеби  тілінің  мәселелері.  – 
Алматы, 1961. 
5 Әуезов М. Әңгімелері. – Алматы: Жалын, 1987. 
6 Әуезов М. Қилы заман. – Алматы: Жазушы, 1979. 
 
ШАЛҒЫНБАЕВА Гүлмира Алпысбековна, 
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы 
Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-психологы, Шымкент қаласы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы. 
 
ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК 
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫ НЕГІЗДЕРІ 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  «Нұрлы  жол  – 
болашаққа  бастар  жол!»  атты  кезекті  жолдауында  еліміздің  келешегі  –  жастар 
екендігін  айтып,  оларға  үлкен  үміт  артатынын  келесі  сенім  артар  сөздермен 
жолдайды:  «Мен  жастар  еліміздің  болашақ  тірегі  дегенді  әркез  айтып  келемін. 
Мемлекет  жаңа  буынның  алдында  барлық  есіктер  мен  жолдарды  ашты!  «Нұрлы 
жол!»,  міне  біздің  креативті  ырғақты  жастарымыздың  күш-жігер  жұмсап,  құлаш 
сермейтін тұсы осы!» [1]. Осы сөздерден алдағы болашақта біздің жас буын өкіліміз 
қандай шығармашыл, дарынды болуы қажеттігі терең ой сала отырып, аса маңызды 
міндеттерге  бастайды.  Креативтілік  –  бұл  шығармашыл,  дарынды,  аса  қабілетті 
дегенді білдіреді. 
Дарындылық  –  бұл  адамның  басқа  адамдарға  қарағанда  бір  немесе  бірнеше 
қызметтегі жоғары нәтиже мүмкіндіктерімен анықталатын психикалық қадір-қасиет 
немесе  сапа,  біріккен  қабілеттіліктің  жоғары  көрсеткіші.  Дарындылықтың  100-ге 
жуық  анықтамасы  бар.  Көп  жағдайда  ол  баланың  жас  даму  кезеңінде  байқалып, 
оның  пәндер  бойынша  жақсы  үлгерімі  мен  ой-өрісінің  дамығандығы,  яғни 
парасаттылық  танытуынан  көрініп  жатады.Дарындылық  деңгейі,  сапасы,  даму 
сипаты  бұл  табиғи  дарын  белгілері  мен  әлеуметтік  ортада  әрекет  етуі  (ойын,  оқу, 
еңбек  процестері)  кезінде  қалыптасатындығын  қазіргі  психологтар  зерттеулер 
арқылы  көз  жеткізіп,  мойындап  отыр.  Н.  Ожеговтың    сөздігінде  дарындылық: 
«Табиғатпен  берілетін  ерекше  қабілет»,  -  деп  түсіндіріледі.  Адами  ойлау, 
ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам 
бойынан  табылары  да  даусыз.  Дегенмен,  табиғат  оны  бәріне    бірдей  етіп  бөлмей, 
біреуге аздау, енді біреуге мүлдем бұйыртпайтыны да анық. 
Біз  дарынды  деп  белгілі  бір  қабілеті  көпшіліктен  айрықша  байқалатындарды 
айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие мен жақсы білім осы ерекшеліктің 
одан  әрі  дамуына  көмектеседі  немесе  оны  мүлдем  жоқ  етеді.  Мәселен,  саусағынан 
бал тамған зергер-ұстаның табиғи алмазды жауһарға айналдырғаны сияқты, тамаша 
кәсіби  шебер  ұстаздық  қасиет  кез  келген  ерекше  қабілетті  оқушыны  дарындыға 
айналдыра  алады.  Көптеген  ғалымдар  дарындылықты  генетикалық  феномен  деп 
қарастырып,  оны  белгілі  бір  даму  сатысының  соңғы  нәтижесі  деп  түсіндіреді. 
Кезінде  Платонның  өзі  ақындықты  «өнер  мен  білімнің  арқасында  емес,  құдайдың 
анықтауы мен кернеген сезімнен туындайтынын» айтқан болатын. Ал Сократ өзінің 
ерекше  қасиетін  түсіндіргенде:  «Маған  көмекке  әрдайым  мейірімді  перім  –  гений 
келеді», - деген екен. 
Әлбетте,  дарындылықтың  тұқым  қуалайтындығы,  ұрпақтан  ұрпаққа 
берілетіндігі сөзсіз. Ендеше Абайдай ұлы тұлғаны өмірге әкелген Құнанбай дарынды 
емес дегенді кім айтады? 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
29 
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет  – 
балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың 
ерекшеліктерін  (түрі,  деңгейі  және  т.б.)  анықтау  мен  айқындау  болып  табылады. 
Дарынды  балаларды  анықтау  –  баланың  дамуын  талдаумен  байланысты  ұзақ 
процесс.  Дарындылықты  қандай  да  бір  әдіспен  анықтау  мүмкін  емес  (мысалы, 
сынақтан  өткізу).  Дарынды  баланы  тәрбие  беру  мен  оқыту  барысында  біртіндеп, 
сатылап анықтау қажет. 
Баланың  дарындылығын  бағалағанда  қателесу  ықтималдылығын  барынша 
төмендету  қажет.  Өйткені  ғалымдардың  өзі  дарындылық  атты  таңқаларлық 
құбылысқа тән белгілер күрделі, сан қырлы және көп деңгейлі болғандықтан нақты 
анықтама  бере  алмай  отыр.  Балалар  бойындағы  дарындылықты  анықтау  –  ұлттық 
маңызды  мүдделердің  бірі.  Дәл  қазіргі  уақытта  баланы  дарынды  және  дарыны  жоқ 
бала  деп  бөле  отырып,  біз  баланың  келешек  өміріне  жасанды  түрде  қол  сұғып 
отырмыз.  Өйткені,  баланың  бойындағы  қайталанбас  ерекшелігі  өсе  келе  баланың 
шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды. 
Қазіргі  білім  мен  ғылым,  жан-жақты  даму  бәсекелестігі  тұсында  болашақ 
ұрпақтың  дарындылығы  еліміздің  мықты  тірегі,  әрі  өзге  елдер  алдында  өсу 
көрсеткішіміз  болмақ.  Сондықтан  дарынды  жастарды  анықтап,  оны  ары  қарай 
дамыту  ісінің  өзектілігі  –  еш  уақытта  кемімейтін  өміршең  мәселе.  Дарынды 
балаларды анықтау  – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет 
ететін өте күрделі көп қырлы мәселе. Жасырын дарыны бар балалар өз қабілеттерін 
ашық  көрсете  алмайды  (түрлі  психологиялық кедергілер  мен  даму  ерекшеліктеріне 
байланысты).  Бірақ  тиісті  ынталандыру  әдіс-шараларынан  кейін  (ойындар, 
байқаулар,  жетістікке жететініне сендіру және т.б.) мұндай балалар  өз қабілеттерін 
көрсете бастайды (белгілі бір оқу пәні, тапсырмалар орындауда, спорт  және т.б.). 
Көп  жағдайда  (психофизиологиялық,  ерекше  себептерге  байланысты) 
дарындылық кеш байқалуы мүмкін. Демек, орта деңгейлі дарынды оқушылар түрлі 
сипатта болады, бұл балаларда жасырын түрдегі мүмкіндіктер көп болады. 
Қазақстан  Республикасында  қолға  алынып,  тиісті  жүйелеуден  өтіп  жатқан 
«Дарын» бағдарламасының педагогтар қауымының алдына қойып отырған мақсаты 
–  баланың  жалпы  қабілеттерін  дамыта  отырып,  белгілі  бір  саладағы  ерекшелігін 
айрықша  танытуына  жан-жақты  әдістемелік  және  психологиялық  қолайлы 
жағдайлар тудыру. 
Қазіргі  психологияда  дарындылық  диагностикасының  жалпыға  ортақ 
қабылданған бірыңғай зерттеу әдісі жоқ. Мұндай әдістің болашақта табылуы даулы 
сұрақ,  себебі  адамның  дарындылығы  –  бұл  көп  қырлы  феномен.  Дарындылықты 
анықтау  әдісі  балалардың  интеллектуалды,  ақыл-ой  даму  айырмашылықтары 
шеңберінен бастау алады. 
Елімізде  дарынды  балалармен  жұмысты  жетілдірудің  мынадай  бағыттары 
бойынша келесі зерттеулер белгілі: дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруды 
басқару  мәселесі  (Ү.Б.  Жексенбаева,  Л.И.  Нарықбаева);  математика  пәнін  оқытуда 
дарынды  балалардың  интеллектуалдық  қауқарын  дамыту  (Г.С.  Байтуреева,  Ж.О. 
Үмбетова  т.б.);  мектепке  дейінгі  шақта  балалардың  дарындылығын  дамыту  (О.А. 
Жумадиллаева  т.б.);  жалпы  білім  беретін  мектептердің  педагогикалық  процесінде 
дарындылықты  дамыту  шарттары  (С.В.  Кузнецова,  С.И.  Қалиева,  Н.Н.  Телепнева 
т.б.) [2, 42]. 
Елімізде дарынды жастарымызды іздестіру мен олардың қабілетін дамытудың 
мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес,  1998  жылы  «Дарын»  Республикалық  ғылыми-
практикалық  орталығы  құрылып,  республикадағы  дарынды  балалармен  жұмысты 
басқару  ісімен  айналысады.  Білім  беру  жүйесін  реформалау  дарынды  балаларды 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
30 
арнайы  мектептерде  ғана  емес,  жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде  де  жүзеге 
асыруды  міндеттейді.  Сондықтан  шығармашылық  дарындылықты  дамыту  мәселесі 
арнайы зерттеуді талап ететін, қоғамдық маңызға ие проблема болып отыр
Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, 
данышпандық,  шабыт  кіреді  [3,  10].  Дарынды  балалар  –  жалпы  және  арнайы 
дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т.б.) байқатқан балалар. 
Оқушылардың жеке қабілеттерін, дарындылығын, ақыл-ойын дамыту мәселесі 
туралы  құнды  пікірлер  Ф.  Бэкон,  М.  Монтень,  Д.  Локк,  Д.  Дьюи,  Я.А.  Коменский, 
Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталоцци, И. Кант еңбектерінде айтылған. 
Дарындылықты,  ақыл-ой  қабілетін  дамытудағы  оқыту  әдістемесінің  негізін 
алғашқылардың  бірі  болып  қалаған  ұлы  педагог  Я.А.  Коменскийдің  XII  ғасырда 
жазған  «Ұлы  дидактика»  атты  еңбегінде:  «Заттың  не  құбылыстың  түп  тамырына 
жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет» 
[4, 71], - деп ерекше атап өтті. 
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда дарындылық пен интеллектуалдық қабілет туралы және 
қайнар көзін іздеуде И.Г. Песталоцци еңбектерінің маңызы зор болды. 
Ш. Уәлиханов шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің 
шешуші  рөлі  көрсетілген.  Оның  жалпы  қазақ  халқының  ақыл-ой  қабілеттілігі 
жөніндегі пікірі мынадай: «Қырғыз-қайсақтар табиғатынан ақыл-ой жүйріктілігімен, 
таңқаларлық көңілшектілігімен ерекшеленеді» [5, 211]. 
Абай  Құнанбаев  адамды  қоршаған  орта  –  табиғаттың  бір  бөлігі  дей  келе, 
табиғаттың  адам  баласына  берген  керемет  сыйы  –  туылғаннан  бастап  білуге, 
түсінуге,  байқауға  деген  ұмтылысы  деп  есептейді.  Ұлы  ойшыл  адамның  ойы  мен 
санасы  еңбек  іс-әрекеті  кезінде  қалыптасады  деп  тұжырымдайды:  «Кей  қасиет  туа 
бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады», - дейді. 
ХІХ  ғасырдың  бас  кезінде  Қазақстанда  педагогикалық  теория  негіздерінің 
қалыптасуына ат салысқан көрнекті қайраткерлер Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, 
А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтардың педагогикалық мұраларында білім 
беру  процесінде  балалардың  қызығуы  мен  қабілеттілігін  қалыптастыру  мәселесін 
ескеру керектігі баса айтылған. Сонымен қатар, дарынды балалардың сөйлеу тілінде 
шапшаңдық  және  сонылық  сияқты  ерекшеліктер  болатыны  анық.  Дарындылық 
психологиясын  зерттеуші  В.С.  Юркевич:  «Жоғары  танымдық  белсенділік  – 
дарындылықтың  бірініші  белгісі,  ол  әртүрлі  сипатта  көрінуі  мүмкін.  Маңыздысы, 
тапсырмалар  мазмұнында  бала  үшін  қызықты  жаңалықтар  болуы  керек»  [6,  45],  - 
дейді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет