14 дәріс. Тақырыбы: Аргирофильді (ретикулярлы) талшықтарды анықтау (фиксация – 15% формалин).
Дәрістің мақсаты: Жоспары: 1. Импрегнация техникасы.
2. Жүйке жүйесінің элементтерін анықтау.
3. Б.И.Лавреньтьев модификациясындағы Бильшовский-Грос әдісі бойынша импрегнация.
4. Макроглия элементтерін (астроциттер) импрегнациялау. 5. Қантамырларды В.В.Куприянов бойынша зерттеудің инъекциясыз әдісі (импрегнация күміс нитратымен).
Ретикулярлы талшықтар күміспен импрегнирленеді («аригрофильді» деген атаудың өзі осы талшықтардың күміс тұздарымен туыстығы туралы атап тұр). Күмістендіруден кейін ретикулярлы талшықтар қара немесе қоңыр-қара түске ие болады.
Импрегнация сәтті жүру үшін кесіндіні күмістендірудің барлық тәсілдерінде ережені дәл сақтап, ыдыстар мен реактивтердің тазалығын қадағалау керек. Импрегнацияға арналған бөлек шыны ыдыс болған жөн. Әр стақан және пипетканы тек бір ерітіндіге қолдану керек. Күмістендіру кезінде металл приборларды қолдануға болмайды.
Жұмыстың алдында ыдысты калий бихроматы мен күкірт қышқылының қоспасымен мұқият өңдеп алады, 1 сағ көлемінде ағын сумен және дистилденген сумен шаяды. Әсіресе кесінділерді ауыстыру үшін арналған шыны таяқшаларға ерекше қарау керек, егер әр ерітіндіге өзінің арнайы таяқшасы болмаса. Ондай таяқшаны дистилденген суда сақтау керек және пайдаланбас бұрын сүртіп, таза дистилденген сумен шаю керек. Күмістің кристаллдық нитраты кіршіксіз ақ болу керек.
Ерітіндіні дайындау үшін үнемі жаңа дистилденген су дайындайды.
Жұмыс ерітінділер. Күміс аммиакатының ерітіндісі. Тығыны бар ыдыста бар 10 мл 10% күміс нитратына 2 мл 10% калий гидроксидін қосады. Нәтижесінде күміс оксиді гидратының күңгірт қоңыр тұнбасы пайда болады. Кейін ол қоспаға біруақытта шайқап тұрып, аммиактың концентрленген ерітіндісін тұнба жойылғанша тамшылатып тамызып тұрады. Кейін дистилденген суды қосу арқылы ерітінді көлемін екі есе көбейтеді, фильтрлейді.
Калий перманганаты ерітіндісі 1%.
Калий метабисульфиті ерітіндісі 2-3%.
Темірліаммонийлі ашудастарының ерітіндісі 2% (тек мөлдір криссталдарын қолдануға болады).
Одан басқа 10% формалин ерітіндісі, 0,1% алтын хлориді ерітіндісі, 1% натрий тиосульфатының ерітіндісі қоластында болу керек.