1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет35/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44
Импрегнация техникасы. Кесінділерді парафиннен босатып, 1-2 мин калий перманганатының ерітіндісіне салады, ал кейін 5 мин құбыр суында шаяды. Осыдан кейін кесінділерді 1 мин калий метабисульфатына ауыстырады (түссіздендіру үшін) және сосын 5-10 мин ішінде құбыр суымен қайта шаяды. Келесіде кесінділерді 1 мин 2% теміраммонийлі ашудас ерітіндісінде ұстап тұру керек, ал одан кейін 3-5 мин ішінде алдымен құбыр суында, кейін барып дистилденген судың екі порциясында бірнеше минуттан шаяды. Кесінділерді күміс аммиакатының ерітіндісіне 1 мин ауыстырады, одан соң дистилденген сумен өте жылдам шайып тастайды. Кейін кесінділерді 5 мин формалин ерітіндісіне салады, оны өз кезегінде құбыр суымен 1:9 қатынасында араластырды, 5 мин ішінде құбыр суымен шайып тастайды. Шайғаннан кейін кесінділерді бірден алтын хлоридін 10 мин салып қояды. Келесіде оларды дистилденген сумен шаяды және күмісті қалпына келтіру үшін 1 мин калий метабисульфат ерітіндісіне салады. Келесі іс-әрекет –кесінділерді 1% натрий тиосульфат ерітіндісіне 1 мин (одан аспау керек!) бекіту үшін салу. Одан кейін құбыр суымен жақсылап шаю керек. Кесінділерді спирттер, ксилол арқылы өткізеді және бальзамға қатырады.
Нәтиже.Ретикулярлы талшықтар қою қара түске ие болады, коллагенді – қоңыр немесе қара, клетка ядролары – қоңыр түске.
Жүйке жүйесінің элементтерін анықтау.
Орталық және перифериялық жүйке жүйесінің элементтерін анықтау үшін әдетте импрегнацияның түрлі әдістерін қолданады (күміспен, алтынмен, осмиймен). Жүйке клеткаларының денесі мен өсінділерін метилді көкпен бояуға болады. Барлық бұл әдістер эмпирикалық болып табылатын кемшіліктерге ие. Сондықтан лаборант барлық шартты қаншалықты қатаң сақтағанымен, бұл әдіс жиі керекті нәтиже бермейтініне дайын болу керек. Бұл жерде есепке алу қиын көптеген факторлар маңызды орын алады (бекіту сапасы, судың реакциясы мен сапасы, жүйке клеткаларының қасиеті және т.б.). Жүйке клеткаларының және талшықтарының импрегнациясының көптеген модификациясы бар. Ең кең таралғаны Бильшовский-Грос әдісі. Жүйке клеткаларындағы хромотофильді заттарды бояуды Ниссл әдісі бойынша жүргізеді. Жүйке талшықтарының жұмсақ қабықтарын Шпильмейер әдісі бойынша бояйды немесе осмийлейді. Глия элементтерін арнайы әдістер арқылы анықтайды: 1) Кахал әдісімен (макроглияны анықтау); 2) Белецкий әдісімен (микроглияны анықтау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет