1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Сөз мағынасының дамуы: сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы, көпмағыналылық құбылысы



бет15/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Сөз мағынасының дамуы: сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы, көпмағыналылық құбылысы



  1. Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы.

  2. Көпмағыналылық және оның семантикалық құрылымы.

  3. Метафора және оның тілдік табиғаты.

  4. Метонимия және оның тілдік табиғаты.

  5. Синекдоха және оның тілдік сипаты.



Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы. Сөз мағынасы арқылы әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық сипаты көрініс табады. Сананың дамуына байланысты сөздің білдіретін ұғымдық өрісі ұлғая түседі. Бұл үдеріс сөз мағынасының семантикалық тұрғыдан дамуына әсер етеді. Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарылып отырады. Мағынаның нақтылықтан дерексіздікке, жалқылықтан жалпылыққа ауысуы сөз мағынасының кеңеюі деп аталады. Сөздің семантикалық жақтан дамуына интралингвистикалық және экстралингивтикалық факторлар ықпал етеді.
Экстралингвистикалық факторларға қоғамның, өндірістің, мәдениеттің, ғылым-техниканың дамуына, өзгеруіне байланысты пайда болатын өзгерістерді айтамыз. Қоғамдағы саяси-мәдени, әлеуметтік, экономикалық өзгерістер лексикалық құрамның жаңа сөздермен, жаңа тіркестермен толығып отыруына алып келеді. Мәселен, бай деген сөз Кеңес үкіметіне дейін «ірі жер мен мал иесі» деген, ал кедей сөзі «қара күшін сатып, күнін көретін жұмысшы» мағынасында түсініліп келді де, Кеңес үкіметі орнағаннан кейін бай – «халықтың еңбегін пайдалану арқылы байыған үстем тап өкілі, қанаушы» деген, кедей сөзі «үстем тапқа қарсы тұрып, оларға төңкеріс жасаушы, халықты социализмге жеткізуші негізгі күш» деген ұғымдарда қалыптасты [1, 66]. Ал ішкі себептерге тіліміздің ішкі заңдылықтары негізінде, яғни сөздердің тіркесу қабілеті мен қолданылу қызметіне сай тұлғалық және мағыналық жақтан өзгеріске түсуін жатқызуға болады.
Сөз мағынасының кеңеюі – сөздің тұлғасын өзгертпей бұрыннан белгілі сөз мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуы. Мәселен, талқылау сөзі «қой терісін талқыға салып илеу, жұмсарту» мағынасының үстіне «мәселені жан-жақты талдап, тексеру» деген мағынаны білдіреді. Р.Барлыбаев сөз мағыналарының кеңею жолдарының мынадай түрлерін көрсетеді:
1. Бұрынғы мағыналарын сақтай отырып, мағыналарының кеңеюі. Мысалы: Айдар – 1. Адамның төбесіне қойылатын бір шоқ шаш; 2. Құстың төбесіне өсетін үстеме шаш; үстеме мағына – газет-журналдарда «бір тақырып төңірегінде ұдайы берілетін материалдардың жалпы атауы».
2. Жіктелу, сұрыпталу арқылы сөз мағынасының кеңеюі. Мысалы: Қозғалыс – 1. Іс-әрекет, қимыл, жүріс-тұрыс. 2. Филос. Болмыстың өмір сүру тәсілі; өзгерісі, дамуы. 3. Ауыс. Жаппай наразылық; көтеріліс, ереуіл.
3. Туынды түбірдің мағынасының кеңеюі. Мысалы: қатынас сөзі осы уақытқа дейін тек «жол қатынасы» ретіне қолданылып келсе, қазіргі тілімізде тілдік қатынас, қоғамдық қатынас, әлеуметтік қатынас, саяси қатынас сияқты бірліктер термин сөздер мен қоғамдық-саяси лексиканың қатарын толықтыруда.
4. Сөз мағынасының бір жағынан тарылып, екінші жағынан кеңеюі. Мысалы: Құн – кісі өлтіргені үшін айыпкердің не оның руының мал басымен берілетін төлемі, ал туынды мағынасы – саяси-экономикалық термин ретінде «тауарды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек пен материалдар шығынының жиынтығынан тұратын қаржы», яғни тауар құны мағынасында қолданылады.
5. Сөздердің тіркесуі арқылы мағынасының кеңеюі. Тіркес арқылы сөз мағынасының кеңеюін екі топқа бөлуге болады:
1. Байырғы сөздердің тіркесі. Мысалы: демалыс үйлері, балалар бақшасы, жарыс сөз, тұрғын үй, ұдайы өндіріс, дене тәрбиесі сияқты тіркестер байырғы сөздердің ықпалымен жасалған.
2. Аралас тіркес. Мысалы: бас инженер, аға ғылыми қызметкер, техникамен жарақтандыру сияқты тіркестер кірме сөздердің араласуы арқылы жасалған [2, 23-24].
Орта ғасыр жазба ескерткіштерінің тіліндегі кейбір сөздердің мағынасы ұмытылып, қазіргі тілімізде басқаша сипат алған. Мысалы: үчәк (ұшақ) сөзі орта ғасыр ескерткіштерінде «мұнара» мағынасында қолданылған: Үчәккә мұнда өзи «өзі мұнараға мінді». Ежелгі түркі тілінде дәл осы сөз болмағанмен «ұшы, шың, қанат» мағынасындағы үш түбірі бар: өлүм бир теңиз ол ұшы йоқ түпі «өлім – түбі мен шеті жоқ теңіз» (ДТС, 603). Үчәк сөзі осы түбірден өрістеген туынды тұлға. Қазақ диалектілерінде кездесетін ұшпа (шың) сөзі осымен түбірлес әрі мәндес. Қазіргі таңда бұл сөздің мағынасы тарылып, екінші жағынан кеңіп «самолет» (ұшақ) мағынасын, ал тікұшақ сөзі «вертолет» мағынасын береді [3, 105-106].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет