1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына



бет49/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

132-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына 
жасалған қосымша шығындарға қатысуы 
1. Кәмелетке толған балалар ата-аналарына қамқорлық жасамағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (ата-анасы ауыр науқастану, мертігу, оны бөгде адамның бағып-күткені үшін ақы төлеу, оны халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің интернат үйіне орналастыру қажет болғанда және т.с.с) кәмелетке толған балаларын сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығындарды көтеруге қатыстыруы мүмкін. 
2. Кәмелетке толған балалардың әрқайсысының қосымша шығындарды көтеру тәртібі мен осы шығындардың мөлшерін сот осы Заңның 131-бабының 3,4, 5-тармақтарының ережелері сақталған жағдайда ата-аналар мен балаларының материалдық және отбасы жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін ескере отырып белгілейді. 
3. Қосымша шығындарды көтеру тәртібі мен бұл шығындардың мөлшері тараптардың келісуімен белгіленуі мүмкін. 
18-тарау. Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы 
ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері 
133-бап. Ерлі-зайыптылардың бір-бірін асырап-бағу 
жөніндегі міндеттері 
1. Ерлі-зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті. 
2. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент төлеуге қажетті қаражаты бар жұбайдан: 
1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының
2) жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелінің; 
3) ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайының бала он сегіз жасқа толғанға дейін
4) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толғаннан соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар. 
134-бап. Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алимент 
алуға құқығы 
1. Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге: 
1) жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы бұрынғы әйелінің; 
2) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының
3) неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар. 
2. Алименттің мөлшері мен оны неке бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайына берудің тәртібі бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы келісім бойынша белгіленуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет