138-бап. Немерелерін асырап-бағу жөніндегі атасы мен
әжесінің міндеттері
Өздерінің ата-аналарынан көмек алуы мүмкін болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған, көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Өздерінің жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған немерелерге де осындай құқық беріледі.
139-бап. Немерелердің атасын және әжесін асырап-бағу
міндеті
Өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) қажетті қаражат ала алмаған жағдайда, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж аталар мен әжелер өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар кәмелетке толған немерелерінен сот тәртібімен алимент талап етуге құқылы.
140-бап. Тәрбиеленушілердің өздерін нақты тәрбиелеушілерді
асырап-бағу міндеті
1. Кәмелетке толмаған балаларға нақты тәрбие беруді, асырап-бағуды жүзеге асырушы, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж адамдар, егер олар өздерінің кәмелетке толған, еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, олар өздерінің кәмелетке толған, еңбекке жарамды тәрбиеленушілерінен көмек беруді сот тәртібімен талап етуге құқылы.
2. Егер тәрбиелеушілер тәрбиеленушілерді бес жылдан аз уақыт асырап- бағып, тәрбиелесе, сондай-ақ өздерінің тәрбиеленушілерінен тиісті түрде асырап-бақпаған және тәрбиелемеген болса, сот тәрбиеленушілерді нақты тәрбиеленушілерін асырап бағу жөніндегі міндеттен босатуға құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттер қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта болған адамдарға жүктелмейді.
141-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесін және
өгей шешесін асырап-бағу жөніндегі міндеттері
1. Өгей ұлдар мен өгей қыздарын тәрбиелеп, асырап-баққан, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шешенің, егер өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, осыған қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан асырап бағуды сот тәртібімен талап етуге құқылы.
2. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелеп, асырап-бақса, сондай-ақ олар өздерінің тәрбиелеу және асырау міндеттерін тиісті түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесі мен өгей шешесін асырап-бағу міндеттерінен босатуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |