1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Ұйым әкімшілігінің алиментті ұстап қалу міндеті



бет54/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

151-бап. Ұйым әкімшілігінің алиментті ұстап қалу міндеті 
Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орны бойынша ұйымның әкімшілігі нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару парағының негізінде алимент төлеуге міндетті адамның жалақысынан және өзге де кірісінен алимент алушы адам үшін ай сайын алимент ұстап қалуға және оны алимент төлеуге міндетті адамның есебінен алимент төлеуге міндетті адамға жалақының және өзге де кірістің төленген күнінен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей төлеуге немесе аударуға міндетті. 
152-бап. Алимент төлеу туралы келісім негізінде алиментті 
ұстап қалу 
Нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алимент осындай келісімнің және атқару құжаттарының негізінде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге міндетті адам жалақысының және өзге де кірісінің елу процентінен асқан жағдайда да ұсталып қалуы мүмкін. 
153-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орнын 
ауыстырғаны туралы хабарлау міндеті 
1. Сот шешімі немесе нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісім негізінде алиментті ұстап қалушы ұйымның әкімшілігі алиментті өндіріп алу жөніндегі шешім орындалатын жердегі сот орындаушысына және алимент алушы адамға алиментті төлеуге міндетті адамның жұмыстан босағаны туралы, сондай-ақ, өзіне белгілі болса, оның жаңа жұмыс орнын немесе тұратын жерін үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндетті. 
2. Алимент төлеуге міндетті адам сот орындаушысы белгілеген мерзімде соңғысына және алимент алушы адамға, жұмыс орнының немесе тұратын жерінің өзгергені туралы, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеген жағдайда қосымша табысының немесе өзге де кірісінің болуы туралы хабарлауға тиіс. 
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған деректерді дәлелсіз себептермен хабарламаған жағдайда бұған кінәлі лауазымды адамдар және өзге де азаматтар әкімшілік жауапқа тартылады 
154-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп 
алу 
1. Алимент төлеу туралы келісіммен немесе сот шешімімен белгіленген мөлшерде алимент, сондай-ақ алимент бойынша берешек алимент төлеуге міндетті адамның табысынан және өзге де кірісінен өндіріп алынады, табысы және өзгеде кірісі жеткіліксіз болған жағдайда алимент сол алимент төлеуге міндетті адамның банктердегі шотындағы немесе банктік емес қаржы мекемелеріндегі ақша қаражатынан ұсталады. Бұл қаражат жеткіліксіз болған жағдайда ол алимент төлеуге міндетті адамның заң бойынша өндіріп алуға болатын кез келген мүлкінен өндіріліп алынады. 
2. Алимент төлеуге міндетті адамның шотындағы ақша қаражатынан және оның өзге де мүлкінен алимент өндіріп алу заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет